Спорт
Қараша айында қысқы спорт түрлерінен қандай жарыстар өтеді? 16.11.2024
Халықаралық қысқы спорт федерацияларының күнтізбесіне сәйкес, жыл сайын қазанның соңы мен қарашаның басында ресми түрде қысқы спорт түрлерінен өтетін жарыстардың шымылдығы түріледі. Наурыз айына дейін жалғасатын маусымда спортшылар 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін ХХV Қысқы Олимпия ойындарына берілетін жолдамаларды сарапқа салады. Ал Азия құрлығының мемлекеттері келесі жылы Харбинде алауы тұтанатын Азия ойындарына дайындықтарын пысықтайды.Назарларыңызға қараша айында өтетін қысқы спорт түрлерінен жарыстар кестесін ұсынамыз:Қарашаның алғашқы үш күнінде Монреальда (Канада) шорт-тректен Әлем кубогінің екінші кезеңі өтеді. Алғашқы кезең де дәл осы қалада ұйымдастырылған болатын.31 қазан мен 3 қараша аралығында Бейжіңде (Қытай) шайбалы хоккейден әйелдер арасында, 6-9 қарашада Алматыда ерлер арасында Азия чемпионаты өтеді. Екі біріншілік те тарихта алғаш рет ұйымдастырылып жатқанын айта кеткен жөн.12-13 қараша – Таллинде (Эстония) мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир;15-17 қараша – Хатинохада (Жапония) конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионаты;21-25 қараша – Лиллехаммерде (Норвегия) шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Әлем кубогі кезеңі;22-24 қараша – Наганода (Жапония) конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңі, Қытайда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир;.28 қараша – 2 желтоқсан – Рукада (Финляндия) шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Әлем кубогі кезеңі;29 қараша – 1 желтоқсан – Бейжіңде (Қытай) конькимен сырғанаудан және Рукада (Финляндия) шаңғы жарысынан Әлем кубогі кезеңдері;27 қараша – Рукада (Финляндия) фристайлдан Әлем кубогі кезеңі;30 қараша – 8 желтоқсан – Контиолахтиде (Финляндия) биатлоннан Әлем кубогінің бірінші кезеңі өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/875493
Қазақстан мен Ресей «Бәйтерек» жобасын іске асыру барысын талқылады 16.11.2024
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков жұмыс сапарымен «Прогресс» Зымыран-ғарыш орталығына (Роскосмос мемлекеттік корпорациясының құрамына кіреді) барды.Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков пен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Юрий Борисов бірлескен «Бәйтерек» жобасы аясында «Союз-5» зымыран тасығыштары шығарылатын өндірістік алаңдарды аралады. «Прогресс» ЗҒО бас директоры Дмитрий Баранов болашағы зор зымыран-ғарыш техникасын өндіру бойынша ағымдағы жұмыстар жайлы баяндап берді.Сапар барысында тараптар қазақстандық серіктестер мен Роскосмос кәсіпорындарының басшылары қатысқан кеңесте бірлескен жобаны іске асыру барысын талқылады. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/875518
Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионы атанды 16.11.2024
Еркін күрестен Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Нұрқожа Қайпанов Албанияның бас қаласы Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.Отандасымыз финалда жапон палуаны Йошиносуке Аоягиден басым түсті. Есеп: 3-5.Нұрқожа дәл осы салмақта (70 кг) 5 жыл бұрын еліміздің астанасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.Осылайша, елімізден 2-жыл қатарына еркін күрестен әлем чемпионы шықты. Былтыр Сербия астанасы Белградта Ризабек Айтмұхан 92 кг дейінгі салмақта топ жарған.Айта кетейік, кеше Қайпанов іріктеуде Митчелл Финесилверді (Израиль), кейін Николай Грахмезді (Молдова), Акаки Кемертелидзені (Грузия) айқын басымдықпен жеңген. Жартылай финалда тәжікстандық Абдулмажид Кудиевті таза жықты.Осымен Тиранадағы Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар бойынша әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды. Осыған дейін грек-рим күресінің шебері Ержет Жарлықасын (63 кг) мен Жәмилә Бақбергенова (72 кг).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/875333
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми сайтында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мариус Визер арасындағы кездесу туралы ақпарат жарияланды 16.11.2024
