Ғылым
"Sensitive" ансамблі халықаралық байқауда жеңіске жетті 16.11.2024
Біздің «Sensitive» би ансамблі жаңа белестерді бағындыруда. Солтүстікқазақстандық ұжым Мәскеуде өткен "Inclusive Dance" халықаралық байқау-фестиваліне қатысты. Біздің ерекше балаларымыз 700-ден астам қатысушылар арасында Гран-при мен төрт бірінші орынды жеңіп алды."Жетекшісі Ольга Ростовщикова мен би ансамблін лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Ансамбль балалары талантта шек жоқ екенін, сахнада жарқырауға әркімнің де қабілеті бар екенін дәлелдеді. Сіздің жұмысыңыз, табандылығыңыз және шынайылығыңыз бәрімізді шабыттандырады, ал жеңіс - талпынған жан үшін мүмкін емес ештеңе жоқ екенін тағы бір растау. Жарайсыңдар, біз әрқайсыңызбен мақтанамыз! Алда тек жаңа биіктер, бұдан да көп жетістіктер болсын!", - деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/873757
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ 16.11.2024
Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы күні меркесіне орай сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін осы саланың бір топ маманы марапатталды.Жиынды ашқан Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев жиналғандарды мерекемен құттықтап, учаскелік және аудандық сайлау комиссияларының жұмысын жоғары бағалады. Комиссия мүшелерінің біліктілігі мен кәсібилігінің арқасында республикалық референдум, аудандық мәслихат депутаттарының және әкімдердің сайлауы талаптарға сай өтті. Салтанатты шарада 7 адам Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ, аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ведомстволық наградасы - «Сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, ҚР ОСК Төрағасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын иеленді.календариАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/874161
ШЫМКЕНТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ ОРНЫНДА ЭКОПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ 16.11.2024
Достық шағынауданындағы бұрынғы қоқыс полигонының аумағында Экопарк құрылысы басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен мұнда ауданы 45 гектар жасыл аймақ құрылады, оның 38,6 гектары көгалдандыруға бөлінеді. Құрылысқа табиғи материалдар пайдаланылады. Табиғи ландшафтқа сәйкес келетін велосипед жолдары салынады. Ал көмірқышқыл газын шығаратын құбырлар қолайлы етіп жүргізіледі. Экопарк ойын алаңдарынан спорт нысандарына дейін 9 ашық демалыс аймағы ұсынылады. 10 шақырымдық серуендеу жолында 4000-нан астам жапырақты ағаштар отырғызылып, табиғи оазис атмосферасы құрылады. Қалдықтардың үстіне органикалық тыңайтқыштармен байытылған қалыңдығы 1,5 метр топырақ қабаты салынады. Жоба инвестициясы 5 млрд теңгені құрады, бас демеушісі-Hexo Foundation. Құрылыстың аяқталуы 2025 жылдың соңына жоспарланған, барлық жұмыстар тек бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізіледі. Осы жылдың көктемінен бастап полигонда ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді: 250 000 текше метр топырақ төселді, тереңдігі 120 метр бес ұңғыма бұрғыланды, жоспарланған 3000-нан 500 метр қоршау орнатылды. Журналистермен кездесуде саябақтың атауы таңдалып, қала әкімінің тарапынан қолдау тапты. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/869325
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ОТБАСЫН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН СЛЕСАРДЫ МАРАПАТТАДЫ 16.11.2024
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ермахан Манқараевты марапаттап, газ саласы маманының батылдығы мен кәсібилігін атап өтті.14 қазанда ол көршісінің өтінішімен пәтердегі газ жабдықтарын тексеру кезінде көміртегі тотығының жоғары деңгейін анықтап, шұғыл әрекет еткен.Есікті қосалқы кілттермен ашқанда балалар ес-түссіз, ал анасы ауыр күйде жатқан. Ермахан Манқараев көміртегі тотығы деңгейін тексергеннен кейін құрылғыларды бірден ажыратып, терезелерді ашып, балаларды құтқара бастаған. Тынысы жоғалған ұлдарға жансақтау әрекеттерін, жанама жүрек массажын жасағанда олардың дем ала бастағаны байқалған.