Ғылым
СҚО әкімі ерекше балаларды жаңа жылмен құттықтады 29.12.2024
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбеттов Петропавлдағы балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, тәрбиеленушілерді Жаңа жылмен құттықтап, барлық армандарының орындалуын тіледі."Бұл орын ерекше қолдауды және қамқорлықты қажет ететін балалар үшін нағыз үйге айналған. Мұнда балалардың жайлы болуына барлық жағдай жасалған, жылы әрі достық орта қалыптасқан. Балалар мұнда шығармашылықпен айналысады, туындылары қойылған көрмене де тамашаладым. Біз инклюзивті орта құру жұмысын жалғастыру арқылы әр баланың әлеуетін ашуға және әлемнің бір бөлшегі ретінде сезінуге бар жағдайды жасаймыз", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/911123
Солтүстікқазақстандық көп балалы отбасылар сыйлық пен құттықтаулар алуда 29.12.2024
Жаңа жылда барлығы ғажайыптарды күтеді, әсіресе балалар. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығының көпбалалы отбасыларын келе жатқан мерекемен құттықтады. Димаш және Газима Жакуповтар жеті баланы тәрбиелеп отыр, ал Светлана Кулага сегіз баланың анасы. Өңір басшысы перинаталдық орталықта батыр аналар Әсемгүл Сагитова мен Манат Маханбеталиеваны қуанышты сәт — сәбидің дүниеге келуімен құттықтады. Екеуі де алты баланың анасы атанды. Орталықтағы басқа да аналар құттықтауға ие болды. Оларға мықты денсаулық, бақыт пен береке тіледі. Біздің өңір ана мен жаңа туған сәбидің денсаулығын белсенді түрде қолдайды, сапалы медициналық көмек және қамқорлық көрсетіледі. Орталықта барлық жағдай жасалған, 53 тәжірибелі дәрігерден тұратын персонал жұмыс істейді. Сондай-ақ, 10 акушер-гинеколог бюджет есебінен резидентурада оқып жатыр, бұл өңірдің медициналық кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Биыл өңірде 4,2 мың бала дүниеге келді. Сондай-ақ, бала сүюді армандаған отбасыларға қолдау көрсетеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Аңсаған Сәби» бағдарламасы аясында қазіргі заманғы әдістер - ЭКО қолданылады. Осы жобаның арқасында тек биыл 102 бала солтүстікқазақстандық отбасыларға бақыт сыйлады.Облыста 7,4 мың көпбалалы отбасы бар. Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, жеңілдіктер, автобуста тегін жүру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жеңілдетілген ипотека ұсынылады. Бұл шаралар көпбалалы отбасылардың өмір сапасын жақсартуға және балаларды тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/911131
Жамбыл облысы әкімінің шыршасы өтті 29.12.2024
Таразда «Ғажайып оқиғаларға толы Жаңа жыл!» тақырыбында Жамбыл облысы әкімінің балаларға арналған дәстүрлі шырша мерекесі өтті.Балалардың қуанышына өңір басшысы Ербол Қарашөкеев ортақтасып, оларға 80 мың теңгенің сертификаты мен тәтті сыйлықтар тарту етті.Шырша мерекесінде балақайлар ертегі кейіпкерлерінің ерекше қойылымын тамашалады. Түрлі әндер шырқалып, театрландырылған қойылым көрсетілді. Балалардың жүздері бал-бұл жайнап, шаттана би билеп, ән салды.Аталған шараға жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың шыққан 100 бала қатысты.Айта кетейік, Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің атынан өтетін жаңа жылдық шырша қатысушыларына арналған экскурсия ұйымдастырылды.Балалар алдымен «Көне-Тараз» тарихи-мәдени кешенін аралады, әрмен қарай облыстық драма театрға барды. Театрда балаларға арналған жаңа жылдық қойылым көрсетілді. Қойылымнан ерекше шабыт алған олар қайта жолға шығып, спорт кешеніне аялдады. «Тараз-Арена» және «Теннис» спорт кешендеріндегі жаттығу залдарын, бокс алаңын және бассейнді аралап, мекеме жұмысымен танысты. Осылайша бүлдіршіндердің қызықты өткен күні «Танысу кешімен» жалғасын тапқан болатын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/909616
