Бизнес
Қазақстандағы энергия тиімділігі: 2024 жылға арналған қорытындылар 07.01.2025
2024 жылы Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бағынысты ұйымы "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ ел экономикасының энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруда елеулі прогреске қол жеткізді. Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді. Инвестициялардың жалпы көлемі 20,6 млрд теңгені, ал күтілетін үнемдеу жылына 0,62 млрд теңгені құрады.Экономикалық тиімділік салымдардың жоғары рентабельділігімен расталады: 1 теңгеге бюджет қаражатына 54 теңге инвестиция тартылды. Карта шеңберінде жалпы құны 138,23 млрд теңгені құрайтын 275 жоба іске асырылуда, жыл сайынғы үнемдеу 9,7 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 116 жоба энергосервистік келісімшарттар (ЭСКО) және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бұл жобалар бойынша күтілетін үнемдеу-жылына 5,09 млрд теңге.Энергосервистік компанияларды, жеткізушілерді және дистрибьюторларды қамтитын шағын және орта бизнестің жаңа кластерін дамытуға ерекше назар аударылады, бұл энергосервистік нарықты қалыптастыруға ықпал етеді. Осы жобаларды іске асырудың арқасында бюджетке салық түсімдері ҚҚС есебінен 2,5 млрд теңгеге дейін құрады.Жұмыстың маңызды бағыты отандық өндірушілердің (ОӨ) және энергия үнемдейтін материалдар мен технологияларды жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру болып қала береді. 2024 жылы тізілімге жаңа компаниялар кіріп, қатысушылардың жалпы санын 84 өндірушіге дейін арттырды. Бұл ұлттық өнеркәсіптік әлеуетті дамытуды ынталандыра отырып, отандық технологиялар мен материалдарды жобаларға біріктіруге ықпал етеді.Осылайша, институт қызметі Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, энергия тиімділігін арттыруға жүйелі көзқарасты көрсетеді. Жоспарлардың сәтті орындалуы, жеке инвестицияларды тарту және нарықтық кластерлерді дамыту осы саладағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін растайды. Болашақта ЭСКО және МЖӘ арқылы іске асырылатын жобалар санын ұлғайтуға, отандық өндірушілердің тізілімін кеңейтуге және энергия үнемдеуге қосымша инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасауға ерекше назар аударылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/912812
2025 жылғы инвест жобалар: Қазақстан экономикасының дамуы 07.01.2025
Қазақстанның 2025 жылға жоспарланған инвестициялық жобалары еліміздің экономикалық өсімінің жаңа кезеңіне негіз қалауда. Бұл жобалар тек қазіргі экономикалық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар елдің ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 190 жобаның іске асырылуы арқасында 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, Қазақстан экономикасының әртараптануы мен экспорттық әлеуеті артады.Қазақстанның экономикалық дамуының басты бағыты — өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция тарту болып табылады. Бұл еліміздің шикізатқа тәуелділігін төмендетуге, технологиялық жаңғыртуға және ішкі өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда жүзеге асырылатын жобалардың үлкен үлесі Қазақстанның өңдеуші өнеркәсіп секторының дамуына бағытталған. Сондай-ақ, инвестициялық бастамалар аймақтардағы экономикалық дамуды күшейтіп, жұмыс орындарын көбейтуге ықпал етеді.Инвестициялық жобалардың негізгі бағыттары мен маңызды жобалар2025 жылы Қазақстанда жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар көп саланы қамтиды. Бірақ ең маңызды жобалар көлік құралдарын шығару, тұрмыстық техника өндірісі және металлургия салаларында жоспарланып отыр. Бұл жобалар тек ішкі нарықтағы қажеттіліктерді қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға да әсер етеді.Автокөлік өндірісі – 2025 жылы Алматы қаласында «Астана-Моторс» моторлы компаниясының жеңіл автокөліктер өндірісі үшін көпбрендтік зауыт салу жобасы іске қосылады. Бұл зауыттың өндірістік қуаты жылына 90 000 автокөлік болады деп жоспарлануда, ал 2 200 жаңа жұмыс орны ашылады. Жеңіл автокөліктердің бірнеше бренді бойынша өндіріс жүргізілуі экспорттық мүмкіндіктерді арттыруға, сондай-ақ Қазақстанның автокөлік өнеркәсібін дамытуға үлкен серпін береді.Қостанай облысында «KIA Qazaqstan» зауытының ашылуы да маңызды оқиға болмақ. Бұл зауыт жылына 70 000 KIA автокөлігін шығаратын болады және 1 500 жаңа жұмыс орнын ашады. Бұл жоба машина жасау саласының дамуына және Қазақстанның автоөнеркәсіп нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.