Бизнес
Қарағандылық жас шахматшы Орталық және Солтүстік Азия чемпионы атанды 15.07.2026
Он екі жасар қарағандылық Альбина Қайырбекова шахматтан Орталық және Солтүстік Азия жасөспірімдер чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.Ыстықкөл жағасында өткен халықаралық турнирге Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейден келген 479 үздік жас шахматшы қатысты.Бұл туралы Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.Қатысушылар классикалық шахмат, рапид және блиц түрлері бойынша бақ сынады. Альбина Қайырбекова 14 жасқа дейінгі қыздар (G14 санаты) арасында блицтен үздік нәтиже көрсетіп, Орталық және Солтүстік Азия чемпионы атанды.Қазақстандық шахматшылар халықаралық турнирде табысты өнер көрсетіп, жалпы саны 33 медаль жеңіп алды. Оның 13-і – алтын. Альбина да ұлттық құраманың жүлделер қоржынының толығуына өз үлесін қосты.Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, чемпионат қорытындылары еліміздің үздік жас шахматшыларын қолдау бағдарламасы аясында есепке алынады.Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасында жас спортшыны жоғары жетістігімен құттықтап, халықаралық аренада жаңа жеңістер тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1257654?lang=ru
Қарағанды облысының өнімдері халықаралық деңгейде жоғары бағаланды 15.07.2026
Қарағанды облысының екі кәсіпорны өнім мен қызмет көрсету сапасы саласындағы жетістіктері үшін ТМД-ның халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. Салтанатты марапаттау рәсімі Қырғызстанда Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің отырысы аясында өтті.Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасында хабарлады. Аталған халықаралық сыйлықтың лауреаты атағына мұнай-газ, тау-кен өндіру, металлургия және энергетика салаларындағы нысандарды диагностикалау және бақылау қызметіне маманданған «НПО Дефектоскопия» ЖШС ие болды. Ал «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында орналасқан және шарлы крандар шығаратын «Бёмер Арматура» ЖШС сыйлықтың дипломанты атанды.Екі кәсіпорын да ұлттық іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, Қазақстанның атынан қатысты. ТМД-ның халықаралық сыйлығы заманауи басқару әдістерін енгізіп, инновациялық технологияларды қолданатын әрі жоғары сапа стандарттарына сай өнім өндіретін кәсіпорындарға табысталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1256127?lang=ru
Домбыра күніне арналған қарағандылық челленджге әлемнің бірнеше елінен қатысушылар қосылады 13.07.2026
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған DOMBYRA UNITY халықаралық онлайн-челленджі әлемнің әртүрлі елдеріндегі қазақтың музыкалық өнерін сүйетін жандардың басын қосты.Жоба алғашында Қарағанды облысының өнерпаздары мен домбыра өнеріне қызығушылық танытатын шетелдік орындаушылардың қатысуымен өтетін халықаралық шығармашылық акция ретінде жоспарланған болатын. Алайда челленджге деген қызығушылық ұйымдастырушылардың күткенінен де асып түсті. Бүгінде бастамаға Нидерланд, АҚШ, Бельгия, Швеция, Өзбекстан және басқа да елдерден қатысушылар қосылып үлгерді. Сонымен қатар әлемнің барлық дерлік құрлығынан жаңа өтінімдер келіп түсуі жалғасуда.— Біз жобаның халықаралық деңгейде қолдау табатынына сенім арттық. Дегенмен оның географиясы осыншалықты кең болады деп күткен жоқпыз. Әсіресе Нидерланд, АҚШ, Бельгия және Швеция секілді шалғай мемлекеттердің тұрғындарының челленджге белсенді қатысуы ерекше қуантады. Қазіргі уақытта әлемнің түкпір-түкпірінен жаңа бейнежазбалар келіп түсіп жатыр. Бұл жобаның адамдардың жүрегінен орын тауып, үлкен қызығушылық тудырып отырғанын көрсетеді. Челлендж 5 шілдеге дейін жалғасады, — деді басқарма басшысының орынбасары Айжан Шәкенова.Челлендж аясында қатысушылар домбырада қазақтың халық күйлерін орындап, Ұлттық домбыра күніне арналған бейнеқұттықтауларын жазып жолдайды. Барлық материалдар әлеуметтік желілерде #DombyraUnity2026 және #ДомбыраКүні2026 бірыңғай хэштегтерімен жарияланады.Жобаның мақсаты – Қазақстанның ұлттық музыкалық мұрасын кеңінен насихаттау, әлем жұртшылығын күй өнерімен таныстыру, сондай-ақ әртүрлі елдердің тұрғындарын домбыра мен қазақ мәдениетіне деген сүйіспеншілік төңірегіне топтастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1252800?lang=ru
Қазақстан Құрылтайына сайлау күні белгіленді 13.07.2026
Қазақстан Құрылтайы депутаттарының сайлауы 23 тамызға белгіленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.«Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:1. Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын.2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын әзірлеуді және өткізуді ұйымдастырсын.3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын», – делінген құжат мәтінінде.Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1251391?lang=ru
Қарағанды облысы Словакия Республикасымен стратегиялық серіктестікті нығайтуда 12.07.2026
23 маусым күні Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов бастаған Қарағанды облысының делегациясы Словакия Республикасының Банска-Бистрица өзін-өзі басқару өлкесіне жұмыс сапарымен барды. Сапар Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылып, өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға, іскерлік байланыстарды нығайтуға және Қазақстан мен Словакия арасындағы өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге бағытталды.Делегация құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар салаларында жұмыс істейтін Қарағанды облысының кәсіпкерлері де кірді. Сапар аясында өткен бизнес-форум екі елдің іскерлік қауымдастықтары арасында тікелей байланыс орнатуға, ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылауға және бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын айқындауға арналған маңызды диалог алаңына айналды.Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Қарағанды облысының делегациясы Словакияның мемлекеттік органдары мен бизнес қауымдастығы өкілдерімен бірқатар мазмұнды кездесу өткізді. Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жанна Сағынованың жәрдемдесуімен Банска-Бистрица өзін-өзі басқару өлкесінің төрағасы Ондрей Лунтермен, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы Мужило мырзамен және Словакия Республикасы Президентінің Банска-Бистрица өлкесіндегі өкілі Фрич мырзамен келіссөздер ұйымдастырылды.