Технология
Қазақстан мен БҰҰДБ ынтымақтастықтың 2026-2030 жылдарға арналған басымдықтарын айқындады 14.11.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесті. Тараптар бірлескен жұмыс қорытындылары мен 2026-2030 жылдарға арналған елдік бағдарламаның басты бағыттарын талқылады.Катаржина Вавьерниа Қазақстанмен көпжылдық әріптестіктің маңыздылығын және жасыл қаржыландыруды дамытуға, БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуге және өңірлердің әлеуетін нығайтуға бірлескен бастамалардың қосқан үлесін атап өтті. Одан арғы жұмыстың бастыларының ішінде ол өңірлік экономикалық дамуды, жоспарлауды цифрландыруды, бизнес өнімділігін арттыруды және ауыл экономикасын әртараптандыруды атап өтті.Жаңа елдік бағдарлама аясында БҰҰДБ экономикалық даму мен фискалдық тұрақтылыққа өңірлік тәсілді күшейтуді ұсынады. Атап айтқанда, өңірлердің кірістері мен шығыстарын талдау және жергілікті бюджеттердің кіріс базасын нығайту әдісін пысықтау жоспарлануда.Тағы бір бағыт – өңірлік жоспарлауды цифрландыру. БҰҰДБ өңірлердің перспективалық өсу нүктелерін, инфрақұрылымдық қажеттіліктерін және инвестициялық басымдықтарын айқындау үшін геоэкономикалық модель әзірлеуді ұсынады. Сондай-ақ басқару шешімдерін қабылдау кезінде аумақтардың әлеуеті туралы деректерді пайдалануға мүмкіндік беретін цифрлық құралдарды дамыту жоспарлануда.Бағдарлама шағын және орта бизнесті қолдауды, кәсіпорындардың өнімділігі мен жұмыспен қамту сапасын арттыруды көздейді. Өңірлерде ШОБ өндірістік кластерлерін дамыту модельдерін сынақтан өткізу ұсынылады. Ауылдық жерлерде экономиканы әртараптандыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді кеңейтуге және халықтың табысын арттыруға баса назар аударылады. Сонымен қатар тараптар экономиканың болашақ сұраныстарын ескере отырып, еңбек ресурстарына қажеттілікті болжауды жетілдіруді талқылады.БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге, оның ішінде ОДМ-ны мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттеу жүйесін интеграциялауға, өңірлік көрсеткіштерді жетілдіруге, сондай-ақ климаттық және су мәселелеріне ерекше назар аударылды.Серік Жұманғарин БҰҰДБ-мен одан арғы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның өңірлік бастамаларға және жасыл қаржыландыруды дамытуға мүдделілігін атап өтті. Тараптар сондай-ақ өңірлердің қаржы құралдарына, оның ішінде халықаралық кредиттік рейтингтер есебінен қол жеткізуін кеңейту мүмкіндігін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1315604?lang=ru
Серік Жұманғарин Ленинград облысының губернаторымен өнеркәсіп және АӨК салаларындағы жаңа жобаларды талқылады 06.11.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденкомен кездесті. Жиында тараптар өзара сауданы дамыту, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі ынтымақтастық, сондай-ақ көлік логистикасы мәселелерін талқылады.Биылғы 8 айда Қазақстанның Ленинград облысымен тауар айналымы 2,5%-ға өсіп, $257,9 млн болған.Тараптар агроөнеркәсіп кешенінін келешегі зор бағыттардың бірі ретінде атап көрсетті. Қазақстан сүт бағытындағы мал шаруашылығы, селекция, азық-түлік өндірісі және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуде бірлескен жобаларды дамытуға мүдделі. Ленинград облысының осы бағыттардағы тәжірибесі кооперацияны кеңейту және шикізатты қайта өңдеу көлемін арттыру үшін негіз бола алады.Өнеркәсіп кооперациясына және өндірістерді локализациялауға ерекше назар аударылды. Машина жасау, химия өнеркәсібінде, жабдық пен құрылыс материалын өндіруде бірлескен жобалардың әлеуеті зор. Сондай-ақ Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар өндіру үшін шикізат жеткізу және заманауи органикалық тыңайтқыштар шығару жобасы талқыланды.Көлік логистикасы маңызды тақырыптардың біріне айналды. Александр Дрозденко аймақтың Ленинград облысының порттары арқылы қазақстандық жүктерді тасымалдауға арналған ұзақмерзімді келісімшарттарға мүдделі екенін атап өтті. Тараптар сондай-ақ теміржол транзиті мәселелерін және жүк тасымалының тұрақтылығын арттыру қажеттігін талқылады.Бұдан басқа, атом саласындағы ынтымақтастық перспективалары, оның ішінде салалық мамандар даярлау мәселесі қарастырылды.Серік Жұманғарин келісімдерден нақты жобаларға көшудің маңыздылығын атап өтіп, екі өңірдің кәсіпорындары арасындағы тікелей байланыстарды жандандыруды ұсынды.«Біздің міндетіміз – өзара сауданы кеңейту, бірлескен өндірістерді дамыту және екі тарапқа да нақты пайда әкелетін бастамаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау», — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрдің орынбасары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1314088?lang=ru
Қазақстанда бизнес субъектілерінің саны үштен біріне артты 18.10.2026
Еліміздегі кәсіпкерлік қызмет оң динамиканы сақтауда, сондай-ақ сыртқы және ішкі экономикалық өзгерістерге тұрақтылық көрсетуде. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Атап айтқанда, ол өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ескергенде кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 32,5%-ға артып, 3,2 млн-ға жеткенін баяндады. Жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін кәсіпкерлердің – қосымша құн салығын төлеушілердің саны 28%-ға өсті. Азаматтардың көлеңкелі экономикадан шығуы үшін жағдайлар жасалды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимінде 981 мың адам тіркелді, олардың 807 мыңы алғаш рет салық есебіне тұрды.«2026 жылғы тоғыз айда 277 мың жаңа кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде 34,7 мың заңды тұлға және 242,3 мың жеке кәсіпкер. Осы кезеңде 19,7 мың заңды тұлға және 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды. Бұл ретте жеке кәсіпкерді тіркеуді тоқтату экономикалық қызметтің іс жүзінде тоқтауын білдірмейді. Жабылған 356 мың жеке кәсіпкердің 42,6%-ы 2025 жылы табыс таппаған, ал 20,8%-ы өз қызметін жалғастыра отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне көшкен», — деп атап өтті вице-премьер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1310108?lang=ru