Қазақстанның тұрмыстық техника өндіру саласындағы жаңа жобалардың бірі – «ALMATY TURMYSTYQ TEHNIKA ZAVODY». Алматы облысында тұрмыстық техника өндіретін зауыт салынады, оның жылдық өндіріс көлемі 750 000 бірлік болады деп жоспарлануда. Бұл жоба да 1 200 жаңа жұмыс орнын ашып, Қазақстанда тұрмыстық техника өндірісінің үлесін арттырады. Өндірістік қуаттың артуы елдің ішкі нарығын қамтамасыз етуге және экспортқа шығару мүмкіндіктерін көбейтуге мүмкіндік береді.Шымкент қаласында «QazAlPack» жобасы аясында алюминий пакеттерін өндіру зауытының өндіріс қуатын жаңғырту жоспарлануда. Бұл жоба 112 жұмыс орнын ашып, жаңа технологиялар мен өнімдерді енгізу арқылы Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға көмектеседі.Ал Атырау облысында «ТексолТранс» жобасы бойынша жүк вагондарын шығаратын зауыт салынады. Жоба жүзеге асқан жағдайда 180 жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, «Казполиграф» жобасы Абай облысында сұйық өнімдерге арналған картон қаптамаларын шығару үшін іске қосылады. Бұл жоба тек ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, картон қаптамаларына деген сұраныстың өсуіне ықпал етеді.Аймақтық даму және инвестицияларҚазақстанның әр аймағында жүзеге асырылатын жобалардың ауқымы айтарлықтай өзгеше. Инвестициялық жобалардың ең көп бөлігі Түркістан облысы мен Алматы қаласында жүзеге асырылуда. Түркістан облысында 15 жоба, ал Алматы қаласында 14 жоба іске қосылады. Бұл аймақтардың экономикалық дамуына үлкен ықпал етеді және жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Қостанай мен Қарағанды облыстары инвестициялар көлемі бойынша көшбасшы болып отыр. Бұл облыстар өңдеуші өнеркәсіп пен машина жасау салаларындағы маңызды жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Осы аймақтарда жүзеге асатын жобалар өнеркәсіптік өндіріс пен өндірістік қуаттарды арттыруды мақсат етеді, бұл өз кезегінде Қазақстанның ұлттық экономикасын нығайтуға ықпал етеді.Осылайша 2025 жылы жоспарланған инвестициялардың ең үлкен бөлігі өңдеуші өнеркәсіпке бағытталады. 1 200,7 миллиард теңге көлеміндегі инвестициялар өңдеуші өнеркәсіп саласына бағытталып, 19 640 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл өндіріс саласының дамуы мен жұмыс орындарының көбеюіне септігін тигізеді.Қазақстанның машина жасау саласы да ерекше назарда. Бұл салада 7 823 жұмыс орны құрылатын болады. Машина жасау — Қазақстан экономикасының маңызды секторларының бірі. Осы саладағы инвестициялар отандық өндіріс қуаттарын арттыруға, жаңа технологиялар енгізуге және еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.Қара металлургия саласы да елеулі орын алады. Бұл салаға 256 миллиард теңге көлемінде инвестиция салынып, өндірістік қуаттардың артуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және металлургия өнімдерінің ішкі нарықта үлесінің өсуіне ықпал етеді. Бұл сектордың дамуында Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуеті де арта түседі.Жобалардың толық қуатына шығуы нәтижесінде жалпы өндіріс көлемі 2,2 триллион теңгені құрайтын болады. Оның ішінде 0,8 триллион теңге экспортқа бағытталады. Бұл Қазақстанның халықаралық нарықтағы ықпалын арттырып, сыртқы саудада бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.Сонымен қатар, жоспарланған жобалар арқылы импортты алмастыру көлемі 1,4 триллион теңге болады, деп күтілуде. Бұл қадам елдің ішкі өндірісін күшейтіп, импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді. Импортты алмастыру Қазақстанның өнеркәсіп салаларының өнімділігін арттырып, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.2025 жылы Қазақстанда жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар ел экономикасының әртараптандыруына, экспорттық әлеуетін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған маңызды бастамалар болып табылады. Бұл жобалардың нәтижесінде Қазақстан әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті ел ретінде көрініс табады. Экономикадағы жаңа технологиялар, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарының ашылуы Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер жасайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/913308
2024 жылы кәсіпорындардың 1,2 миллиард теңгеге еңбек өнімділігін арттыруға жұмсалған шығындары өтелді 07.01.2025