Кездесулер барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, инвестиция тарту, іскерлік байланыстарды жандандыру және екі елдің өңірлері арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту мәселелерін жан-жақты талқылады. Сонымен қатар өнеркәсіп, кәсіпкерлік, білім беру және өңірлік даму бағыттарындағы өзара іс-қимылдың келешегі қарастырылды.Сапардың маңызды нәтижелерінің бірі – Қарағанды облысы мен Банска-Бистрица өзін-өзі басқару өлкесі арасында өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы болды. Бұл құжат ұзақ мерзімді серіктестікті жүйелі түрде дамытуға және ортақ бастамаларды іске асыруға берік негіз қалайды.Бұдан бөлек, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Банска-Бистрица өзін-өзі басқару өлкесінің Кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов пен Банска-Бистрица өзін-өзі басқару өлкесінің Кәсіпкерлер палатасы төрағасы Мужило мырза қол қойды. Меморандум іскерлік байланыстарды дамытуға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған.Білім беру саласында Матей Бел университеті мен академик Е. Ә. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа қол қою рәсіміне университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Нұрлан Дулатбеков қатысты. Келісім студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамытуға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге және ортақ білім беру бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік береді.24 маусым күні Қарағанды облысының делегациясы Банска-Бистрица өзін-өзі басқару өлкесіндегі жұмыс сапарын жалғастырып, электроника, металлургия, энергетика және ақпараттық технологиялар салаларында жұмыс істейтін бірқатар кәсіпорынның қызметімен танысты. Кездесулер барысында словак компанияларының өндірістік әлеуеті мен инновациялық шешімдері таныстырылып, екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Келіссөздер қорытындысында бірнеше бағыт бойынша ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды жан-жақты пысықтау жөнінде алдын ала уағдаластықтарға қол жеткізілді.Сапар барысында Қазақстан нарығында Қарағандыдағы «АлемГаз» компаниясымен әріптестік аясында табысты жұмыс істеп келе жатқан Adrian Group компаниясының қызметіне ерекше назар аударылды. Тараптар өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және жаңа бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.Сондай-ақ делегация жеке индустриялық-өнеркәсіптік аймақтың жұмысымен танысып, индустриялық және шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру мен дамыту тәжірибесі бойынша пікір алмасты. Кездесу барысында инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және өндірістік инфрақұрылымды дамыту тетіктері қарастырылды. Тараптар индустриялық алаңдарды дамытудағы практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, словак тарапының тиімді тәжірибесінің бірқатар элементтерін Қарағанды облысындағы индустриялық және шағын өнеркәсіптік аймақтарды одан әрі дамыту барысында пайдалану жоспарланып отырғанын атап өтті.— Біз Словакия Республикасын Еуропалық одақтағы маңызды стратегиялық серіктесіміз ретінде бағалаймыз. Қол қойылған құжаттар экономика, білім беру және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге берік негіз қалайды. Қол жеткізілген келісімдер жаңа бірлескен жобалардың жүзеге асуына серпін беріп, өңірлеріміз арасындағы достық пен өзара сенімге негізделген байланыстарды одан әрі нығайтады деп сенеміз, - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша тараптар Қарағанды облысы мен Банска-Бистрица өзін-өзі басқару өлкесі арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1248295?lang=ru
Балқашта жаздың басты туристік оқиғасына 75 мың қонақ жиналды 06.07.2026
75 мың қонақ, көл үстінде қалықтаған мыңдаған жарық, рекорд жаңартқан қазыбургер және түнге дейін жалғасқан мерекелік көңіл күй. Balkhash Tour Fest – 2026 Балқаш жағалауын еліміздегі жазғы демалыстың ең тартымды орталықтарының біріне айналдырып, Қазақстандағы ең ауқымды туристік іс-шаралардың бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте айқындады.Екі күн бойы көл жағалауы спортты, шығармашылықты, отбасылық демалысты және жарқын әсерлерді тоғыстырған үлкен мерекелік кеңістікке айналды. Фестивальдің алғашқы күнінде ғана шамамен 35 мың адам келсе, жалпы екі күн ішінде шараға 75 мыңға жуық қонақ қатысты. Олардың қатарында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген демалушылармен бірге шетелдік туристер де болды.Фестивальдің ең әсерлі бағдарламаларының бірі – белгілі қазақстандық балуан Сергей Цырульниковтың қазақтың даңқты батырларына арналған шоуы болды. Ал кешкі уақытта көрермендерді бұдан да ерекше тосынсый күтіп тұрды. Балқаш тарихында алғаш рет көл айдынының үстінде ауқымды дрон-шоу ұйымдастырылды. Аспанға көтерілген 500 ұшқышсыз аппарат жарық арқылы Қазақстан мен Балқаштың тарихы мен келбетін бейнелейтін көркем композициялар құрды.Дегенмен фестивальдің мазмұны тек әуе шоуымен шектелген жоқ. Екі күн бойы алаңда ондаған тақырыптық аймақ қатар жұмыс істеп, әр жастағы қонақтарға өз қызығушылығына сай демалыс түрін таңдауға мүмкіндік берді.Фестиваль аясында ерекше гастрономиялық рекорд та тіркелді. Сахна төрінде салмағы 86,4 келі болатын Қазақстандағы ең ірі қазыбургер әзірленді. Бұл жетістікті ресми тіркеу үшін Қазақстан рекордтар кітабының бас редакторы арнайы шақырылды.Спорт сүйер қауымды Cuprum Swim жаппай жүзу жарысы біріктірді. Бір және үш шақырымдық қашықтықтарға еліміздің әр өңірінен келген 300-ге жуық қатысушы шықты. Әуесқойлар ашық суда өз мүмкіндіктерін сынаса, кәсіби спортшылар жүлделі орындар үшін бақ сынады. Қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бүкіл бағыт бойында құтқарушылар кезекшілік атқарды.Екі күнге созылған би турнирі Қазақстан мен Ресейден келген жас дарындардың басын қосты.Қатысушылар басты жүлде – Шанхай қаласындағы халықаралық FRESH DANCE CAMP би лагеріне жолдама үшін бақ сынады.Байқау қорытындысы бойынша орындаушылық шеберлігі мен сахналық мәдениеті арқылы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған астаналық биші Rufina Lu Гран-при жүлдесін жеңіп алды.Фестиваль танымал қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен өткен ауқымды гала-концертпен түйінделді. Мыңдаған көрермен сүйікті әндерін бірге шырқап, ерекше атмосфераның куәсі болды. AYAU мен фестивальдің хедлайнері 6ELLUCCI-дің өнер көрсетуі кештің шарықтау шегіне айналды. Ал Балқаштың түнгі аспанын жарқыратқан мерекелік отшашу фестивальді әсерлі қорытындылады.