Технология
  Қазақстан үшінші Ерікті ұлттық шолуды талқылауға кірісті 13.02.2025
 2025 жылғы 12 ақпанда ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ және БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп 2025 жылғы Ерікті ұлттық шолу жобасын талқылау бойынша семинар өткізді.Іс-шараның негізгі мақсаты - шолу жобасын кеңінен талқылауға бастама жасау және процестің негізгі қатысушыларымен, соның ішінде мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық серіктестермен және тәуелсіз сарапшылардың өкілдерімен пікір алмасу.ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина өзінің алғы сөзінде қатысушыларды орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізудегі Парламенттің рөлі туралы хабардар етіп, олардың іске асырылуын мониторингтеу мен бақылаудың, сондай-ақ ОДМ интеграциясын заңнамалық қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ Парламенттік комиссияның тиімді шешімдерді әзірлеу және қол жеткізілген прогресті бағалау үшін мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен әрі халықаралық сарапшылармен белсенді өзара іс-қимылын атап өтті.ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова өз сөзінде, үкіметтік емес және азаматтық сектор өкілдеріне, халықаралық серіктестерге ынтымақтастық үшін алғысын білдірді. Ол Қазақстан экономикалық өсу, әлеуметтік әл-ауқат және экологиялық жауапкершілік мәселелерін үйлестіре отырып, орнықты даму жолымен сенімді түрде жүріп, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін лайықты болашақ құратынын атап өтті.«Өткен жылы негізгі құжат - Мемлекеттік жоспарлау жүйесі - Республиканың 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары қабылданды, ол орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін өтпелі процестерді жеделдетуге бағытталған», – деп атап өтті Нұргүл Жанназарова.Бұған қоса, 2024 жылдың қазан айында орнықты даму мақсаттарының ұлттық индикаторларының тізбесі өзектендірілді. Жаңартылған тізімге 200 индикатор кіреді, оның 69-ы өзекті болып анықталды. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі шеңберінде ОДМ индикаторларын стратегиялық құжаттарға, оның ішінде оларды өңірлік жоспарларға оқшаулау арқылы ыдырату жүргізіледі.Нұргүл Жанназарова сондай-ақ Қазақстан Ерікті ұлттық шолуды екі рет сәтті ұсынғанын және ағымдағы жылдың шілде айында Нью-Йорктегі жоғары деңгейдегі Саяси форумда ел өзінің үшінші шолуын ұсынатынын атап өтті. Басым мақсаттар мемлекеттік органдарды, азаматтық қоғам, бизнес және халықаралық ұйымдар өкілдерін қоса алғанда, халықтың әртүрлі санаттарының пікірлерін ескере отырып айқындалатын болады.БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің міндетін атқарушы Стивен О'Малли Қазақстан Үкіметіне тұрақты ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, ОДМ іске асырылуын бақылау жөніндегі институционалдық құрылымды құрудағы елдің жетістіктерін атап өтті. Ол Қазақстанның Ерікті ұлттық шолуды мерзімді түрде ұсынуы елдегі орнықты дамудың Жаһандық күн тәртібін іске асыруға баса назар аударылатынын атап өтті.Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу ортақ міндет болып табылады және Ерікті ұлттық шолуды дайындау Қазақстанның осы шолуды 39 ел қатысатын жоғары деңгейдегі Саяси форумда табысты ұсынуын қамтамасыз ету үшін жан-жақты әрі сапалы тәсілді талап етеді.Анықтама: Ерікті ұлттық шолу  БҰҰ Орнықты даму саласындағы күн тәртібін қабылдаған сәттен бастап 2030 жылға дейінгі кезеңге қол жеткізілген нәтижелердің қимасын білдіреді (Күн тәртібі-2030). Шолудың мақсаты-2030 күн тәртібін іске асыруды жеделдету мақсатында жетістіктер, проблемалар мен сабақтарды қоса алғанда, тәжірибе алмасуға жәрдемдесу. Шолу сонымен қатар саясат пен үкіметтік институттарды нығайтуға, сондай-ақ орнықты даму мақсаттарына жету үшін әртүрлі мүдделі тараптар мен серіктестіктерді қолдауды жұмылдыруға бағытталған.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/936985
 