2024 жылдың қорытындысы бойынша «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы отандық кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарын өтеу бойынша 1,2 миллиард теңгеге өтінімдерді мақұлдады. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясы хабарлады.«Кәсіпорындардың 1,2 миллиард теңгеге еңбек өнімділігін арттыруға жұмсалған шығындары өтеліп отыр. Бұл шығындар технологиялық процестерді жетілдіру, өндіріс тиімділігін арттыру, цифрлық технологияларды енгізу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ жаңа технологиялық жабдықтар сатып алу сияқты шараларды қамтиды», – делінген хабарламада.Бұл бағыт бойынша өтінімдер көбінесе Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Алматы облысының кәсіпорындарынан, ал салалық бөліністе-машина жасау, АӨК, жеңіл және металлургия өнеркәсіп кәсіпорындарынан келіп түскен.Сондай-ақ, өнімдер мен қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету (тауарлардың сәйкестігін растау, өнімдерді бағалау, инспекциялық аудит және бақылау жүргізу, сертификаттарды тіркеу және тағы басқа) бағыты бойынша 20,6 миллион теңге сомасында өтінімдер мақұлданды.Өткен жылдың қорытындысы бойынша QazIndustry, байланыс телефондары арқылы кеңес берумен қатар, 70-ке жуық ашық есік күндері мен түрлі деңгейдегі ақпараттық кездесулер өткізді. Сонымен қатар, мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру мақсатында аймақтарда ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде орталық қызметкерлері 112 кәсіпорынға барды.Еске сала кетейік, QazIndustry кәсіпорындардың технологиялық процестерді жетілдіру, өндірістерді жаңғырту және өнімдерді ілгерілетуге бағытталған шығындардың 50%-на дейін өтейді.Шығындарды өтеу шарттары бойынша қосымша ақпаратты QazIndustry сайтындағы «Бизнесті ынталандыру» бөлімінен немесе Астана қаласындағы кеңседе өтетін Ашық есік күндерінде алуға болады. Мекенжай: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 79 33 99 (ішкі 444). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/913432
Президент электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты 07.01.2025
Мемлекет басшысы Астана қаласының №1 индустриялық паркіндегі электровоз құрастыру зауытын аралап көрді. Кәсіпорынды Индустрияландыру картасы аясында Францияның Alstom компаниясы іске қосқан.Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорынның жұмысы туралы жан-жақты мәлімет берілді. Зауытта «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының тапсырысымен 380 жүк және 70 жолаушылар электровозы шығарылған. Сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектері өндіріледі. Бұдан бөлек, жүк электровоздарының 80 секциясы Әзербайжанға экспортталған. Қазір кәсіпорын нарыққа локомотив корпустары, трансформаторлар, төмен және жоғары вольтты шкафтар және басқа да өнім түрлерін ұсынады.Президентке зауытта жаңа буын локомотивін құрастыру жобасы қолға алынғаны туралы баяндалды. Оның өзіндік құны бұрынғы нұсқасымен салыстырғанда 40 пайызға төмен, ал тиімділігі 20 пайызға жоғары. Жаңа жүк электровоздарының өндірісі 2028 жылдан бастап іске қосылады.Қазір Alstom компаниясы Астана, Алматы, Шу және Арыс қалаларында сервистік орталықтар ашуға инвестиция құйып жатыр. Бұл 700 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы теміржолға қажетті құрал-жабдықтар шығаратын отандық кәсіпорындардың өнімдері көрмесін аралады. Қазір елімізде 600-ден астам компания теміржол саласына арналған бөлшектерді өндірумен айналысады. Олардың өнімдері мен қызметі 25 елге экспортталған.Электровоз құрастыру зауытында еңбек ететін жас мамандармен жүздесуде Президент 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланғанын еске салып, мемлекет өндіріс саласында жұмыс істейтін жастарға қолдау көрсете беретінін айтты. Ақпарат akorda.kz сайтынан алынғанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/913799
Президент құрылыс индустриясы нысандарымен танысты 07.01.2025
Asyl Qala, бұл – 100-ден астам адам еңбек ететін арнаулы кәсіпорын. Жобаға құйылған инвестиция көлемі 8 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 4500 шаршы метр тротуар жабындысын өндіруге жетеді. Құрылыстың екінші кезеңі аяқталған соң бұл көрсеткіш 9000 шаршы метрге дейін ұлғаяды.Бүгінде аталған кәсіпорында шығарылған өнімдер Астана және еліміздің басқа да қалаларында пайдаланылады.Бұдан кейін Мемлекет басшысы автоклавты газ блоктарын шығаратын Uniton зауытымен танысты. Sensata Group құрылыс компаниясына қарасты кәсіпорын жылына 150 мың шаршы метр газ блоктарын өндіре алады. Жоба «Даму» қоры және Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қаржыландырылған. 110 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс индустриясы экономиканың маңызды бағыты екенін атап өтіп, жергілікті өнім көлемін арттыру қажеттігін айтты. Ақпарат akorda.kz сайтынан алынғанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/913805