Алайда фестиваль тарихы мұнымен аяқталмайды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта Balkhash Tour Fest – 2027 фестиваліне дайындық жұмыстарын бастамақ.Сонымен қатар фестиваль өткен алаң жаз бойы бос тұрмайды. Демалыс күндері мұнда концерттер, дискотекалар, көрмелер, отбасылық мерекелер және басқа да бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл бастама қала тұрғындарының бос уақытын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, Балқашқа келетін туристердің демалысын одан әрі қызықты ете түспек.Бүгінде Балқаш тек жағажай туризмімен шектелмейді. Фестиваль аясында жұмыс істеген туроператорлар павильонында Балқаш өңірі бойынша жаңа туристік бағыттар таныстырылды. Солардың бірі өңірдің табиғи жауһары саналатын тораңғы тоғайларына арналды.Бүгінде Balkhash Tour Fest жай ғана жазғы мереке емес. Ол – Балқаш өңірінің туристік әлеуетін арттыруға, өңірдің тартымдылығын күшейтуге және ішкі туризмді жүйелі түрде дамытуға бағытталған маңызды жобалардың біріне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1244697?lang=ru
Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына енгізілді 03.07.2026
АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында Халықаралық бокс даңқы залының (IBHOF) жаңа мүшелерін салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Қазақстан тарихында осы элиталық клубқа енген алғашқы өкіл — Геннадий Головкин болды. Оның спорттағы зор жетістіктері өзін аңызға айналған спортшы әрі өз дәуірінің ең үздік боксшыларының бірі ретінде мойындатты.Головкин Даңқ залына алғашқы мүмкіндіктен-ақ қабылданды. Бұл кәсіби бокс әлеміндегі ең жоғары құрметтің бірі саналады. Енді қазақстандық боксшының есімі осы спорт түрінің ұлы тұлғалары — Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сынды саңлақтармен бір қатарда тұр.Спорттық еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі ретінде Геннадий Головкин Даңқ залы музейіне өзінің әйгілі чемпиондық шапанын табыстады. Ол бұл шапанды көптеген жекпе-жектерде киіп шыққан және ол боксшының жарқын мансабының ажырамас нышанына айналған.Головкинмен бірге «2026 жылғы классқа» Men's Modern санатында америкалық Антонио Тарвер мен Ұлыбритания өкілі Найджел Бенн, сондай-ақ Women's Modern санатында жапониялық Наоко Фудзиока және мексикалық Джеки Нава енгізілді.Әуесқой бокста Геннадий Головкин 350 жекпе-жектің 345-інде жеңіске жетіп, ұзақ жылдар бойы Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы болды және ел намысын ең ірі халықаралық турнирлерде абыроймен қорғады.Кәсіпқой боксқа ауысқаннан кейін Геннадий Головкин XXI ғасырдағы орта салмақтағы ең үстем чемпиондардың біріне айналды. Ол кәсіби мансабында 45 жекпе-жек өткізіп, 42 жеңіске қол жеткізді, оның 37-сін нокаутпен аяқтады. Қарағандылық былғары қолғап шебері WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерді, сондай-ақ The Ring чемпиондық атағын иеленді. Сонымен қатар ол ұзақ уақыт бойы салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшылары қатарынан түспеді.HBO телеарнасымен келісімшартқа қол қою оған әлемдік деңгейдегі танымалдыққа жол ашты. Агрессивті мәнер, көрерменді тәнті ететін жекпе-жектер және жойқын соққы күші Головкинді әлемдік бокстың ең жарқын жұлдыздарының біріне әрі миллиондаған жанкүйердің сүйіктісіне айналдырды.Мансабы барысында ол бірқатар айтулы жетістіктерге қол жеткізді. Тоғыз жыл бойы қатарынан тіркелген 23 нокауттық жеңіс орта салмақ дәрежесі үшін рекорд болды. Оның еншісінде чемпиондық титулдарды 21 мәрте сәтті қорғау көрсеткіші бар. Ал мерзімінен бұрын аяқталған жеңістер үлесінің 90 пайыздан асуы әлем чемпиондары арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.Бүгінде Геннадий Головкин Қазақстанның намысын рингтен тыс жерде де қорғап келеді. Ол Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мен World Boxing ұйымдарын басқарады. Осылайша ол халықаралық спорт федерациясының президенті болып сайланған Қазақстанның алғашқы өкілі атанды.Халықаралық бокс даңқы залы 1989 жылы Канастота қаласында Эд Брофи негізін қалаған ұйым болып саналады және кәсіби бокстағы жетістіктерді мойындайтын әлемдегі басты институттардың бірі ретінде танылған. Ұйым осы спорт түрінің тарихын сақтаумен айналысады. Бүгінде оның мүшелерінің саны 300 адамнан асады.Геннадий Головкиннің IBHOF қатарына қабылдануы оның жеке жетістіктерінің мойындалуы ғана емес, сонымен бірге бүкіл қазақстандық спорт үшін тарихи оқиға болды.Olympic.kz мәліметі бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1241007?lang=ru
Тарихи алтын: қарағандылық спортшы АҚШ-та өткен IBJJF әлем чемпионатында жеңімпаз атанды 30.06.2026
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында бразилиялық джиу-джитсудан IBJJF Worlds әлем чемпионатының 30-шы турнирі өтті. Бұл жарыс — әлемдегі ең беделді әрі бәсекелестігі жоғары додалардың бірі, жыл сайын барлық құрлықтан келген үздік спортшыларды жинайды. Аталған әлем біріншілігінде Қазақстан спортшылары тарихи жетістікке қол жеткізді.Ересектер құрамасы қоңыр белбеу дәрежесінде екі бірдей алтын медаль жеңіп алды. Жеңімпаз атанғандар — Алинұр Қуатұлы мен Сейілхан Болат. Ал Батыр Теңізбай қола жүлдені иеленді.Ерекше мақтаныш — қарағандылық жас спортшы Асанәлі Абаевтың жетістігі. Ол Қазақстан тарихында IBJJF бойынша алғашқы әлем чемпиондарының қатарына еніп, отандық спорт шежіресіне есімін қалдырды.Асанәлі Juvenile 1 санатында, 53,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, көк белбеу бойынша сынға түсті. Чемпиондық атаққа жету жолында ол төрт ауыр белдесуді өткізді. Финалда қазақстандық спортшы Бразилиядан келген мықты қарсыласымен кездесіп, тартысты жекпе-жектен кейін төрешілер жеңісті Абаевқа берді. Осылайша ол әлем чемпионы атанып, алтын медаль иеленді.Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1231268?lang=ru
Ұлытау төрінде «КӨКМАЙСА – ДАЛАНЫҢ ТІРІ ТАРИХЫ» республикалық этномәдени фестивалі өтеді! 30.06.2026
Құрметті, Ұлытау облысының тұрғындары мен қонақтары!⚜️Ұлытау төрінде «КӨКМАЙСА – ДАЛАНЫҢ ТІРІ ТАРИХЫ» республикалық этномәдени фестивалі өтеді!📍 Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылы📅 27 маусым 2026 жыл🕙 Сағат 10:00Бағдарламада:▪️ Этноауылдар мен ұлттық салт-дәстүрлер▪️ Қымызмұрындық рәсімі▪️ Ұлттық спорт ойындары▪️ Қолөнер көрмелері▪️ 500 бие сауылатын тарихи көрініс▪️ Танымал өнер жұлдыздарының концерті«Көкмайса» — қазақ даласының рухын сезінетін, дәстүр мен мәдениет тоғысқан ерекше фестиваль!Келіңіздер! Ұлт рухын бірге ұлықтайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/1232947?lang=ru
