Спорт
Маңғыстауда Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табысталды 16.11.2024
24 қазан күні Ақтауда Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарды құттықтап, алғыс білдірді. Мерекелік кеште әлеуметтік-экономикалық дамуға айтарлықтай еңбек сіңірген түрлі сала қызметкерлері марапатталды.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай еліміздің мақтанышы, белгілі күйші Сержан Шәкіратты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Сондай-ақ, елдің дамуына айрықша үлес қосып жүрген азаматтарға «Парасат», «Құрмет», «Еңбек Даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары, сондай-ақ қоғамдық наградалар табысталды.Өңір басшысы жиналғандарды атаулы мерекемен құттықтап, Республика күнінің маңыздылығын атап өтті.- 2022 жылы өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күнін жаңғыртып, оның ұлттық дәрежедегі ерекше мереке екендігін атап өткен болатын. Айтулы күн тарихымызға алтын әріптермен жазылып, ұлттық мереке статусы берілді. Өздеріңізге белгілі, келер 2025 жыл Ақтау қаласы - Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде белгіленді. Облыс орталығында түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуы бағытында көптеген шешімдер қабылданып, жұмыстар атқарылып жатыр. Әлі де жасалатын міндеттер тұр. Оны өздеріңізбен бірге ынтымақ, бірлікте атқарамыз деп сенемін. Осы сәтті пайдалана отырып, қиын-қыстау кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлікте қызмет етіп, күні-түні аянбай еңбек еткен барлық азаматтарға алғысымды білдіремін. Осынау айтулы мереке қарсаңында баршаңыздың отбасыларыңызға амандық-саулық, құт-береке тілеймін, - деді Нұрдәулет Қилыбай.Салтанатты шара елімізге белгілі эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласты.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/871864
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы 16.11.2024
Құрметті отандастар!Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!Қазақстанның егеменді ел екенін әйгілейтін ұлық мейрам – сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің қайта жаңғыруының символы.Ұлттық мереке халқымызды мызғымас құндылықтар төңірегіне тоғыстырып, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал етеді.Біз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында аса күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып келеміз. Қоғамдағы заң мен тәртіп, азаматтардың еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігі қазіргі реформалардың берік тірегіне әрі қозғаушы күшіне айналды. Біз болашаққа нық сеніммен қарап, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасай береміз.Еліміздің ертеңі қандай болатыны әрбір отандасымызға байланысты екені анық. Азаматтарымыз осы қастерлі жауапкершілікті терең түсініп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін.Сіздерге зор денсаулық, толайым табыс және бақ-береке тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/871867
Ардақты ағайын, құрметті жерлестер! 16.11.2024
Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 25 қазан – халқымыз үшін ерекше күн, себебі осы күні ұлтымыздың болашағының бағдарын айқындаған тарихи шешім қабылданды. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның негізі қаланған, елдігіміздің асқақ рухын танытқан мерейлі сәт. Тәуелсіздік жолында күрескен ата-бабаларымыздың арманы орындалып, еліміз өз тағдырын өз қолына алған күн.Республика күні – еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық өміріндегі елеулі өзгерістер мен жетістіктердің символы.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздің одан әрі дамуына бағытталған маңызды бастамаларды көтерді. Әсіресе, экономикалық өсімді жеделдету, халықтың әл-ауқатын арттыру және жаңа саяси реформаларды іске асыру бойынша нақты қадамдар белгіленді. Президентіміздің Жолдауында айтылғандай, әрбір азамат ел тағдырына өз үлесін қосуы керек, себебі болашақтың іргетасы бүгін қаланады.Біз бірлігімізбен және ортақ мақсаттарға ұмтылу арқылы Отанымыздың болашағын жарқын ете аламыз. Сіздерге зор денсаулық, амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы игі істеріңізге табыс тілеймін!Елдіктің Туы ылайым биік,Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, ағайын!Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет ҚилыбайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/871868
Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті 16.11.2024