Қарағандыда жергілікті фермерлік өнімдер сатылатын павильондар салынады 07.01.2025
Қарағандыда 2025 жылы жергілікті фермерлік өнімдер сатылатын павильондар желісі пайда болады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов "Әкімдік қайда қарап отыр" Youtubе-арнасында айтты.Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Қарағандыда жаңа павильондар желісін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге кіріскен.– Биыл бірнеше павильондар құрылысын бастаймыз. Шет елдерде осындай ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын павильондар инфрақұрылымын салу тәжірибесі бар. Әр ауданға біз өз павильонымызды бекітеміз, сонда фермерлер жыл бойы келіп, өз өнімдерін тікелей сата алады, – деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов.Бауыржан Асановтың пікірінше, мұндай шешім сатушыларға да, сатып алушыларға да тиімді болады: біріншісі өз өнімдерін тез және делдалсыз сатады, ал екіншісі жаңа фермерлік өнімдерді өз бағасына алады.Мұндай алғашқы павильон Оңтүстік-Шығыста, Сатыбалдин көшесінде пайда болуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/913045
Қарағандылықтарды жаңа жылдық концерттерге шақырады 07.01.2025
Қаңтар айында қарағандылық музыка жанкүйерлеріне үш жаңа жылдық концерт ұсынылады.11 қаңтарда "Шалқыма" концерт залында "Жаңа жылдық әуеннің сиқыры" бағдарламасымен Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі өнер көрсетеді. Сахнадағы музыканттармен бірге "Кең дала" хоры өнер көрсетеді.Басталуы 16:00.12 қаңтарда пианистер Елена мен Данил Дякиндердің қатысуымен "Рождестволық қиялдар" концерті өтеді. Бағдарламада Франц Шуберт, Фридерик Шопен, Александр Скрябин және Сергей Рахманиновтың шығармалары орындалады."Шалқыма" концерт залы, Басталуы 16:00.18 қаңтарда Қарағанды Джаз оркестрі музыкалық кешке шақырады. Ән композицияларын солистер Айдана Тұңғышбаев, Кристина Ракша және Ксения Николаева орындайды. Оркестрмен бір сахнада скрипкашы Людмила Пропищан мен домбырашы Дамир Темірғали өнер көрсетеді.Қарағанды циркі, басталуы 17:00. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/913078
Балқаш көшелеріне жайлы, халыққа үйреншікті қызғылт сары автобустар қайта оралды 07.01.2025
Балқаш тұрғындары үшін Жаңа жыл жағымды өзгеріспен басталды. Қала көшелеріне қызғылт сары автобустар қайта шықты.Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, байқау қорытындысы бойынша қалалық маршруттардың тасымалдаушысы "Орталық Транс Сервис" ЖШС болды. Қаңтардың алғашқы күндерінен бастап компания автобустардың санын көбейтуі тиіс. Жол ақысы ONAY көлік картасы арқылы төленеді. Қазір қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі орнатылуда.Қызғылт сары автобустар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктеріне бейімделген, кондиционерлер де бар. Сондай-ақ, көлік электронды табломен, өртке қарсы жүйемен, бейнебақылау камераларымен жабдықталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/913095
Қарағанды облысында жұмысшы мамандықтар жылы қалай өтеді 07.01.2025
Қарағанды облысында жұмысшы мамандықтар жылы аясында 100-ден астам іс-шара жоспарланған. Олар жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға, оларды жастар арасында танымал етуге, кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға бағытталған. Колледждерде өзгерістер болады. Көрмелер, конкурстар, форумдар және тағы басқа да шаралар жоспарлануда.Бұл туралы аппараттық кеңесте толығырақ айтылды.– Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Міндет – еңбек беделін арттыру және еңбек – қоғамда лайықты жалақы мен құрметке ие екенін әрбір адам білуі қажет. Біздің облыста тиісті жоспар әзірленді, оған жұмыс берушілер, білім беру мекемелері мен жастар арасындағы белсенді өзара іс-қимылға ықпал ететін 100-ден астам іс-шаралар кірді, – деді өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.Облыста 52 колледж 126 мамандық бойынша жұмысшы кадрларды даярлайды. Онда 33 мыңнан астам студент оқиды. Мемлекеттік тапсырыс үнемі өсіп келеді. Дуальды оқыту дамуда. Колледждерді сегіз басым бағыт бойынша кластерлеу жүргізілуде: білім беру, құрылыс, көлік, энергетика, IT және байланыс, тау-кен өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы. Әр сала бойынша тірек колледжі анықталды.Білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова биыл кәсіпорындардың көмегімен колледждерде екі заманауи құзыреттілік орталығы мен озық жабдықтармен жабдықталған 10 шеберхана құрылатынын айтты. Балқашта өңірлік сұранысқа сәйкес су шаруашылығы, туризм бойынша шеберханалар мен зертханалар ашу жоспарлануда.Халықаралық әріптестік дамитын болады. Қарағанды мен Теміртауда екі жоғары политехникалық колледж халықаралық аккредиттеуден өтуі тиіс.Колледждерде еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтардың ашылуы жалғасады. Сондай-ақ, жастардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға бағытталған жобалар қарастырылған.Кәсіптік бағдар беру жұмыстары да басты назарда. Бүгінде облыс мектептерінде медицина, агро, ІТ, сервис және т. б. бағыттар бойынша бейіндік сыныптар жұмыс істейді.Биыл облыста жұмысшы кәсіптерінің жетістіктері көрмесі, жас қызметкерлер мен жұмыс берушілердің форумдары жоспарланған.Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова электрондық еңбек биржасында жаңа мүмкіндіктер туралы айтып берді. Ол барлық мемлекеттік қызметтер бір платформада шоғырланған "цифрлық супермаркетті" жоьасын ұсынды. Сондай-ақ, жұмысқа орналасуға көмектесу үшін "Мансап компастары" жаңа платформасы іске қосылды.Басқарма басшысының ақпараты бойынша, Қарағанды облысында биыл қысқа мерзімді курстарда 3395 адамды жаңа мамандықтарға оқыту жоспарлануда. Оның ішінде жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жұмыс орнында да оқыту жүргізіледі.Халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа орналастыруға көмектесу үшін Jumys Tap жобасы жалғасады. Биыл зейнеткерлерді жұмысқа орналастыруды қолдауға бағытталған "Алтын жас" бағдарламасы да басталады.Ермағанбет Бөлекпаев жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөнінде тапсырма берді. Алдағы уақытта облыстық жоспарды өзектендіру және кеңейту қажет, деп атап өтті ол. Кадрларды даярлауды жетілдіруге, жұмыс берушілердің осы бағытқа қатысуына баса назар аудару қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/913621
Қарағанды облысының ТЖД жылдың үздік спортшыларын марапаттады 07.01.2025
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті жылдың қорытындысын шығарды. МӨБ-1 өрт сөндіруші-құтқарушысы Бауыржан Текенов жылдың үздік спортшысы деп танылды.Бұл атаққа ол халықаралық аренадағы ерекше жетістіктері үшін лайық деп танылды. Ерлер арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша Харбинде (Қытай) өткен әлем чемпионатында Бауыржан 100 метрлік кедергілер жолағында қола медаль жеңіп алып, екісайыста Қазақстанның абсолютті рекордын жаңартқан болатын.Ал "Жылдың үздік жаттықтырушысы" атағын өрт-құтқару спорты бойынша жаттықтырушы Федор Суслов иеленді. Оның спортшыларды дайындаудағы және жоғары нәтижелерге қол жеткізудегі еңбегі ТЖД басшылығы тарапынан ерекше бағаланды.Сонымен қатар, Қарағанды облысының ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев футбол, волейбол, гир спорты және қоян-қолтық ұрыс бойынша құрама командаларды алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Бұл командалар шеберліктің жоғары деңгейін көрсетіп, ТЖД қызметкерлері арасында спортты насихаттауға елеулі үлес қосты.Ерекше назар №15 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері Ұлан Қайназарға аударылды. Ол Jibek Joly телеарнасындағы танымал «100 Sarbaz» реалити-жобасына қатысушы ретінде танылды. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» ҰК АҚ бас директорының атынан диплом табысталды.Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/913653
Ақмола облысында 12 200 орынға арналған 9 жайлы мектептің құрылысы аяқталды 07.01.2025
Ақмола облысы Президенттің «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мектеп салу жөніндегі тапсырманы сәтті іске асырған Қазақстандағы жалғыз өңір болды. Бүгінгі таңда өңірде 12 200 орындық барлық жоспарланған 9 заманауи мектептің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл мектеп оқушыларының оқу жағдайларын едәуір жақсартты және жұмыс істеп тұрған мектептердің жүктемесін азайтты. Барлық білім беру нысандарының құрылысы облыс әкімдігінің бақылауында болды.Бір жыл ішінде облыс орталығында 2 жайлы мектеп салынды,Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қаражар, Қоянды, Қабанбай батыр және Ақмол ауылдарында 7 жаңа мектеп бой көтерді. Елорданың жанында орналасқан елді мекендерде осындай нысандардың құрылысы елордалық білім беру нысандарының жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді. Айта кетейік, Қоянды ауылындағы 2 мың оқушы орнына есептелген мектепте 4 спорт залы жұмыс істейді.