Қазақстанда жылдық инфляция қыркүйек айының қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін баяулады 18.10.2026
Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп инфляцияны төмендету бойынша шараларды іске асыруды жалғастыруда. Жылдық инфляция ағымдағы жылғы тамыздағы 9,8%-дан қыркүйектің қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін баяулады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады. Оның айтуынша, инфляцияның баяулауына негізгі үлесті азық-түлік тауарларына баға өсу қарқынының төмендеуі. Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы айлық мәнде 0,1%-ға төмендеді. «Инфляцияны тежеу – Үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі жұмысының бір бағыты болып саналады. Инфляцияның баяулауы аясында осы жылдың екінші тоқсанында халықтың нақты ақшалай табысы бірінші тоқсандағы 0,1%-дан 0,7%-ға дейін өсті», — деді вице-премьер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1310100?lang=ru
Жеке инвестициялар 18,2%-ға өсіп, Қазақстан экономикасына негізгі үлесті қамтамасыз етті 18.10.2026
Инвестициялар өсудің драйвері болып қала беруде. Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға инвестициялар 16,1 трлн теңгені құрап, 7%-ға өсті. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.«Ерекшелігі – инвестициялар өсуінің негізгі факторы жеке инвестициялар болып саналады, олар 18,2%-ға ұлғайды», — деді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.Жеке инвестициялардың үлесі 85,7%-ды құрады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $9,4 млрд-ты құрады. Өңдеу өнеркәсібінде – 40,1%-ға, құрылыста – 32%-ға, ақпарат және байланыста – 29,2%-ға, денсаулық сақтауда – 20,4%-ға, ауыл шаруашылығында – 9,1%-ға айтарлықтай өсім байқалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1310089?lang=ru
Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,2%-ды құрады 18.10.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында осы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы баяндады. Оның деректері бойынша өсім шикізатқа қатысты емес сектор есебінен қамтамасыз етілді, бағалау бойынша 5,4%-ға өсті.«Қазақстан экономикасы өсуін жалғастыруда және оң динамиканы көрсетуде. Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 4,2%-ды құрады. Экономиканың өсуі шикізатқа қатысты емес сектор есебінен қамтамасыз етілді, ол бағалау бойынша 5,4%-ға өсті. Салалар арасында құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік қызметтері және сауда ең жоғары қарқын көрсетуде. Осы салалардың жалпы ішкі өнімнің өсуіне қосқан жиынтық үлесі 75%-дан асады», — деп атап өтті вице- премьер.Серік Жұманғарин экономиканы кезең-кезеңімен әртараптандырудың нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім құрылымындағы мұнай өндіру үлесі 7,8%-ға дейін қысқарғанын атап өтті. Осы жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің үлесі 14,1%-ға дейін ұлғайды, ал тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 12,4%-ды құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1310074?lang=ru
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты 09.10.2026
Алматы қаласына және Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ұлттық қор қаржысы салынған ірі инфрақұрылымдық, әлеуметтік және коммуналдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлінуде. Тек биылдың өзіне қаралған 1,5 трлн теңге қаржының шамамен 60–70%-ы денсаулық сақтау саласына бағытталған.Жұмыс сапары кезінде Премьер-министрдің бірінші орынбасарына Алматы халықаралық әуежайының инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспары таныстырылды. Жоспарда терминал және ұшу-қону инфрақұрылымын жаңғырту, жаңа рульдеу жолағын, жүк перронын салу және сервистік нысандарды дамыту көзделген.Мамыр айындағы сапарында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Алматы қаласының әкімімен бірге әуежайдағы жұмыс сапасын, оның талаптарға сай келмейтін кемшін тұстарын сынға алып, мердігер мекемеге нақты міндеттер жүктеген болатын. Осы жолы сол кезде берілген тапсырмалардың орындалу деңгейіне баса назар аударылды.Одан кейін 8 шақырымдық Р-17 «Алматы – Талғар – Бәйдібек би» автожолының төрт жолаққа дейін кеңейтілуі жоспарланған аумақты, «Алматы – Бішкек» автожолының 7 шақырымын қайта жаңғырту жобасын қарап шықты. Мұнда жол төрт жолақтан сегіз жолаққа дейін кеңейтіліп, екі жолайрық және тоғыз жерүсті жүргінші өткелі салынады. Жоба Алматы мен қала маңындағы негізгі бағыттардың бірінің көлік қозғалысын жеңілдетіп, жол инфрақұрылымының мүмкіндігін кеңейтеді.Келесі нысан – Қалқаман шағын ауданындағы №7 қалалық клиникалық аурухана. Ол жаңартудан кейін 900 орындық болады. Жоба аурухана корпустары мен инженерлік жүйелерін жаңартуды, құрылымдарды күшейтуді және заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыруды қамтиды.Нұрлыбек Нәлібаев республикалық бюджет қаражаты мен алдағы жылға жоспарланған қаржыландыруды ескере отырып, қаланың денсаулық сақтау саласына 196 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.«Мемлекет басшысы қаражаттың 60–70%-ын дәл осы денсаулық сақтау нысандарын салуға бөлуді тапсырды, өйткені халыққа бірінші кезекте заманауи медициналық инфрақұрылым қажет. Енді осы қаражатты игеріп, барлық жұмысты дер кезінде аяқтап, нысандарды халық игілігіне беру керек. Бұл – Премьер-министрдің де бақылауындағы аса маңызды жобалар», — деді Нұрлыбек Нәлібаев.