Ербол Қарашөкеев ардагерлермен кездесті 29.12.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ардагерлердің басын қосып, емен-жарқын дидарласты.Ербол Қарашөкеев 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына тоқталды. Ол халықтың әл-ауқатын көтеру - негізгі стратегиялық мақсат екенін айта келе, келер жылы облысқа инвестиция тарту, ШОБ-ты қолдау, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру және өзге де салалар бойынша мақсат-міндеттерді атап өтті.- Қастерлі Отанымыз бен өңіріміздің алға өрлеуіне елеулі үлес қосып, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырсыздар. Сіздерге құрмет көрсету – біздің азаматтық парызымыз деп білемін.Бүгінде аға буын өкілдері жастарға жол көрсетіп, олардың бойына ұлттық болмыс пен құндылықты сіңіріп, үнемі ақыл-кеңес беруден жалыққан емес, – деген облыс әкімі ардагерлердің дендеріне саулық, шаңырақтарына шаттық, бақ-береке тіледі.Бұдан соң аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және қоғамдық жұмыстағы белсенділігі үшін Бастауыш ардагерлер ұйымының бірқатар мүшесі Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Олардың қатарында Опабек Досаев, Полина Ким, Жексен Арынов, Күләш Назарбекова сынды азаматтар бар.Басқосуда бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері сөз сөйлеп, ел мен жердің амандығын тіледі.Кездесуді қорытындылаған Ербол Қарашөкеев ардагерлермен байланысты үзбейтінін, олардың құнды ұсыныс-пікірлерін үнемі назарында ұстайтынын айтып, естелікке фотоға түсті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/909619
Жамбыл ауданындағы Ерназар ауылы сапалы ауызсуға қосылды 29.12.2024
Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл ауданы Ерназар ауылында ауызсу жүйесі ел игілігіне пайдалануға берілді.Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы тұрғындарды қуанышымен құттықтады.Елді мекендегі ауызсу құбырының тозығы жеткен. Бірде су сорғыш насосы істен шықса, енді бірде құбырдан ақау табылған. Бүгінде 25 шақырымға жуық ауызсу құбыры жаңартылып, ауызсу мұнарасы салынды. Енді Ерназар ауылының 1643 тұрғыны жаңа жылды сапалы ауызсумен қарсы алады.Жалпы биыл Бектөбе, Қызылшарық, Өрнек, Жаңаөткел ауылдарында осы бағыттағы жұмыс атқарылуда. Нәтижесінде 2025 жылы аудан халқы 100 пайыз сапалы ауызсумен қамтылады деп күтілуде.Тұрғындарының атынан Төрехан Қырқымбаев сөз алып, ризашылығын жеткізді.- Ескірген су жүйелері берекемізді алды. Жаңа жыл қарсаңында сапалы ауыз суға қол жеткізіп, қуанышымыз еселеніп отыр, – деді ауыл қариясы.Ерназар ауылындағы ауызсу құрылысын "Байсын-А" ЖШС-сы жүргізіп, 8 айда аяқтады.Айта кетейік, Жамбыл облысында биыл 25 елді мекенге тіршілік нәрі тартылды. Оның ішінде 10 елді мекенге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 15 ауылға кешенді блок-модуль орнатылды. Нәтижесінде өңір халқын ауыз сумен қамту деңгейі 97,1 пайызға (2023 ж. - 94,9%) ұлғайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/910063
Жамбыл облысында 2025 жыл «Кітап оқу жылы» деп жарияланды 29.12.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Қабырғалы қаламгерлермен өңірді дамытудың мүмкіндіктерін талқылап, ұсыныс-тілектерін тыңдады.Өңір басшысы өтіп бара жатқан жылды қорытындылап, өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуы мен 2025 жылға арналған жоспарларды кеңінен тарқатып айтып берді. Көркем сөз шеберлерін Қазақстан Жазушылар Одағының 90 жылдығымен құттықтады.Жергілікті қауырсын қалам иелерін қолдау мақсатында 24 ақын-жазушының кітабы жарық көрді.- Мемлекет басшысы «Әдебиет – ойымыздың тереңдігі мен рухымыздың асқақтығын айғақтайтын ұлы қазына» деп атап өткендей, қай кезеңде болмасын әдебиет ұлтты тәрбилеуші басты құрал болып қала береді. Біздің басты міндетіміз – жастарды ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізге сай тәрбиелеу. Әсіресе, қазіргі жаһандану кезеңінде ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалудың маңызы зор деп білемін. Бұл аса жауапты мәселеде Сіздердің салмақты ойларыңыз бен әрбір шығармаларыңыз өскелең ұрпаққа рухани азық, – деді облыс әкімі.Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысында «Тараз - кітап оқитын қала» жобасы аясында 2025 жыл «Кітап оқу жылы»болып жарияланғанын хабарлады.Келер жылы тарихи жер-су атауларына байланысты «Әулие Ата аңыздары» атты жинақ жарыққа шығады.2025 жылы Таразда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ТМД елдерінің «Достастық жәрмеңкесі» өтеді.Сонымен бірге келер жылы белгілі тұлғалар мен жазушылардың мерейтойларын атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары талқыланды.