Enbekshi QazaQ

Қуқық

ӨСКЕМЕНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ ӘЛЕМДІК БЕДЕЛДІ ЛИГАҒА ЕНДІ 22.11.2024
ӨСКЕМЕНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТӘЛЕМДІК БЕДЕЛДІ ЛИГАҒА ЕНДІД.Серікбаев атындағы ШҚТУ Қазақстаннан алғашқы университеттердің бірі болып World TVET League (Дүниежүзілік техникалық және кәсіптік білім беру лигасы) құрамына енді. ШҚТУ делегациясы – Басқарма Төрағасы – ректоры Сәуле Рахметуллина, ғылым және инновациялар бойынша проректоры Жадыра Қонурбаева және академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Асия Машекенова, Тяньцзинь қаласында (Қытай) өткен World TVET League-дің I Бас Ассамблеясына және Дүниежүзілік техникалық және кәсіптік білім беру дамуы жөніндегі конференцияға қатысты.Ауқымды шара барысында Лиганың ресми ашылу рәсімі өтті, ол кәсіби білім берудегі инновациялық тәсілдер мен үздік тәжірибелерді талқылауға арналған алаңға айналмақ.– Біз үшін Қазақстанды әлемдік білім беру платформасында ұсыну үлкен құрмет. World TVET League-ке қатысу университетіміздің білім беру процесіне ең үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге, сондай-ақ осы тәжірибелерді негізге ала отырып, жоғары білім сапасын жақсартуға көмектеседі, - деп атап өтті ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина.Лига жоғары білікті кадрларды даярлауда инновациялар мен серіктестіктің маңыздылығына ерекше назар аударды. Еңбек нарығындағы жаһандық өзгерістер білім беру жүйелерін бейімдеуді талап етеді, және дәл осы World TVET League-ке қатысу ВКТУ-ға жаңа мүмкіндіктер ашады – университет осы ынтымақтастық аясында жаңа білім беру технологияларын енгізу мен халықаралық байланыстарды кеңейтуді жоспарлап отыр.World TVET League-мен ынтымақтастық ШҚТУ үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды жетістік. Бұл оқиға қазақстандық университеттердің өзгерістер көшбасшысы болуға дайын екенін және заманауи әлемге жоғары білікті мамандар даярлау саласындағы өз орындарын нығайтуды жалғастыратынын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/888541
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды 22.11.2024
Үкіметтегі кеңесте вице-премьер Серік Жұманғарин Қазақстандағы астықты терең өңдеуді дамыту және осы саладағы жобаларды іске асыратын инвесторлардың жағдайын тыңдады. Бүгінгі таңда Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша үш зауыт жұмыс істейді. Іске асыру сатысында тағы 4 жоба бар. Жетісудағы «Жаркент крахмал зауыты» ЖШС жылдық қуаты 150 мың тонна жүгеріні қайта өңдейді; Алматы облысындағы «Азия-Агрофуд» ЖШС (60 мың тонна жүгері, крахмал, крахмал сірнесі және крахмал шәрбатын) және СҚО-дағы «Биооперейшн» ЖШС-250 мың тонна бидай (крахмал, глютен, биоэтанол, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем) өндіреді. «2023 жылы Қазақстанда барлығы 111 мың тонна крахмал өнімдері өндірілді. Бұл 27,7 мың тонна жүгері крахмалы, 2022 жылы бұл көрсеткіш 15,5 мың тоннаны құрады; 21,1 мың тонна бидай крахмалы, 2022 жылғы көрсеткіш 19,7 мың тонна болды; 51,8 мың тонна крахмал сірнесі, 2022 жылғы көрсеткіш – 57,3 мың тонна; 10,1 мың тонна глютен, 2022 жылы бұл көрсеткіш 10,7 мың тоннаны құрады», — деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.2023 жылы астықтан өңделген өнім экспортының көлемі едәуір өсті: жүгері крахмалы – 11,5 мың тонна (2022 жылы 9,3 мың тонна), бидай крахмалы – 15,7 мың тонна (2022 жылы 10,6 мың тонна), глютен – 6,9 мың тонна ( 2022 жылы 7,7 мың тонна), крахмал сірнесі – 19,4 мың тонна (2022 жылы 16 мың тонна). Өткен жылғы импорт 265 тонна бидай крахмалын, 4,2 мың тонна жүгері крахмалын, 8,1 мың тонна крахмал сірнесін, 76,1 тонна глютенді құрады.2028 жылға дейін астықты терең өңдеу бойынша тағы үш жобаны іске асыру жоспарлануда. Қазақстандық «Qostanai Grain Industry» ЖШС Қостанай облысында жылдық қуаты 415 мың тонна астықты терең өңдеу жобасын бастады. Кәсіпорын лизин, глютен, биоэтанол, көмірқышқыл газын шығаратын болады. Пайдалануға беру мерзімі – 2027 жыл, 650 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Түркістан облысында «Қазкрахмал» ЖШС крахмал өнімдерін өндіру үшін жүгеріні өңдеуді жоспарлауда. Қайта өңдеу қуаты – жылына 100-150 мың тонна. Пайдалануға беру мерзімі – 2026 жыл. 500 жұмыс орнын ашу көзделуде. Түркиялық Tiryaki Agro компаниясы Катарлық Hassad Food компаниясымен бірлесіп Астанада қуаты жылына 240 мың тонна астықты терең өңдеу бойынша жобаны бастады. Крахмал, глютен, глюкоза-фруктоза шәрбаты түріндегі соңғы өнімдерді әлемдік нарықтарға экспорттау жоспарлануда. Пайдалануға беру мерзімі – 2026 жыл. 250 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Қазіргі сәтте жалпы қуаты жылына 2 млн тоннадан асатын бидай мен жүгеріні терең өңдеу бойынша тағы төрт инвестициялық жоба бойынша келіссөздер жүргізіліп, пысықталып жатқаны айтылды.Вице-министр Азат Сұлтановтың айтуынша, Қазақстанда өндірілетін астық көлемі барлық қолданыстағы және жаңа қуаттарды жүктеу үшін жеткілікті.Мемлекет тарапынан астықты терең қайта өңдеу жөніндегі жобаларға, яғни технологиялық күрделілігі жоғары заманауи кәсіпорындар, ауқымды инвестициялық қолдау көрсетілуде. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді салу және кеңейту кезіндегі инвестициялық субсидиялар, негізгі және айналым қаражаттарына кредит беру кезінде пайыздық мөлшерлемені арзандату, салықтық преференциялар қарастырылған.Серік Жұманғарин астықты терең өңдеу бойынша жобаларды іске асыратын кәсіпорындардың басшыларын тыңдап, мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті. Жобаның әрбір кезеңін уақтылы іске асырудың маңызын ескере отырып, вице-премьер ай сайын жоба жетекшілерімен кездесулер өткізуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/888549