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми сайтында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мариус Визер арасындағы кездесу туралы ақпарат жарияланды. Онда Қазақстанда дзюдоны дамыту және танымал етуге арналған бірлескен қадамдар мен ынтымақтастық туралы айтылады.Ақпараттың толық мәтінімен IJF -тің ресми сайтынан танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/875291
ШҚО-да әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері марапатталды 16.11.2024
✔️ Облыстың әлеуметтік қорғау жүйесінде 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның 704 әлеуметтік қызметкерлер. Облыс филармониясында әлеуметтік қызмет ардагерлерін, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлерін, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде, орталықтарда және жұмыспен қамту бөлімдерінде жұмыс істейтіндерді марапаттады.✔️Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев әлеуметтік сала қызметкерлеріне ведомстволық наградалар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Құрмет грамоталары, сондай-ақ алғыс хаттар табыс етті.- Әлеуметтік қызметкер - ерекше қамқорлықты қажет ететін маман. Күн сайын мұқтаж жандарға көмек көрсететін, жүректері жылу мен мейірімділікке толы адамдардың мерекесі. Сала қызметкерлерінің абыройлы еңбектері арқасында өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар қажетті қолдау алып, еңсесін тіктеуде. Олардың басты миссиясы – адамдарға жақсылық істеу. Әлеуметтік қызметкерлер облыс халқының өмір сүру сапасын арттыру және қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға көмек көрсету жолында аянбай еңбек етіп келед, - деді аймақ басшысы.✔️Өңір басшысы азаматтардың әл-ауқаты мен жайлы тұрмысын қамтамасыз ету биліктің тікелей міндеті, ал оған қол жеткізу қоғамның өмір сүру сапасына байланысты екенін атап өтті. Ол адал еңбегімен, мейірімділігімен қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына үлкен көмек көрсетіп, ұдайы қамқор болып жүретін әлеуметтік сала қызметкерлеріне жылы лебізін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/875002
ШҚО әкімі халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды 16.11.2024
✔️Бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаев Өскемендегі «Үлбі» қалалық аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып қайтты. Аймақ басшысы орталық ғимаратын аралап көріп, қызметкерлермен және балалармен әңгімелесті.– Облыс орталығында ерекше балаларға арналған дәл осындай орталықтың болуы өте маңызды. Себебі, мұндай орталықтарға келген балалар тек көмек алумен шектелмей, әлеуметтік бейімделу мүмкіндігіне де ие болады, – деді орталықтың кабинеттерін аралап, қызметкерлермен және балалармен сұхбат құрған облыс әкімі Ермек Көшербаев.✔️Сонымен қатар аймақ басшысы орталықта қажетті көмек алып жатқан балаларға иппотерапия қызметі де қолжетімді болуы керек екенін айтып, құзырлы органдарға бұл жөнінде тиісті тапсырма берді.✔️Мекеме екі жыл бұрын мүгедектігі бар балаларды оңалтуға деген қажеттіліктің өскенін ескере отырып, нысанның мақсаты мен міндеттерін өзгерту жөнінде шешім қабылданған. Қазір аталмыш орталықта аутизм спектрі бұзылған және ақыл-ой кемістігі бар балаларға қажетті көмек көрсетілуде.– Аутизм спектрі бұзылған және ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған күндізгі бөлімшесі бар орталық өз жұмысын 2022 жылдың қазан айынан бастады. Өздеріңіз көріп отырғандай, біздің орталық төрт қабатты ғимаратта орналасқан. Біз балалардың мінез-құлқы мен әлеуметтік өзара әрекет етуін түзетуге, сөйлеу мен танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған кешенді көмек көрсетеміз. Бізде өте сирек кездесетін мамандар да жұмыс істейді. Сондықтан біз кез келген балаға қажетті көмек бере аламыз деп санаймын, – дейді орталық директоры Сәния Әубәкірова.✔️Орталықта, сондай-ақ жеке және топтық сабақтарға арналған кабинеттер жабдықталған, әр топтағы баланың саны алтаудан аспайды. Барлығы орталық қызметкерлерінің көмегіне 1 мен 18 жас аралығындағы 130 бала жүгініп, қажетті оңалтудан өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/875013
Өңірлік кадр резервіне енген жастар жұмысқа орналасуда 16.11.2024