Оқиға орнына шұғыл жеткен дәрігерлердің айтуынша, слесардың сауатты әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды. Отбасы ауруханаға көміртегі тотығымен ауыр уланумен түсті. Шымкентке Астанадан қонаққа келген тұрғындар көмектескендердің барлығына алғыстарын білдірді.Пәтердегі қауіптің көзі - қарапайым газ бағанасы болған, мұржасы қоқысқа толы болған.Әкімдік тұрғындарға қайғылы жағдайдың алдын алу үшін газ жабдықтары мен түтін мұржаларын үнемі тексеріп отыру керектігін ескертеді.Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігі жанында газтехникалық инспекция жұмыс істейді, оның міндеттеріне газ жабдығының жай-күйін тексеру және көміртегі тотығымен уланудың алдын алу кіреді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/869517
РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚАЛА ӘКІМІ ПӘТЕР КІЛТТЕРІН ТАПСЫРДЫ 16.11.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан – баршаға және баршаға. Қазір және мәңгі" сайлауалды бағдарламасында қазақстандықтарды сапалы баспанамен қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын кешенді жаңғырту бойынша бірқатар нақты міндеттер белгіледі. Президент 2029 жылға дейін республика бойынша апатты жағдайдағы 1500 тұрғын үйді бұзып, иелеріне жаңа пәтер беруді тапсырды.Осыған орай, қала әкімінің тапсырмасымен Шымкент қаласының тұрғын үйлерін жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта мегаполисте 2 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үй бар, оның 70 пайыздан астамы жарты ғасырдан астам бұрын салынған және апатты жағдайдағы тұрғын үйлер. Бүгінде қалада осындай 134 тұрғын үй бар. Сүрілмес бұрын тұрғындардың толық келісімін алу керек.Бүгін Shymkent City шағын ауданында қала әкімі бағдарлама шеңберінде тұрғындарға пәтер кілттерін табыс етті. Айналма өткеліндегі тұрғын үйлердің бірі сүрілуге жататын нысандар тізіміне енгізілген. Бұл ғимарат 60 жылдан астам уақыт бұрын салынған және заманауи қауіпсіздік пен энергия тиімділігін арттыру талаптарына сәйкес келмейді. Мұндай үйлер тұрғындардың өміріне ғана емес, айналадағы инфрақұрылымға да қауіпті саналады.Бағдарлама шарты бойынша апатты үйлердің иелері жаңа ғимараттан көлемі мен бөлмелері бірдей пәтер алады. Сонымен қатар, жаңа пәтер алдыңғысынан орташа есеппен 20 м² үлкен. Тұрғындар есептегіштерге қосымша ақы төлемейді. Тұрғын үй заманауи талапқа сай әрленген.Бағдарламаны іске асыру азаматтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етуге, қаланың сәулеттік келбетін жасауға, экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға мүмкіндік береді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/871241
ШЫМКЕНТ: РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 300-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫНА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ 16.11.2024
Республика күні қарсаңында мемлекеттік бағдарлама аясында 304 отбасы қоныс тойын тойлады. Салтанатты кілт тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қуаныш иелерін құттықтады.Ұлық мереке қарсаңында пайдалануға берілген Бозарық шағын ауданында орналасқан баспаналарды тұрғын үй кезегіндегі азаматтар Отбасы банк арқылы «2-10-20», «5-10-20» бағыттары бойынша несиелік негізде рәсімдеген. Жаңа қоныстанушылар арасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.Бүгінде 304 пәтерлік 8 көпқабатты тұрғын үйге конкурс жүргізілді. Қазіргі таңда азаматтармен сатып алу сату келісім шарты жасалуда. Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарлама аясында «Отбасы банк» АҚ арқылы 400 пәтерлік 10 көпқабатты тұрғын үйге конкурс өткізілуде.Бүгінде мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар халқымыздың жайлы өмір сүруіне тікелей бағытталуда. Кредиттік тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыру және табысы аз азаматтарды ынталандыру мақсатында жергілікті бюджет есебінен 311 отбасы қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаты арқылы несиелік баспанаға қол жеткізген болатын. Жыл соңына дейін тағы 4 мыңнан астам пәтер беру жоспарлануда.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/871255
ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ АШЫЛУЫ ӨТТІ 16.11.2024