Сапар барысында Саин көшесін Алматы қаласының шекарасынан Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту жобасы да қаралды. Жаңа аумақтың ұзындығы 6,6 шақырым, жоба бойынша жол, инженерлік коммуникациялар және теміржол үстінен өтетін жол өткелі салынады. Бұл қаланың Қарасай ауданымен және ҮАААЖ арқылы көлік байланысын жақсартады.Бүкіл агломерация үшін маңызы бар тағы бір жоба – Алматының батыс кәріз коллекторы. Негізгі учаскенің ұзындығы 35 шақырым, бүгінде 17,9 шақырым құбыр тартылған. Жоба аяқталғаннан кейін Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының, сондай-ақ Алматы облысының іргелес аумақтарының шамамен 200 мың тұрғыны орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.Бұдан кейінгі нысан – 3,4 шақырым Абай даңғылын ҮАААЖ-ға дейін ұзарту жобасы. Оның мақсаты – жол, Ақсай өзені арқылы көпір және ҮАААЖ үстінен жол өткелін салу. Жаңа аумақ Алматыдан шығатын қосымша бағыт қалыптастырып, Қарасай ауданымен көлік байланысын тиімді етеді.Алматының әлеуметтік нысандарымен танысу Сейфуллин көшесіндегі 155 орындық №1 қалалық перзентханаға және Әйтеке би көшесіндегі бір ауысымда 500 келуші қабылдауға есептелген емханаға барумен жалғасты.Аталған нысандарда тек қала тұрғындарына ғана емес, бүкіл агломерацияға қызмет көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1308028?lang=ru
Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты үш жылда алғаш рет профицитке шықты 09.10.2026
Ұлттық банктің мәліметінше, 2026 жылдың І жартыжылдығында Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты 2,4 млрд доллар немесе ЖІӨ-нің 1,6% профицитімен қалыптасты.Салыстыру үшін: 2025 жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы шоттың тапшылығы 13,1 млрд доллар. Жақсартудың негізгі факторы экспорттың импортқа қарағанда өсу қарқынынан озып кету болды.Ағымдағы шоттың профициті нені білдіредіТөлем балансының ағымдағы шоты елдің сыртқы экономикалық операцияларын, соның ішінде тауарлар мен қызметтердің саудасын, кірістер мен ағымдағы трансферттердің қозғалысын көрсетеді.Профицит ағымдағы операциялар бойынша түсімдер шетелдегі төлемдерден асып түсетінін білдіреді. Бұл экономиканың сыртқы қаржыландыру қажеттілігін азайтады.Төлем балансының динамикасы2016-2025 жылдар ішінде Қазақстанның ағымдағы шоты он жылдың тоғызында тапшы болды. Орташа тапшылық ЖІӨ-нің шамамен 2,7%-ы. Бұл ретте тауарлар саудасы жыл сайын профицитті қамтамасыз етіп, оның едәуір бөлігі шетелдік инвесторларға табыс төлемдерімен өтелді.2022 жылы 6,4 миллиард доллар профицитінен кейін ағымдағы шот қайтадан тапшы болды: 2023 жылы 8,3 миллиард доллар, 2024 жылы 6,8 миллиард доллар және 2025 жылы 13,1 миллиард доллар. 2025 жылдың нәтижесіне мұнай бағасының төмендеуі және импорттың жоғары көлемі әсер етті.2026 жылдың I жартыжылдығында ағымдағы шоттың сальдосы шамамен 6 миллиард долларға жақсарды: бір жыл бұрынғы 3,6 миллиард доллар тапшылығынан 2,4 миллиард доллар профицитіне дейін. Профицит 3,2 миллиард АҚШ долларын құраған кезде негізгі жақсарту II тоқсанда болды.Осылайша, үш тапшылық жылдан кейін ағымдағы шот қайтадан оң аймаққа шықты.Профициттің экономика үшін маңызыЭкономикаға валюта ағыны артып келеді.I жартыжылдықта тауар профицитін 2 еседен астам – 7,7-ден 16,2 млрд АҚШ долларына дейін кеңейту шешуші рөл атқарды.Экспорттық түсімдердің импорт, қызметтер және кірістер бойынша шығыстардан асып кетуі сыртқы шығыстарды меншікті валюталық кірістермен көбірек жабуға мүмкіндік береді. Бұл сыртқы қарыздар мен капитал ағынына тәуелділікті азайтады. Сыртқы қаржыландыру қажеттілігінің төмендеуі экономиканың шетелдік капиталдың кетуіне және әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдайдың нашарлауына осалдығын төмендетеді. Сыртқы тұрақтылық күшейтіледі. Экспорттаушылардан валютаның тұрақты ұсынысы валюта нарығына қысымды төмендетеді және сыртқы активтердің жинақталуына жағдай жасайды.Төлем балансын қалыптастырудағы мемлекеттің рөліМемлекет сыртқы қаржы ресурстарын басқару, инвестициялар үшін жағдай жасау және экономикалық саясат жүргізу арқылы төлем балансының жай-күйіне әсер етеді.Тікелей қатысу Ұлттық банктің резервтік активтерін, Ұлттық қордың қаражатын және сыртқы қарыздарды басқарумен байланысты. Жанама-инвестициялық ахуалды қалыптастырумен, тікелей шетелдік инвестицияларды тартумен, ақша-кредит және валюта саясатымен.Экспорт: жеткізілімдердің өсуі және шикізаттық емес құрамдас бөліктің ұлғаюыҰлттық банктің мәліметінше, 2026 жылдың І жартыжылдығында төлем балансының әдіснамасы бойынша тауарлар экспорты 27,1% - ға, 48,5 млрд долларға дейін өсті. Тауар позицияларының 80% - дан астамы бойынша оң динамика байқалды.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы кезеңде мыс пен мыс катодтарын жеткізу 58% — ға, мыс кендері мен концентраттарын жеткізу 42,9% — ға, уран — 15,1% - ға, бидай-28,2% - ға ұлғайды. Күкірт экспорты 2,9 есе, күміс 2,4 есе өсті.Жеті айдың қорытындысы бойынша өсім жалғасты: тауарлар экспорты 15,8% - ға, 50,9 млрд долларға дейін өсті. Сыртқы сауданың оң сальдосы 14 млрд долларға жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен 5,4 млрд долларға асып түсті.Өңдеу өнеркәсібінің 9% - ға өсуі аясында шикізаттық емес экспорт 19,5% - ға, 18,6 млрд долларға дейін өсті.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 34,8% - ға, 3,7 млрд доллардан 5 млрд долларға дейін өсті. Негізгі үлесті бидай (+25,5%), күнбағыс майы (+49,1%), мал азығы (+68,2%), зығыр тұқымы (өсуі 2,2 есе) және ұн (+37,1%) қамтамасыз етті. Бұл позициялар аграрлық экспорттың шамамен 60%-ы.Импорт: тұтыну импорты төмендеген кезде өндіріс үшін сатып алуды ұлғайту2026 жылдың I жартыжылдығында импорттың өсуі оның құрылымының өзгеруімен қатар жүрді: жабдықтар мен аралық тауарларды сатып алу көбейді, ал тұтыну тауарларын әкелу азайды. Ұлттық Банк пен ҰСБ деректерін салыстыру мұндай динамика өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялар мен өндірістің кеңеюімен сәйкес келетінін көрсетеді.Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, тауарлар импорты 5,5% - ға өсіп, 31,5 миллиард долларға жетті. Оның көлемінің жартысына жуығы — 47,6% - аралық тауарлар болды. Олардың импорты 14% - ға, 15 миллиард долларға дейін өсті. Тұтыну тауарларының үлесі 26,5% -. құрап, 10,5% - ға төмендеді. Бұл ретте бірінші жартыжылдықта тұтынушылық азық-түлік емес тауарлардың импорты 15,4% - ға төмендеп, 5,6 млрд. АҚШ.Ұлттық Банктің төлем балансының әдіснамасы бойынша импорт 6,2% - ға, 32,3 млрд долларға дейін ұлғайды. Импорттың өсу қарқыны экспорттың өсу қарқынынан төрт есе төмен болды. Ұлттық Банктің бағалауы бойынша аралық тауарларды сатып алу 13,8% - ға өсті, ал азық-түлік емес тұтыну тауарларының импорты 11,2% - ға қысқарды.Инвестициялық тауарлардың импортыИнвестициялық тауарлардың импорты 10,6%, 8,1 млрд. АҚШ доллары. Жабдықтарды сатып алудың артуы өнеркәсіпке күрделі салымдардың өсуімен қатар жүреді. Атап айтқанда, электр генераторлық қондырғылардың импорты 83% – ға, көтеруге, жылжытуға, тиеуге және түсіруге арналған машиналар мен құрылғылардың импорты 70,1% — ға, топырақты сұрыптауға және ұсақтауға арналған жабдықтардың импорты 2,1 есе өсті.Аралық тауарлардың импортыӨндірістік ресурстарды сатып алудың өсуі табиғи газ импортын 96,3% — ға, турбореактивті қозғалтқыштар мен газ турбиналарын — 2,7 есе, мұнай өнімдерін — 41,6% — ға, уранды-2,6 есе және Алтынды-6 есе ұлғайтумен қамтамасыз етілді.Сатып алудың өндірістік бағытын күрделі салымдардың динамикасы растайды. ҰСБ деректері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар нақты мәнде 9,6% - ға, 9,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 33,3% - 1, 1,43 трлн теңгеге дейін немесе инвестициялардың жалпы көлемінің 15%-ы.Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінің өндірісі 9,8% — ға, машина жасау — 23,1% - ға, химия өнеркәсібі-20,7% - ға ұлғайды.Жабдықтар импортының ұлғаюы жаңа кәсіпорындардың құрылысымен, жұмыс істеп тұрған өндірістердің кеңеюімен және технологиялық жаңарумен байланысты. Мұндай инвестициялардың экономикалық әсері жаңа қуаттардың енгізілуіне байланысты көрінеді.Тұтыну тауарларының импортыI жартыжылдықта тұтыну тауарларының импорты 10,5% - ға, 8,3 млрд долларға дейін төмендеді. Жеңіл автомобильдерді жеткізу 21,9% — ға, дәрілік заттарды жеткізу — 18,7% — ға, чемодандар мен сөмкелерді жеткізу — 49,4% - ға, әйелдер тоқыма киімдерін жеткізу-38,9% - ға, кондиционерлерді жеткізу-34,3% - ға қысқарды.Ұлттық банктің мәліметінше, азық-түлік емес тұтыну тауарлары импортының төмендеуі 2023 жылдың IV тоқсанынан бастап қатарынан 11 тоқсанға жалғасуда.Жеңіл автомобильдерді әкелудің қысқаруы отандық өндірістің өсуі аясында орын алуда. Қаңтар-маусым айларында ресми дилерлік сегменттегі сатылымдарды сақтай отырып, жеңіл автомобильдер 37,2% - ға, 88 886 бірлікке дейін өсті. Бұл импортты отандық құрастырумен ішінара ауыстыруды көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1307884?lang=ru
Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлердің саны 1 973-ке жетті 08.10.2026
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлердің саны артуда. 2026 жылғы III тоқсанда Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімінде 1 973 кәсіпкер тіркелген. II тоқсанмен салыстырғанда тізілімдегі субъекті саны 11,1%-ға өскен.ҚР Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімін қалыптастырып, оны тоқсан сайын жаңартып отырады. Тізілімге ену кәсіпкердің заңнамада қарастырылған мемлекеттік қолдау шараларын алуына және әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге арналған жобаларды дамытуына мүмкіндік береді.Әлеуметтік кәсіпкерлік бұл қызметті жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық пайда әкелетін бизнесті біріктіреді: мүгедек адамдарды және халықтың әлеуметтік осал тобы өкілдерін жұмыспен қамтып, әлеуметтік маңызды қызмет көрсетеді немесе өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған жобаларды іске асырады.Тізілім кәсіпкерлердің өтінішін қарап, оның тиісті өлшемге сәйкестігін бағалайтын жергілікті атқарушы органдар жанындағы арнайы комиссия шешімі негізінде қалыптастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1307824?lang=ru
Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады 08.10.2026
Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Лорд Анас Сарвармен кездесуі өтті.Тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты дамытудың жай-күйі мен перспективасын талқылады.Серік Жұманғарин Қазақстан Ұлыбританияны маңызды және сенімді стратегиялық әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, британдық делегацияның сапары екіжақты қатынастарға жаңа серпін беріп, қол жеткізілген уағдаластықты іс жүзінде іске асыруға көшуге мүмкіндік туғызады.Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Лорд Анас Сарвар әріптестіктің өзара сипатын атап өтіп, британдық тараптың Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендігін білдірді.Кездесу барысында ашық та сындарлы диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықтың басым бағытын іске асыруда бірлесіп жұмыс істеуге мүдделілік расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1307036?lang=ru
Талғат Ахметов Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды 02.10.2026