Жоба аясында салынған мектептер ауылдық және қалалық білім беру мекемелері үшін бірыңғай стандарттарға сәйкес келеді және әдеттегі көрсеткіштерден 4 есе артық заманауи техникалық жабдықтармен жабдықталған. Ғимараттардың ауданы стандартты мектептерден 15-20% кең, ал оқушылар үшін жаңа модификация кабинеттері, спорт залдары, STEM-зертханалар, кең асханалар, кітапханалар мен спорт алаңдары қарастырылған.Бір ауысымды мектептерге күннің екінші жартысында үйірмелер мен спорт секцияларына қатысуға мүмкіндік бар, бұл физикалық және интеллектуалдық дамуға әртүрлі мүмкіндіктер береді.Осылайша, Ақмола облысы білім беру инфрақұрылымын табысты дамытуды жалғастырып, жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/912207
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Жаңа жыл мерекесімен құттықтауы 07.01.2025
Құрметті ақмолалықтар!Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Әр жыл біздің өміріміздегі шағын ғана кезең, ал, оның аяқталуы – атқарған жұмыстарымызды қорытындылауға және болашаққа мақсат қоюға жақсы бір мүмкіндік болып табылады.Бүгін біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бағытында жүйелі түрде жұмыс істеп жатырмыз.Облысымызда өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізілді. Биыл бұрын-соңды болмаған 6,6 миллион тонна астық жиналды. Инвестиция ағыны айтарлықтай артып, жаңа кәсіпорындар ашылды. Әлеуметтік сала да дамып келеді. Облыста жаңа медициналық ұйымдар мен мектептер салынды, жүздеген отбасы мемлекет тарапынан жайлы жаңа баспанаға ие болды.Ең бастысы, биыл бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарын еңсере алдық. Мұндай сынақтар ерік-жігерді шыңдап, күш-қуатты біріктіреді деп бекер айтпаған. Біз тап осындай сынақтан өттік. Оның барысында бірлескен еңбегіміздің, халқымыздың бірлігі мен бір-бірін қолдауының арқасында ешкім өз басының қиындығымен жалғыз қалған жоқ.Бүгінде зардап шеккендердің барлығы жаңа баспанаға ие болып, бүлінген дүние-мүлкі үшін өтемақыларын алып үлгерді. Алдағы уақытта осындай апаттардың алдын алу үшін ауқымды жұмыстар атқарылды.Құрметті жерлестер!Әрқайсымыз Жаңа жылдың келуін жақсы үмітпен, тілектеріміздің орындалуымен байланыстырамыз. 2025 жыл тек облысымыз үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан, әрбір отбасы үшін береке мен табыс жылы болсын. Баршаңызға бейбіт аспан тілеймін! Барлық игі бастамалар іске асып, әрбір үйде қуаныш болуына жазсын! Жаңа жыл құтты болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/912709
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты 07.01.2025
Ақмола облысында жаппай шаңғы жарыстары белсенді түрде өтіп жатыр. 2025 жылдың алғашқы күндерінде осы спорттық шараларға 1500-ден астам адам қатысты.Еске сала кетейік, «Ауылға шаңғы жолы» қайырымдылық жобасы аясында «Қазақстан халқына» қоры облыстың 12 спорт мектебіне 801 жұп қысқы шаңғы жабдығы мен 230 жұп шаңғыроллер сатып алды. Бұл шаңғы жарыстарына қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, өңірдегі спорттық дәстүрлерді қолдауға мүмкіндік береді.Жарыстар облыстың әр ауданында және қаласында өткізілуде. Қазіргі уақытта 12 спорттық шара өтті.Ең жас қатысушы – Бұланды ауданының 5 жасар тұрғыны Полина Прилепенко болды. Ал ең жас қатысушы – 1947 жылы туған Сандықтаудың тұрғыны 78 жастағы Юрий Хлебников болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/913370
«Кең дала 2» бағдарламасы ақмолалық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауда тиімділігін дәлелдеді 07.01.2025
«Кең дала 2» бағдарламасы Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсететін маңызды құралға айналды. Бағдарлама аясында берілетін жеңілдетілген несиелер аграршыларға көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын уақытылы орындауға, кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға және оларды дамытуға көмектесуде.Бағдарламаның сәтті қатысушыларының бірі – Сандықтау ауданының «Максимовское» ЖШС. 2024 жылы компания «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдігімен 500 млн теңге көлемінде несие алды. Бұл қаражат өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералды тыңайтқыштарды, жанармай мен қосалқы бөлшектерді сатып алу сияқты қажеттіліктерді уақытылы өтеуге мүмкіндік берді.