Республика күні қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге қалада алғашқы екі жайлы мектептің техникалық ашылуына қатысты. Нұршуақ шағынауданындағы жаңа білім беру ғимараты 2000 орынға, ал Қарабастау тұрғын алабындағы мектеп 1200 орынға есептелген. Айта кетейік, бұл мектептерде оқушылар оқу жылының екінші тоқсанынан оқи бастайды. Қала әкімі тұрғындарды алдағы мерекемен құттықтай отырып, мектептер тапшылығы мәселесі ұзақ жылдар бойы өзекті болғанына тоқталды. Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінде елімізде апатты және үш ауысымды мектептер мен оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін жеке блоктары бар заманауи мектептерде балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қарастырылған, заманауи пәндік кабинеттер, STEM-зертханалар, робототехника сыныптарымен жабдықталған. Қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылып, сандық бейнекамералар мен турникеттер орнатылды. Сондай-ақ, хореографиялық және төрт спорт залы, демалыс аймақтары, воркаут және нетворкинг бар. Жалпы, Шымкентте ұлттық жоба аясында 18 жайлы мектеп ашылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/871747
ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ 16.11.2024
«Tulip hall» ғимаратында 25 қазан —Республика күніне арналған «Азаттықтың ақ таңы» атты мерекелік салтанатты іс-шара өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құттықтау сөз сөйлеп, Ұлттық мерекенің маңыздылығына тоқталды.—Республика күні —елдік пен бостандықты, мемлекет бірлігі мен патриотизмді дәріптейтін ұлы мереке. Рухымызды қайта жаңғыртып, ұлттық мүддеміз бен тарихи бейнемізді биікке көтеру – біздің ұрпаққа жүктелген асыл борыш.Бұл күн – Қазақстан Республикасының негізі қаланған тарихи сәт ретінде аса қымбат. Ұлттық мерекеміздің маңызын жас ұрпаққа жеткізу, патриоттық сезімді күшейтіп, ел бірлігін сақтау – әрбір Қазақстан азаматының қасиетті парызы, — деді Ғабит Әбдімәжитұлы.Бүгінгідей күрделі кезеңде еліміздің өркениет көшінен қалмай, тұрақты даму жолын жалғастыруы үшін халқымыздың бірлігі мен тұрақтылығын сақтау өте маңызды.Сонымен қатар қала әкімі осынау мерекеге Шымкент қаласының да зор жетістіктермен келіп отырғанын баяндады. Шымкент қаласында да экономиканы дамыту мен халықтың тұрмысын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қаламызда кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалып, инвестиция тарту көлемі жыл сайын артып келеді. Биыл қалаға 928 миллиард теңге инвестиция тарту көзделіп отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,1 пайыз көп.Алдағы үш жылда 3,6 триллион теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 2028 жылға дейін жүзеге асатын 220 инвестициялық жоба дайындалды. Бұл жобалар арқылы 29 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл жұмыссыздық мәселесін шешуге айтарлықтай ықпал етеді.Қаламыздағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер де жақсарып келеді. Жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,6 пайызға өсті. Қаланың бюджеті былтырғы жылмен салыстырғанда 122 миллиардқа артып, 779 миллиард теңгеге жетті. Оның 50 пайызы әлеуметтік саланы қолдауға бағытталды, себебі халық атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін көруі тиіс. Салтанатты жиында өзінің кәсіби міндеттерін сапалы атқарып, қоғамның ортақ мүддесіне адал қызмет еткен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматтар түрлі мемлекеттік наградалар, Алғыс хат және Грамоталармен марапатталды. Салтанатты жиынның соңы мерекелік концертке ұласты.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/871844
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ – АНАЛАРҒА МІНДЕТ 16.11.2024