Кездесу барысында жазушы Пернебай Дүйсенбин, жазушы, драматург Елен Әлімжан, ақын Шырын Мамасерікова, ардагер журналист Бекет Момынқұл, жазушы Сабырғали Рысбай, қос ақын Үміт Битенова мен Ғайни Әлімбекқызы сөз сөйледі.Оқушыларға тарихи экскурсиялар ұйымдастыру, тарихи және сәулеттік мұра – Әулиата кезеңіне тиесілі ғимараттарды сақтау, аты аңызға айналған алып тұлға, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойы аясында іс-шаралар өткізу, жергілікті ақындар мен жазушылардың шығармашылығын дәріптеу туралы ұсыныстар айтылды.Облыс әкімі барлық ұсыныс-тілек ескерілетінін атап өтіп, алдағы уақытта әдебиет пен мәдениетті дамытудың өзекті мәселелері дәстүрлі кездесулерде талқыланатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/910266
Жамбыл облысында металлургиялық кәсіпорын іске қосылады 29.12.2024
«ҚазПроТемір» компаниясы «Тараз» индустриялық аймағының аумағында қара металды балқыту, шаршы дайындамаларды шығару, жұқа мырышталған және полимерлі жабыны бар болатты өндіру бойынша зауыт салуда.Өндіріс ошағы жылына 500 мың тонна болат дайындамаларын шығаруға қуатты. Жобаның құны 55,4 млрд. теңгені құрайды.Қазіргі уақытта зауыт аймағы толығымен бетон қоршаумен қоршалған. Ішінара жолдар салынуда. Ұңғымалар орнатылып, іргетас шұңқыры қазылды. 2025 жылдың мамыр айында іске қосылатын жобаның бірінші кезеңін салу үшін жер жұмыстары аяқталды.Металлургиялық зауытта тек отандық шикізат пайдаланылмақ.Құрылыс жұмыстарына 50 адам жұмылдырылған.Кәсіпорын Қытайдан келетін құрал-жабдықтардың алдын ала төлемін жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/910401
Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр 29.12.2024
800 мыңнан астам облыс тұрғындары қатысқан экологиялық акция дәстүрлі түрде жалғасын табуда.Облыс орталығы Тараз қаласында экологиялық акция шеңберінде «Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты жастар арасында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде ұйымдастырылған шара барысында жастарға экологиялық акцияның мақсаты түсіндіріліп, қоршаған орта тазалығының маңыздылығы насихатталды.«Еліміздегі аса өзекті проблемалардың қатарына қоршаған ортаны қорғау мен экологиядағы өзекті мәселелер жатады. Таза қаланың тынысы кең. 2024 жылы басталып, үрдіске айналған сенбілік қаламыздың көркейуіне көп үлесін қосты. Осы орайда біздің жастар адамдардың қоршаған ортадағы, ағаш егу мен қоқысты сұрыптауға үйретуді, экологиялық еріктілер қозғалысымен өзара әрекеттесуді мақсат етті. Өзін және отбасын сыйлайтын адам тазалық жұмыстарын жылдың барлық мезгілінде жүргізеді. Осы жағдайға қатысты бүгінгі таңда елімізде түрлі ауқымды шаралар жүзеге асырылып келеді. Қаланың әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың қала тазалығына қосқан үлесі» - деді сенбілікке қатысушы Д. Байпақ.Акция аясында аталған бағыттағы шаралар облыстың барлық аудандарында өткізілді.Жамбыл ауданында жастармен алдын алу профилактикалық шарасы ұйымдастырылса, Жуалы ауданында «Таза Қазақстан – таза әлем» атты, Қордай және Талас аудандарында «Таза Қазақстан» тақырыбында жастармен кездесу өтті.Мойынқұм ауданының жастарымен «Таза Қазақстан» челленджі бастау алса, Т. Рысқұлов және Шу ауданының белсенді жастары студенттермен кездесу ұйымдастырды.Бүгінгі күнге акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 137,5 мың аулалар мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30 146 тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды.Бұл жұмыстарға жалпы 1104 бірлік техника қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/910646