«Кең дала 2» бағдарламасының арқасында біз егін жинау науқанын сенімді түрде бастадық. Несие қарызы 2024 жылдың қарашасында толықтай өтелді, яғни мерзімінен бұрын. Біз қаражатты бірінші болып қайтардық және бірден жаңа қаржыландыруға құжат тапсырдық. Бүгін біз құжаттарға қол қойып, 2025 жылдың көктемгі егіс жұмыстарына дайындық үшін 800 млн теңге алдық», – деп атап өтті «Максимовское» ЖШС директоры Александр Закусилов.Ол сондай-ақ бағдарламаның аграршылар үшін бұрын екінші деңгейлі банктерден жоғары пайызбен несие алуға мәжбүр болған кездегі қиындықтарды жойып, ерекше жағдай жасап отырғанын айтты. Енді өңірдің агроөнеркәсіп кешені жеңілдетілген несиелерге қол жеткізіп, бұл сала тұрақты дамып келеді.«Кең дала 2» бағдарламасы аясында 2025 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына арналған 32 млрд теңге көлемінде несие желісін ашу бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «СПК KOKSHE» АҚ арасында негіздемелік келісім жасалды.«Бүгінгі таңда «СПК KOKSHE» АҚ-да 26,6 млрд теңге сомасына 69 ауыл шаруашылығы өндірушілерінің пулын құрдық. Оның ішінде 7,5 млрд теңге көлеміндегі 22 өтінім Жарқайың ауданынан келіп түсті», – деп хабарлады «СПК KOKSHE» АҚ-ның несиелеу департаментінің директоры Дина Ахметжанова.Еске сала кетейік, «Кең дала 2» бағдарламасы аясында 2024 жылы Ақмола облысының 35 ауыл шаруашылығы өндірушісі 11 млрд теңге көлемінде қаржыландыру алып, өңірде маусымдық дала жұмыстарына тиімді дайындық жүргізілді. «Кең дала 2» бағдарламасы өңірдегі аграршыларды қолдауды жалғастырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/913672
Ақмола облысында гидротехникалық нысандарды салу және қайта жаңарту бойынша алты жоба жүзеге асырылуда 07.01.2025
Ақмола облысында су тасқынына дайындық қызу жүріп жатыр. Шаралар жоспары аясында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне ерекше назар аударылып, жаңа нысандардың құрылысы мен қолданыстағы су қоймаларын қайта жаңартуға мән берілуде.Жобаларды жүзеге асыру мәселесі облыс әкімдігінде талқыланды. Жиынға облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өңірдегі мердігер ұйымдар шақырылды.Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Джанет Микишевтің айтуынша, қазіргі уақытта өңірде Жабай, Шағалалы және Қалқұтан өзендерінде жағалауды нығайту және өзен түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Жібек Жолы ауылында қорғаныс бөгеттерінің құрылысы жүргізіліп жатыр, бұл су тасқынының алдын алуға және жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Шортанды ауданының Дамса ауылында және Жақсы ауданының Чапаевская бөгетінде су өткізу құрылыстарын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл олардың өткізу қабілетін арттырып, су басу қаупін азайтуға бағытталған. Барлық шаралар «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.Марат Ахметжанов жоспарланған іс-шараларды уақытылы және сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті. Ол тиісті қызметтерге жұмыстың барысын бақылауды күшейтуді және жергілікті билік органдарымен тығыз өзара байланыс орнатуды тапсырды. Әкім су тасқынына дайындықты кешенді түрде іске асыру қауіп-қатерді азайтуға, халықты қорғауға және инфрақұрылым нысандарын сақтауға көмектесетінін атап өтті.«Жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімін бақылау қоғам тарапынан да, мемлекеттік органдар тарапынан да жан-жақты жүргізілуі тиіс. Бұл бастамалар халық қауіпсіздігін арттыруда, төтенше жағдайлардың алдын алуда және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуде стратегиялық тұрғыдан маңызды», — деді облыс әкімі.Жиын қорытындысы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және белгіленген міндеттерді іске асыру үшін қосымша ресурстарды тарту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/914058
Щучинск қаласында аудандық мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын 07.01.2025