Раманхан Төрегелдиев ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды 22.11.2024
Раманхан Төрегелдиев 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетін және Қаржы академиясын бітірген.Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 14 жылдан асады. Ол мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мансабын 2009 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасының сарапшысы лауазымынан бастады.2017-2020 жылдар аралығында Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде басқарма басшысы болып жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.2020 жылдан 2023 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болды.2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі апелляция департаментінің директоры қызметін атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/888540
Жетісуда тұңғыш рет ауыл әкімдерінің форумы өтті 22.11.2024
«AMANAT» партиясының бастамасымен Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында ауыл әкімдерінің басын қосқан форум өтті.Жиынның басты мақсаты – мемлекет пен қоғам алдында тұрған, ауыл халқын толғандырып отырған өзекті де өткір мәселелерді бірлесіп ашық талқылау, олардың шешу жолдарын іздеу.Басқосуға Жетісу облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев және орынбасары Диас Есдаулетов, «AMANAT» партиясы орталық аппаратының басшысы Мади Оспанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек, басқарма басшылары мен аймақтағы 113 ауылдық окургтің әкімдері қатысты.Алғаш ұйымдастырылған форум партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру, ауыл-аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл әкімдерінің сайлауы және олардың атқарар жұмыстарының негізгі мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналды.Әлібек Жақанбаев қоғамдық-саяси тұрақтылықты және орнықты дамуды қамтамасыз ету әкімдердің басты міндеті екеніне тоқталды.«Облыс экономикасын одан әрі дамыту мен халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін біз бірлескен, тиімді жұмыстың арқасында өңірдің әл-ауқатын жақсартудағы міндеттерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін», - деді облыс басшысының бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев форумның ашылу рәсімінде.Осы орайда «AMANAT» партиясының аппарат басшысы Мәди Жарылқасынұлы жергілікті атқарушы биліктің жауапкершілігі жоғары болуға тиіс екенін тілге тиек етті.«Ауыл әкімдерінің форумы қазіргі уақытта еліміздің барлық аймақтарында өтуде. Форумда айтылған ұсыныстар мен идеялар, тың бастамалар «AMANAT» партиясының атынан сайланған ауыл әкімдерінің табанды жұмысы мен кәсіби шеберлігіне жаңа серпін береді деп есептеймін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесін енгізгеннен бері жыл сайын халық елді мекен басшыларына қатысты өз таңдауын жасап келеді. Өңірде 2021 жылдың шілдеден бастап 113 ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілді, оның ішінде партиядан ұсынылған 111 (98%) кандидат жеңіске жетті. Бұл – біздің бағдарламаларымыз бен бастамаларымызға деген халық сенімінің айқын дәлелі», - деді Мәди Оспанов.«AMANAT» партиясы елді мекендердегі кәсіпкерлікті дамытуға, экономикалық ахуалды арттыруға баса назар аударуда. Дәл осы мақсатта форум барысында «Қарызсыз қоғам», «Құқықтық көмек» жобаларының және Жол картасы аясында жүзеге асып жатқан жетістіктер талқыланды.Мәселен, «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру үшін облыс орталығында жобалық кеңсе ашылып, осы жылдың 5 ақпанынан бастап Жетісу облысының барлық аудан, қалаларында 7300 адам оқытылды.Биыл өңірде 349,3 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, 8 айда 150,2 мың шаршы метр немесе 43% тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 4117 үй беріліп, тұрғын үй кезегі 14%-ға төмендейді. Облыста орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 91,1%. Облыстық деңгейдегі 182 шақырым және 54 елді мекеннің ішкі жолдары жөнделіп, Балқаш көліне дейінгі 132 шақырым жолдың 117 шақырымына асфальт төселген.