25 қазанда Ақтаудағы Мемлекеттік ресми рәсімдер алаңында Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру салтанатты шарасы өтті. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ел ағалары, түрлі сала өкілдері мен әскерилер және қала тұрғындары қатысты.Ұлттық мерекеге жиналған жұртшылық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бірге шырқады.Салтанатты жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, бұл күн — мемлекеттің құрылу жолындағы тарихи қадамның көрінісі екендігін атап өтті.- Расында да, бақыт деген осы шығар?! Көк байрағымыз желбіреп, бейбіт елде ұлттық мерекемізді тойлап жатырмыз. Тудың желбіреуі түгілі, туды армандап жүрген халық қаншама?!Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Республика күні – мемлекеттің құрылу жолындағы тарихи қадамның символы болуы тиіс. Осындай шаралар жас ұрпаққа, әр саладағы мамандарға қажырлы еңбек етуге ынта беріп, олардың патриоттық рухын оятады. Әрбір азамат ел ертеңін қалыптастырушы тұлға екенін ұмытпауы қажет. Бірлігіміз жарасып, жарқын болашаққа нық қадам басайық. Мереке құтты болсын, ағайын! - деді Нұрдәулет Қилыбай.Салтанатты шара патриоттық әндер шырқалған концертке ұласты.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/872384
Шығыс Қазақстан облысының әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда 16.11.2024
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тармағы негізінде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында, 2024 жылғы 29 қазан мен 2 желтоқсан аралығында «Шығыс Қазақстан облысының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/867520
Шығыс Қазақстан облысының әкімі өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. 16.11.2024
«Құрметті Төтенше жағдайлар министрлігінің және құтқару қызметінің қызметкерлері, ардагерлері! Сіздерді Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Құтқарушы болу – ерекше мамандық. Бұл қызмет батылдықты, төзімділік пен жоғары кәсібилікті талап етеді. Адамдарды құтқару мен қайғылы оқиғалардың алдын алудың отандық жүйесінің негізін қалаған қызмет ардагерлеріне ерекше алғыс айтамын. Сіздер – кәсіпқойлықтың жарқын үлгісін қалыптастырып, құтқарушылардың жаңа ұрпағы үшін адамгершілік және моральдық бағдар болып отырсыздар. Құтқарушыларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, игі істеріне табыс тілеймін!»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/867941
Өскеменде Риддер қаласының мәдени күндері өтуде 16.11.2024
«Туған жер – алтын бесігім» жобасының аясында облыс орталығында Риддер қаласының дәстүрге айналған мәдени күндері ұйымдастырылды. Шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қатысты. Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Риддер тарихи-өлкетану музейінің сәндік-қолданбалы өнер туындылары мен экспонаттарының көрмесі көпшілікке ұсынылды. Келушілер жергілікті өндірушілер арнайы әкелген бал, шай, тұздалған өнімнің әр түрінен дәм татып, сатып алды. Кеш қонақтары үшін Риддер қаласының би ұжымдары мен өнерпаздарының қатысуымен гала-концерті ұйымдастырылды. Мәдени шараға белгілі қазақстандық «Ұлытау» рок тобы келді. – Риддер қаласынан 180-ге жуық өнерпаз қатысуда. Арнайы шақырылған «Ұлытау» тобы да өз өнерімен халықтың ыстық ықыласына бөленді. Топ құрамындағы гитарист Максим Кичигин – Риддер қаласының тумасы. Ол біраз жыл осында тұрған еді. Кейін Қазақстанның ірі қалаларына барып, шығармашылығымен танылды. Бүгінгі күні қазақ музыкасын бүкіл әлемге дәріптеп жүрген топта өнер көрсетуде, - деді Риддер қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ерболат Ошақбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/867942
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Риддер қаласының өнімдерімен танысты 16.11.2024
Бүгін Өскемендегі жаңа «Алтай» көтерме сауда орталығының алаңында дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Онда Риддер қаласының кәсіпкерлері облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін ұсынды.— 15 өндіруші бірнеше тауар түрлерін алып келді. 5 тонна картоп, 1 тонна сәбіз, қызылша сынды көкөніс түрлері де бар. Оған қоса ет, бал өнімдері халыққа ұсынылды. Барлығы төмендетілген бағамен сатылуда, - деп атап өтті Риддер қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Әсел Жұмабаева.Аймақ басшысы табиғи өнімдерді нарық бағасынан төмен сатудың өзектілігіне тоқталып өтті. Сондай-ақ ол облыс орталығының әр қала, ауданнан келген кәсіпкерлерді сауда жүргізуге арналған ыңғайлы орынмен қамтамасыз етіп, қолдайтынын жеткізді.Жәрмеңкеде сауда-саттықтан бөлек мәдени-спорттық бағдарлама да ұйымдастырылды. Риддер қаласының шығармашылық ұжымдары жәрмеңкеге келгендерге өнер көрсетсе, спорт сүйер қауым армрестлинг, гір көтеру және арқан тартудан өткен жарысқа қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/867982
«Банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметі 16.11.2024
Қызмет eGov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді, бұл азаматтарға қажетсіз қарыздар мен алаяқтық әрекеттерден оңай әрі тез қорғауға мүмкіндік береді. Қызметті қосу ЭЦҚ пайдалана отырып жүзеге асырылады. Қосылу үшін басты бетте «Сервистер» бөлімін, одан әрі «Банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту» бөлімін таңдау қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/868204
Президенттің тапсырмасы бойынша ШҚО-да Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды 16.11.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірдің ашылуына қатысты. Жоба көлік қатынасына қатысты көп жылғы мәселені шешуге бағытталған, көпір алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады. Көлік министрі Марат Қарабаев Премьер-министрге ұзындығы 1316 метр екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы аяқталғаны туралы баяндады. Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады, өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылды. Жоба озық инженерлік технологияларды қолдана отырып және барлық сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды. Облыс тұрғындарымен кездесуде Премьер-министр жобаны іске асыру көлік құралдарының жыл бойы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететінін, Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін және еліміздің көлік-логистика саласының дамуына оң әсер ететінін атап көрсетті. - Жаңа көпір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында салынды. Аймақта тұрғындар 50 жыл бойы жазда не пароммен, қыста тікелей не мұз үстімен жүргенін білесіздер. Құрылыстың салынуын жергілікті тұрғындар ұзақ күтті, — деп атап өтті Олжас Бектенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/868893
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының тұрғындары және қала қонақтары! 16.11.2024
2024 жылғы 30 қазанда сағат 10-00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалық етуімен облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтеді.Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, 28 қазанға дейін қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті. Қаралатын мәселелер Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/869169
ШҚО әкімі Республика күніне арналған марапаттау рәсімінде өңірдің және еліміздің жетістіктеріне тоқталып өтті 16.11.2024
Республика күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шарада аймақ басшысы Ермек Көшербаев Қазақстанның берік басқару жүйесі, тұрақты экономикасы мен белсенді сыртқы саясаты қалыптасқан мемлекет ретінде дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.– Соңғы бес жылда елімізде саяси жүйені түбегейлі өзгерту арқылы ауқымды реформалар жүргізілді. Азаматтардың қоғамдық санасы жаңғырып, құқықтық мәдениет деңгейі артты. Жаңа мінез-құлық үлгілері қалыптасып, құндылықтар орнығуда, - деді облыс әкімі.Сондай-ақ Ермек Көшербаев өңірде үкімет ашықтығы мен азаматтық қоғам институттарымен серіктестік назардан тыс қалмағанын айтады. Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу қоғамдық әлеуетті мобилицазиялау мен ресурстарды кезең-кезеңімен пайдалануды талап етеді.Аса маңызды жобалардың бірі – Орталық Азиядағы ең ұзын өткел саналатын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің ашылуы.– Бұл көпір жеті ауданды біріктірді. Ол еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтып, өңір дамуына үлес қосады, - деді Ермек Көшербаев.Сондай-ақ қараша айында титан қожын шығаратын зауыт құрылысы бойынша «IREL Limited» үнділік компаниясымен келісімшартқа қол қойылмақ. Бұл қазақстандық титанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.– Республиканың барлық жетістіктері – тұтас қоғамның бірлігі мен ерең еңбегінің жемісі, – деп атап өтті аймақ басшысы.Жиын соңында ол жоғары жетістіктерге ұмтылудың қаншалықты маңызды екенін айтып, қазақстандықтарға жылы лебізін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/871260
Міндетті қырағылық! 16.11.2024
2024 жылғы 23 қазанда, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлеріне терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс—әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/873488
ШҚО студенттері экологиялық сауаттылықты арттыратын болады 16.11.2024