25 қазан – Республика күніне орай Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері №24 «Алма» бөбекжай-бақшасында ата-аналармен кездесіп, «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу» тақырыбында ауқымды сұхбат құрды.Қазақстан халқы Ассамблеясының «Салауатты сана» жобасы аясында өткен тәрбиелік жиынға қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, кеңес мүшесі Уралхан Сейілбекова арнайы қатысты. Кеңес мүшелері ата-аналармен ұрпақ тәрбиесіне қатысты пікір алмасты.Кездесуде жас буынның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, Қазақстанның нағыз патриоттарын тәрбиелеу әрбір ата-анаға жүктелген абыройлы әрі мерейлі міндет екені айтылды. Ұрпақ тәрбиесінде ата-аналар институтының айрықша мәнге ие екендігі түсіндіріліп, білім беру ұйымдарының әлеуетімен жас ұрпақ бойына жаман кеселдер туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру – жас буынды жағымсыз әдеттерден ерте бастан іргесін аулақ салуға әсер ететіні баяндалды.Өз кезегінде ұлттық тәрбиені дәріптеу арқылы ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауды әрбір тәрбиешісі жақсы меңгергенін жеткізген балабақша меңгерушісі Гүлмира Тойбаева бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жалғасын табатынын жеткізді.Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы XXXIII сессиясының шешімдерін іске асыру бағытында әзірленген «Салауатты сана» жобасының мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында қоғамның әлеуметтік кеселдеріне жүйелі түрде қарсы тұруды көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/872390
ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰРПАҚҚА МҰРА 16.11.2024
Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті.Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясындағы іс-шараның мақсаты – ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шеберлердің бұйымдарын дәріптеу арқылы өскелең жас буынды ұлттық рухта тәрбиелеу.Фестиваль аясында жергілікті қолөнер шеберлері мен дизайнерлер дайындаған ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар қойылған көрме ұйымдастырылып, «Достық үйінің» үлкен залында этно стильдік және заманауи сәндік киім үлгілерінің көрсетілімі өтті.Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова, қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов қатысып, ұлт мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген қолөнер шеберлерін құттықтады.– Біздің мақсат – ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шымкенттік шеберлердің, суретші-дизайнерлердің туындыларын дәртіптеу арқылы жалпыұлттық бірлік пен татулық құндылықтарын насихаттау, – деді басқарма басшысы.Фестиваль барысында қазақтың ұлттық киімдерінің этно стильдік және заманауи үлгілері бойынша Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Ақ баян» сән театрының топтамасы, А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледждің топтамасы, Г.Еспай жетекшілік ететін «Ару аналар» топтамасы №5 Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің топтамасы, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Асыл мұра» топтамасы, Б.Жетібаева жетекшілік ететін «Асыл мұра» топтамасы және Орталық Азия инновациялық университетінің «Сән» топтамасы жұртшылық назарына ұсынды.Өз кезегінде кәсіби мамандардан жасақталған қазылар алқасы фестиваль қорытындысы бойынша үздік деп танылған жеңімпаздарды анықтап, арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/874165
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды 16.11.2024
Мемлекеттік сыйлық:1. ақын Нұржан Светқалиға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;2. жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;3. авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;4. суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/870017
Стоп кредит қызметі: азаматтарды қаржылық тәуекелдерден қорғауға арналған құрал 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға Стоп-кредит (Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту) қызметін қосу мүмкіндігі туралы еске салады.Енді қызмет «eGov mobile» мобильді қосымшасында және «Электрондық үкімет» веб-порталының басты бетте қолжетімді. Қызметті ЭЦҚ арқылы немесе логин мен парольді қолдану арқылы қосылуға болады. Ол үшін сайттың басты бетінде «Сервистер» бөліміне өтіп, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» опциясын таңдау қажет.Қызмет шексіз мерзімге іске қосылады және азаматтың өтініші бойынша өшірілуі мүмкін.