  Бостандық ауданындағы балалар алаңы «Халық қатысатын бюджет» аясында жаңартылды 09.02.2025
 2024 жылы Алматы қаласының Бостандық ауданында Мүсірепов және Бұқар жырау көшелерінің қиылысындағы балалар алаңын жөндеу жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.Жаңартылған ойын алаңы қазір балалар мен олардың ата-аналары үшін заманауи және қауіпсіз демалыс орны болып табылады. Жұмыс барысында жаңа ойын кешендері орнатылды, резеңке жабын ауыстырылды, жарықтандыру жаңартылды, жаңа орындықтар мен урналар қойылды.Бостандық ауданының тұрғыны Анита Ефремова алаңға қатысты өз әсерімен бөлісті:«Алаң біздің көшеде тамаша демалыс орнына айналды. Әкімдік пен мердігерлерге атқарылған жұмыстары үшін алғыс айтамыз. Немерелерім екеуміз күн сайын осында серуендейміз — олар оны жақсы көреді және аумақ әрқашан таза және жақсы күтімді. Ғажап!» - деді ол.Бостандық ауданында ХҚБ бағдарламасы бойынша 2024 жылы 50-ден астам жоба іске асырылды. Атап айтқанда, Орбита 3 және Орбита 4 шағын аудандарындағы балалар алаңдары ретке келтірілді, аулалар абаттандырылды, алты көшеде техникалық тротуар төсеу жұмыстары жүргізілді. Абай даңғылында бөлу жолағын абаттандыру аяқталды. Жаңғырту Байзақов көшесінен Тұрғыт Өзал көшесіне дейінгі ұзындығы 3 шақырымға жуық учаскені қамтыды. Төсеніштер төселді, автоматты суару жүйесі, беседкалар орнатылды, сонымен қатар жарықтандыру толығымен жаңартылды. Барлық урналар, орындықтар ауыстырылды, сондай-ақ қала тұрғындарының жайлы демалуына арналған шағын сәулет пішіндері мен әткеншектер орнатылды. Көгалдар толығымен жаңартылды, бұталар отырғызылды.Биыл ауданда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 26 жоба іске асырылатын болады.Алматыда жергілікті тұрғындарға қалалық инфрақұрылымды жаңарту бойынша өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы табысты іске асырылуда. Үш жыл ішінде мегаполисте 39,1 млрд теңге сомасына 938 жоба іске асырылды.«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы қала тұрғындарының тілектерін ескере отырып, жайлы қалалық ортаны құрудың тиімді құралына айналды және Алматы әкімдігі оның дамуын қолдауға ниетті. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша «ХҚБ» жобаларына 2025 жылға арналған қала бюджетінде 17,1 млрд теңге қарастырылған.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/931368
 
  «ACTIVITY BOOM»: Алматының белсенді жастарына арналған жеңілдіктер 09.02.2025
 Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, жастарға тамақтану, демалыс орталықтарына жеңілдіктер ұсынатын «Activity BOOM» жобасы жұмысын жалғастыруда. Арнайы әзірленген дисконттық карта қала жастары үшін қоғамдық көлік, мейрамханалар, киім дүкендері, сұлулық салоны, сапалы тау шаңғы жабдықтарын жалға ұсынатын дүкендер желісіне жеңілдіктер ұсынады. Бұл картаны алу үшін тек комьюнити орталықтарының резиденті болу жеткілікті. Картаны Jas.Almaty платформасына тіркеп, жеңілдіктерді QR код арқылы оңай пайдалануға болады. Аталмыш картаны болып алған студенттер өз әсерлерімен бөлісті.«Мен «Activity BOOM» картасын Жетісу ауданындағы комьюнити орталықтан алдым. Біз достарымызбен тауға жиі шығамыз. Тауға шығатын керек жарақты жалға беретін дүкеннің бар болғаны біз үшіні керемет жаңалық болды. Достарым да осындай карта алғысы келеді!», - деді қаламыздың студенттерінің бірі Сұлтан Едігеев.Қазіргі таңда «Activity BOOM» 30-дан астам серіктеспен жұмыс істейді. Олардың арасында «FOOTLAB» футбол орталығы, «Tobe» тау шаңғы жабдықтарын жалға алу орталығы, Almaty OWL COFFEE, «Maestro» киім дүкені, Weekend lounge, «Aeka posh» сұлулық салоны, «Puff n Play» және «Z CLUB» ойын клубтары және т.б бар. Серіктестердің толық тізімі мен жеңілдік пайызын JasAlmaty.kz сайтының мобильді нұсқасынан көре аласыздар.Жастар саясаты басқармасының мәліметінше 2025 жылдың соңына дейін  50 000-нан астам жас алматылық аталмыш картаға ие болады. Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/929615
 
  «Медеу» мұз айдынын реконструкциялау барысында оның тарихи келбеті мен мәдени мұрасы сақталады 09.02.2025
   Алматы спорт нысандарын басқару жөніндегі дирекциясының мәліметінше, 2023 жылы «Медеу» мұз айдыны мен оның инженерлік желілерінің техникалық жағдайын тексеру және бағалау жұмыстары жүргізілді. Бұл зерттеудің мақсаты – жаңғырту тұжырымдамасы мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Сараптама қорытындысына сәйкес, қазіргі уақытта мұз айдыны жаппай сырғанау үшін қауіпсіздік талаптарына сай келеді.  Жаңғырту бойынша негізгі бағыттар:  «Медеу» БТСК аумағын көркейту жұмыстары: мұз айдынының батыс сызығы бойымен серуендеу аллеясын құру, айдын айналасында жаяу жүргіншілерге арналған баспалдақтар орнату, оңтүстік беткейде, Есентай өзенінің оң жағалауы бойымен көркейту жұмыстарын жүргізу, іргелес аумақты жақсарту мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болуы үшін оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөлігінде екі жедел саты орнату көзделген.Инженерлік жүйелерді жаңғырту: тоңазытқыш жабдықтары мен мұз жабынын суыту жүйесін жаңарту, құбыр желілерін толық ауыстыра отырып, технологиялық тақтаны жаңарту, жылыту жүйесін газға ауыстыру, жылыту және көрермендерге арналған орындарды жылыту жүйесін жаңғырту, энергияны үнемдеуді арттыру және келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін инфрақұрылымдық элементтерді жаңарту, инженерлік жүйелер, коммуникациялар мен электр жабдықтарын толықтай ауыстыру жоспарланып отыр.Сонымен қатар, «Медеу» қонақ үйін толық реконструкциялау жоспарға енген.Реконструкциялау барысында «Медеу» мұз айдынының тарихи келбеті мен мәдени мұрасын сақтау басты басымдық болып қала береді.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/929638
 