Ауылдық әкімдер форумның ұйымдастырылуы өздері үшін пайдалы болғанын айтады. - Халықтың партия мен атқарушы билікке деген сенімі сайлауалды уәделердің орындалуымен тікелей байланысты, сондықтан оларды уақытылы және сапалы орындау – баршамыздың басты міндетіміз. Шалғайдағы ауыл әкімдерінің жұмысына әртүрлі бағыттар бойынша әдістемелік қолдау қашанда қажет. Бүгінгі жиында өз жұмысымды жүйелі ұйымдастырудың тағы да бір қырын игердім,- деді Панфилов ауданы Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі Ермек Нұрахметов. Форум аясында панелдік сессиялары да ұйымдастырылды. Онда ауыл әкімдері «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру, партиялық жобаларды ілгерілету, қызметті кәсібилендіруге негізделген мемлекеттік қызметтің жаңа принциптер мен қадамдар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік сатып алуды іске асыру, агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік қолдаудың қолжетімді тетіктерін қалыптастыру, кәсіпкерлікке қолдау көрсету және инвестиция тарту шаралары, қоғамдық-саяси ахуал және бұқарамен жұмыс істеу секілді түрлі бағыттарда арнайы мамандардан дәріс алды. «Amanat» партиясының Жетісу облыстық филиалының мәліметі бойынша дайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/888538
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ТАРИХЫҢДЫ ТАНЫ – ТҰЛҒАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 22.11.2024
Жетісай ауданына қарасты Қарақай ауылдық округі, Сәтпаев ауылдық мәдениет үйі кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» атты облыстық акциясы өтті.Ауыл кітапханалары арасындағы әріптестік қарым-қатынасты нығайтып, өз өлкесінің әр саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан бабалар мен отаншыл, елжанды азаматтарды өскелең ұрпаққа таныту, киелі, қасиетті мұраларын кеңінен насихаттау мақсатында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасының бастамасымен жүзеге асып жатқан жоба аудан әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, Сарыағаш ауданынан арнайы келген қонақтар қатысты.Іс-шара барысында жергілікті және отандық, әлемдік ақын-жазушылардың кітаптарының көрмесі ұйымдастырылып, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. Жергілікті ұстаз-ақын Сержан Құлдырақұлымен кездесу өтті.Айта кетейік, бүгінде ауданда 1 аудандық орталық кітапхана, 1 орталық балалар кітапханасы мен 19 ауылдық кітапханалар тұрақты түрде жұмыс істейді. Оларда жыл басынан бері өткізілген 546 іс-шараға 11 781 оқырман қамтылған. Кітапханалардағы 337 390 дана кітаптың 181 734-і қазақ тіліндегі әдебиеттер.Сонымен қатар қала, кент, ауылдық округтердің аумақтарында орнатылған 50 монументті өнер туындылары мен мемориал тақтайшалардың 14-і Жетісай қаласында, 36-сы ауылдық округтерде. 18-і ҰОС-на арналса, 32-сі қоғам қайраткерлеріне арналған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888138
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ҚЫШ ЗАУЫТЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ 22.11.2024
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Облыс әкімдігінің қолдауымен аудан, қала әкімдері мен кәсіпкерлер көршілес елдердің кәсіпорындарын аралап, инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, ол кездесулер жемісін беруде. Ордабасы ауданында бой көтеретін зауытта Қытай елінің тәжірибесі мен жоғары технологиясы қолданылады. Облыс әкімі жобаны уақтылы жүзеге асыру керектігін айтты.– Шетелдің озық технологияларын меңгеріп, батыл шешімдер қабылдау керек. Бұл зауыттың жоспарланған мерзімде ашылуы қадағаланады. Жұмыс істеймін, халықты жұмыспен қамтимын дейтін инвесторлар мен кәсіпкерлерімізге қолдау көрсетіледі, – деген Дархан Сатыбалды жаңа зауыттың уақыт капсуласын салу рәсіміне қатысты.«Altyn land» ЖШС-нің директоры Береке Дүйсебеков жобаға қолдау көрсеткен облыс, аудан басшылығына алғысын білдірді. Оның айтуынша, қыш зауытында заманауи технологиялр қолданылады. Жобаның жалпы құны – 5 млрд. теңге, кәсіпкердің жеке қаржысы және несие арқылы жүзеге асырылады. Аталған зауытта жылына 90 млн. дана кірпіш, күніне 250 мың дана кірпіш шығарылады деп жоспарланып отыр. Осы арқылы жергілікті нарықта импортты азайтып, отандық өнім көлемін арттыру көзделген. Қазақстанда теңдесі жоқ зауытта жергілікті 70 тұрғын жұмыспен қамтылады. Бүгінде жобаның ЖСҚ-сы әзірленуде, ҚХР-дан құрал-жабдықты жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылып, жер тегістеу, іргетасын құю жұмыстары жүріп жатыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888142
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚҰНЫ 68 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 10 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ 22.11.2024