Министрлік киберқауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады және ұсыныстарды орындауға шақырды: Әр түрлі аккаунттар үшін күрделі және бірегей парольдерді пайдалану.Құрылғылардағы бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемі жаңартып отыру.Күмәнді сілтемелер мен хабарламаларды ашпау.Антивирус бағдарламаларын пайдалану.Жеке ақпаратты бөгде сайттарға және қосымшаларға сенбеу.Аккаунттар үшін екі факторлы аутентификацияны пайдалану.Әлеуметтік желілердегі құпиялылық параметрлерін тексеру.1414-тен келген кодтарды үшінші тұлғаларға бермеу.Банктік реквизиттерді үшінші тұлғаларға хабарламау.Осы нұсқауларды орындау деректеріңізді қорғауға және қаржылық тәуекелдерді болдырмауға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/871266
Маңғыстауда тұңғыш рет әскери катер құрастырылып, пайдалануға берілді 16.11.2024
Республика күні қарсаңында Маңғыстау облысында құрастырылған «Шапшаң» әскери десанттық катері Каспий теңізіне түсірілді.Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Қарулы Күштердің контр-адмиралы Ратмир Камратов және әскери қызметшілер мен қала тұрғындары қатысты.Су жаңа катер теңіздегі мемлекет шекарасын, елдің біртұтастығын қорғауға қызмет етеді.Алғашқы болып сөйлеген Қорғаныс министрінің орынбасары жауынгерлер катерін теңізге жіберу қазақ жұрты үшін қуанышты сәт екенін айтты. Оның сөзінше, Маңғыстауда жасалған катер өңірдің теңіз әлеуетінің қарқынды дамып жатқанын аңғартады.-Президент жолдауында айтқандай, жаһандық әскери техника өндірісі дамыған мемлекеттердің ұлттық қорғаныс жүйесінде шешуші рөл ойнайды. Қазіргі заман – жаңа технология заманы. Бұл катер – Отанымыздың инженерия саласының жоғары деңгейінің айқын дәлелі», - деді Сұлтан Қамалетдинов.Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында болып жатқан тарихи оқиғаның ғалымдардың төккен тері мен еңбегінің нәтижесі екенін айтты.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ құрылыс индустриясын дамыту, тереңдету қажет деп бағыт-бағдар берген еді. Міне, нәтижесін, жемісін көріп отырмыз. Өңірімізде жасалған отандық өнім ел тыныштығын күзетіп, теңіз әскерлерінің нәтижелі қызмет етуіне көмектеседі. Осы жобаны жүзеге асырған азаматтарға, мамандарға, құрылысшыларға көп рахмет айтамын. Азаматтар өздерінің шеберліктерін дәлелдеді, - деп әкім ризашылығын білдірді.Жаңа катерді құрастырған «Кеме жабдықтары және сервис» ЖШС-нің директоры Дмитрий Донскойдың айтуынша, тек қорғаныс саласында емес, азаматтарға арналған, туризм, транспорт бағытында, төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын техникаларды да жасауға мүмкіндіктері бар.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/871472
Маңғыстау облысының әкімі өңір жастарымен кездесті 16.11.2024
Бүгін, 24 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір жастарымен кездесті. Кездесуге 14-35 жас аралығындағы Ақтау қаласының және аудандардан келген белсенді жастар мен қоғам белсенділерінен жиналған барлығы 300 ден астам адам қатысты. Іс-шара еркін, сұрақ-жауап форматында өтті.Жиынға қатысушылар облыс басшысына жастар мәселесіне қатысты көкейдегі орамды ой-ұсыныстарын ортаға салды. Жастардың бір тобы облыс әкіміне білім, өнер, спорт, руханият салаларында кездесетін қиындықтарын жеткізсе, енді бір тобы ауыз су, жол, облыс орталығын абаттандыру, лудомания мәселелерін көтерді. Сондай -ақ, мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған арнайы орталық ашу жөнінде ұсыныс білдірді.Облыс басшысы кездесуге жиналған жастардың сауалдарына жауап беріп, жастардың қоғамдағы маңыздылығын атап өтті.- Өңірде талмай еңбектеніп, еліміздің дамуына үлес қосып келе жатқан жалынды жастармен кездескеніме қуаныштымын. Жастарға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, олардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту жолдарын бірлесе іздестіру үшін осы жиында бас қосып отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет жастардың әлеуметтік жағдайына, оларды жұмыспен қамту мәселесіне айрықша көңіл бөліп келеді. Алайда, жастар саясаты саласында бірқатар мәселелер бар екенін білеміз, соларды шешу үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Кездесу соңында Нұрдәулет Қилыбай жастардың айтқан ұсыныстары мен сауалдарын негізге ала отырып, алдағы уақытта өзекті мәселелерді шешу мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыты ретінде қарастырылатынын тілге тиек етті.Айта кетейік, бүгінде Маңғыстау облысы бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы 235 мыңға жуық жас бар. Ол облыс халқының 29,7%-ын құрайды. Оның ішінде – 103 348 қалада, 131 548 ауылдық елді – мекендерде тұрады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/871477