  Алматының белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері Дубай мен Абу-Дабиді бағындырды 09.02.2025
 Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында құрылған «Алматы әжелері» жасы үлкен сәнгерлер модельдер Біріккен Араб Әмірліктеріне сапар шекті.
Дубайдағы Тода инновациялық театрында режиссер әрі продюсер Ольга Сапожникова түсірген «Ұзақ ғұмыр» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді. Бұл фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі – «Алматы әжелері» тобының мүшелері.
Фильмнің тұсаукесері аясында алматылық зейнеткер әжелер «Ақ кербез» сән топтамасын ұсынып, ұзақ өмір сүру, денсаулықты сақтау және кез келген жаста оптимистік көзқарасты ұстану құпиясын бөлісті. Сән көрсетілімі кештің жарқын сәтіне айналып, сұлулық, дәстүр мен заманауилықтың үйлесімін көрсетті.
Іс-шараға Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің өкілдері, қалалық әкімдік, мәдениет және денсаулық сақтау саласының қайраткерлері, сондай-ақ белсенді ұзақ өмір сүру тақырыбына қызығушылық танытқан көптеген көрермен қатысты. Сонымен қатар, «Алматы әжелері» Абу-Дабидегі Лувр музейінде де өнер көрсетті.
Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары көрермендерді өзінің нәзіктігімен, стилімен және өмірлік қуатымен тәнті етті.
Фильмнің тұсаукесері мен мерекелік іс-шара Қазақстан мен БАӘ арасындағы мәдени байланыстарды нығайтып қана қоймай, халықаралық аудиторияға белсенді және денсаулыққа пайдалы өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
Айта кетейік, Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары Алматының барлық ауданында жұмыс істейді. Қалада 15 орталық бар: атап айтқанда, үш бөлімшесі бар қалалық белсенді ұзақ өмір сүру орталық және үкіметтік емес ұйымдардың 11 филиалы.
Соңғы екі жылда бұл орталықтарға келушілер саны 7 есе артты: 2022 жылы 833 адам болса, 2024 жылы 6 073 адамға жетті. Көрсетілетін қызметтер саны да 26 есеге өсіп, 12 мыңнан 313 мыңнан астамға ұлғайды.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары 40-тан астам тегін қызмет түрін ұсынады, оның ішінде білім беру бағдарламалары, тренингтер, дене шынықтыру, йога, би, сондай-ақ шығармашылық шеберханалар бар.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/930461
 
  Азия даму банкінің консультациялық миссиясымен әңгімелесу 01.02.2025
 Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың Азия даму банкінің консультациялық миссиясымен әңгімесі өтті.Әңгімеге Орталық, Батыс және Оңтүстік Африка елдері тобының директоры, ауыл шаруашылығы, азық-түлік, табиғат және ауылдық аймақтарды дамыту секторының кеңсесі (AFNR-SG) Я. Сиддики, АДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілдігінің директоры У. Кумар, Климаттың өзгеруі және табиғи капитал жөніндегі директоры (AFNR-SG) С. Ранавана және т. б. қатысты.Әңгімелесу барысында ұлттық деңгейде айқындалатын салымдар мен климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарын қоса алғанда, секторды дамыту саласындағы Үкіметтің жоспарланған жобалары, бастамалары мен басымдықтары негізінде АДБ-ның ынтымақтастығы мен қолдауының перспективалы салаларын айқындауға қатысты мәселелер талқыланды.Вице-министр Қазақстан үшін ерекше маңызы бар өңірлік білім алмасу және үйлестіру хабын құруға толығырақ тоқталды. Бұл хаб аймақ елдерінің күш-жігерін шоғырландырудың, озық тәжірибелермен алмасудың және тұрақты дамудың ұзақ мерзімді стратегияларын әзірлеудің маңызды құралы бола алады.Әңгімелесу тақырыптарының бірі «Мұздықтардан фермаларға» («Glaciers to Farms», G2F) бағдарламасын іске асыру болды және қазақстандық ғылыми және зерттеу ұйымдарын тартудың маңыздылығы атап өтілді. М. Ошурбаев атап өткендей, Қазақстанда мұздықтарды зерттеу, климаттық тәуекелдерді бағалау және су ресурстарын басқару технологияларын әзірлеу саласында айтарлықтай тәжірибе жинақталды. Жергілікті ұйымдардың қатысуы бағдарламаның ғылыми базасын өңірлік ерекшеліктерді терең түсінумен толықтыруға мүмкіндік береді және оның жергілікті жағдайларға табысты бейімделуін қамтамасыз етеді.Вице-министр атап өткендей, өңірлік ынтымақтастықты нығайту үшін Қазақстан 2026 жылы өңірлік Климаттық саммит өткізуге бастамашы болды.Бұл саммит Орталық Азия елдері мен халықаралық әріптестер үшін негізгі климаттық сын-қатерлерді талқылауға, күш-жігерді үйлестіруге және орнықты даму мәселелеріне бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге арналған алаңға айналады.Вице-министр Орталық Азия өңірлік экономикалық бағдарламасының (ОАӨЭБ) платформасын пайдалана отырып, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру арқылы саммит өткізуді қолдауға дайын екендігі үшін АДБ-ға алғысын білдірді.Әңгіме соңында тараптар одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/929153
 