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 қазандағы N 199 қаулысына сәйкес облыс, қала және аудан әкімдері аппараттарының және олардың дербес атқарушы органдарының әкімшілік-көмекші қызметкерлерінің штат саны қайта бекітілді.Осыған байланысты облыстық аппараттың кейбір құрылымдық бөлімшелері қайта құрылды, функционалдық бағыттары қайта бөлінді. Мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімі Бірыңғай заң қызметі болып өзгертілді; Хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау және талдау бөлімі Әлеуметтік-экономикалық даму және талдау бөлімі болып өзгертілді. Тиісінше, бұл бөлімдердің функциялары кеңейтіліп, қайталанатын функциялар жойылды.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес аппараттың барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне өздері атқарып жүрген лауазымдарымен тең лауазымдар ұсынылды. Ұсынылған лауазымнан бас тартқандары мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілі болған жағдайда төрт орташа айлық жалақының мөлшерінде өтемақы алып (1,3-1,7 млн.тенге аралығында), мемлекеттік қызметтен кетті (айта кетерлігі, лауазымнан бас тартқандар арасында өтемақысыз кеткендер болған жоқ).Осы жылдың қыркүйек айында аумақтық даму және ұйымдастыру жұмыстары басқармасының басшысы Н.Таңбаев Астана қаласына көшуіне байланысты өз еркімен қызметінен босатылды. Кадрлар бөлімінің басшысы Г.Сулейманқызы өз бастамасы бойынша қызметінен босатылды.Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары 2024 жылғы 1 шілдеден бастап Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеуді және конкурстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесіне енді. Іріктеудің жаңа тәртібі бойынша конкурс жариялаған мемлекеттік орган кандидаттарды алдын ала көре алмайды және конкурс кезеңдерінен (заңнамалық тестілеу, жеке қасиеттерді бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау) жоғары балл алған кандидаттың лауазымға тағайындалу мүмкіндігі өте жоғары. Жаңа тәртіппен тағайындалған 19 үміткердің ішінде Жаңаөзендіктер жоқ екендігіне назар аударамыз.Сонымен қатар, бос лауазымдарды өңірлік кадр резервіне енген жастармен толықтыру жұмыстары көзделіп отыр. 11 лауазым осы резервшілерге ұсынылды, олардың ішінде де жаңаөзендіктер болған жоқ. Қазіргі уақытта олардың 1-і лауазымға тағайындалды, 2 резервшінің құжаттары рәсімделуде. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/874828
Креативті индустрияны дамыту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өтетін суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесінің 16.11.2024
Маңғыстау облысы әкімінің қолдауымен, Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 28-29 қазан күндері Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді.Көрме-жәрмеңкенің негізгі мақсаты он саусағынан өнер тамған, бесаспап шеберлерді, олардың қолынан шыққан бұйымдарды және қылқалам шеберлерінің туындыларын көпшілікке таныстыру, осы арқылы ұлттық дәстүрлі бейнелеу және қолөнерімізді, салт-дәстүрімізді насихаттау, дәстүрлі бейнелеумен қолөнерді дамыту мен жандандыруды ұрпақ санасына сіңіру, аталған жанрларды баулуды қолға алу, жаңғыртуға, жалғастыруға шақыру, әлеуетті сатып алушылардың назарын аудару және жергілікті суретшілермен қолөнершілердің сатылымын арттыру, креативті индустриядағы жергілікті кәсіпкерлердің ірі халықаралық шығармашылық конкурстарға, жәрмеңкелерге, көрмелерге көптеп қатыстыру арқылы, жергілікті брендтерді халықаралық аренаға танымдылығын арттыру болып табылады.Көрме-жәрмеңкеге 30-дан астам суретшілер, зергерлер мен қолөнершілердің оның ішінде елімізге танымал «Тарбия» сән үйінің, «Жаннур жадағай» және «Али kids» балалар жадағайы брендінің бұйымдары, Б.Кулбаев, М.Қосан сияқты қылқалам шеберлерінің картиналары, күміс бұйымдар шебері, зергер Қайрат Қуандықов пен Төребай Дамирдың туындылары қойылады.Маңғыстаулық сәнгерлер мен зергерлердің бұйымдарынан көрсетілім (показ) ұйымдастырылады.Шараның барысында «Отпан» халықтық фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/874757
Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады 16.11.2024