Ұлытау төрінде «КӨКМАЙСА – ДАЛАНЫҢ ТІРІ ТАРИХЫ» республикалық этномәдени фестивалі өтеді 25.05.2026
📍 Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылы📅 13 маусым 2026 жыл🕙 Сағат 10:00Бағдарламада:▪️ Этноауылдар мен ұлттық салт-дәстүрлер▪️ Қымызмұрындық рәсімі▪️ Ұлттық спорт ойындары▪️ Қолөнер көрмелері▪️ 500 бие сауылатын тарихи көрініс▪️ Танымал өнер жұлдыздарының концерті«Көкмайса» — қазақ даласының рухын сезінетін, дәстүр мен мәдениет тоғысқан ерекше фестиваль!Келіңіздер! Ұлт рухын бірге ұлықтайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/1227750?lang=ru
16-шы тау-кен геологиялық форумы MINEX Kazakhstan 2026 өз бағдарламасын жариялады және спикерлер мен көрмеге қатысушыларға өтінімдер қабылдануда 19.02.2026
16-шы халықаралық тау-кен геологиялық форумы MINEX Kazakhstan 2026 жылдың 15-16 сәуірінде Астанада (Radisson Astana қонақ үйі) «Қазақстанның минералды ресурстары: көпвекторлы шындықтағы реформалар және құндылықтарды құру» тақырыбымен өтеді.2010 жылы құрылғанынан бері MINEX Kazakhstan реттеуші органдар, тау-кен және барлау компаниялары, технологиялық және қызмет көрсетушілер және қаржы институттары арасындағы диалог үшін жетекші платформаға айналды.Екі күндік 2026 бағдарламасына стратегиялық, инвестициялық және техникалық сессиялар, мамандандырылған презентация сессиялары, жобаларды басқару бойынша семинарлар және «Тау-кен инновациялары, технологиялар және инвестициялар» көрмесі кіреді. Форум гала-кешкі аспен және Қазақстан Тау-кен палатасының «Тау-кен саласындағы үздік» сыйлығымен аяқталады. Толығырақ және тіркеу: https://2026.minexkazakhstan.com/ruБағдарлама құрылымы Форум саланың стратегиялық мәселелерін қарастырады:Маңызды минералдардың (уран, мыс, сирек кездесетін жер металдары) геосаясаты және Қазақстанның жаһандық жеткізу тізбегіндегі орны.Жер қойнауының геосаясаты, маңызды минералдар, реттеуші реформалар және 2030 жылға дейінгі ұлттық саланы дамыту стратегиясы бойынша стратегиялық пленарлық сессиялар.2026 жылға арналған реформалар: Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану кодексіне өзгерістер, роялтиге көшу, стратегиялық инвестор мәртебесі және бақылау мен инвестицияның тепе-теңдігі.АХҚО, Қазақстан Тау-кен палатасы, SRK Consulting, SLR және басқалармен серіктестікте ұйымдастырылған инвестициялық сессияларда барлауды қаржыландыру модельдері, ашылуларды масштабтау және бірігу және сатып алу мәмілелерінің тиімділігін арттыру талқыланады.Жасанды интеллект және цифрландыру, су ресурстарын басқару, ESG тәжірибелері, кеніш энергиясымен жабдықтау және жобаларды дайындауды жақсарту (банкке жарамды техникалық-экономикалық негіздемелер) бойынша техникалық сессиялар мен тақырыптық конференциялар.B2B презентацияларына арналған презентация сессиялары, бұл компанияларға жобалар мен шешімдерді әлеуетті серіктестер мен инвесторларға ұсынуға мүмкіндік береді. Бағдарлама архитектурасы https://2026.minexkazakhstan.com/ru/programma/ Қатысушылар және форматАлдыңғы MINEX Kazakhstan 2025 форумында Орталық Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка және Австралияны қоса алғанда, шамамен 30 елден 100-ден астам спикер, 500-ден астам делегат және 40 экспонент қатысты.Көрмеге Қазақстан мен көршілес елдердің тау-кен және барлау компанияларының 1000-нан астам өкілі қатысты. 2026 жылғы форумға келесілер қатысады деп күтілуде:Мемлекеттік органдар мен реттеуші органдардың өкілдері;Тау-кен және барлау компаниялары;Жабдықтарды, қызметтерді және цифрлық шешімдерді жеткізушілер;Қаржы және инвестициялық институттар;Консалтингтік компаниялар, заң фирмалары, үкіметтік емес ұйымдар және академиялық қауымдастық.Форум форматы барлық сессияларға, кофе-брейктерге және түскі астарға, сондай-ақ желілік байланыс орнатуға, кездесулерді жоспарлауға және іс-шарадан кейін презентациялар мен бейнежазбаларға қол жеткізуге арналған веб-қосымшамен жеке қатысуды қамтиды. Қатысу шарттары және қосымша мүмкіндіктерКомпаниялар әртүрлі жолдармен қатыса алады:Жабдықталмаған стендтері мен стенд құрылымдары бар көрме пакеттеріне делегаттарға арналған рұқсаттар, презентация сессияларында баяндама жасау мүмкіндігі және гала-кешкі ас билеттеріне жеңілдіктер кіреді. Бағасы стенд санатына және төлем мерзіміне байланысты (1 наурызға дейін, 1 наурыздан кейін).Коммерциялық және коммерциялық емес презентация пакеттеріне форум сессияларының бірінде 10-15 минуттық презентация, спикердің профилі, презентацияның бейнежазбасы және форум материалдарына кеңейтілген қол жеткізу кіреді.Барлық сессияларға, кофе-брейктерге және түскі астарға қол жеткізу, веб-қосымшаны пайдалану және іс-шаралардан кейін презентациялар мен бейнежазбаларға қол жеткізуді қамтитын форум делегаттарының пакеті.Қосымша жарнама мүмкіндіктері: залдардағы және веб-қосымшадағы экрандарда бейнежарнама, форум қатысушыларына электрондық пошта арқылы ақпараттық бюллетеньдер жіберу және делегат сөмкелеріне жарнамалық материалдарды қосу.Гала-кешкі ас бөлек бағамен ұсынылады. Толығырақ және тіркелу: https://2026.minexkazakhstan.com/ru/registracziya/ Ұйымдастыру комитетінің байланыстарыДелегат, экспонент немесе демеуші ретінде қатысуды растау үшін, сондай-ақ бағдарлама мен серіктестік туралы сұрақтар бойынша мүдделі компаниялар мен ұйымдар MINEX форумының хатшылығына хабарласа алады:Орталық Азиядағы өкілдік: kz@minexforum.com +7 747 5100785 (Қазақстан).MINEX форумының штаб-пәтері (Лондон, Ұлыбритания. +5 Астана уақыты) secretariat@minexforum.com +44 208 089 2886Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1165579?lang=kk
ҚАӘ-де INAD мәселелері және API/PNR жүйелерін пайдалану бойынша ұлттық әуе тасымалдаушыларға арналған брифинг өтті 10.02.2026