  Ерболат Досаев Digital Almaty форумында инновациялық әзірлемелермен танысты 01.02.2025
   Алматы әкімі Ерболат Досаев Digital Almaty 2025 халықаралық цифрлық форумға қатысып, оның барысында қала басшысы инновациялық әзірлемелер, соның ішінде қазақстандық мамандардың жобалары ұсынылған стартап-аллея мен робо-аймақты аралап көрді.Мегаполис басшысы цифрлық трансформацияның жаңа жетістіктерімен танысты. «Индустрия X» аймағында қазақстандық технологиялық компаниялар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда енгізілген табысты жобаларды көрсетті. «Индустрия X» өндірістің әртүрлі салаларында тиімділікті, сапаны және өнімділікті арттыру үшін жасанды интеллектті қоса алғанда, озық технологияларды пайдалануды қамтиды.Орталық Азияның цифрлық хабы ретінде іс- қимыл жасайтын Алматы дәстүрлі түрде форум өткізілетін орынға айналды. Биылғы жылы іс-шараға 300-ден астам халықаралық сарапшылар қатысып, 40-тан астам панельдік сессия аясында экономиканың нақты секторында цифрлық технологияларды қолданудың табысты кейстері ұсынылады.Айта кетерлігі, Қазақстанның IT-компанияларының үштен бірі Алматыда шоғырланған. Қала басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылған ақылды қалаларды, жасанды интеллектті, үлкен деректерді және тұрақты дамуды қоса алғанда, негізгі бағыттардағы стартаптарды дамытуға және қолдауға бағытталған Алматының ІТ-экожүйесін дамыту бағдарламасының арқасында тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 19,2 млн АҚШ долларын құрады, ал стартаптардың жиынтық табысы 5,37 млрд теңгеге жетті. 2 049 жұмыс орны құрылды.Мегаполисте Almaty Cyber Games (ACG) жобасы сәтті дамып келеді, оның мақсаты - Алматыны өңірдегі киберспорт пен ойын индустриясының басты орталығына айналдыру. 2024 жылы ACG International Tencent Games 2024 бірлескен халықаралық турнирі өтті.Акселерациялық және инкубациялық бағдарламалар 309 стартапты сәтті аяқтады, оның 16-сы халықаралық нарықтардағы сатылымдарды растады.Сонымен қатар, Алматыда Қазақстанда алғаш рет қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін видеосараптама мен жасанды интеллект пайдаланылды. 2023 жылы әкімдік мемлекеттік білім беру және мектепке дейінгі мекемелерде кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізді. Алматының табысты тәжірибесін қабылдай отырып, еліміздің басқа өңірлері де осы технологияны енгізе бастады. Бірыңғай видеомониторинг жүйесінің жобасы аясында жыл соңына қарай бірыңғай желіге біріктірілген қалалық камералар саны 70 мыңға дейін ұлғаяды.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/929122
 
  «Жасыл даму» АҚ жанынан сараптамалық кеңес пен сараптамалық топтар құру туралы хабарландыру 01.02.2025
 «Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен қалдықтарды басқару, орнықты даму және біздің компанияның басқа да бағыттары саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін сараптамалық кеңес пен сараптамалық топтар (бұдан әрі - топтар) құруды жоспарлап отыр.Топтарды құрудың мақсаты – қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу саласындағы (EcoQolday) бастамаларды және өндірушілердің немесе импорттаушылардың қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдануы арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің орындалуын растау процестерін талқылау және тиімді шешімдер әзірлеу, тәжірибе алмасу үшін мамандарды, бизнес өкілдерін, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды біріктіру.Мүдделі тараптарды топтардың жұмысына қатысуға шақырамыз. Өтінім беру және қосымша ақпарат алу үшін 8 7172 62 06 60 телефоны немесе ecoqolday@recycle.kz электрондық поштасына хабарласуыңызды сұраймыз.Өтінімде жауапты тұлғаның аты-жөні, жұмыс орны, қызмет саласы және байланыс деректері көрсетілуі керек.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/928425
 
  «Мұздықтардан фермаларға» бағдарламасына арналған семинар 01.02.2025
 2025 жылғы 30-31 қаңтарда Астана қаласында Жасыл климаттық қордың қолдауымен Азия даму банкі іске асыратын «Мұздықтардан фермаларға» (G2F) бағдарламасына арналған семинар өтуде.Бағдарлама Су ресурстарын кешенді басқару, ауыл шаруашылығында тұрақты суару әдістері мен инновациялық технологияларды енгізу мәселелерін қамтиды.Семинар Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Армения, Грузия, Пәкістан және халықаралық ұйымдардың өкілдерін аймақтық деңгейде фермерлерді қорғау, тұрақты сумен жабдықтау және азық-түлік қауіпсіздігі үшін сенімді негізді қамтамасыз ету мәселелерін талқылау үшін жинаған басты оқиға болды.Е. Нысанбаев семинар шеңберінде аймақтық кеңестер өткізудің маңыздылығын атап өтті, ол халықаралық ұйымдармен және қатысушы елдермен өзара іс-қимыл арқылы 2026 жылы БҰҰ қамқорлығымен Өңірлік Климаттық саммитке апаратын жолға негіз болады.Министр сонымен қатар мұздықтарды мониторингілеу және бейімделу стратегияларын әзірлеу мәселелері бойынша ЮНЕСКО қамқорлығымен Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының шешуші рөлін атап өтті.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/928145
 