Ағымдағы жылдың 30 қазан күні сағат 11.00-де «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және «Эко сақшы» жобасын іске асыруды талқылау бойынша Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінде (Лермонтов көшесі, 50) «қоғамның экологиялық даму орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Танир Яссы мен ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Ербол Бақытжан Ерболқызының студент жастармен кездесуі ұйымдастырылды.«Эко сақшы» ағымдағы жылдың маусым айынан бастап іске асырылып жатқан пилоттық жоба болып табылады. Жобаға өңірдің әрбір ауылдық округінен 120 жас қатысты.Жобаның негізгі мақсаты эко-волонтерлердің жұмысын үйлестіру, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.Бүгінгі таңда экосақшылар 73 іс-шара өткізіп, ауыл тұрғындары, жастар, эко-белсенділер, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлерінің көмегімен қоғамдық орындар мен аула аумақтарынан 10 тоннадан астам қоқыс жинады.Облыстың барлық қалалары мен аудандарында еріктілер үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылып, сенбіліктер өткізілді.Бүгінгі таңда «Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша 204 саябақ пен скверді, 323 тарихи-мәдени ескерткіш пен 859 әлеуметтік нысанды тазарту жұмыстары жүргізілді. 7 мың су нысаны, 26 субұрқақ, 370 шақырым арық тазартылды. Елді мекендердің 82 мың аула аумағынан 29 мың тонна қоқыс шығарылды. Облыстың елді мекендері мен орман қорында 75 мыңнан астам көшет отырғызылды.Бұдан басқа, халықтан өтінімдерді пысықтау бойынша қолжетімді платформаны қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап «TazaQazBot» телеграмм боты іске қосылды. Осылайша, «Таза Қазақстан» акциясы басталғаннан бері полиция департаменті абаттандыру ережелеріне қатысты 5967 бұзушылықты анықтап, 25,9 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салды.«Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/873897
Харбин-2025: қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары 50 медаль жиынтығына таласады 15.11.2024
ІХ қысқы Азия ойындары 2025 жылғы 7-14 ақпан күндері Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өтеді.Осы жолы жарыстарды Харбин және оның шығысында 200 шақырымда орналасқан Ябули қаласы да қабылдамақ.Атап айтқанда, Харбинде коньки спорты түрлері, шайбалы хоккей мен кёрлинг, ал Ябулиде шаңғы спорты, биатлон, шаңғы альпинизмі жарыстары жоспарланған. Ашылу салтанаты 7 ақпанда, жабылу салтанаты 14 ақпанда Харбин қаласындағы Harbin International Convention and Exhibition Center Stadium спорт кешенінде өтеді.Кешенді жарысқа құрлықтағы 32 елден 1147 спортшы қатысады. Олар спорттың 6 түрінен (11 дисциплина – биатлон, тау шаңғысы, кёрлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, сноуборд, фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, ски-альпинизм) 196 медаль жиынтығының иесін анықтайды.«Харбинде өтетін қысқы Азия ойындарына 3 айдан аз уақыт қалды. Бұл біз үшін 2025 жылдағы маңызды кешенді жарыстың бірі болмақ. 1996 жылы үшінші ақ Азиада осы Харбин қаласында өтіп, онда Қазақстан спортшылары 14 алтын, 9 күміс, 8 қола медаль жеңіп алған. Сөйтіп жалпы командалық есепте2-орынға ие болдық. Қазақстан қысқы Азиадаға 1996 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Осы аралықта біздің атлеттер 78 алтын, 62 күміс және 56 қола медаль (барлығы 196) жеңіп алған», – деді ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашев.Ел құрамасынан Харбиндегі жарысқа спорттың 6 түрінен 139 спортшы (71 ер, 68 әйел) барады. Олар 50 медаль жиынтығына таласады.1. Биатлон – 10 спортшы;2. Кёрлинг – 12 спортшы;3. Конькимен жүгіру спорты – 20 спортшы;4. Мәнерлеп сырғанау – 4 спортшы;5. Шорт-трек – 12 спортшы;6. Шаңғы жарысы – 12 спортшы;7. Шайбалы хоккей (ерлер) – 23 спортшы;8. Шайбалы хоккей (әйелдер) – 23 спортшы;9. Тау шаңғы спорты – 8 спортшы;10. Фристайл-акробатика – 7 спортшы;11. Шаңғы жарысы – 8 спортшы.Бұл қатарда жоғары нәтижеге қол жеткізетін әлеуетке ие мына спортшыларымызды атап өтуге болады:▪ Биатлон: Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Владислав Киреев, Галина Вишневская-Шепоренко, Арина Крюкова, Вадим Куралес.▪ Шаңғы жарысы: Олжас Климин, Константин Борцов, Никита Гридин, Святослав Матасов, Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина.▪ Конькимен жүгіру спорты: НұралыАқжол, Надежда Морозова, Артур Галиев, Алтай Жәрдембекұлы, Евгений Кошкин.▪ Шорт-трек: Абзал Ажғалиев, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов, Жанбусинова Мадина, Ермек Малика, Ажгалиева Алина, Ольга Тихонова, Яна Хан.▪ Фристайл-акробатика: Ардана Маханова, Аяна Жолдас, Роман Иванов Роман, Шерзод Хаширбаев.Айта кетейік, жыл басында ойындардың эмблемасы мен талисманы таныстырылды. Бәсекенің бойтұмары – Сібір жолбарыстары Бинбин мен Нини. Бинбин мұз жарыстарын, ал Нини қар жарыстарын бейнелейді.Еске сала кетейік, Қазақстан қысқы Азия ойындарын бір рет қыбылдаған. 2011 жылы Астана мен Алматы қаласында өткен кешенді жарыста Ұлттық құрама 32 алтын, 21 күміс және17 қола жүлдеге ие болып, жалпы есепте алғаш рет 1-орын алған еді. Осыған дейінгі VI қысы Азия ойындары 2017 жылы Жапонияның Саппоро қаласында өтті. Қазақстан 32 медальмен (9 алтын, 11 күміс, 12 қола) 4-сатыға тұрақтаған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/884473