Талғат Ахметов 29 қыркүйектен бастап Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды. Биыл сәуір айынан бастап ол осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды, кейін басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.Талғат Ахметов 1990 жылы 16 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін және Қазақстан-Американдық еркін университетін тәмамдаған. Аспап жасау, экономика, құқықтану және құрылыс салалары бойынша білімі бар.Еңбек жолын 2011 жылы бастаған. Әр жылдары жеке секторда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік мүлік және Шығыс Қазақстан облысының сәулет-құрылыс бақылауы салаларында еңбек еткен.2018-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы басқармасының бөлімін басқарды. Кейін осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1302851?lang=ru
Берік Солтанбаев Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып тағайындалды 02.10.2026
29 қыркүйектен бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметіне бұған дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болған Берік Солтанбаев тағайындалды.Берік Солтанбаев 1990 жылы 28 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. «Парасат» Қазақстан көпсалалы институтын, Халықаралық білім беру корпорациясын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін және Нархоз университетін тәмамдаған. Құрылыс, техника және технологиялар, құқық және іскерлік әкімшілендіру салалары бойынша білімі бар.Еңбек жолын 2008 жылы бастаған. Әр жылдары жеке секторда, «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалында, «Қоғамдық келісім» КММ-де, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратында қызмет атқарған.2017-2018 жылдары Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімін басқарды. 2018 жылы қазаннан 2022 жылы маусымға дейін Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылы маусымнан 2024 жылы маусымға дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасын басқарды. Ал биыл 6 мамырдан бастап Әуезов ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1302842?lang=ru
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттырып келеді 02.10.2026
Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев екіжақты кездесу өткізді. Жиында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, өзара сауданың өсуі және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Жол картасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.Кездесуді ашқан Серік Жұманғарин екі мемлекет басшылары арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру бағытындағы сындарлы ұстанымы мен жүйелі жұмыстары үшін Өзбекстан Үкіметіне алғысын білдірді.«Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Астанаға сапары және Үкіметаралық комиссияның 23-ші отырысы біздің стратегиялық әріптестігіміздің берік негізін айқындады. Бүгінде бізде нақты уағдаластықтар мен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқан Жол картасы бар», — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары.Екі елдің сауда-экономикалық байланысы өсіп келеді. 2026 жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 29,8%-ға артып, $3,25 млрд-қа жетті.Екі ел алдында $10 млрд-тық тауар айналымына шығу міндеті тұр. Осы мақсатқа жету үшін өзара сауданы дәйекті түрде кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жеделдету маңызды.Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев өз кезегінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар дамуының оң динамикасын атап өтті. Ол Қазақстан Өзбекстан үшін бауырлас ел әрі сенімді әріптес екенін атап өтті. Тараптар өзара сауда мен инвестицияны дәйекті түрде арттыруда, көлік тасымалы көлемін ұлғайтуда. Өзбекстан Қазақстанмен кең ауқымды бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі.Жиын соңында тараптар сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту, бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету және қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1302784?lang=ru
Қазақстан, Өзбекстан және БАӘ Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан теміржол бағытын дамытуға ниетті 01.10.2026
Қазақстан, Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан (CASA) бағыты бойынша Пәкістанның теңіз порттарына шығатын жаңа теміржол бағытының жобасын бірлесіп пысықтауды көздеп отыр.CASA теміржол жобасы аясындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігі және Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрлігі қол қойды.CASA жобасы Орталық және Оңтүстік Азияның көлік байланысын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа теміржол бағытын қалыптастыруды, сондай-ақ халықаралық тасымалдарды, сауда, логистика және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ашуды көздейді. Меморандум аясында тараптар техникалық, экономикалық зерттеулер мен талдау жұмыстарын жүргізуді, қажетті теміржол инфрақұрылымын және онымен байланысты нысандарды дамытудың орындылығын зерделеуді көздейді.Қазақстан мен Өзбекстанның дамыған теміржол инфрақұрылымы және айтарлықтай транзиттік әлеуеті бар. Біріккен Араб Әмірліктері көлік инфрақұрылымы, логистика және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру саласында халықаралық тәжірибеге ие. Осылайша тараптардың ынтымақтастығы CASA жобасын жан-жақты пысықтауға және оны іске асырудың оңтайлы тетіктерін айқындауға мүмкіндік береді.Тараптар одан әрі атқарылатын қадамдар мен бірлескен жұмыстың нақты бағыттарын да талқылады. Атап айтқанда, жобаның техникалық, экономикалық және қаржылық мәселелерін кешенді түрде пысықтау үшін Жұмыс тобын құру мүмкіндігі қарастырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1302349?lang=ru
Үкімет 2026 жылғы бидайдың сатып алу бағасын анықтады 01.10.2026