Ақтауда жылу желілерін қалпына келтіру үшін 25 бригада тынымсыз тер төгуде 16.11.2024
Ақтаудағы жылу желілеріндегі ақауларды қалпына келтіруге 150-ге жуық коммуналдық сала мамандары жұмылдырылды.Қазір қалада жылу желілерінде орын алған 27 ақау жөнделіп жатыр. Оған Ақтау әкімдігі тарапынан 6 жұмыс тобы және «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінен 11 бригада және Жаңаөзен қаласынан арнайы келген 8 бригада жұмылдырылды. Олар тұрғындардың үйлеріне жылудың тезірек жетуіне барын салуды.-Ақтауға Жаңаөзен қаласынан «Өзенмұнайсервис» мекемесінен келдік. Жаңаөзеннен 8 жұмыс тобы келді. Қаладағы құбырлардың біразы ескірген екен. Ақтаулық жігіттерге әр шағын аудан бойынша сол құбырларды ауыстыруға көмектесіп жатырмыз, - деді «Өзенмұнайсервис» мекемесінің дәнекерлеушісі Қазихан Байбозов.-Қасымызда арнайы дәнекерлеушілер, слесарь жөндеушілер барлығы атсалысып жұмыс жасауда, - деді «ҚазақГазӨңдеу» зауытының шебері Әсет Айтқұлов.Тәулік бойы тынымсыз еңбек етіп жатқан жұмыс бригадаларына қала кәсіпкерлері ыстық шай мен бәліштер үлестірді.Ақауларды жөндеу жұмыстарына барлығы 49 техника жұмылдырылған.Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/871863
Маңғыстауда Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табысталды 16.11.2024
24 қазан күні Ақтауда Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарды құттықтап, алғыс білдірді. Мерекелік кеште әлеуметтік-экономикалық дамуға айтарлықтай еңбек сіңірген түрлі сала қызметкерлері марапатталды.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай еліміздің мақтанышы, белгілі күйші Сержан Шәкіратты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Сондай-ақ, елдің дамуына айрықша үлес қосып жүрген азаматтарға «Парасат», «Құрмет», «Еңбек Даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары, сондай-ақ қоғамдық наградалар табысталды.Өңір басшысы жиналғандарды атаулы мерекемен құттықтап, Республика күнінің маңыздылығын атап өтті.- 2022 жылы өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күнін жаңғыртып, оның ұлттық дәрежедегі ерекше мереке екендігін атап өткен болатын. Айтулы күн тарихымызға алтын әріптермен жазылып, ұлттық мереке статусы берілді. Өздеріңізге белгілі, келер 2025 жыл Ақтау қаласы - Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде белгіленді. Облыс орталығында түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуы бағытында көптеген шешімдер қабылданып, жұмыстар атқарылып жатыр. Әлі де жасалатын міндеттер тұр. Оны өздеріңізбен бірге ынтымақ, бірлікте атқарамыз деп сенемін. Осы сәтті пайдалана отырып, қиын-қыстау кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлікте қызмет етіп, күні-түні аянбай еңбек еткен барлық азаматтарға алғысымды білдіремін. Осынау айтулы мереке қарсаңында баршаңыздың отбасыларыңызға амандық-саулық, құт-береке тілеймін, - деді Нұрдәулет Қилыбай.Салтанатты шара елімізге белгілі эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласты.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/871864
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы 16.11.2024
Құрметті отандастар!Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!Қазақстанның егеменді ел екенін әйгілейтін ұлық мейрам – сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің қайта жаңғыруының символы.Ұлттық мереке халқымызды мызғымас құндылықтар төңірегіне тоғыстырып, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал етеді.Біз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында аса күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып келеміз. Қоғамдағы заң мен тәртіп, азаматтардың еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігі қазіргі реформалардың берік тірегіне әрі қозғаушы күшіне айналды. Біз болашаққа нық сеніммен қарап, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасай береміз.Еліміздің ертеңі қандай болатыны әрбір отандасымызға байланысты екені анық. Азаматтарымыз осы қастерлі жауапкершілікті терең түсініп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін.Сіздерге зор денсаулық, толайым табыс және бақ-береке тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/871867