Щучинск қаласында Бурабай ауданының жаңа мәдениет үйі тұрғындардың шығармашылық дамуына маңызды алаңға айналмақ. Объект қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген, мұнда 400 орындық көрермен залы, хореографиялық және репетициялық залдар, конференц-зал, дыбыс жазу студиясы, кескіндеме студиясы, балет сыныбы, сондай-ақ арнайы кабинеттер қарастырылған.«Азат Құрылыс» ЖШС өкілі Марат Сүлейменовтің айтуынша, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, объект 98%-ға дайын. Территорияны абаттандыру жұмыстары аяқталып, автотұрақ орындары қарастырылған.Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құрылыс барысымен танысты.«Мәдениет үйі ауданның шығармашылық қауымдастығы үшін тартымды орынға айналады. Мұнда шығармашылықпен айналысуға, оқу және іс-шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған. Бұл объект ауданның мәдени әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарады», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.Щучинск қаласының тұрғыны Катья Абдирова айтып өткендей, мәдениет орталығы шығармашылық интеллигенция үшін репетиция жасауға, даму мен бос уақытын өткізуге болатын орын болады.Сондай-ақ облыс әкіміне 2025 жылға арналған ауданның даму жоспарлары таныстырылды. Бурабай ауданының әкімі Арай Садыков қалалық инфрақұрылымды дамыту аясында жүзеге асырылған және жоспарланған жобалар туралы айтып берді. Қалада инженерлік желілерді, жол инфрақұрылымын, туризмді және тұрғын үй құрылыстарын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2025 жылға арналған негізгі бағыттар – ағымдағы жобаларды аяқтау және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мен туристерді тартуға бағытталған жаңа бастамаларды енгізу.Жұмыс сапарының қорытындысын шығара отырып, облыс әкімі Марат Ахметжанов жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау, әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымды дамыту екенін атап өтті. Бұл тек өмір сүру деңгейін арттырып қана қоймай, өңірді инвесторлар мен туристер үшін тартымды етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/914071
Коммуналдық робот Бурабай ауданында пайда болды 07.01.2025
Робот-телеинспектор заманауи камералар мен сенсорлармен жабдықталған, олар жоғары дәлдіктегі кескінді қамтамасыз етіп, құбырлардың күйін егжей-тегжейлі талдауға мүмкіндік береді және диаметрі 300-ден 1000 мм-ге дейінгі канализация құбырларындағы ақауларды анықтауға арналған.Жаңа көмекшіні және коммуналдық қызметтерге арналған мамандандырылған техниканың кілттерін, оның ішінде мазут тасымалдаушы, көпфункционалды КамАЗ, фермерлік және жолаушы Газельдер, сондай-ақ JAC және Haval пикаптарын Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов тапсырды.Жаңа техниканы тапсыру өңірдің коммуналдық инфрақұрылымын дамыту мен материалдық-техникалық базаны жақсартуда маңызды қадам болуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/914072
Щучинск қаласында 500-ге жуық абонент орталықтандырылған жылумен қамтылды 07.01.2025
Бурабай ауданында Щучинск қаласы Горный, Ремзавод және ЩИПТ микроаудандары тұрғындарының 1995 жылдан бері пешпен жылыту жүйесін пайдаланған мәселесі шешілуде. Биыл қалада орталықтандырылған жылумен жабдықтау жобасы жүзеге асырылуда.Ұзындығы 3 км жуық болатын жылу желісі 180 абонентті қосуға арналған, бұл тұрғын үйлерді жылумен қамтуды айтарлықтай жақсартып, тұрғындардың жайлылығын арттырады.Бүгінгі таңда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды, жылу трассасы іске қосылды, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 11 үй қосылды, ал қалған нысандардағы жұмыстар жалғасатын болады. Жобаны «Алматыинжстрой» акционерлік қоғамы жүзеге асыруда.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында пәтері орталық магистральға қосылған Досым Бекмағамбетовтың отбасымен кездесті.«Желілерді тарту жұмыстары басталғанда, ешкіміміз соңына дейін сенген жоқпыз. Міне, көп жылдан кейін біздің үйлеріміз орталық жылуға қосылды, пәтерлерде жылы, жайлы. Енді пешті жағу, көмір тасу керек емес. Мемлекет басшысына осындай маңызды бастамаларды жүзеге асырғаны үшін алғысымызды білдіреміз», – деді Д. Бекмағамбетов.Айта кетейік, 2024 жылы Щучинск қаласында 8,5 км жылу желісі салынған және қайта жөнделген, 446 абонент жылумен қамтылған. Биыл да бұл жұмыс жалғасатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/914073
Жыл көрсеткіші – 592 офтейк-келісімшарттары 06.01.2025
Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ірі субъектілер сомасы 704 млрд теңге құрайтын 592 ұзақ мерзімді келісімдер мен офтейк-келісімшарттарын жасасқанын хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/908896
Құрылыс саласындағы жыл көрсеткіші 04.01.2025
Республиканың 17 өңірінде тұрғын үй саласында оң динамика байқалады.
Қаңтар мен қараша аралығында 16,3 млн ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,3%-ға жоғары. Сондай-ақ, бүгінгі таңда 146 мыңға жуық тұрғын үй, оның ішінде 35 187 жеке үй тапсырылды.
Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 6,9 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/908904