Ұшақ апатына қатысты

Ұшақ апатына қатысты

28.12.2024 00:07:34 374

25 желтоқсан күні шамамен сағат 11:00-де, Ақтау қаласының аумағына Бакудан Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ құлады.
Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай оқиға орнына барып, облыс әкімінің төрағалығымен жедел штаб құрылды. Апат орнында ТЖД, ДВД, жергілікті әкімдік құтқару жұмыстарына қажетті жағдайдың барлығын жасауда.
Қазақстан ТЖМ-нің 52 қызметкері мен 11 техникасы жұмыс істеуде. Оқиға орнына келген құтқарушылар әуе кемесінің өртеніп жатқанын анықтап, өртті сөндіру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша аман қалғандар бар.
Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Бекболат Ізбасаровтың айтуынша 28 адам аман қалған. Оның 26 облыстық ауруханаға жеткізілді, 2 бала балалар ауруханасына жатқызылды.
Айта кетейік, апатқа ұшыраған бортта 62 адам және 5 экипаж болған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/909346