30 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұдәулет Қилыбай Ел президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес жеке мәселемен келген тұрғындарды қабылдап, олардың ұсыныс-пікірін тыңдады.Маңғыстаулықтар көтерген мәселелер негізінен жұмыссыздық, тұрғын үй алу, ауылды аббаттандыру және басқа да мәселелерге қатысты болды.Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті.Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/874736
Маңғыстау мен Атырау облыстарында геологиялық барлау жұмыстары басталады 16.11.2024
Барлау жұмыстары жүргізілелетін “Қаратон подсолевой” учаскесі Атырау және Маңғыстау облыстарында «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындарының жанында орналасқан.«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наил Магановпен кездесуі барысында Қаратон Подсолевой учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға дайындық жұмыстарын талқылады. Қазіргі уақытта учаскеде бұрғылауға қажетті жабдықтар орнатылуда. Бұрғылау жұмыстары 2024 жылдың қарашасына жоспарланған.Сондай-ақ тараптар мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Еске салайық, 2024 жылы 21 ақпанда Қазан қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ «Қаратон Подсолевой» жобасы бойынша сатып алу-сату шартына, акционерлер келісіміне және қаржыландыру туралы келісімге қол қойған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/874743
"Лудомания" тақырыбында дәріс өткізілді 16.11.2024
024 жылғы 29 қазанда Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі-Комитет) әдеп жөніндегі уәкілі С. Г. Аганасова "Лудомания" тақырыбында дәріс өткізді.Дәріс лудомания синдромы, гемблинг (құмар ойындарға патологиялық бейімділік, ойынға тәуелділік) туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Дәріс барысында патологиялық гемблерлердің түсініктері ашылды, гемблерлердің қалыптасуының негізгі себептері, сондай-ақ гемблингке бейім факторлар келтірілген.Сонымен қатар, дәріс аясында лудоманияға тарту механизмдері, гэмблингтің даму кезеңдері, лудоманиядағы ойлау қателіктері, құмар ойындарға патологиялық тартымдылықты қалыптастыру кезеңдері бойынша жіктеу, құмар ойындарға тәуелділік қандай әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелетіні талқыланып, сонымен қатар ойынға тәуелділік бұзылыстарын емдеу (дәрі-дәрмек және психотерапия) мәселесі көтерілді.Сонымен қатар, отбасында да, жұмыс орнында да лудоманияның алдын алудың маңыздылығы түсіндірілді.Өткізілген дәріс соңында әдеп жөніндегі уәкіл заңнаманың нормаларын түсіндірді, атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға тыйым салу көзделген.Бұл ретте, 2024 жылғы наурызда "eGov mobile" мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуды ерікті түрде өзін-өзі шектеу жөніндегі сервис іске қосылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/874695
«Ашық диалог» порталында интернет-конференция өткізу туралы хабарлама 16.11.2024
Шығыс Қазақстан облысы «Қосымша ашық деректер жиынтығына қажеттілікті анықтау» тақырыпта интернет-конференция өткізу бастағанын хабарлайды.https://dialog.egov.kz/conference/5036 сілтемесі бойынша аталған интернет-конференция қолжетімді.Осы конференцияға қатысуларыңызды сұраймыз.Сіздердің ұсыныстарыңызды күтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1025388?lang=kk
Ризабек Айтмұхан - Әлем чемпионы 16.11.2024
Ризабек Айтмұхан Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында (U23) жеңімпаз атанды.Ұлттық құрама спортшысы 97 кг дейінгі салмақтың финалында ирандық қарсыласы Махди Мұхарамәли Морафаны ұтты.Осылайша, Ризабек 3 түрлі жас санатында әлем чемпионатында алтын алған тұңғыш қазақ палуанына айналды. Еске сала кетейік, Ризабек былтыр Белградта ересектер арасында (92 кг дейінгі салмақ), ал биыл Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы (97 кг дейінгі салмақ) атанған.22 жастағы Махди - жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021 жыл).Отандасымыз кеше 3 белдесу өткізіп, алғашқысында Каллум Уильям Нокты (Канада), сосын Владислав Козловты (Бейтарап атлет) таза жыққан. Ал жартылай финалда Шамиль Имам Гаджалиевтен басым түскен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/872043
28 қазан мен 3 қараша аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 16.11.2024