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағалығымен отандық әуе тасымалдаушыларға арналған, кіруге рұқсат етілмеген жолаушыларды (INAD) басқару және жолаушылар туралы алдын ала ақпарат (API), сондай-ақ жолаушылардың аты-жөнін тіркеу деректерін (PNR) пайдалану мәселелеріне арналған брифинг өтті.Іс-шара Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM) (Қазақстандағы және Түркиядағы елдегі өкілдіктері, Венадағы Аймақтық кеңсесі және т.б.) және БҰҰ-ның Терроризмге қарсы басқармасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің қатысуымен және бастамасымен ұйымдастырылды. Кездесу синхронды аудармамен қамтамасыз етілген гибридті форматта өтті.Брифингті ашқан Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Жанибек Шарипбаев INAD тақырыбының өзектілігіне тоқталып, көші-қон процестерін басқару тиімділігін арттыру және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен цифрлық шешімдердің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM) өкілдері сөз сөйледі.Өзінің алғы сөзінде Қазақстандағы IOM кеңсесінің басшысы Серхан Актопрак ұйымның елде қабылданып жатқан шараларды, атап айтқанда, кіруге рұқсат етілмеген жолаушыларды басқару жүйесін одан әрі нығайтуға және API/PNR тетіктерін жетілдіруге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Ол авиация саласындағы ілгерілеу тек мемлекеттік органдар, әуе тасымалдаушылар және халықаралық серіктестер арасындағы жүйелі ынтымақтастық арқылы ғана мүмкін екендігін айтты.«Біздің мақсатымыз – қолданыстағы жүйелерді алмастыру емес, ұлттық органдармен және әуе компанияларымен бірлесе отырып, мәселелерді дер кезінде анықтау және шекараны басқаруды жетілдіруге мүмкіндік беретін тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеу. Бұл өз кезегінде барлық жолаушылар үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы сапарларды қамтамасыз етеді», – деді IOM өкілі брифинг барысында. Брифинг аясында IOM өкілдері INAD сервистік процестерін басқарудағы халықаралық тәжірибемен, соның ішінде Түркияда қолданылатын тәжірибемен бөлісті. Ерекше назар кіруге рұқсат етілмеген жолаушыларға гуманитарлық тұрғыдан қарау мәселелеріне, сондай-ақ күту және репатриация кезеңдерінде олардың құқықтарын сақтау мен лайықты жағдайларды қамтамасыз етудегі әуе тасымалдаушылардың рөліне аударылды.БҰҰ-ның Контртеррористік басқармасы (UNOCT) API/PNR деректерін тиімді пайдалану арқылы шекара қауіпсіздігін нығайтуға және заңсыз, оның ішінде террористік мақсаттағы сапарлардың алдын алуға бағытталған «CT Travel» жаһандық бастамасын таныстырды. Қатысушыларға бірқатар мемлекеттерде бағдарламаны табысты іске асырудың мысалдары ұсынылып, дербес деректерді қорғау және гуманизм қағидаттарын сақтай отырып, қауіпсіздік деңгейін арттырудағы маңыздылығы атап өтілді.Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері API/PNR жүйесін енгізудің ағымдағы жай-күйі, сондай-ақ оны қолданудың құқықтық және операциялық аспектілері туралы ақпарат берді. IOM Қазақстанмен бірлесіп «Қазақстан Республикасында жолаушылар деректерін өңдеу арқылы шекара қауіпсіздігін нығайту» жобасының тұжырымдамасы ұсынылды, оның ішінде жобаның кезеңдері, күтілетін нәтижелері және халықаралық стандарттарға сәйкестігі қамтылды.Брифинг шеңберінде авиакомпаниялармен жеке талқылау сессиясы өткізіліп, оның барысында қатысушылар пікір алмасып, сұрақтар қойып, жобаның тұжырымдамасын одан әрі жетілдіруді қоса алғанда, ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.Брифинг қорытындысы бойынша қатысушылар API/PNR жүйелерін одан әрі дамыту және интеграциялау INAD жағдайларының санын азайтудың, әуе компанияларының шығындарын оңтайландырудың және шекаралық әрі көші-қон бақылауының тиімділігін арттырудың маңызды құралы екенін растады. Осы бағытта ведомствоаралық және халықаралық өзара іс-қимылды жалғастыру бойынша алдағы нақты қадамдар, оның ішінде шетелдік әуе тасымалдаушыларды тарту мүмкіндігі айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1158051?lang=kk
Жылдың басты салалық оқиғасы – Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы 2026 жылғы 2–3 сәуірде Астанада өтеді 09.02.2026
Қазақстан машина жасаушыларының форумы – мемлекет пен бизнес арасындағы негізгі диалог алаңы. Мұнда машина жасау саласы мен өңдеу өнеркәсібін дамытудың тұжырымдамалық бағыты қалыптастырылады. Форум аясында мемлекеттік өнеркәсіптік саясат тетіктері, импортты алмастыруды ынталандыру шаралары, технологиялық жаңғырту және отандық өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланады.Форумға 1 000-нан астам қатысушының, оның ішінде 20-дан астам елден келген мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес-қоғамдастық, ірі тұтынушылар мен машина жасау өнімдерін өндіруші жетекші компаниялардың қатысуы күтілуде.Форум аясында 2026 жылғы 1–3 сәуір аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында машина жасау саласының әртүрлі бағыттарына арналған заманауи технологиялар, жабдықтар мен шешімдер ұсынылатын «KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2026» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді.Форум бағдарламасы мен қатысушыларды тіркеу www.smkz.kz сайтында қолжетімді:https://smkz.regist.kz/event.php?id=35Қазақстан машина жасау саласының даму бағытын айқындайтын маңызды оқиғаға қосылыңыз! #СМК #СоюзМашиностроителей #XIIIФорумМашиностроителейКазахстана #ҚазақстанМашинаЖасаушыларыныңXIIIФорумы #ҚМЖО#ForumOfKazakhstanMachineryManufactures #AKMI #13Forum #AssociationOfKazakhstanMachineryIndustry #mechanicalengineeringАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1157492?lang=kk
ASTANABUILD 2026 АСТАНАДА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ КӘСІПҚОЙЛАРЫН БІРІКТІРЕДІ 05.02.2026
28-сінен 30-сына дейін астанада AstanaBuild халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі өтеді — құрылыс секторы, архитектура, дизайн саласындағы кәсіпқойлар үшін негізгі салалық алаңдардың бірі. Іс-шара өндірушілерді, жеткізушілерді, құрылысшыларды, жобалаушыларды, салалық мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың өкілдерін біріктіреді.Көрмеге Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия және Өзбекстаннан келген компаниялар, оның ішінде Қытай мен Ресейдің ұжымдық экспозициялары қатысады. Қатысушылар арасында ірі халықаралық өндірушілер де, аймақтық компаниялар да бар. Alubest, Alstar, Avcom Kazakhstan, Dalmex, Garant Tranzit Plus, Panelsan, Yasar, Анкор-Астана, Гипсовинил, М-Конструктор, Полимерметалл-Т өз қатысуын растады. Экспозиция өнімдердің кең спектрін қамтиды: қабырға панельдері мен алюминий профильдерінен бастап лифт жабдықтары мен энергия тиімді инженерлік шешімдерге дейін.Көрменің іскерлік бағдарламасы іс-шараның маңызды бөлігі болып табылады және құрылыс дамуының өзекті мәселелеріне, нормативтік реттеу мен саланы цифрландыруға бағытталады. Бағдарлама аясында стратегиялық сессиялар мен семинарлар, кәсіби кездесулер, талқылаулар мен тәжірибе алмасу жоспарланған.AstanaBuild 2026 бизнес үшін жаңа көкжиектер ашады, қатысушыларға өнімдерін таныстыруға, келісімшарттар жасауға және Қазақстанның құрылыс нарығында өздерін танытуға көмектеседі.Іс-шараға ресми қолдау көрсететіндер: ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Құрылыс және ТКШ істері комитеті, «Мемсараптама» РМК.Іс-шараның ұйымдастырушысы — Қазақстандық көрме компаниясы Iteca және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.Келушілер үшін кіру алдын ала тіркелу арқылы тегін: https://astanabuild.kz/kz/kormege-bilet-alu?promo=ASB2026MPSӨтетін орны:Қазақстан Республикасы, Астана қ., «EXPO» ХКОӨтетін күндері: 2026 жылғы 28–30 сәуір Ұйымдастырушылардың байланыс деректері:Тел.: +7 771 258 34 34, +7 727 258 34 34 E-mail: Kz.Build@iteca.events Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1155569?lang=kk