Түлкібас ауданында 2025 жылы жалпы инвестициялық құны 67,5 млрд теңгені құрайтын 10 жобаны іске асыру жоспарлануда. Одан түсетін болжамды салық көлемі 97,7 млн теңгені құрайтын болады. Сонымен қатар, 858 азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Жоспарға енген жобалардың ішінде «Састөбе инновациялық кешені» ЖШС зауыты бар. Онда каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, әк өндірілмек. Сонымен қатар, «Azia Food Company» ұн диірмені де алдағы жылы толықтай іске қосылады деп күтілуде. Бұл жайында Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«2024 жылдың 10 айында аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 81 млрд 519,2 млн теңгені құрады. Ал, шағын және орта бизнес нысандарының саны 9 787-ге жетіп, 13 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. 2025 жылы аталған саланы дамыту мақсатында жалпы құны 2,2 млрд теңгені құрайтын, 22 жоба іске асырылмақ. Бұл жобалар толықтай іске асырылса 226 жаңа жұмыс орны ашылып, аудан бюджетіне қосымша 138 млн теңге салық түседі деп күтілуде»- деді өңір басшысы.Сонымен қатар, ауданды туристік аймаққа айналдыру бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде өңірде 36 туристік нысан жұмыс істейді. Ал, келер жылы құны 3,1 млрд теңгелік 5 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Көзделген мақсат толықтай іске асса, 235 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ, Түлкібас ауданындағы ауылшаруашылық өнімінің көлемі жыл басынан бері 46 млрд 452 млн теңгені құраған. 2025 жылы да аталған саланы дамыту мақсатында 8 жоба іске асырылмақ. Инвестициялық құны 15,5 млрд теңгені құрайтын жобалар арқасында 97 азаматты жұмыспен қамтуға мүмкіндік алады.Аудандағы инфрақұрылым саласы да ілгері жылжыған. Нақтырақ айтар болсақ, ауыз су саласы бойынша 59 елді мекеннің 58-і орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, аудандағы 21 135 тұрғын үй, яғни 99,8 %-ы табиғи газ жүйесіне қосылған.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888143
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНЕ «КІТАПТЫ СЫЙҒА ТАРТУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 300-ДЕН АСТАМ КІТАП СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ 22.11.2024
Түркістан облысындағы Сарыағаш медресе-колледжінде «Кітапты сыйға тарту» акциясы өтті. Аталған іс-шараға Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев , «FARAB» облыстық әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі Дана Таженова, Облыстық дін істері басқармасы басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілі Ержан Төлепов, «Сарыағаш медресе-колледжінің» директоры Дінмұхамед Сманов қатысып, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.Түркістан облысының дін істері басқармасы және Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен акция аясында Сарыағаш медресе-колледжіне 300-ден аса кітап сыйға берілді. Атап айтсақ, «FARAB» облыстық кітапханасынан 100 кітап, Сарыағаш ауданының кітапханасы атынан 100 кітап, Қазығұрт және Келес ауданының кітапханаларынан 60 кітап, Мақтаарал және Жетісай ауданының кітапханаларынан 100 кітап, Түркістан облысының бас имамының атынан 3 кітап сыйға тартылды.Айта кетейік, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың ұсынысымен, облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған іс-шара мақсаты – кітап мәртебесін көтеру, жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіріп, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, кітап оқуды насихаттап, ұлттық ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын толықтыру.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888144
ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 22.11.2024
Отырар ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 66,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 300 млн теңгеге артық орындалған. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы - 33,3 млрд теңге, тартылған инвестиция - 23,6 млрд теңге, сауда - 2,8 млрд теңге, өнеркәсіп - 22 млрд теңге, құрылыс көлемі - 8,2 млрд теңгені құраған. Бұл жайында Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«Биыл Отырар ауданында 35 000 гектарға егін егіліп, егістік алқабынан 395 993 тонна өнім жиналды. Одан бөлек, ауданда 2024 жылдың ІІ тоқсанында бірнеше инвестициялық жоба іске асырылды. Мәселен, «Баржоу Хинкай Трейд гоу» ЛТД компаниясымен бірлесіп 500 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен мақта дақылын егу жұмыстары жүргізіліп, 1 200 тонна мақта өнімі алынды. Сонымен қатар, ауданда жыл соңына дейін 800 млн теңгеге сауда саласы бойынша екі шағын инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, 2025 жылы құны 360 млн теңгені құрайтын түйе сүтін өңдеп, ұнтақ шығаратын кәсіпорын құру көзделген. Бүгінде Қытай мемлекетімен келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, 2025-2030 жылдары құны 145 млрд 625 млн теңгені құрайтын 157 ірі және шағын инвестициялық жобалар жүзеге асып, 1 790 адам жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ, келесі жылы ауданда «Nomad» ЖШС-ң демалыс аймағы іске қосылады. Ал, 2026 жылы «Жанұя» ЖШС-ң емдік балшық пен жылы сумен емдеу орталығын іске қосу көзделген»,- деді аудан басшысы.Бұдан бөлек, аудандағы Шәуілдір ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Нысан 2024 жылдың 15 желтоқсанына дейін пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Аққұм ауылынан дәрігерлік амбулатория құрылысы мен Шытты ауылынан фельдшерлік-акушерлік нысанның құрылысы жүргізілуде. Ғимараттар 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін ел игілігіне беріледі.Инфрақұрылыммен қамту бойынша аудандағы 37 елді мекеннің 35-і орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Қалған екі елді мекенді ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде. 2018-2023 жылдар аралығында 21 елді мекен табиғи газ жүйесіне қосылып, жалпы аудан халқының газбен қамтылу деңгейі 71,4 %-ға жеткен. 2024 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 13,7 шақырымдық 7 ішкі көшеге, жергілікті бюджет қаржысы есебінен 34,8 шақырымдық 29 көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп, қанағаттанарлық дәрежедегі жолдар үлесі 80,1%-ды құрап отыр.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888146