Үкімет 2026 жылғы астықтың сатып алу бағасын анықтады. 3-сыныпты бидайдың сапалық көрсеткішіне байланысты ол тоннасына 92-ден 115 мың теңгеге дейін болып белгіленді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Арқалықта Қостанай облысы оңтүстік өңірлерінің шаруаларымен кездесуде хабарлады.«Нарық конъюнктурасын, сондай-ақ нарыққа қатысушылардың ұсынысын ескере келіп, Үкімет 2026 жылғы астықтың сатып алу бағасын айқындады. Атап айтқанда, 3-сыныпты бидай бағасын сапалық көрсеткішіне байланысты 92-ден 115 мың теңгеге дейін белгілеу жоспарлануда. Осылайша, баға өткен жылғы деңгейде қалады», — деді Серік Жұманғарин.Азық-түлік корпорациясының сатып алу бағасы нарық үшін эталон ретінде қызмет етеді. Шаруаларды қаржылық қолдау астықты форвардтық және тікелей сатып алу тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өндірістік шығындарды жабуға және келесі маусымға дайындалуға мүмкіндік береді.Тағы бір қолдау шарасы – астық трейдерлеріне ҚҚС-ты қайтару. Тиісті шешім Салық Кодексін енгізу бойынша жобалық кеңсе отырыстарының бірінде қабылданды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар үшін есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын түзету қолданылмайды. ҚҚС-ты қайтаруға қойылатын талаптардың негізділігі тауар қозғалысының және салық төлеудің бүкіл тізбегін – ауыл шаруашылығы өндірушісінен экспорттаушыға дейін қадағалауға мүмкіндік беретін «пирамида әдісі» деп аталатын тәсілді қолдана отырып, салықтық тексерумен расталатын болады. Тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда экспорттаушы бұрын төленген ҚҚС-ты толық көлемде қайтарып ала алады.Серік Жұманғарин сондай-ақ астық экспорттаушыларға мемлекеттік шығындарды өтеу бағдарламасы 2026-2027 маркетингтік жылға ұзартылатынын хабарлады.Өткен жылдары астық жөнелтушілердің көлік шығындарын субсидиялау қазақстандық астықты жеткізу географиясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Дәстүрлі нарықтардан басқа қазақстандық бидайды алғаш рет Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия, Ұлыбритания, сондай-ақ Марокко, Алжир және Мысыр сынды Солтүстік Африка елдері сатып алды. Азық-түлік корпорациясы сонымен қатар Қытай арқылы мультимодальды маршрут бойынша Вьетнамға астық жеткізуді сынап көрді.Бұл шараларды жүзеге асыру астық бағасын тұрақтандыруға және демпинг тәуекелдерін төмендетуге ықпал етті. Логистика, қайта өңдеу, машина жасау және сервистік қызметтер сынды сабақтас салаларға да қосымша әсер берді.Кездесудің тағы бір тақырыбы мал шаруашылығын дамытуға арналды. Қостанай облысының үш оңтүстік өңірі – Арқалық, Амангелді және Жангелді аудандарында бүгінде 1 132 фермерлік шаруашылық жұмыс істейді. Жалпы егіс алқабы 581,1 мың гектар. Оның ішінде дәнді дақыл 501,4 мың гектар, майлы дақыл 65,9 мың гектар. Соңғы үш жылда майлы дақыл алқабы 1,3 есеге ұлғайды. Негізгі дақыл – мақсары: ол 51,2 мың гектарға немесе облыстағы осы дақылдың барлық ауданының 47%-ына егілді.Фермерлер кезінде Қостанай облысы бастамашы болған «Жайлау» бағдарламасын қайта жүзеге асыру мәселесін көтерді. Атап айтқанда, жайылымдарды міндетті түрде суландыру және мал шаруашылығы базаларын салу жөніндегі талаптар туралы сөз болды. Оңтүстік аудандардың шаруашылықтары негізінен табиғи су көздері бар өзендер мен көлдердің жайылмаларында орналасқан, көптеген фермерлерде мал шаруашылығына қажетті инфрақұрылым бар. Осыған байланысты бағдарлама талаптарын орындау кезінде бұрыннан бар объектілерді есепке алу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.Сондай-ақ, мал өсірушілер асыл тұқымды ірі қара малдың шекті құнын оны сатып алуды жеңілдетілген несиелеу кезінде қайта қарауды ұсынды. Өйткені олардың бағалауы бойынша бағдарламада белгіленген баға нарықтық бағадан төмен.Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне қолданыстағы құжаттарға қажетті өзгерістерді пысықтауды, сондай-ақ асыл тұқымды мал құнының анықтамалығын әзірлеуді тапсырды.«Zengi Group» ЖШС директоры Жәнібек Кенжебаев Арқалықта эмбриондар өндіру бойынша генетикалық орталық құру жоспарын ұсынды. Жобаны жүзеге асыру үшін инвестиция тартылды.«Бұл жоба – асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін Қазақстанда асыл тұқымды мал басын көбейту мүмкіндігі. Эмбриондарды қолдану арқылы біз асыл тұқымды мал ала аламыз. Сонымен қатар Арқалықта мал тасымалдау бойынша логистикалық хаб құру бойынша жұмыс істейміз. Біз асыл тұқымды малды өндіру мен сатуды кәсіби деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Жәнібек Кенжебаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1301951?lang=ru
Moody's Қазақстан Республикасының «Baa1» деңгейінде егеменді кредиттік рейтингін растады, болжам «Тұрақты» 30.09.2026
Рейтингті растау мемлекеттік борыштың төмен деңгейімен, борышқа қызмет көрсетудің жоғары қабілеттілігімен және жинақталған валюталық активтермен қолдау көрсетілетін Қазақстанның күшті фискалдық ұстанымын көрсетеді.Мұның бәрі экономикалық саясаттың икемділігін және сыртқы экономикалық күйзелістерді азайту үшін айтарлықтай қауіпсіз қорды қамтамасыз етеді.Агенттік мұнай өндірудің төмендеуіне қарамастан, Қазақстан экономикасы өңдеуші өнеркәсіптің, құрылыстың, көліктің және басқа да мұнай емес секторлардың ЖІӨ өсуіне елеулі үлес қосу есебінен өсуін жалғастырып отырғанын атап өтті.Цифрлық, көлік және энергетикалық инфрақұрылымға жүргізіліп жатқан инвестициялар экономиканың күрделілігін тереңдете отырып, орта мерзімді экономикалық өсуді одан әрі қолдайтын болады. Агенттіктің бағалауы бойынша шикізаттық емес секторлар өсудің негізгі драйверлері болып қала береді.Moody's-тің пікірінше, салық реформалары бюджеттің мұнай емес кіріс базасын кеңейту арқылы фискалдық орнықтылықты нығайтуға ықпал етеді.Тұтастай алғанда, экономиканы одан әрі әртараптандыру салық реформасымен, цифрлық, көлік және энергетикалық инфрақұрылымға инвестициялармен бірге фискалдық перспективалар мен одан әрі экономикалық өсу үшін мүмкіндіктерді жақсартады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1301032?lang=ru
Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды 29.09.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңіріндегі әл-ауқат мәселелері жөніндегі өңірлік директоры Абебе Адугнамен кездесті.Тараптар ағымдағы экономикалық жағдайды, реформалардың одан арғы бағыттарын, инфрақұрылымды дамытуды және ынтымақтастық перспективасын талқылады.Кездесуді ашқан Серік Жұманғарин Қазақстанның Дүниежүзілік банк тобымен әріптестігінің стратегиялық сипатын атап өтті. Ынтымақтастықтың 33 жылы ішінде банктің қолдауымен көлік, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, жасыл технология және цифрландыру саласында жалпы сомасы $8 млрд-тан асатын қаржыға 50-ден астам жоба жүзеге асырылды.Абебе Адугна Қазақстан экономикасының өсу мен инвестициялық белсенділіктегі оң динамикасын атап өтті.Кездесудің едәуір бөлігі инфрақұрылымды дамытуға және оны қаржыландыру тетіктеріне арналды. Дүниежүзілік банк өкілдері инфрақұрылымдық инвестицияларды олардың тиімділігін арттыратын және өнімділік пен инновацияның өсуіне жағдай жасайтын институционалдық және реттеуші реформалармен сүйемелдеу маңызды екенін атап өтті.Серік Жұманғарин Қазақстан инфрақұрылымды дамытуды тек ішкі қажеттілік тұрғысынан ғана емес, аймақтық контексте де қарастырып отырғанын айтты. Сөз Орталық Азияны басқа аймақтармен байланыстыратын көлік бағыттарын одан әрі дамыту туралы.«Қазақстанның инфрақұрылымы – Орталық Азияның ірі бірыңғай инфрақұрылымдық тізбегін құрудағы алғашқы қадам ғана. Сөз тек біздің ішкі жолдарымыз бен теміржолдарды жақсарту туралы ғана болып отырған жоқ. Бұл жолдардың барлығы біз үшін және көрші елдер үшін тиімді болуын қамтамасыз етуіміз керек», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Дүниежүзілік банк халықаралық тәжірибені ескере отырып, инфрақұрылымды қаржыландыру тетіктері бойынша қазақстандық тараппен жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1300506?lang=ru
Үкіметте 9 айдағы экономика дамуының алдын ала қорытындысы қаралды 29.09.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында 9 айдағы экономикалық өсімнің алдын ала нәтижелері қаралды.Жалпы ішкі өнімнің өсіміне негізгі үлесті құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймаға жинау, сауда және ауыл шаруашылығы салалары қосып отыр.Өңдеу өнеркәсібінде қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша нақты көлем индексінде оң өсім сақталады деп күтілуде. Өсімдегі негізгі үлесті машина жасау және химия өнеркәсібі қамтамасыз етуде.2026 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша машина жасау саласында жеңіл автомобиль өндірісі 34,2%-ға өсіп, 117,2 мың бірлікке жетті. Жүк және арнайы техника өндірісі 18,5%-ға, теміржол платформаларын шығару 76,6%-ға, жолаушылар вагоны өндірісі 40,9%-ға ұлғайды. Химия өнеркәсібінде күкірт қышқылы өндірісі 4%-ға, полипропилен 24,5%-ға, аммофос 10,3%-ға өсті.Бұл ретте металлургияда НКИ 97,5% деңгейінде сақталуда. Көрсеткіштерді жақсарту үшін шикізат базасын кеңейту шаралары қабылданып жатыр. Ел ішінде және шетелде әлеуетті жеткізушілермен келіссөз жүргізілуде.Серік Жұманғарин Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп кәсіпорындарды шикізаттың қосымша көлемімен қамтамасыз ету бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы ақпаратты тыңдады. Талқылау қорытындысы бойынша металлургия саласы үшін шикізат базасын кеңейту жұмысын жалғастыруды тапсырды.Құрылыста да оң динамика сақталуда. Қаңтар-тамызда құрылыс жұмыстарының көлемі 6,1 трлн теңге немесе өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 115,6% болды. Өсім 18 өңірде байқалды. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы болжануда. Мәселен, тұрғын үй құрылысында өсім сақталып отыр: сегіз айда 11,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,6%-ға артық. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 12,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп болжануда.Көліктік-логистикалық сектор оң динамиканы сақтап отыр. Жүк тасымалының өсуіндегі негізгі үлесті астық пен көмір темір жол тасымалы қамтамасыз етеді. Астық тасымалдау көлемі 3 млн тоннаға артып, 13,6 млн тоннаға жетті, көмір 1,1 млн тоннаға, темір рудасы 2,8 млн тоннаға ұлғайды. Бұл қарқын мұнай мен газ тасымалдау көлемін сақтау және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы орындалуда.Сауда экономиканың өсуіне айтарлықтай үлес қосуды жалғастыруда. Қаңтар-тамыздағы сауда саласындағы НКИ – 106%. Айналым 51,5 трлн теңгеге жетті. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша тұрақты өсім болжануда. Негізгі салымды көтерме сауда қамтамасыз етуде. Мұдағы айналым 34,7 трлн теңгеге жетті. Ол металлургия өнімі, астық және отын саудасының өсуі есебінен орындалды. Бөлшек саудада айналым 17 трлн теңгеге жетіп, бұл ретте азық-түлік тауары бойынша ең жоғары қарқын байқалды.Кеңесте өңірлердегі сауданы дамыту мәселесі де қаралды. Вице-премьер әкімдіктерге Премьер-министрдің сауданы дамытудың өңірлік жол карталарын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасының сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.Агроөнеркәсіптік кешенде қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша көрсеткіштер тұрақты өсуі мүмкін. Болжам бойынша оң динамика жыл соңына дейін сақталады. Биыл егін жинау қарқыны былтырғыдан жоғары. Негізгі үлесті майлы дақылдың жалпы жиналуының ұлғаюы есебінен егін шаруашылығы қамтамасыз етіп отыр. Мал шаруашылығындағы өсім заманауи тауарлы сүт фермаларының жобалық қуатқа жетуі есебінен сүт өндірісінің артуымен, сондай-ақ бордақылау алаңдарын жеңілдікпен несиелеудің нәтижесінде ет өндірісінің өсуімен орындалмақ.Азық-түлік өнеркәсібі экономиканың өсуіне қосымша үлес қосуда. Қаңтар-қыркүйектің қорытындысы бойынша жаңа қуаттарды енгізу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда өндірісті кеңейту есебінен өндірісте оң серпін күтілуде.Серік Жұманғарин үш тоқсанның соңында барлық негізгі салалар бойынша болжамды көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.«Біздің міндетіміз – жыл соңына дейін қарқынды жеделдету емес, бекітілген жұмыс кестесін нақты орындау. Сегіз айдың ішінде барлық негізгі ресурстар таратылып, қажетті резервтер құрылды. Ендігі міндет оларды тиімді пайдалану, қаражатты уақтылы және сапалы игеру және негізгі салаларда белгіленген жұмыс кестелерін сақтау. Басты назарды өндірістік тізбектерге аудару керек. Бұл құрылған қуаттарды қажетті ресурстармен және жиынтықтауыштармен (бөлшектермен) қамтамасыз ету үшін маңызды», — деп түйіндеді штаб отырысын вице-премьер.#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1300142?lang=ru