Шетелдік БАҚ: өндіріс үшін Қазақстанды таңдайтын шетелдік компаниялардың қатары артып келеді 06.01.2026
Ұзақ уақыт бойы әлемдік аренада Қазақстан өндіруші секторға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға және транзитке баса ден қойған экономика ретінде қабылданып келгені рас. Бірақ 2020 жылдардың басынан бұл көзқарас өзгере бастады: көптеген халықаралық корпорациялар елге өткізу нарығы ретінде қарағанды қойып, өз өндірістерін осында орналастыруға көшті, жергілікті жеткізушілерді қолдай отыра, шығаратын өнім көлемін көбейтті. Нәтижесінде бұл ел біртіндеп экспортқа деген нақты амбициясы бар аймақтық өнеркәсіптік платформа ретінде қалыптасып келеді.Өткізу нарығынан өнеркәсіптік базаға айналуда2025 жылға қарай Қазақстан экономикасы құрылымдық трансформацияның оң белгілерін көрсете бастады. Геосаяси пен логистикалық тәуекелдерге байланысты жеткізу тізбегін жаһандық қайта құру аясында трансұлттық компаниялар өндіріс географиясын қарқынды түрде әртараптандыруды қолға алды. Бұл тұрғыда Қазақстан өнімді тек ішкі нарыққа ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия елдеріне, ЕАЭО-ға және жақын өңірлерге жеткізуге қабілетті өндірістік хабқа айналуда.Мұндай өзгерістер мемлекеттің экономикалық саясатының нәтижесі еді. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 6% деңгейінде күтілуде, ал 2026 жылға арналған нысаналы көрсеткіш 6,2% деңгейінде белгіленді. Дәл бір қайта өңдеу саласы шикізат экспортына тәуелділікті біртіндеп төмендете отырып, экономикалық өсудің тірегіне айналмақ.Бұл ретте металлургия Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі драйверлерінің бірі болып қалып отыр. 2026 жылы саладағы өнім көлемінің өсуі шамамен 3% деңгейінде болады деп болжануда, бұған бір жағынан Kyzyl Aray Copper, Ekibastuz FerroAlloys, Kazferro Limited, Shagala Mining және тағы да басқа кәсіпорындардың жобалық қуатына шығу сеп болмақ. Қара металлургияда ферроқорытпалар, болат, шойын және жалпақ жайма темір өндірісі артады деп күтілуде, ал түсті металлургияда алтын, мыс, алюминий және мырыш өндірісі күшеймек.Машина жасау одан да жоғары өсу қарқынын көрсете түседі. 2026 жылы өнім көлемін 13,4%-ға ұлғайту жоспарлануда, оған жеңіл автомобильдер өндірісінің 17%-ға және ауыл шаруашылығы техникасының 5%-ға өсуі ықпал етпек. Химия өнеркәсібі де жеделдетілген қарқынмен дамып келеді, 2026 жылы күкірт қышқылы, натрий цианиді, сутегі асқын тотығы және сұйық шыны шығаратын жаңа қуаттардың енгізілуіне байланысты өндірістің өсуі 7% деңгейінде болады деп күтілуде.Экономиканың қарқын алуында сауда саласы маңызды рөлге ие болып отыр. 2026 жылы жиынтық тауар айналымы 92,4 трлн теңге деңгейінде жоспарланған, бұл 6,5% өсімге сәйкес келеді. Кеңейю мұнай мен мұнай өнімдерін өндірудің тұрақты көлемімен, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды қайта өңдеу жөніндегі ауқымды бағдарламалармен, сондай-ақ Қытай бағытын қоса алғанда, көтерме экспорттық саудаға бағытталған бірнеше ірі B2B-алаңдарын іске қосумен қамтамасыз етілетін болады.Ауыл шаруашылығы да, ең алдымен, қайта өңдеу сегментінде қарқын алуда. 2026 жылы азық-түлік пен сусындар өндірісі сәйкесінше 9% және 9,3%-ға өседі, бұл сектордың қосылған құнын және оның экспорттық әлеуетін арттырады.Локализация үшін негіз қалауБүгінде куә болып отырған трансформациялық процесстер – Қазақстан басшылығының соңғы жылдары жүзеге асырған реформаларының нәтижесі. Инвестициялық ахуалды жақсарту, индустриялық аймақтарды жаңғырту және реттеудің болжамдылығын арттыру жөніндегі шаралар ұзақ мерзімді инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар туғызды. Арнайы экономикалық аймақтар, салықтық жеңілдіктер және оңайлатылған мақұлдау процедуралары шетелдік өндірушілерге алдағы ұзақ жылдарға жоспар жасаумен өндірістік стратегияларды құруға мүмкіндік береді.Қазақстан оларға саяси тұрақтылық, ірі нарықтарға жақындық және халықаралық инвесторларға түсінікті құқықтық базаны ұсынып отыр. Бұл елді өндірістерді орналастыру үшін тартымды алаңға айналдырады.Мәселен, Mars жаһандық азық-түлік корпорациясы – мұндағы көзқарастың өзгергенінің жарқын мысалы. Компания ұзақ жылдар бойы Қазақстанда импорттаушы және дистрибьютор ретінде жұмыс істеп келген еді, енді Алматы облысында өндірісін локализациялау үшін дайындық жұмыстарын бастап кетті, нақтырақ айтқанда олар үй жануарларына арналған дайын азық өндіру зауытын салмақ. Инвестиция көлемі 88,8 млрд теңгеден асады, ал қуаттылығы – жылына 100 мың тоннаға дейін өнім өндіруге жетеді. Бұл қадам жергілікті жерде өндіріс ашуға көбірек таңдау жасай бастаған шетелдік өндірушілердің трендін айғақтай түседі.Фармацевтика өнеркәсібінде де жаңа жобалар пайда болмақ. «Алатау» арнайы экономикалық аймағында өндірістік кешен тұрғызатын Khan Tengri Biopharma компаниясымен инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Кешеннің өндірістік портфеліне онкологиялық, аутоиммунды, сирек және қабыну ауруларын емдеуге арналған препараттарды қоса алғанда, 27 халықаралық патенттелмеген атаулар кіреді, ал инвестициялар көлемі 103 млрд теңгеден асады. Бұл импорттық дәрі-дәрмектерді алмастыруға ғана емес, болашақта шетелдерге жөнелтуге де мүмкіндік береді. Қазақстанның өнеркәсіптік торап ретінде қалыптасып келе жатқаны технологиялық жағынан күрделі салаларда да байқалып отыр. 2025 жылы Қостанайда KIA автомобильдерін шығаратын толық циклді зауыттың іске қосылуы отандық автоөнеркәсіп үшін маңызды кезең болды. $270 млн-нан асатын инвестициялар ішкі нарыққа ғана емес, Орталық Азия мен ЕАЭО елдеріне жіберілетін экспортқа да бағдарланған. Толық өндірістік цикл жеткізушілердің жоғары дамыған желісін, білікті кадрларды және ұзақмерзімді жоспарлауды талап етеді, мұндай кәсіпорындарды өнеркәсіптік кластерлердің «жәкірлі» бөлшегіне айналдырады.