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 22.11.2024
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылында заманауи спорттық-сауықтыру кешені ашылды. Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, тұрғындарды құттықтады.– Өңірімізде ауылды елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр. Білім, медицина, спорт, мәдениет нысандары салынуда. Бүгін спорт кешенін ашқалы тұрмыз. Бұның бәрі сіздер үшін, жастар үшін үлкен қолдау деп ойлаймын. Осында жаттыққан спортшы жастарымыз әлемдік деңгейде Қазақстанның атын шығара берсін! – деген Дархан Сатыбалды спорт кешенін аралап көріп, спортшылармен, бапкерлермен жүздесті.Жобаның құны – 1 132 223,6 мың теңге. Жер телімінің ауданы – 1,5 гектар болса, құрылыстың ауданы – 2488,59 шаршы метр. Нысанның құрылысын «Қаратау ЛТД» ЖШС жүргізген.Заманауи спорттық-сауықтыру кешенінде грек-рим күресі, еркін күрес, самбо, дзюдо және бокспен шұғылдануға жағдай жасалған. Сонымен қатар баскетбол, волейбол, гандбол секілді командалық спорт түрлерімен де айналысуға болады. Залға 210 көрермен сияды.Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары спорт кешенінің салынғанына ризашылықтарын білдіріп, өңір басшысымен еркін пікір алмасты. Ұсыныстар айтылып, аймақты дамыту жолдары сөз болды. Аталған спорт кешенінде Қажымұқан атындағы №1 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі орналасады. Бұл спорт мектебінде 1000-ға жуық бала жаттығып жүр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888147
ТҮРКІСТАН: «БАБАЛАР ДӘСТҮРІ – ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ 22.11.2024
Түркістанда «Бабалар дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты байқауы өтті. Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ұлттық құндылықтарды насихаттауда байқаудың маңызы жоғары екенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.– Өздеріңізге белгілі, қазақ халқы әлемдегі салт-дәстүрге бай халықтардың бірі. Тәрбиелік маңызға ие бұл байқауды, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді қолға алдық. Облыстың барлық аудан, қаласында жалғасын тауып, жастарға үлгі-өнеге көрсететін ұлттық патриоттық іс-шараға айналып отыр. Халық арасында бабалар тәрбиесінің ізгі мұрасын бүгінгі өскелең жастарға насихаттау әрбіріміздің өшпес парызымыз. Осыған орай, бүгінгі байқау үлкен мәнге ие. Әдет-ғұрыпымызды дәріптейтін осындай жобалар көп болып, ұрпақ санасы серпіле берсін, – деді Ертай Кенжебекұлы.Шараға аудан, қалалардан жалпы саны 20 команда қатысып, бақ сынады. Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері халықтың рухани өзегі, мәдениетінің дінгегі, тілінің тірегі. Осы құндылықтарды кеңінен дәріптеу мақсатында қолға алынған шарада қазылар алқасы 20 топтың дайындығын 2 кезең бойынша байқады. Алғашқы кезең ұмытылып бара жатқан салт-дәстүр бойынша, бүгінгі ұрпақ тәрбиесі мен ел бірлігіне өте қажет деген отау көтеру, тәрбие, отбасы, тұрмыс дәстүрлері, еңбек дәстүрлері сахналық қойылымдар үйлесімін тауып көрермен назарына ұсынылды.Ұлтымыздың дәстүрлерін әділ қазылар алқасына тереңінен жеткізіп, көрерменге көрініс барысында толыққанды сипаттап берді. Ал екінші кезеңде ұлттық қадір-қасиеттерді дәріптеді. Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Арыс қаласына бұйырды. Жүлделі 1-орынды Қазығұрт пен Төлеби ауданы, жүлделі 2-орынды Түркістан қаласы, Шардара мен Сарыағаш ауданы, жүлделі 3-орынды Жетісай, Созақ, Түлкібас аудандары иеленді. Байқау жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар табысталды.Айта кетейік, облыс әкімдігінің қолдауымен өткен байқаудың мақсаты – ұмыт қалған салт-дәстүрді қайта жаңғыртып, шешендік сөздердің қуатын ұрпақтың бойына сіңіру. Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының бастамасымен, байқау биыл екінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушы – «Серпіліс» қоғамдық қоры.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888447
ТҮРКІСТАН: БАЗАРДАҒЫ КІТАПХАНАҒА 10 МЫҢДАЙ ОҚЫРМАН КЕЛГЕН 22.11.2024
Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында «Базардағы кітапхана» жобасы шеңберінде «Қуаныш» сауда орталығында кітапхана пунктіне ат басын бұрып, сондағы жұмыстармен танысты. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бұл жобаның негізгі мақсаты кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға, тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосып, креативті идеялардың тууына мүмкіндік беретінін жеткізді. Сондай-ақ аудан, қалаларда жалғасып жатқанын атап өтті.ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеу барысына тоқталды. Содан соң елімізде алғаш қолға алынған жобаның өзге өңірлерге де үлгі боларын айтты. Сауда орталығының басшысы, облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева тұтыншулар мен жеке кәсіпкерлер арасында үлкен сұранысқа ие болып, келушілердің артып келе жатқанын жеткізді. Облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекованың айтуынша қазірге дейін 10-мыңға жуық адам кітапхана қызметтерін пайдаланған. Мәдени ошаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев, Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев, Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлы да қатысып, кітапхана жұмысын жоғары бағалады.Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес ашылған кітапхана пунктінде көркем әдебиет пен кәсіпті нығайтуға бағытталған және әлемдік бестселлерден құралған 3 мыңға жуық кітап қоры бар. Балаларға арналған туындыларды да табуға болады. Оқырман сұранысына сай кітап сөрелері мен мерзімді басылымдар тұрақты түрде жаңартылады. Кітапхана қызметі білімге қолжетімділікті, мәдени құндылықтармен алмасуды көздейді.Айта кетейік, өңірде «Ашық әкімдіктегі – ашық кітапхана» жобасы да іске асырылып, облыстағы барлық әкімдікте ашылған болатын. Бұдан бөлек мешіт-медреселерде де кітапхана бұрыштары әзірленуде. Мұндай кітапхана оқуға жайлы орта жасап, оқырманмен тығыз байланыс орнатып, келушілердің уақытын тиімді өткізуіне ықпал етеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888453
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ӘУЛЕТІМЕН ТРАНСФОРМАТОР ЖӨНДЕУДІ КӘСІП ЕТКЕН ОТБАСЫ ТҰРАДЫ 22.11.2024
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Кентау қаласы мен Сауран ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті.Сапар аясында журналистер Жаңа Иқан ауыл округінде ашылған «Рамазан» ЖК трансформаторларды жөндеу цехының жұмысымен танысты.Энергетикалық қуатты нығайту – мемлекетіміздің экономика саласының басым бөлігі. Оның ішінде трансформатор – электр-техникалық бұйымдар рыногының ең талапты және бәсекелі бөлігі. Кентау қаласындағы транформатор зауытының өнімдері өңірдің ғана емес елдің мәртебесін көтеріп, өңір тұрғындарын өмір сапасын жақсартып жатқаны баршаға мәлім.Осы орайда, Сауран ауданындағы шағын ғана ауылдан трансформатор жөндеп, адал еңбегімен отбасын асырап отырған Ибата елді мекенінің тұрғыны, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, жеке кәсіпкер Махсұд Тажибаев қазіргі таңда 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Балаларының осы салаға бейімділігін байқап, өзінің білгенін үйреткен әкесі Дадахан Тажибайұлы да көп жылдар бойы Ибатада электрик болып еңбек еткен. Енді балалары Махсұд, Махмұд, Мұхаммед әке жолымен электрик болып жұмыс істеп, ел игілігі үшін аянбай еңбек етуде.2016 жылы ашылған цехта жұмыс өнімділігі мен тапсырысқа қарай ауыл тұрғындары еңбек етіп келеді. Кәсіпорында қуатты кернеу диапазонындағы трансформаторлардың қорабы құрастырылады. Жылына 60-тан аса трансформатор қалпына келтіріліп, қайта жасақталады. Сонымен қатар кәсіпорын жөндеуді қажет ететін, тозығы жеткен трансформаторларды жөндеумен айналысады. Бүгінде кәсіпорын өз өнімін өзге аудандар мен қалаларға шығара бастаған.«Айына кемі 4-5 транформатор жөндейтін «Рамазан» ЖК-не тапсырыс берушілер көп. Елімізден бөлек, Ресейден де іздеп келетіндер бар. Олар негізінен Қазақстан электр желілері орталығының істен шыққан транформаторларға жаңа серпін береді. Әсіресе, өндіріс орындары шағын трансформаторларға қызығушылық танытады. Зауыттан әлдеқайда арзан өнімдерге сұраныс жоғары» - дейді Махсұд Дадаханұлы.Кәсіпкердің айтуынша, аудан әкімі Мақсат Таңғатаров кәсіпорын жұмысымен арнайы танысып, кәсіпкерге қолдау білдіретінін жеткізген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888455
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЕСКЕК ЕСУ КАНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР 22.11.2024
Түркістанда халықаралық деңгейдегі ескек есу каналының құрылысы жалғасып жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған нысанға барып, құрылыс барысын қадағалады. Жауапты басқарма басшыларына жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.– Бұл – ауқымды жоба. Жұмыс сапалы атқарылуы тиіс. Қаржыны тиімді жұмсап, халықаралық жарыстар өтетін нысанды өз мерзімінде ел игілігіне тапсыру керек, – деді Дархан Сатыбалды.Ескек есу каналының жалпы аумағы 100 гектарға жуық, су сыйымдылығы – 2 млн текше метр. Жобаның бірінші кезеңі аяқталған. Бүгінде үшінші кезеңі бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Қазір трибуна мен мұнара бетондалуда. Спорт кешенінің қасбетін бояу және нысанды абаттандыру жүргізілуде. Ол жұмысқа 75 адам, 15 техника тартылған. Каналда 800 мың текше метр су бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888456