  Алматыда қар: коммуналдық қызмет жолға реагент сеуіп, 450-ден астам арнайы техника шығарды 01.02.2025
 Алматы қаласында таңғы сағат 5-тен бастап қар жауа бастады, ол 1 ақпанға қараған түнге дейін жалғасады. «Қазгидромет» РМК болжауынша жауын-шашын мөлшері 8-9 мм-ге дейін жетуі мүмкін.Көктайғақтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар жауар алдында жолдар 180 м³ сұйық реагентпен өңделді. Жолға құм-тұз қоспасын себуге 152 арнайы техника жұмылдырылды, сағат 17:00-дегі жағдай бойынша 1250 тонна көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды.Қардың жиналып қалуын тездетіп жою үшін қауіпті жол учаскелерінде, түсу және көтерілу аймақтарында, жолайрықтардың бұрылыс бөліктерінде 46 жедел бригада күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Олар тәулік бойы кезекшілік етуде.Күндізгі уақытта қар тазалау жұмыстарына 455 бірлік арнайы техника және 1060 жол жұмысшысы тартылды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолдарын, қоғамдық орындарды, қоғамдық көлік аялдамаларын және жерүсті өткелдерін механикаландырылған тазалау үшін 95 бірлік шағын көлемді техника қолданылады.Қаланың барлық аудан әкімдіктерінде қар күреу жұмыстарын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.«Қазгидромет» мәліметінше, бүгін қар кейде орташа қарқынмен жауып, кешкі 20:00-ге дейін 5-6 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Қар 31 қаңтар күні тағы жауып, тағы 3 мм қосымша жауын-шашын түсуі ықтимал.30 қаңтар күні ауа температурасы шамамен 0°С болады. 31 қаңтарға қараған түні температура -6…-8°С-қа дейін төмендеп, күндіз -2…-4°С аралығында сақталады.Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын жолда мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жол жүру кезінде ауа райын ескеруге шақырады.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/928176
 
  Алматы метрополитенінде уақытша қоршауларды орнату жайлы айтылды 01.02.2025
 Алматы метрополитенінің бекеттерінде жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру үшін уақытша қоршауларды орнату жұмыстары басталды.«Қолданыстағы бекеттерді жобалау кезінде метрополитен нысандарын салуды реттейтін нормативтік құжаттарда платформаларға автоматты жылжымалы есіктер орнату көзделмеген болатын. Бұл құжаттарға өзгеріс тек 2022 жылы енгізілді. Біз жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан осы үдерісті қалай ұйымдастыруға болатынын ойладық. Бұл жүйелі тәсілді қажет етеді, сондықтан қазіргі уақытта салынып жатқан және жобаланатын бекеттерде платформалық қоршаулар орнату қарастырылған», – деді Алматы метрополитенінің директоры Алмасбек Орынбеков.Қоршаулар вагондардың арасындағы кеңістікті шектеу үшін орнатылады және метрополитеннің пайдалану шығыны есебінен жүзеге асырылады, яғни бюджет қаражаты тартылмайды. Бұл жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған уақытша шешім, ол тұрақты платформалық есіктер (screen doors) орнатылғанға дейін қолданылады.«Қазіргі уақытта біз вагондар арасындағы уақытша бөлу конструкцияларын монтаждауды жалғастырудамыз, сонымен қатар сынақ іс-шараларының кешенін жүзеге асырып жатырмыз. Желіде мен композицияны тоқтату кезінде бөлімдердің бірі вагонаралық кеңістікке қатысты ығыстырылған фотосуретті көрдім. Осы эпизодты тағы да тест процесінің бір бөлігі екенін түсіндіргім келеді. Мұндай жағдайлар мұқият талданады. Жұмыс процесі тоқтамайды-инженерлер жүйенің жұмысын қамтамасыз ету үшін монтаждау жұмыстарын көпсатылы тексерулер арқылы синхрондайды», - деп сөзін жалғастырды Метрополитен директоры.Оның айтуынша, алдымен тот баспайтын жылтыр металдан жасалған тіректер орнатылады, кейіннен оларға соққыға төзімді шыңдалған шыныдан жасалған қоршаулар бекітіледі. Бұл жұмыстар жақында аяқталады деп жоспарланып отыр.«Автоматтандырылған платформалық қоршауларды орнату ұзақ уақытты қажет етеді, өйткені ол үшін жобалау, техникалық-экономикалық негіздеме, қаржыландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу қажет. Осыған байланысты жолаушылардың қауіпсіздігі үшін уақытша металл қоршаулар орнатылып жатыр», - деп сөзін түйіндеді Алмасбек Орынбеков.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/927915
 