Локализацияның тағы бір мысалы – америкалық локомотивтер өндіретін Wabtec компаниясы. Олар Қазақстанда бұрыннан бар, бірақ қазір жергілікті компоненттердің үлесін арттыру және Астанада инженерлік-технологиялық орталықты ашу есебінен локализацияны күшейтуде. Ұлттық теміржол компаниясымен ұзақмерзімді келісімшарттар тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді, ал білім мен құзыреттерді беру елдің технологиялық әлеуетін нығайтады.Металлургия секторындағы локализация да айырықша байқалып отыр. Металл және тау-кен өндіру саласындағы ірі халықаралық компаниялардың бірі – ERG тобы қазақстандық жеткізушілерден сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің үлесін 2024 жылы бір жыл бұрынғы 48%-бен салыстырғанда 60%-ға дейін ұлғайтқан болатын. Компания өз кәсіпорындары орналасқан моноқалалардағы өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударады. 2024 жылы мұндай сатып алулар Қазақстандағы ERG сатып алуларының жалпы көлемінің 21,5%-ын құрады және бұл көрсеткіш жаңа, оның ішінде экологияға бағдарланған өндірістерді іске қосу аясында өсуін жалғастыруда.Qarmet компаниясы елдің өнеркәсіптік базасын едәуір күшейтетін бірнеше стратегиялық жобаларды жүзеге асыруда. Олардың бірі – қытайлық бизнеспен серіктестікте іске қосу көзделіп отырған металл бұйымдарының түрлі сортын жаймалап шығаратын қондырғы. Ол құрылыс металлургиясындағы импортты толығымен алмастыруға және ішкі нарықты тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Тағы бір жоба – Қарағанды облысында ені 1850 мм-ге дейін және қалыңдығы 0,8-ден 16 мм-ге дейін болатын ыстықтай илектелген болат темірді шығаруға бағдарланған құю-жаймалау кешенінің құрылысы. Бұл өнімдер автомобиль, мұнай-газ, атом, медициналық және құбыр өнеркәсібінде, сондай-ақ тұрмыстық техника өндірісінде зор сұранысқа ие. Мұндай жобаларды жүзеге асыру өзіндік құнын төмендетуге және жоғары қайта өңдеу өнімдерінің желісін кеңейтуге көмектеседі.Өсіп келе жатқан инвестициялық портфельҚазақстан индустрияландыруды қарқынды түрде қолдап келеді. Қазірдің өзінде жалпы құны 5,7 трлн теңгеге жуықтайтын, шетелдіктердің қатысуымен жүзеге асып жатқан 20 ірі жобаның портфелі қалыптастырылды, олар 11 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Екі және одан да көп елдерден шыққан компаниялардың қатысуымен $2,4 млрд-қа жуық сомаға 2,8 мыңнан астам жұмыс орнын ашатын қосымша тоғыз көпжақты жоба жүзеге асырылуда. Қаржыландыру ұлттық компаниялар мен даму институттарының қолдауымен жүзеге асырылады, бұл инвестициялық тәуекелдерді азайтады.Жаңа өндірістердің көпшілігі әу бастан-ақ экспортқа бағдарланған. Мәселен, автомобиль құрастыру, металлургия және машина жасау салалары Орталық Азия мен ЕАЭО нарықтарына бағытталған. Локализация айқын мультипликативті әсер тудырады: жұмыс орындары тек зауыттарда ғана емес, сонымен қатар логистикада, инжинирингте және ілеспе қызметтерде де пайда болады, ал құзыреттерді беру білікті жұмыс күшін қалыптастыруға ықпал етеді.Халықаралық корпорациялардың қатарының артуы Қазақстанда барған сайын индустрияландыру үшін қолайлы орта қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Локализация мен қайта өңдеуге салынған инвестициялар бизнестің елдің ұзақмерзімді траекториясына деген сенімін және оның жаһандық әрі аймақтық қосылған құн тізбегіне интеграциялану қабілетінің артып келе жатқанын аңғартады.Трансұлттық өндірушілерді тартып, локализацияны көбейте отырып және экспорттық қуаттарды ұлғайту арқылы Қазақстан Еуразияның негізгі өнеркәсіптік хабтарының бірі ретіндегі өз позициясын нығайта түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1137078?lang=kk
Қарағандылық синхроншылар Азия чемпионатында жарқын жеңіске жетті 14.10.2025
Қарағанды облысының спортшылары су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында айрықша табысқа қол жеткізді. Құрлықтық дода Үндістанның Ахмадабад қаласында өтуде. Чемпионат бағдарламасына төрт спорт түрі енгізілген: жүзу, суға секіру, су добы және әртістік (синхронды) жүзу.Қарағанды облысының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері әртістік жүзу сайысында сенсациялық нәтиже көрсетті. Спортшылар қоржынына жалпы 28 медаль түсті, оның 19-ы алтын, 4-і күміс, 5-і қола.Бұл жетістік қарағандылық спортшылардың жоғары дайындық деңгейін, кәсіби шеберлігін және өңірдегі су спорты мектебінің Азия кеңістігіндегі беделін айқын дәлелдеді.Жүлдегерлер қатарында – Наргиз Болатова, Ксения Макарова, Виктор Друзин, Карина Магрупова, Ясмин Туякова, Арина Пушкина және Даяна Джаманчалова бар. Қарағандылық синхроншылар жеке және топтық бағдарламаларда, сондай-ақ дуэт және микс-дуэт санаттарында үздік өнер көрсетті.Бұл жарқын жеңіс – спортшылардың еңбегі мен табандылығының, бапкерлердің кәсіби дайындығының және Қарағанды облысының спорт саласына жүйелі қолдауының нәтижесі.Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1083084?lang=kk
Қарағандылық спортшылар дуэті батут гимнастикасынан әлемдік рейтингте көш бастады 14.10.2025
Қарағандылық атлеттер Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков батут гимнастикасынан 179 ұпай жинап, әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілді. Спортшылар маусым бойғы табысты өнер көрсетуімен өздерінің көшбасшылық деңгейін айқын дәлелдеді.Әлемдік біріншілік биыл ақпан айында Әзербайжанның Баку қаласында басталды. Сол жарыста қарағандылық дуэт күміс жүлдеге ие болды. Шілде айында Португалияның Коимбра қаласында өткен Әлем кубогының үшінші кезеңінде спортшылар төртінші орын алып, жүлдеден сәл ғана қалыс қалды. Ал екі айдан кейін Германияның Котбус қаласында өткен келесі кезеңде үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.Қарағандылық гимнасттар басқа да беделді жарыстарда жоғары нәтижеге қол жеткізді. Әзербайжанда өткен ТМД елдерінің III ойындарында да медаль иеленді. Бұл додаға сегіз елден 1840 спортшы қатысқан болатын.– Сайыс деңгейі өте жоғары болды. Оған Олимпиада чемпионы, белорусиялық Иван Литвинович секілді мықты спортшылар қатысты, – дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері, Қарағанды облысының аға жаттықтырушысы Сергей Вертянкин. – Соған қарамастан, командадағы ең жас спортшымыз Никита Тумаков тамаша өнер көрсетіп, қола медальға ие болды. Айта кетерлігі, ол іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен болатын.Бұл Никитаның жеке секіру бойынша халықаралық деңгейдегі алғашқы жүлдесі саналады.Сонымен қатар, тағы бір қарағандылық спортшы Ерлан Тасмағанбетов те жақсы нәтиже көрсетіп, синхронды секіруде үшінші орынға ие болды.Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1081814?lang=kk