Атырауда Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай поэзия кеші өтті 22.11.2024
М.Өтемісов атындағы академиялық қазақ драма театрында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов пен ұрпақтары қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Шара шымылдығы «Фариза -рух жанартауы» атты театрландырылған музыкалық-поэтикалық-мультимедиалық қойылыммен түрілді. Кейін аймақ басшысы Серік Шәпкенов құттықтау сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.- Фариза Оңғарсынова - ұлт мәдениетін дамытуға зор үлес қосқан қарымды қаламгер. Ол төл әдебиетімізге жаңа леп әкеліп, қайталанбас қолтаңбасын қалдырды. Халқының ыстық ықыласына бөленіп, поэзия падишасы атанды. Қайсарлық пен қайраткерліктің символына айналған сыршыл ақын ер мінезімен, ершіл жырларымен дараланды. Теңдессіз туындылары арқылы адам бойындағы асыл қасиеттерді дәріптеді. Теңдессіз туындылары арқылы адам бойындағы асыл қасиеттерді дәріптеді. Қазақ аруының биік болмысын, қоғамдағы рөлін шеберлікпен суреттей білді. Фариза Оңғарсынованың шоқтығы биік шығармалары мен өнегелі өмірі әлі талай ұрпаққа тағылым берері анық. Оның есімін ел жадында сақтау - бәріміздің ортақ міндетіміз. Сөз зергерінің соңынан қалған мол мұрасы алдағы уақытта да терең зерделеніп, кеңінен насихатталады деп сенемін,-делінген құттықтау хатта.Сондай-ақ салтанатты жиынға ҚР Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, көрнекті әдебиеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сауытбек Әбдірахманұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева, ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Светқали Нұржан, белгілі Мемлекет және қоғам қайраткері Ирак Елекеев, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықова, қазақтың белгілі ақындары Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербекқызы, Танагөз Ильясова, Маржан Ершу қатысты.Кеште поэзия падишасының сөзіне жазылған әндер айтылып, театр фойесіне Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналған тақырыптық баннер, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының және облыстық тарихи-өлкетану музейінің тақырыптық көрмесі қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/888484
Атбасарда орталық қазандық реконструкциялануда 22.11.2024
Атбасар облыстың қарқынды дамып келе жатқан қалаларының бірі болып табылады, бүгінгі таңда қала халқы 30 815 адамды құрайды.Атбасарлықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға көп көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда орталық қазандықты жаңғырту мәселесі ерекше өзекті. Жоба үш жылға есептелген, жұмыс өткен жылдан бері жүргізілуде, қазіргі уақытта қала тұрғындарына басталған жылыту маусымында жылумен жабдықтау қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін бірқатар жұмыстар жүргізілді. Жергілікті атқарушы органдардың айтуынша, ауқымды жоба қаланың экологиялық құрамдас бөлігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.«Орталық қазандықты жөндеу аяқталғаннан кейін экологиялық компонент жақсарады, біз барлық сорғы станцияларын бір орталықтандырылған қазандыққа ауыстырамыз, түтін мен көмірқышқыл газының шығуы азаяды. Маңызды факт: қазандықтың қуаты артады, бүгінгі күні қазандықтың қуаты 23 гигакалорияны құрайды, реконструкциялаудан кейін 120 Гкал болады. Қазір біздің қалада 17 қазандық жұмыс істейді, жақын арада бірыңғай жүйе болады, бұл процесті оңтайландыруға және орталықтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұтынушылар үшін температура режимі жақсарады, жылу энергиясының сапасында оң өзгерістер күтіледі. Ағымдағы жылы мердігер ұйыммен №3, №4 қазандықтардың іргетастарын бөлшектеу; ғимарат ішіндегі ауа өткізгіштердің газ жолдарын жөндеу; № 3, №4 қазандықтардың күлді кетіру қожының кірпіш қалқанын реконструкциялау; тарату торабының үй-жайын жаңарту; қолданыстағы кәріз құдықтары мен желілерін бөлшектеу; №3, № 4қазандықтардың металынан жасалған циклондарды, бұру газ жолдарын, алаңдарды, эстакадаларды күрделі жөндеу; су жинағын кеңейтуді жөндеу; үрлемелі желдеткіштер мен газ құбырлары үшін іргетасты монтаждау және №3 қазандық үшін іргетасын қалау орындалды. Сонымен қатар, химиялық су өңдеу ғимаратына арналған шұңқыр жабдықталды, химиялық су өңдеуге арналған үй-жайларды монтаждау, түтін сорғыштардың іргетастарына механикаландырылған тәсілмен топырақ әзірлеу жүргізілді және №3 қазандықтың қиыршық тас негізін тығыздау жүзеге асырылды», - деп хабарлады Атбасар ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ермек Бибеков.Ермек Серікұлының мәліметінше, қазіргі уақытта циклондарға арналған тірек конструкцияларын монтаждау, қазандықтарға арналған циклондарды құрастыру, химиялық су өңдеу ғимаратының тұрмыстық үй-жайларының едендерін орнату және қабырғаларын әрлеу, химиялық су өңдеу ғимаратының фасонды бұйымдарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.