Таразда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығы ашылды 29.12.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 300 орындық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығының жұмысымен танысты.Әлеуметтік нысан Тараз қаласы Құмшағал тұрғын алқабында орналасқан.Орталық ғимараты 1975 жылы пайдалануға берілген, 2 қабатты. Биыл күрделі жөндеу жүргізіліп, балалардың игілігіне тапсырылып отыр. Құрылыс жұмыстары 6 айда аяқталды.Мұнда оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасалған. Атап айтқанда, домбыра, бейнелеу өнері, қолөнер, вокал, би, робототехника, театр, шахмат, таэквандо сынды үйірмелер бар.- Бұл ғимаратта балаларымыз білім алды. 2016 жылы жаңа мектеп қолданысқа беріліп, ұл-қыздарымыз сонда ауысты. Әкімдік бос тұрған ғимаратты ұтымды пайдаланып, замануи орталық ашып отыр. Енді балаларымыз телефонға телмірмей, бос уақытын тиімді өткізетініне сенімдіміз! – дейді Тараз қаласының тұрғыны Хансұлу Исабаева.Ербол Қарашөкеев ғимарат ішін толық аралап, бүлдіршіндердің өнері мен олардың дайындаған қолөнер бұйымдарын тамашалады. Ол тұрғын алқаптағы барлық балаға орталықтың қолжетімді болуын ескертіп, алдағы уақытта сұранысқа сай үйірмелердің санын арттыруды тапсырды.Айта кетейік, Жамбыл облысында 78 қосымша білім беру мекемесі жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/910768
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АҚТАУДАҒЫ ҰШАҚ АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ 29.12.2024
Ақтау қаласындағы әуежай маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен 29 адамның 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.Пациенттер әртүрлі жарақаттармен, негізінен бірнеше зақымдармен келіп түсті, бұл мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаттары, травматикалық шок.26 желтоқсан күні таңертең 11 пациент реанимация бөлімшесінде, 13 - травматология бөлімшесінде, 2 - нейрохирургия бөлімшесінде, 1 – хирургия бөлімшесінде ем алды.Пациенттердің жағдайы бойынша: екеуі аса ауыр жағдайда, 11 ауыр жағдайда, 14 – орташа ауырлық дәрежесінде, 2 пациенттің шағымы жоқ, қанағаттанарлық жағдайда.11 пациенттің сегізі өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр және дәрілік седация, тониктер қабылдауда. Келіп түскен кезде барлық зардап шеккендерге қажетті зерттеп-қарау түрлері жүргізілді, жағдайы тұрақтанғаннан кейін бейіні бойынша емдеуге жатқызылды.Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетілетінін атап өтті.Дәрігерлер ауыр пациенттердің жағдайын тұрақтандыру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауда, аурухана дәрі-дәрмектермен, жабдықтармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.Бұған дейін хабарланғандай, Астанадан Ақтауға әуе апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация ұшағы жіберілген.Бортта құрамында екі реаниматолог, 4 травматолог, нейрохирург және комбустиолог бар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобилдік бригадасы келді.Зардап шеккендердің жағдайы және олардың емделу барысы туралы қосымша деректер ақпарат жаңартылған сайын ұсынылатын болады.Ресей тарапымен келіссөздерден, мамандардың консультацияларынан кейін бүгін РФ Апаттар медицинасының бортымен Ақтаудан Мәскеуге 9 пациент, Ресей азаматтары жіберілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/910016
Маңғыстаулықтар Әзірбайжан елінің азаматтарын еліне шығарып салды 29.12.2024
Бүгін, 26 желтоқсан күні ұшақ апатынан зардап шеккен әзірбайжандық 14 азамат пен күні кеше Ақтауға келген Әзірбайжан делегациясының 20 мүшесі өз елдеріне оралды. Оның ішінде аман қалған 2 бортсерік пен 1 бала бар. Олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайлары тұрақталған соң Бакуге аттанды.Зардап шеккендерді шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары, жастар және қоғам өкілдері қатысты.Маңғыстаулықтар бауырлас елге жылы тілектерін білдіріп, қолдау білдірді.Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 6 науқас ем алуда. Оның ішінде 4 адамның жағдайы ауыр, 2 адамның жағдайы орташа. Жарақат алғандарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басқаруымен Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/910395
Ақтаудағы ұшақ апаты: Үкіметтік комиссия штаб отырысын өткізді 28.12.2024
Премьер-министрдің орынбасары Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктері, Азаматтық авиация комитеті өкілдерінің есептерін тыңдады.Төтенше жағдайды реттеу үшін Қазақстан Үкіметі барлық қажетті шараларды қабылдайды.Вице-премьер құтқару жұмыстарын жалғастыру, зардап шеккендерге қолдау көрсету және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша тапсырма берді.Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, Маңғыстау облысына келген қайтыс болған шетелдік азаматтардың жақындарына да қажетті көмек беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/909768