Қазақстан Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен ынтымақтастықты кеңейтеді 23.09.2026
Құрылтай «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заңды екі оқылымда қабылдады.Құжатқа сәйкес, Банк қаржыландыратын жобалар енді оның қағидалары негізінде іске асырылады. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, банк тәжірибесі, қаражат бөлу, қаржылық бақылауды жүзеге асыру, ақпаратты ашу, сатып алуды жүргізу, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік стандарттарға қатысты талаптар сақталуға тиіс.Осылайша, Негіздемелік келісім Қазақстанда Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің болашақ жобалары үшін бірыңғай құқықтық нормалар қалыптастырады. Бұл әрбір жаңа жоба бойынша бірдей талаптарды жеке-жеке белгілемеуге және болашақта сын-қатерлерді азайтуға мүмкіндік береді.Құжаттың негізгі міндеттері – инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейту, қаржыландырудың басым секторларын айқындау және жобаларды іске асыру рәсімдерін оңтайландыру.Келісімді ратификациялау Қазақстанға көлік, энергетика, цифрлық байланыс және экономиканың басқа да секторларындағы жобаларды қаржыландыру үшін инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1297196?lang=ru
«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады 23.09.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин фронт-офистің ашылуына қатысып, бизнесті қолдаудың жаңа форматымен танысты.Бірыңғай фронт-офис «Бәйтерек» тобы ұйымдарының қолдау құралдарын «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша біріктіреді. Мұнда кәсіпкерлер кеңес алып, қолайлы қолдау құралын таңдай алады. Өтінім беріліп, қаржыландыру қарастырылуға дейін жоба сүйемелденеді.Фронт-офистер Қазақстанның барлық өңірінде «Даму» қорының филиалдары базасында жұмыс істейді. Шалғай жатқан аудандар мен ауылдардағы кәсіпкерлер үшін мамандардың аудандарға баруына арналған мобильді кеңселер – автобустар қарастырылған. Осылайша, өз өкілдіктері жоқ кейбір даму институттарының қажетті кеңесі мен қолдауын облыс орталығына бармай-ақ алуға болады.Фронт-офис консультанттары «Бәйтерек» тобының ұйымдарға көрсететін қолдау құралдары бойынша ақпарат береді:«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры – шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелендіру, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепілдік беру және қолдаудың қаржылық емес шаралары;Қазақстанның Даму банкі – ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру;Qazaqstan Investment Corporation – тікелей инвестициялар және венчурлық қаржыландыру құралдары;Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі – экспорттық несиелерді сақтандыру;Өнеркәсіпті дамыту қоры – кәсіпорындарды жаңғыртуға арналған жеңілдікті және лизингтік қаржыландыру.«Бүгінгі таңда біздің мамандарымыз тек Қордың құралдарымен жұмыс істеп қоймай, “Бәйтерек” холдингінің басқа да ұйымдары ұсынатын шешімдерді таңдауға көмектеседі. Шын мәнінде, “Даму” қорының өңірлік желісі жеңілдікпен несиелендіру мен кепілдіктерден бастап, инвестициялық қаржыландыруға, экспортты сақтандыру мен лизингке дейінгі қаржылық және қаржылық емес құралдардың кең ауқымына қол жеткізудің бірыңғай терезесіне айналып келеді», — деді «Даму» қорының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев.Бірыңғай фронт-офистің техникалық іске қосылуы осы жылғы ақпанда өтті. Осы уақыт ішінде консультанттар кәсіпкерлердің 30 мыңға жуық өтінішін қабылдаған. Фронт-офис арқылы 1 250 жоба сүйемелденіп, қаржыландырылды.Бірыңғай фронт-офис базасында Бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары да пилоттық режимде жұмыс істеуде. Олардың міндеті – кәсіпкерлерге мемлекеттік органдармен, қаржы институттарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды талап ететін нақты мәселелерді шешуге жәрдемдесу.Орталық мамандары мәселені бастапқы талдаудан өткізіп, оны шешудің ықтимал жолын анықтайды. Қажет болған жағдайда жұмысқа салалық мемлекеттік органдар, қаржы институттары, әкімдіктер мен «Бәйтерек» тобының ұйымдары тартылады. Пилоттық жоба Астана, Алматы, Шымкент қалаларын, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарын қамтуда.«Мұндай қолдаудың барлық өңірде болуы маңызды. Біз кәсіпкерлерді қолдау тәсілін неғұрлым тиімді ете отырып, “Іскер аймақ” бағдарламасын ауылдарға таратуды жоспарлап отырмыз. Бұл ретте “Даму” қорының өңірлік филиалдары мен мобильді фронт-офистері үлкен рөл атқаруы тиіс. Консультанттардың міндеті – бизнестің қалыптасуы мен дамуының барлық кезеңін сүйемелдеу. Тағы бір маңызды бағыт – бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары. Кәсіпкерлер проблемалармен жиі бетпе-бет келеді. Бірақ қайда жүгінуді, қалай шешуді білмей жатады. Орталықтар осыны жолға қою үшін құрылуда. Әзірге олар еліміздің бес өңірінде пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1296836?lang=ru