31 қазан - 6 қараша – Ә.Асқаровты еске түсіруге арналған ересектер арасындағы көкпардан республикалық ашық турнир. Жарысқа еліміздің барлық өңірі мен Астана, Алматы қалаларынан 150 спортшы қатысады.Өтетін орны: Шымкент қаласы. 28-31 қазан – Тиранда (Албания) олимпиадалық емес салмақтарда күрес түрлерінен әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасынан қатысатын палуандар:28-31 қазан – Грек-рим күресі:55 кг: Исхар Құрбаев63 кг: Ержет Жарлықасын72 кг: Мейіржан Шермаханбет82 кг: Евгений Поливадов 29 қазан – Әйелдер күресі:55 кг: Зүлфия Яхьярова59 кг: Диана Қаюмова65 кг: Ирина Казюлина72 кг: Жәмила Бақбергенова 30-31 қазан – Еркін күрес:61 кг: Асыл Айтақын70 кг: Нұрғожа Қайпанов79 кг: Дәулет Ергеш92 кг: Нұрдәулет Бекенов 1-3 қараша – Қазақстан спортшылары мәнерлеп сырғанаудан Grand Prix de France 2024 халықаралық турниріне және Гран-при сериясының үшінші кезеңіне қатысады.Өтетін орны: Франция, Анжер қ., AngersIce Parc мұз сарайы. 1-3 қараша – Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) шорт-тректен Әлем кубогінің екінші кезеңі өтеді. Қазақстан құрамасынан 12 спортшы қатысады.Өтетін орны: АҚШ, Солт-Лейк-Сити. 30 қазан - 2 қараша – Киокушинкай-кан каратэден ҚР чемпионаты. 15 өңірден 120-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.Өтетін орны: Талдықорған қаласы. 31 қазан - 4 қараша – Жасөспірімдер мен ересектер арасындағы комбат дзю-дзюцудан Қазақстан кубогі. Жарысқа 200-ден астам спортшы қатысады.Өтетін орны: Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы. 2-3 қараша – AIGA грэпплингтен ҚР чемпионаты.Өтетін орны: Қостанай қаласы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/872218
Интернет-казино белгілері бар ресурстар тізімі жаңартылды 16.11.2024
ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті лицензиясы жоқ интернет-ресурстар тізімін жаңартты. Тізімге ҚР Заңының 6-бабының 2-тармағында тыйым салынған интернет-казино белгілері бар 1820 бірегей желілік мекенжай енді. Бұл тізім Комитеттің жүйелі ақпарат жинап, интернет-казино мен заңсыз букмекерлік қызметтердің жұмысын анықтағаны нәтижесінде жасалды.Сонымен қатар тізім Telegram және WhatsApp мессенджерлерінен толықтырылып отырады. Заңсыз ойын бизнесінің таралуына бей-жай қарамайтын азаматтар күдікті сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшалардың сілтемелерін жібереді.Тізімге Vavada, Sultan Games, Pin Up, Play Fortuna, Riobet, Casino-X секілді танымал платформалар да енгізілген.Анықталған ақпарат «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, Қазақстан Республикасының аумағында олардың қызметін шектеу үшін заң тұрғысынан бағалау жүргізіледі.Естеріңізге сала кетейік, мұндай ресурстарды анықтаумен ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2024 жылғы 4 қыркүйекте құрылған ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті айналысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/872224
Қазақстан мен Франция туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті. Тараптар келіссөз барысында туризм саласындағы екіжақты әріптестікті одан әрі дамыту әлеуетін талқылады.Министр Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда өзара іс-қимылдың маңызын атап өтіп, туризм саласындағы ынтымақтастық екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.«Елдеріміз арасындағы туристік ынтымақтастық халықаралық қатынастарды дамыту, мәдени және экономикалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам деп есептеймін. Қазақстан аталған салада тәжірибе алмасуға және Франциямен бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті. Бұл туристік инфрақұрылымды, әсіресе тау және экологиялық туризмді кеңінен насихаттауға зор септігін тигізеді», - деді министр.Кездесу соңында тараптар екіжақты іскерлік қатынастарды нығайтуға негіз болатын бастамаларды іске асырудың негізгі қадамдары туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/872954