Қостанай облысында жаңа аудан әкімдері тағайындалды 28.12.2024
Қостанай облысы әкімінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы өкімімен және Сарыкөл ауданы мәслихатының келісімімен Сарыкөл ауданының әкімі болып Марат Лесбекұлы Шымырбеков тағайындалды.Марат Лесбекұлы 1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында туған. Шымкент университетін «Химия және биология» мамандығы бойынша және Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған дейін Златоуст ауылдық округінің әкімі және Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.Қостанай облысы әкімінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы өкімімен және Қостанай ауданы мәслихатының келісімімен Қостанай ауданының әкімі болып Олжас Жомартұлы Нұрғалиев тағайындалды.Олжас Жомартұлы 1986 жылы Қостанай облысы Қостанай ауданында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, Заманауи гуманитарлық академияны және М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие. Бұған дейін Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған.Қостанай облысы әкімінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы өкімімен және Жангелдин ауданы мәслихатының келісімімен Жангелдин ауданының әкімі болып Дінмұхамбет Серікұлы Бидашев тағайындалды.Дінмұхамбет Серікұлы 1981 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданында туған. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған дейін Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.Барлық тағайындалған әкімдер мемлекеттік басқару саласында үлкен тәжірибеге және тиімді басшылық жасауға қажетті практикалық білімдерге ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/909507
АҚТАУҒА ЖЕТЕКШІ МАМАНДАР БРИГАДАСЫМЕН САНИТАРИЯЛЫҚ АВИАЦИЯ БОРТЫ КЕЛДІ 28.12.2024
Астанадан Ақтауға ұшақ апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация ұшағы келіп қонды.Бортта құрамында екі реаниматолог, 4 травматолог, нейрохирург және комбустиолог бар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобилдік бригадасы келді.Қазіргі уақытта Маңғыстау көпбейінді ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілген, Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов бар. Ол зақым алған және жарақаттанған пациенттерді қарап-тексереді, келген мамандарды тарта отырып, медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.Ақтау әуежайы маңындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған жерден облыстың медициналық мекемелеріне 29 зардап шегуші жеткізілді. Оның ішінде Маңғыстау облыстық ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілді.Ауруханаға жеткізілген 27 ауыр пациенттің 11-і реанимацияға жатқызылды.Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала келіп түсті, оларға операция жасау жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/909590
Ұшақ апатына қатысты 28.12.2024
25 желтоқсан күні шамамен сағат 11:00-де, Ақтау қаласының аумағына Бакудан Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ құлады.Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай оқиға орнына барып, облыс әкімінің төрағалығымен жедел штаб құрылды. Апат орнында ТЖД, ДВД, жергілікті әкімдік құтқару жұмыстарына қажетті жағдайдың барлығын жасауда.Қазақстан ТЖМ-нің 52 қызметкері мен 11 техникасы жұмыс істеуде. Оқиға орнына келген құтқарушылар әуе кемесінің өртеніп жатқанын анықтап, өртті сөндіру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша аман қалғандар бар.Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Бекболат Ізбасаровтың айтуынша 28 адам аман қалған. Оның 26 облыстық ауруханаға жеткізілді, 2 бала балалар ауруханасына жатқызылды.Айта кетейік, апатқа ұшыраған бортта 62 адам және 5 экипаж болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/909346
ЖЫЛЫОЙДА ТЕРІАРҚЫЛЫ КОРОНАРЛЫҚ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ 27.12.2024