  Н. Сац атындағы театрдың алдағы реконструкцияға қатысты пікірі 01.02.2025
 Алматыда Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары жақында басталады. Реконструкциялау жобасы мемлекеттік сараптамадан өтті, қала әкімдігі құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымды анықтау үшін байқау жариялады.          Алматының Құрылыс басқармасы жобада қандай шешімдер қарастырылғанын және оны жүзеге асыруға не үшін 21,7 млрд теңге бөлінгенін түсіндірді.            «Ғимарат 1980-жылдары салынған және содан бері оған ешқашан күрделі жөндеу жүргізілмеген. Театр ұжымы ғимараттың мүшкіл жағдайына қоғамның назарын бірнеше рет аударған. Қала әкіміне жүгінгеннен кейін ол мегаполис үшін маңызы зор нысанды реконструкциялауға тапсырма берді. Техникалық зерттеу барысында жабдықтардың, инженерлік желілердің, шатырдың, қасбет тақталарының және ішкі әрлеу жұмыстарының едәуір тозғаны анықталды. Шатырдан аққан су сахна мен көрермен залына дейін жетеді, қасбеттің тақталары құлап, жүргіншілерге қауіп төндіріп отыр, ал ескі электр сымдары өрт қаупін тудырады. Қазіргі таңда ғимарат қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді және эстетикалық көрінісін жоғалтқан», – деді басқарма басшысы Алмас Шабдарбаев.            Реконструкциялау жобасы қоғам өкілдері мен сарапшылар арасында кеңінен талқыланды. Жобаға сәйкес, тірек құрылымдары нығайтылады, шатыр мен қасбет тақталары ауыстырылады, барлық инженерлік коммуникация жаңартылады. Ғимарат толық автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталады. Сондай-ақ, театр жабдықтары, сахна, жарықтандыру толықтай жаңартылып, орындықтар арасындағы өтпелер кеңейтіліп, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасалады.          «Ғимарат жергілікті маңызға ие тарихи және мәдени ескерткіш болғандықтан, оның сәулет элементтерін қалпына келтіру мен сақтауға ерекше назар аударылды. Мысалы, бастапқы жобаға сәйкес, холлдың еден жабынының тарихи келбеті мен ғимараттың фойесіндегі мозаика да қалпына келтіріледі», – деді басқарма басшысы.Бұл жұмыстардың барлығы 14,6 мың шаршы метр болатын қолданыстағы ғимаратты реконструкциялау жұмыстары аясында жүргізіледі.Сонымен қатар, жанында 10 мың шаршы метрлік үш қабатты жаңа ғимарат салынады. Жаңа ғимаратта 200 орындық сахнасы бар зал, грим бөлмелері, шеберханалар мен цехтарға арналған бөлмелер, декорацияларды сақтауға арналған қоймалар, көркемдік жетекші қызметкерлерге арналған кабинеттер, балалар театр студиясына арналған оқу сахнасы мен сыныптар орналасады. Екі ғимаратты галереялық өткел байланыстырады.Театр – кеңсе ғимараты емес, сондықтан оның жарықтандыру жабдықтары, дыбыс аппаратурасы, желдету және кондиционерлеу жүйелері, декорация механизмдері бар сахналар сияқты арнайы техникалық жүйелерді орнатуды қажет етеді. Акустика мен жарықтандыруды монтаждау ерекше күрделі жұмыстың бірі. Театр – бұл құрылым мен техникаға үлкен жүктеме түсетін орын, сондықтан жабдықтау қатаң стандартқа сай болуы тиіс, бұл актерлердің, техникалық қызметкердің және көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.        «Бөлінген қаражаттың құрылымын қарасақ, екі ғимаратты заманауи жабдықпен толық қамтамасыз етуге шамамен 6 млрд теңге қажет. Қолданыстағы ғимаратты реконструкциялауға 6 млрд теңге және жаңа ғимарат салуға шамамен 9 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар, екі ғимаратты байланыстыратын галерея салынады, сыртқы желілер ауыстырылады және іргелес аумақты көгалдандыру мен көркейту жұмыстары жүргізіледі. Бұл ауқымды жоба, жұмыс аяқталғаннан кейін театр қаланың шығыс бөлігінде тұрғындар жиі келетін орынға айналады деп сеніммен айтуға болады», – деді Алмас Шабдарбаев.          Айта кетейік, негізгі ғимараттың реконструкциялау жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, ал жобаның толық аяқталуы 2026 жылдың бірінші тоқсанына белгіленген.   Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/927922
 
  Метан шығарындыларын реттеу семинары: көмір секторына назар аудару 01.02.2025
 2025 жылғы 30 қаңтар метан шығарындыларын реттеу семинарының екінші күні. Көмір секторы, оның қиындықтары және метан шығарындыларын азайту перспективалары басты назарда.Талқылау барысында көмір өнеркәсібіндегі метан шығарындыларының проблемалық мәселелерін шешу бойынша тәжірибелер ұсынылды, саланы реттеу перспективалары мен қолдау шаралары қаралды. Шығарындыларды бақылаудың заманауи технологияларына, соның ішінде спутниктік бақылау мен қашықтықтан зондтауға ерекше назар аударылды.Семинарға Таза ауа жөніндегі нысаналы топтың (CATF), БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің және көмір секторының өкілдері қатысты. Сарапшылар мен қатысушылар халықаралық тәжірибемен алмасып, көмір секторында метан шығарындыларын реттеудің тиімді тетіктерін дамытудағы одан арғы қадамдарды талқылады.Семинар нәтижелері Қазақстанда метан шығарындыларын азайту бойынша болашақ саясаттар мен бастамаларды әзірлеу үшін негіз болады.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/928092
 
  Астанада «Қазақстандағы метан шығарындыларын реттеу» тақырыбында семинар өтті 01.02.2025
 Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Таза ауа жұмыс тобы (CATF) және Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) ұйымдастырған «Қазақстандағы метан шығарындыларын реттеу» тақырыбында семинар өтті.Оқиға. Президент Әкімшілігінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Энергетика министрліктерінің жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ мұнай-газ бизнесінің жетекші өкілдері қатысты.Семинардың басты назары мұнай-газ саласындағы мәселелерге арналды. мұнай-газ саласындағы метан шығарындыларын реттеу, оның ішінде нормативті-құқықтық базаны әзірлеу, шығарындылардың мониторингі, ағып кетуді анықтаудың озық технологиялары мен оларды азайту әдістерін енгізу.ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев. өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан метан жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосыла отырып, климаттың өзгеруіне қарсы күресте өзінің жауапкершілігін сезінетінін және метан шығарындыларын азайту үшін халықаралық серіктестермен белсенді ынтымақтастықта екенін атап өтті.Семинарда озық халықаралық тәжірибелер, сондай-ақ перспективалар талқыланды. халықаралық ұйымдармен және бизнес-қоғамдастықпен тиімді тетіктерді енгізу саласындағы ынтымақтастық үшін реттеу.Семинар тәжірибе алмасу және метан шығарындыларын азайту саласындағы Қазақстан алдында тұрған негізгі міндеттерді талқылау, сондай-ақ елдегі экологиялық саясатты жетілдіру бойынша одан әрі қадамдарды анықтау үшін маңызды алаң болды.< /p>Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/927409
 