Қарағандылық Алан Құрманғалиев Қытайдағы беделді үстел теннисі турнирінде қола медаль жеңіп алды 14.10.2025
Қарағанды облысының жас спортшысы Алан Құрманғалиев өз жетістіктер қоржынына жаңа жүлде қосты. Ол Қытай астанасы Бейжіңде өткен беделді China Youth Smash халықаралық турнирінде тамаша ойын көрсетіп, қола медаль иегері атанды.Жарысқа 19 жасқа дейінгі әлем мен Азияның үздік жас теннисшілері қатысты. Алан Құрманғалиев Сингапур, Корея және Қытай елдерінің атақты әрі тәжірибелі қарсыластарын жеңіп, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.Мамандар мен жанкүйерлердің пікірінше, қарағандылық спортшы осы турнирде ерекше табандылық пен шеберлік көрсетті. Ширек финалда ол әлем чемпионы Ли Хэчэнді (Қытай) 4:3 есебімен тізе бүктірсе, жартылай финалда жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы Вэн Жуйбомен (Қытай) кездесіп, тартысты ойында турнирді қола жүлдемен қорытындылады.Алан Құрманғалиев өз жанкүйерлерін және тұрақты бапкері Эльмира Әлиеваны жаңа жетістіктерімен қуантуды жалғастыруда.Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, алдағы уақытта 11–15 қазан аралығында Үндістанның Бхубанешвар қаласында өтетін 28-ші Азия чемпионатында 22 елдің үздік спортшылары сынға түседі. Қазақстан құрамасы сапында төрт қарағандылық теннисші — Алан Құрманғалиев, Зауреш Ақашева, Жанерке Қошқұлбаева және Альбина Жақсылықова ел намысын қорғайды.Фото: Қазақстан үстел теннисі федерациясыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1081301?lang=kk
Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады 14.10.2025
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму барысы баяндалды.Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, барлық негізгі көрсеткіш бойынша тұрақты өсім байқалады. Биылғы сегіз айда облыста 3,2 триллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға артық. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібінің өңірлік жалпы өнімдегі үлесі артып келеді. Металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс көлемі ұлғайды.Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 644,7 миллиард теңгені құрап, 11,1 пайызға өсті. Биыл жалпы құны 195 миллиард теңге болатын 29 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 2 700-ден астам жаңа жұмыс орны пайда болады. 2030 жылға дейінгі жоспарда құны 4,5 триллион теңгені құрайтын 120 ірі жобаның пулы жасақталды. Бұл бастамалар 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Қасым-Жомарт Тоқаевқа азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін азайтуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқаны жөнінде айтылды. Ауыл шаруашылығында ірі жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, екі ірі тауарлы сүт фермасының құрылысы аяқталған соң, өңірдің сүтке деген сұранысы толық қамтамасыз етіледі.Мемлекет басшысына «Qarmet» АҚ қызметі туралы ақпарат берілді. Компания сегіз айдың ішінде өндірісті жаңғыртуға 110 миллиард теңге инвестиция салған. Нәтижесінде шойын өндіру – 6 пайызға, болат – 6,9 пайызға, илемдеу 5 пайызға артқан. Металлургия комбинатында жаңа коксты батареялар, құю-илемдеу кешені, сұрыптап илемдеу цехы секілді ауқымды жобалар қолға алынған. Сондай-ақ кәсіпорын біртіндеп табиғи газға көшуде, алғашқы кезең толық аяқталды. Шахталардағы жағдай да оң нәтиже көрсете бастады: көмір өндіру көлемі 15 пайызға артқан. Еңбек қауіпсіздігін күшейтуге арналған іс-шаралар қолға алынған.Кездесу соңында Президент өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев қалалар мен елді мекендерді жылумен тұрақты қамту мәселелерін ерекше назарға алу, сондай-ақ «Qarmet» АҚ кәсіпорнындағы өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.akorda.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1080252?lang=kk
Туризм бір батырмамен: Қарағандыда отандық букинг іске қосылды 14.10.2025
Қарағанды облысында туристерге арналған qazeli.kz қосымшасы іске қосылды. Бұл цифрлық сервис қонақүйлер мен демалыс орындарын брондауды, экскурсия жетекшілері мен туристік агенттіктердің ұсыныстарын біріктіреді. Барлығы ыңғайлы әрі ашық: бір батырмамен маршрутты таңдап, баспана не экскурсияға тапсырыс беруге және өңірдегі туристік нысандар туралы шынайы ақпарат алуға болады. Жаңа жобаны аймақтық коммуникациялар қызметінің алаңында таныстырды.IT-жобаның бастамашылары бірнеше жыл бұрын облыс әкімінің грантын иеленген.– Біз Қазақстандағы туризмді бір батырмамен қолжетімді ететін платформаны құруға кірістік. Жүйе қолдануға жеңіл, бронь жасауға ыңғайлы және төлем жасауға қауіпсіз. Ең бастысы – пайдаланушылар да, турагенттер де нақты ақпарат алады. Бұл қазақстандықтардың саяхаттан ләззат алуына жағдай жасайды, – деді «R-TOUR.KZ» ЖШС директоры Рустам Бикбаев.Оның айтуынша, қосымшаны әзірлеуде жасанды интеллект қолданылып, 50-ден астам халықаралық туристік сайт сарапталған. Бұл отбасылық сапарларға ең тиімді шешімдерді таңдауға мүмкіндік берген.– Көпшілігі бронь жасау кезінде балалардың тұру ақысы дұрыс есептелмеу секілді мәселеге тап болады. Біз үш жас санатын енгізіп, бағаны төмендетуге және нөмірлердің нақты жүктемесін ескеруге жағдай жасадық. Мұндай тәсіл пайдаланушылар үшін тиімді әрі «2+2» жаңа сегментін ашады, мұнда балалар үшін қайта есеп жүргізіледі, – деп түсіндірді Рустам Бикбаев.Қызмет арқылы Балқаш пен Қарқаралы сияқты өңірдің бірегей туристік бағыттары мен кластерлері ілгерілетілмек.– Туризмді цифрландыру – бұл енді тренд емес, қажеттілік. Облыста WhatsApp платформасында жасанды интеллект негізіндегі тәулік бойы жұмыс істейтін виртуалды чат-бот іске қосылды. Ол туристерге көрікті жерлер, маршруттар, қоныстану, тамақтану және қауіпсіздік ережелері туралы жедел ақпарат алуға көмектеседі. Бүгінгі міндет – адамдарға қызмет ететін цифрлық туризм экожүйесін құру. Бұл процесте мемлекет, бизнес, ІТ-сектор және, әрине, саяхатшылардың үйлесімді жұмысы маңызды, – деп атап өтті облыстық туризм басқармасының басшысы Ирина Любарская.Ол сондай-ақ Қазақстанда ұлттық цифрлық шешімдер енгізілгенін еске салды: Kazakhstan.travel порталы сегіз тілде жұмыс істейді, ал eQonaq платформасы қонақтарды тіркеуді жеңілдетіп, туристік ағынды барынша ашық етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1080319?lang=kk