Ардақты ағайын, құрметті жерлестер! 16.11.2024
Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 25 қазан – халқымыз үшін ерекше күн, себебі осы күні ұлтымыздың болашағының бағдарын айқындаған тарихи шешім қабылданды. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның негізі қаланған, елдігіміздің асқақ рухын танытқан мерейлі сәт. Тәуелсіздік жолында күрескен ата-бабаларымыздың арманы орындалып, еліміз өз тағдырын өз қолына алған күн.Республика күні – еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық өміріндегі елеулі өзгерістер мен жетістіктердің символы.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздің одан әрі дамуына бағытталған маңызды бастамаларды көтерді. Әсіресе, экономикалық өсімді жеделдету, халықтың әл-ауқатын арттыру және жаңа саяси реформаларды іске асыру бойынша нақты қадамдар белгіленді. Президентіміздің Жолдауында айтылғандай, әрбір азамат ел тағдырына өз үлесін қосуы керек, себебі болашақтың іргетасы бүгін қаланады.Біз бірлігімізбен және ортақ мақсаттарға ұмтылу арқылы Отанымыздың болашағын жарқын ете аламыз. Сіздерге зор денсаулық, амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы игі істеріңізге табыс тілеймін!Елдіктің Туы ылайым биік,Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, ағайын!Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет ҚилыбайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/871868
Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті 16.11.2024
25 қазанда Ақтаудағы Мемлекеттік ресми рәсімдер алаңында Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру салтанатты шарасы өтті. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ел ағалары, түрлі сала өкілдері мен әскерилер және қала тұрғындары қатысты.Ұлттық мерекеге жиналған жұртшылық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бірге шырқады.Салтанатты жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, бұл күн — мемлекеттің құрылу жолындағы тарихи қадамның көрінісі екендігін атап өтті.- Расында да, бақыт деген осы шығар?! Көк байрағымыз желбіреп, бейбіт елде ұлттық мерекемізді тойлап жатырмыз. Тудың желбіреуі түгілі, туды армандап жүрген халық қаншама?!Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Республика күні – мемлекеттің құрылу жолындағы тарихи қадамның символы болуы тиіс. Осындай шаралар жас ұрпаққа, әр саладағы мамандарға қажырлы еңбек етуге ынта беріп, олардың патриоттық рухын оятады. Әрбір азамат ел ертеңін қалыптастырушы тұлға екенін ұмытпауы қажет. Бірлігіміз жарасып, жарқын болашаққа нық қадам басайық. Мереке құтты болсын, ағайын! - деді Нұрдәулет Қилыбай.Салтанатты шара патриоттық әндер шырқалған концертке ұласты.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/872384
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарды жеке қабылдады 16.11.2024
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында өңір тұрғындары өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылауға мүмкіндік алды.Өтініш берушілер арасында көктемгі су тасқыны салдарынан келген шығынды өтеу мәселесі көтерілді. Сондай-ақ Сарыкөл ауданындағы су тапшылығы мен жол жағдайына қатысты сұрақтар түсті. Азаматтар тұқым шаруашылығын және балық шаруашылығын дамыту бойынша ұсыныстарымен бөлісті. Бұдан бөлек, тұрғын үй беру мәселесі де көтерілді.Құмар Ақсақалов барлық өтініштердің мұқият қаралатынын және көрсетілген проблемаларды шешу үшін тиісті шаралар қабылданатынын айтты. Әкім халықпен кері байланыстың маңыздылығын атап өтіп, жергілікті биліктің тұрғындар сұраныстарына жедел жауап беруге дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/866860