«Жобаны аяқтау үшін №3 қазандықтың жану камерасының құрылысын орындау, редуктор мен электр қозғалтқышы бар скрепер-шөміш көтергішін монтаждау қажет. Біздің жоспарларымыз бойынша барлық жұмыстар 2026 жылы аяқталады. Келесі жылы қарқынды жұмысты жалғастыратын боламыз, бірнеше қазандықтарды орнату, іргетастарды бөлшектеу, түтін мұржаларының негізі, отын беруді реттеу, түтін құбырларын салу, суды химиялық тазартуды орнату және ауыстыру жоспарлануда. Өткен жылы қазандықтарды күрделі жөндеу жұмыстары да жүргізілді, атап айтқанда: оттық ауыстырылды, қазандықтарды қаптау жүргізілді, 1 және 2-қазандық тиісінше жұмыс істейді, жылу беру тұрақты жүріп жатыр», – деп атап өтті Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде.Ведомствоның ақпараты бойынша, Атбасар қаласының орталық қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, 3693 абонентті жылумен қамтамасыз ету жақсарады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/888479
Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда 22.11.2024
Әзірбайжанның Баку қаласында СОР29 конференциясы аясында туризмдегі климаттық шараларды кеңейтуге арналған кездесу өтті. Жиын барысында Қазақстан тұрақты туризм саласындағы жетістіктері мен болашақ жоспарларын таныстырды.Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев, Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас хатшысы Зураб Пололикашвили, Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік туризм агенттігінің төрағасы Фуад Нағиев, сондай-ақ 20-дан астам елдің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.«Қазақстанда ұлттық парктер мен қорықтар құрамында қорғалатын бірегей табиғи экожүйелер бар. Біздің міндетіміз – қоршаған ортаға зиян келтірместен экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Біз туризм саласында көмірқышқыл көлемін азайтуға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік беретін «Жасыл стандарттарды» енгізуді жалғастырамыз», – деді Ержан Еркінбаев.Кездесу барысында туризм саласындағы климаттық әрекеттерді күшейтуге бағытталған Баку декларациясының негізгі бағыттары талқыланды. Қазақстан туризмнің климатқа әсерін азайтуға және тұрақты тәжірибелерді халықаралық аренада ілгерілетуге бағытталған барлық бастаны қолдайтынын білдірді.Сонымен қатар Ержан Еркінбаев Қазақстанның экологиялық туризм саласындағы жетістіктерін, соның ішінде Саты ауылының Best Tourism Villages конкурсында үздік шыққанын және ITB Berlin халықаралық көрмесінде «Гүлденген қауымдастықтар» атылымындағы жетістігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/888482
Алматыда Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесі ашылды 22.11.2024
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде қоғам қайраткері, Қазақстан Өнер академиясының және «MONDIAL ART ACADEMIA» Дүниежүзілік өнер академиясының академигі, Қазақстанның көрнекті суретшісі Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.Көрме автордың 50-ге жуық цифрлық кескіндеме және графикадағы шығармаларынан тұрады. Ұсынылған ерекше туындылардың бірі – цифрлық кескіндеме. Бұл суретшінің өнерге заманауи технологияларды енгізуге деген ұмтылысын білдіреді және Қазақстанның жас суретшілеріне маңызды бағдар болары анық. Экспозиция көрермендерді шығармашылықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға шабыттандырып, XXI ғасыр өнерінде цифрлық технологиялардың бірегейлігін айқындауға және әрбір адамға шебердің туындыларынан «Уақыт резонансын» табуға мүмкіндік беруді көздейді.Көрме 2024 жылдың 4 желтоқсанына дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887231
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі umarovnews.kz интернет-басылымының журналисіне құқықтарын қорғауда қолдау көрсетуге дайын 22.11.2024
Орал қаласында сот отырысы кезінде адам өлтіру ісі бойынша айыпталушының әкесі сот залында umarovnews.kz интернет-басылымының журналисі Талғат Омаровқа қол жұмсаған. Болған оқиғаға байланысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Талғат Омаровтың құқықтарын қорғауда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдейді. Бұл көмек адвокат ұсынуды және қажетті құқықтық қолдау көрсетуді де қамтиды. Сондай-ақ, Министрлік заңды журналистік қызметке кедергі келтірудің қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.Бұл жағдай журналистің заңды кәсіби қызметін шектеу және қоғам мүддесі үшін жұмыс істейтін журналистердің құқықтарын өрескел бұзу саналады. Сот процестеріне қатысушылардың барлығы заң талаптарын сақтап, журналистердің құқықтарын құрметтеуі тиіс. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887232
Ақын Әбубәкір Смайыловтың өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті 22.11.2024
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын Әбубәкір Смайыловтың «Құс жолында біреу жүр жоқ қараған» атты кітабының тұсаукесері өтті.Жинаққа ақынның кейінгі жылдары жазған азаматтық поэзиясы мен лирикалық өлеңдері енген.Кітаптағы туындылар өткен ғасырдың аяғы мен жаңа ғасырдың басындағы қоғамның тыныс-тіршілігін суреттейді.Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен оқырмандар қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887635