  Алматының Алмалы ауданында «ХҚБ» бағдарламасы бойынша 23 аула жөнделеді 01.02.2025
 2025 жылы Алмалы ауданында «Халық қатысатын бюджеті» бағдарламасы аясында 45 жоба іске асырылатын болады, оның ішінде 23 аула абаттандырылады.Абаттандыру аясында балалар мен спорт кешендері жаңартылады, жайлы орындықтар орнатылады және аулаларды безендіретін жаңа элементтер пайда болады.Сондай-ақ, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша 18 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ірі жобалардың бірі Жібек жолы даңғылының Назарбаев даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейінгі жаяу жүргіншілер аймағын және Мүсірепов театры жанындағы алаңды күрделі жөндеу болып табылады. Осы мақсаттар үшін биыл жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарлануда. Жөндеуді 2025 жылдың қараша айының соңында аяқтау жоспарлануда.Алматылықтардың сүйікті орындарының бірі - Абылай хан даңғылы мен Маметова көшесі қиылысында орналасқан Иманов атындағы сквер. Сквердің жанында Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театры, университеттер, денсаулық сақтау және білім беру нысандар орналасқан. Сквер қала тұрғындары арасында тартымдылық пен танымалдылыққа ие. Айта кетейік, өткен жылы жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша иттерді серуендетуге арналған алаң салынды.«Халық қатысатын бюджет» жобасы қалалық инфрақұрылымды жақсартуға және Алматының барлық тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға көмектеседі. Бағдарламаның тиімділігі мен тұрғындардың қызығушылығын ескере отырып, Алматы әкімдігі оның дамуын қолдауға ниетті. Биыл «ХҚБ» жобаларына қала бюджетінде 17,1 млрд теңге қарастырылған.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/927227
 
  Консультативтік миссия шеңберінде Азия даму банкінің өкілдерімен кездесу 01.02.2025
 Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев Азия даму банкінің (АДБ) Қазақстандағы консультациялық миссиясы шеңберінде АДБ өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында «мұздықтардан фермаларға» (G2F) жобасы аясындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілері талқыланды.Естеріңізге сала кетейік, СОР29-да Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Азия Даму Банкі, Жасыл климаттық қоры, мұздықтар және трансшекаралық ынтымақтастық жөніндегі әріптестік туралы Декларацияға қол қойды.Мәселен, 2025 жылғы 30-31 қаңтарда Астана қаласында қаржыландыру тетіктерін, басым инвестицияларды іріктеу критерийлерін және табиғи ресурстарды басқарудың инновациялық тәсілдерін енгізуді талқылауға арналған семинар өтеді. Мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми топтардың және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысады деп күтілуде.Семинар қатысушыларға тәжірибе алмасу, инновациялық шешімдерді талқылау және экологиялық тұрақтылықты жақсартуға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды әзірлеу үшін платформа ұсынады. Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/926191
 
  Қазақстан мен Жапония арасындағы JCM бірлескен комитетінің бірінші отырысы 01.02.2025
 Бүгін Қазақстан мен Жапония арасындағы JCM (Joint Crediting Mechanism) Бірлескен комитетінің бірінші отырысы өтті. Бұл тарихи оқиға климаттың өзгеруіне қарсы екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болып отыр.Отырысқа Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Ерлан Нысанбаев, сондай-ақ Жапонияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ясумаса Ииджима және ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев қатысты.Кредиттеудің бірлескен механизмі (JCM) Париж келісімінің 6-бабында қарастырылған құрал болып табылады, ол көміртегі ізін азайтуға және озық технологиялармен алмасу және бірлескен жобалар арқылы тұрақты дамуға ықпал етуге бағытталған.2023 жылы Қазақстан мен Жапония JCM бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды, ол қазақстандық кәсіпорындарда инвестициялар тарту және заманауи жапон технологияларын енгізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.Отырыста JCM іске асыруға дайындықтың негізгі нәтижелері ұсынылды, соның ішінде:• JCM Бірлескен комитетінің тең төрағаларын бекіту,• ережелер мен нұсқаулықтарды бекіту,• JCM Бірлескен комитетінің хатшылығы мен бақылаушыларын бекіту.Қатысушылар сонымен қатар парниктік газдар шығарындыларын азайту саласындағы перспективті жобаларды, сондай-ақ JCM механизмі шеңберінде көміртегі кредиттерін беру тәртібін талқылады.Бірлескен комитет одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге және жобаларды іске асыруға дайын екендігін растады.       Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/926218
 
  Швейцария Федералды департаментінің даму және ынтымақтастық агенттігінің делегациясымен кездесу 01.02.2025
 Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Әлиев Швейцарияның ҚР-дағы Елшісі С. Балмен және Швейцария Федералдық департаментінің даму және ынтымақтастық агенттігінің делегациясымен кездесті.Кездесудің негізгі мақсаты-Blue Peace Central Asia аймақтық бастамасымен таныстыру (ВРСА), негізгі стратегиялық бағыттарды ұсыну, әлеуетті арттыру және зерттеу, деректермен алмасу және диалогтық платформалар.Қазақстандық тарап су тасқынын модельдеу және осы бағыттағы кадрларды даярлау үшін ақпараттық жүйені әзірлеу бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.Вице-министр өз сөзінде жер үсті және теңіз суларының сапалық жай-күйін мониторингілеу, сондай-ақ су тасқынын болжау бойынша тәжірибе және озық технологиялармен алмасу жолымен ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.Сондай-ақ, ЭТРМ өкілдері Швейцарияның Федералдық департаментінің даму және ынтымақтастық агенттігінің өкілдеріне Қазақстан Париж келісімі мен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының тарапы бола отырып, белсенді климаттық саясат жүргізіп жатқанын хабарлады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар күш-жігерді біріктіру және ресурстарды шоғырландыру экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/925685
 