Теріарқылы коронарлық араласу (ТКА) — жүрекке қан жеткізетін коронарлық артерияларды ашу немесе қалпына келтіру үшін тері арқылы жасалатын хирургиялық әдіс. Бұл әдіс жүрек ауруларын емдеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі.Орталықта 34 ота жасалынды. Оның ішінде 15 науқасқа стенд (стентирование) қойылып, 19 науқасқа коронография жасалды. Бұл орталықта бір профессор, бір интервенционный кардиолог,кардио реаниматолог, төрт ортабуын қызметкері жұмыс істейді.Жылыойда ашылған орталықтың басты ерекшелігі — осы жоғары технологиялық медициналық қызметтерді тек ірі қалаларда ғана емес, шалғай аудандарда да тұрғындарға ұсыну.Орталықтың ашылуы жүрек ауруларының алдын алу мен емдеуді жеңілдетіп, уақытында көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Күрделі хирургиялық араласуларды жергілікті жерде жүргізу аурудың асқынуын болдырмауға, науқастарды көшіру кезінде болатын қауіптерді азайтуға септігін тигізеді.Орталық заманауи аппараттармен жабдықталған. Атап айтқанда ангиограф, дефибриллятор, кардиомонитор және өкпені жасанды желдету құрылғылары бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/910354
Үкімет комиссиясы Ақтаудағы ұшақ апаты орнында жұмысын бастады 27.12.2024
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия Ақтауға келіп, ТЖ орнына жіберіледі. Бұдан Әрі Қанат Бозымбаевауруханада зардап шеккендерге барады, шетелдік әріптестерімен кездеседі, сондай-ақ штаб отырысын өткізеді.Барлық қызметтер-ТЖ, криминалист-сарапшылар, прокуратура органдары шұғыл режимде жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/909761
Зардап шеккендер туралы ақпарат 27.12.2024
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының сағат 10:30 дағы мәліметі бойынша ауруханаға келіп түскен барлық пациенттер ҚР ДСМ диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алып жатыр.Тергеу органдары 2 пациенттің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізді, олардың біреуі анықталып, Әзірбайжан азаматтығы анықталды.Сондай-ақ, санитарлық авиация желісі бойынша Астана қаласынан Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының және жетекші республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары келді.Жоғарыда аталған мамандардан басқа, Әзірбайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен ТЖМ арнайы кеңесі, санавиация бригадасы келді.Барлық зардап шеккен науқастарға тексеру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ зардап шеккендермен және олардың туыстарымен психологтар тобы жұмыс істеп жатыр.Бүгін 26.12.2024 жылы таңертең Ақтау уақытымен сағат 08:30-да Ресей Федерациясының ТЖМ орталық аппаратының санитарлық авиация бортында Ресей Федерациясының азаматтары эвакуацияланды.Қазіргі уақытта ауруханада 20 науқас БАҚЫЛАУДА, оның 6-ы реанимацияда: 5-і МОБ ЦОР-да және 1-і Маңғыстау облыстық балалап ауруханасының реанимациясы бөлімінде. МОБ ЦОР-дан 2 пациент травматология бөлімшесіне ауыстырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/909819
Құрық портында Әзірбайжан халқына көңіл айту рәсімі өтті 27.12.2024
Бүгін, 26 желтоқсанда Әзірбайжан Республикасының Құрық портындағы "Zarifa Aliyeva"паромында "Құрық Порт" ЖШС директоры Серік Ахметов, кәсіпорын қызметкерлері, аудан әкімдігі және БАҚ өкілдері Ақтау қаласының маңында болған қайғылы оқиғаға байланысты көрші елге көңіл айтты.- Құрметті Әзірбайжан халқы, біз сіздерге шын жүректен көңіл айтамыз. Бұл қайғылы оқиға бүкіл аймаққа қатты әсер етті. Біз сіздермен бірге қайғырамыз, осы қиын уақытта сізге шыдамдылық пен шыдамдылық тілейміз. Алла тағала өлгендерге тыныштық пен тыныштық пен туыстарына күш жіберсін. Сіз бен біз сіздің қайғыңызбен бөлісетінімізді біліңіз, - деді Құрық портының бас директоры Серік Ахметов.Паром капитаны Тахмирас Исмаилов қазақстандық әріптестеріне алғысын білдіріп, Әзербайжан халқы үшін қиын сәтте оларға көмектесіп, жігерлендіргендерге алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/910394
СҚО-да бас шырша жағылды 27.12.2024
Петропавл Жаңа жылды мереке мен сиқыр атмосферасында қарсы алуда. Бүгін қаладағы басты алаңда басты жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі өтті! Мерекелік шараны облыс және қала басшылығы, тұрғындар мен қонақтар тамашалады.Кеш жарқын мерекелік бағдарлама мен көңілді атмосферада басталып, жағымды эмоция сыйлаған әдемі салютпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/908872