Ақтөбеде дзюдодан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды 15.11.2024
Ақтөбеде дзюдодан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер 48, 52 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде, ал ерлер 60, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.Спортшыларды марапаттау рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов, Халықаралық Дзюдо федерациясының коммерциялық ынтымақтастық және серіктестікті дамыту жөніндегі комиссия мүшесі Алмаз Әлсенов, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов және Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев қатысты.Биыл Қазақстан чемпионаты шетелдік мамандардың қатысуымен өтіп жатыр. Жарыстың әділ әрі жоғары дәрежеде өтуі үшін Халықаралық дәрежедегі төрешілер Владимир Остряков, Евгений Рахлин мен Владимир Мутсубидзе бақылаушы төреші қызметін атқаруда.🔺Алғашқы жарыс күнінде жеңіс тұғырына көтерілген спортшылар:🔹Қыздар:🔺-48 кг1. Диана Буркеева (Жетісу облысы)2. Сабина Юлдашбекова (Шымкент)3. Зарина Хуснадин (Алматы)3. Аружан Данайбек (Жамбыл облысы)🔺-52 кг1. Толғанай Әбеуова (Ақмола облысы)2. Аружан Ережепова (Алматы облысы)3. Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы)3. Шара Шугаева (Алматы)🔹Ерлер:🔺-60 кг1. Нұрәділ Әлжан (Қостанай облысы)2. Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)3. Нұргелді Қанат (Маңғыстау облысы)3. Алдияр Қарғұлов (Қарағанды облысы)🔹-66 кг1. Ержан Еренқайыпов (Астана)2. Ердаулет Бозжа (Қызылорда облысы)3. Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)3. Мирас Жонысов (Ақтөбе облысы)Айта кетейік, байрақты бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің 17 облысынан барлығы 510 татами шебері қатысып жатыр.Қазақстан чемпионаты 18 қарашаға дейін жалғасады.Чемпионат қорытындысы бойынша 2025-2026 жылғы спорт маусымына дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/884474
Астанада жобаларды басқарудың заманауи тәсілдеріне арналған Workshop өтті 15.11.2024
2024 жылғы 8-9 қараша күндері Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде «Аджайл. Тұрақтылық. Жобалық мәдениет» тақырыбында жобаларды басқару бойынша Workshop өтті. Іс-шара заманауи жобалық басқару тәсілдері, тұрақтылық және аджайл әдістерін енгізуге арналды.Іс-шараға Мемлекет басшысының кеңесшісі Есекеев Қ.Б., ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Асанов Ж.К., ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары Қаныш Төлеушин, сондай-ақ БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Хожиматов С. қатысты. Көшбасшылар Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жобаларды басқарудың озық тәжірибелерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.Workshop-қа мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар ұйымдар мен бизнес-қоғамдастықтардың жобалық кеңселерінен 200-ден астам қатысушы жиналды. Бұл түрлі секторлардың өкілдері мен жобаларды басқару саласындағы сарапшылар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.Іс-шараның бірінші бөлігінде IPMA ұйымының «Қоғамның жобалануы: Қазақстан жағдайы» атты кітабының таныстырылымы өтті. Таныстырылымды кітап авторларының бірі Ахметов А.А. жүргізді. Ол жобаларды басқару саласындағы жеке тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанның жобалық мәдениетті дамытудағы маңызды жетістіктері мен келешегін атап өтті.Бағдарлама барысында төрт панельдік сессия ұйымдастырылды. Оларда жетекші сарапшылар мемлекеттік сектордағы жобаларды басқаруда аджайл әдістерін қолдану, жобалық мәдениет пен командалық көшбасшылық, жобаларды басқару жүйелері, мониторинг және жобаларды басқару тәжірибелері бойынша білімдерімен бөлісті.Сонымен қатар қатысушыларға Ұлттық акселератордың қызметі және стратегиялық жобаларды мониторингтеуге арналған бейнешолу ұсынылды.Іс-шараның екінші күнінде «SimulTrain» атты симуляциялық ойын өткізілді. Онда мемлекеттік қызметшілер стратегиялық ойлау және жобаларды басқару дағдыларын нақты жобалық ортада дамытты.Іс-шара соңында жобалық кеңсе қызметкерлері министрдің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталып, олардың жобаларды басқару саласының дамуына қосқан үлестері атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/884365