  Алматыда ұзақмерзімді ірі құрылыс нысанын бұзу басталды 01.02.2025
 Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы әл-Фараби даңғылының солтүстігінде, Меңдіқұлов бульварының батысында аяқталмаған көпдеңгейлі паркингті бұзу туралы хабарлайды.2007 жылы «СЕРТ» АҚ жалға алу учаскесінде 5 деңгейлі паркинг салуға кіріскен еді.2009 жылдың аяғынан бастап құрылыс-монтаж жұмыстары 1-2 қабат деңгейінде тоқтап қалды.2015 жылы уақытша жер пайдалану құқығы да тоқтатылды, содан кейін «Сейсмостройзащита» ЖШС мамандары объектінің тірек және қоршау конструкцияларына тексеру жүргізді.Сарапшылар негізгі тірек конструкцияларының техникалық жай-күйі туралы қорытынды берді, зерттеу нәтижелері бойынша қолданыстағы конструкцияларды бөлшектеу ұсынылды.Басқармадан кейін сотқа аяқталмаған объектіні бұзу туралы талап арыз берілді. Соттың 2018 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен талап - арыздар қанағаттандырылды.Аяқталмаған нысанды бөлшектеу бүгін басталды. Айта кету керек, бұл Медеу ауданында бөлшектелген екінші нысан.Сондай-ақ, соттың шешімі бойынша Радлов көшесі, 9/1 учаскесі бойындағы аяқталмаған ғимаратты бұз да басталды.Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысты бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 65 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған болатын.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/925506
 
  Алматыда 2024 жылы 118 көппәтерлі үй және 54 ғимараттың лифтісі жаңартылды 01.02.2025
 2011-2024 жылдар аралығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2266 көппәтерлі тұрғын үй (КТҮ) қамтылды, оның ішінде 1188 үй шатырды, қасбеттерді, кіреберістерді қалпына келтіруді, сондай-ақ инженерлік желілер мен электрмен жабдықтауды жаңартуды қоса алғанда, күрделі жөндеуден өтті.Сонымен қатар, 1078 үйде 2257 лифт ауыстырылды, бұл тұрғындар үшін жайлылық пен қауіпсіздікті едәуір арттырды. Бұл өзгерістер қала тұрғындарының өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға ықпал етіп, оларды жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру жағдайымен қамтамасыз етті.Өткен жылы бағдарлама аясында 118 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ 54 үйде 100 бірлік лифт жабдығы ауыстырылды.Бағдарлама ескі тұрғын үйлердің қызмет ету мерзімін ұзартуға ғана емес, сонымен қатар энергия тиімділігін арттыруға және коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.ТКШ жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы аясында үйлердің тұрғындары жөндеу жұмыстарының барлық түрлері қарастырылған өтінім бере алады. Ол үшін сайлаушылардың 51% дауысын жинап, өтініш беру керек. Жөндеу құны коммуналдық төлемдерге кіреді және қайтарымды негізде мемлекет өтейді.Райымбек, 245 мекенжайы бойынша жаңарту бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілді, оған сылақты сұйық мәрмәрмен ауыстыру, қабырғаларды бояу, едендерді жаңарту және ескі плиткаларды ауыстыру кірді.«Жөндеу өте заманауи және сапалы болды, біз жұмыс бағдарламасына ризамыз», - деп атап өтті «245 үйдің» ОСК басқарма төрағасы Әсем Қасенова әрі командаға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп.https://www.instagram.com/reel/DEfy2RdM997/?igsh=aXprMTNieTYxMXlp «Тұрғын үй» бағдарламасының жұмысы мен нәтижелерімен Instagram-дағы парақшасында үнемі бөлісіліп тұрады, онда күрделі жөндеуден өткен пәтерлердің, үйлердің көптеген иелері өздерінің өмір сүру жағдайларында айтарлықтай жақсарғанын атап өтуге болады.Instagram: https://www.instagram.com/almaty_turgin_uy?igsh=dXV0dWFtNmV6YzZm 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасына қалай қатысуға болады?* Басқару органының өтініші.* Жиналғандардың 51% келісімімен жиналыс хаттамасы.* Ақаулы акт және алдын ала смета.* Меншік құқығы туралы анықтама.* Пәтерлердің ауданы көрсетілген құжат.* Басқару органының құрылтай құжаттары.* Үйдің техникалық паспортының көшірмесі.* Құжаттарды үйіңіздің басқару органына тапсыру.Өтініш бергеннен кейін мамандар ғимараттың жағдайын бағалайды және жаңарту нұсқаларын ұсынады.Бағдарламаның артықшылықтары: кепілсіз 15 жылға дейін бөліп төлеу, үйдің жағдайын жақсарту, коммуналдық шығындарды азайту, жылжымайтын мүлік құнын арттыру.Кеңес беру үшін байланыс:Телефон: +7 727 225 14 62WhatsApp: +7 (701) 823-66-67Мекенжайы: Алматы қ., Ғабдуллин көшесі, 90А, 8 кабинет.Ақпарат көзі :  https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/925135