Мемлекеттер басшылары Стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында екі ел делегациялары төмендегідей құжаттарға қол қойды:1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;2. Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасы;3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Моңғолияның Жол және көлік саласын дамыту министрлігі арасындағы автомобиль жолдарын дамыту туралы меморандум;5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы жоспар;6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринариялық басқармасы арасындағы ветеринария қызметі және карантин саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;10. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Моңғолияның Цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;11. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Моңғолияның Атом энергиясы жөніндегі комиссияның атқарушы кеңсесі арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/873228
Өңірлік спорт басқармалары басшысын тағайындау ҚР Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның келісімімен жүзеге асады 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау тәртібі өзгерді. Бұдан былай басқарма басшылығына ұсынылған үміткерлер ҚР Туризм және спорт министрлігінің жанынан құрылған комиссияның келісімін алуы керек. Комиссия жұмысына министр Ербол Мырзабосынов жетекшілік етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуінде әрбір өңір қандай спорт түрін дамыту керектігіне қатысты шешімді дербес қабылдайтынын сынға алған болатын. Осыған орай, Мемлекет басшысы спорт саласындағы барлық деңгейдегі басқару вертикалін қалпына келтіру жөнінде Үкіметке нақты тапсырма берді. Комиссияның жұмысы барысында өңірлік спорт басқармалары басшылығына ұсынылған кандидаттар нақты талаптар бойынша бағаланады. Үміткерлердің саладағы тәжірибесі мен дамыту жоспары болуы, сондай-ақ спорт ғылымының негізі мен менеджментін меңгергені ескеріледі. Кандидаттарды ұсынуды жергілікті атқарушы органдар және министрлік жүзеге асыра алады. Жергілікті атқарушы орган комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды ғана тағайындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/873672
Астанада қоян-қолтық ұрыстан III республикалық турнир өтті 16.11.2024
Астанада қоян-қолтық ұрыстан III республикалық турнир өтті. Бәсеке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 10 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Жарысқа еліміздің құқық қорғау, күштік және арнайы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер қатысты.Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов турнирдің финалдық жекпе-жектерін тамашалап, жеңімпаздарды марапаттады.«Мұндай турнирлер қызметкерлердің физикалық шеберлігін шыңдап қана қоймай, батыл әрі мықты болуға тәрбиелейді. Бұл, өз кезегінде, дені сау ұлт қалыптастыруда және қызметкерлер арасында спортты насихаттауда маңызды қадам. Спорт адамдарды ұйымшылдыққа ұйыстырып, тәртіпті дәріптейді. Тәртіп – табысты қызмет пен берекелі өмірдің кепілі», - деді министр Ербол Мырзабосынов.Турнирге Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрлігінің командалары қатысты.Жарыс елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылды. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок және медальмен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/873977
Қазақстанға Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер келді 16.11.2024
Қазақстан Республикасына ресми сапармен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер келді. Мәртебелі мейманды Астана халықаралық әуежайынан ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Халықаралық дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі Алмас Әлсенов және Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қарсы алды.Мариус Визер елімізге сапары барысында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын, көпсалалы «Барыс Арена» спорт кешенін аралап, Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысады деп жоспарланған. Сондай-ақ еліміздің даңқты спортшыларымен, жаттықтырушыларымен кездесіп, дзюдо спортының дамуы мен болашағы туралы пікір алмасады.М.Визердің Қазақстанға келуі отандық дзюдо үшін аса маңызды оқиға. Қазіргі таңда қазақстандық дзюдошылар халықаралық аренада көптеген жетістікке қол жеткізіп, әлем чемпионаты мен Олимпия ойындарында жүлде алып жүр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/873978