Enbekshi QazaQ

Қуқық

Абай облысындағы көктемгі су тасқынына дайындық барысы тексерілді 17.11.2024
Абай облысына ҚР Үкіметі аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің инспекторы Ұлықбек Серікұлы Тналиев іссапармен келді.Өңірдегі көктемгі су тасқынына дайындық деңгейін тексеру және қажетті шараларды бақылау мақсатында ұйымдастырылған іссапар барысында инспектор Шүлбі су электр стансасының жағдайымен танысып, су қорының жинақталуына назар аударды. Сондай-ақ мұнда көктемгі су тасқынына қарсы алдын алу шараларын реттеуді тапсырды.Бұл орайда облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков Семей қаласы мен барлық аудандарда су тасқыны қаупіне байланысты су арналарын тазалау, қорғаныс бөгеттерін нығайту және қажетті техникаларды әзірлеу секілді алдын алу шаралары жүргізіліп жатқанын, сонымен қатар, бұл жұмыстардың барлығы аймақ басшысының тікелей бақылауында екенін жеткізді.ҚР Үкіметі аппаратының өңірлік даму және бақылау бөлімінің инспекторының іссапары барысында өңірде төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған өзге де шаралар жан-жақты талқыланды.Сала мамандарының айтуынша, атқарылған жұмыстар көктемгі кезеңде су тасқынының қаупін барынша төмендетуге бағытталған. Инспектор атқарылған шаралардың сапасын бағалап, жауапты мекемелерге су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы аяқтап, толық дайындықпен кіруді міндеттеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/884551
Үшарал қаласы әуежайында жаңа терминал салынбақ 17.11.2024
Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың Жетісу өңірі тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды. Құрылыстың екі нұсқасы қарастырылуда: біріншісі - ғимараттарды келу және кету аймақтарына бөле отырып, қолданыстағы терминалдың жанынан шағын терминал салу; екіншісі – бірден үлкен терминал салу. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін талдап, әзірлеуде.Сондай-ақ, бүгінгі таңда «Сарыөзек-Көктал» жолының 45-68-ші шақырымдары арасында күрделі жөндеу, ал 68-110 шақырымдары арасында орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Келесі жылы 0-ден 45-ші шақырымға дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тиісінше, жол толығымен ретке келтіріледі.Жалпы ұзындығы 762 шақырымды құрайтын «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолын қайта жаңғырту жұмыстары да 2024 жылдың соңына дейін аяқталады.Өңір тұрғындарымен еркін форматта өткен кездесуде ведомство басшысы министрліктің құзыретіне кіретін және осы өңірге қатысты сұрақтарға барынша ашық жауап берді.Халықпен кездесуден кейін министрдің жеке қабылдауына 6 тұрғын жазылды.Қазақстандықтардың сұрақтары авиабилеттерді қайтару, халықаралық жүк тасымалдарының жүргізушілеріне виза беру және т.б. мәселелерге қатысты болды. Кездесу қорытындысы бойынша барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар мен түсініктемелер берілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/884544
Бір күнде Астанадан 2000-нан астам жүк көлігімен қар шығарылды 17.11.2024
Астанада қар тазалау жұмыстары ауысыммен тәулік бойы жалғасуда. Коммуналдық қызметтер қар тазалығымен күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.16 қарашада кешкі ауысымда қаланы қардан тазартуға 900-ден астам арнайы техника, ал 250-ден астам жол жұмысшысы шықты.16 қараша күні түстен кейін полигондарға 25 мың текше метрден астам қарды 2009 ауыр жүк көлігі тасыды.Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 26 мыңнан астам рейс, 342 мың текше метрден астам қар жеткізілді.Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/884538
Ербол Мырзабосынов дзюдодан ел чемпионатының ашылу салтанатына қатысты 17.11.2024
Дзюдодан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты.Министр Қазақстандағы дзюдо спортының дамуына, қазіргі аяқ алысына көңілі толатынын жеткізіп, жарысқа қатысушы палуандарға сәттілік тіледі.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортқа ерекше қолдау көрсетуде. Қазақстандағы дзюдоның қазіргі аяқ алысы жаман емес. Бұл сөзімізге Парижде өткен Олимпиада мен Паралимпиададағы дзюдошылардың жарқын жетістіктері дәлел. Елдос Сметовтың алтын жүлдесі мен Ғұсман Қырғызбаевтың қола медалі барша қазақстандықтарға үлкен қуаныш сыйлады. Оның үстіне Қазақстан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу мүмкіндігін иеленді. Осының бәрі біздегі дзюдоның дұрыс жолда келе жатқанын көрсетеді. Жас дзюдошылар да жаһандық жарыстарда ерекше жетістіктерімен көзге түсіп, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Спортшылардың дүбірлі додаларда топ жаруы, жүлдегер атануы – біз үшін зор мақтаныш», – деді Ербол Мырзабосынов.Ел біріншілігінің ашылу салтанаты аясында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақыноваға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері куәлігін, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке есімі алтындатылған жапсырманы табыстады.Байрақты бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің 17 облысынан барлығы 510 татами шебері қатысуда. Қазақстан чемпионаты 18 қарашаға дейін жалғасады. Чемпионат қорытындысы бойынша 2025-2026 жылғы спорт маусымына дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/884540
Республикалық әншілер байқауы: Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің студенті Бас жүлдені иеленді 17.11.2024
Алматы қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ж.Елебеков атындағы дәстүрлі ән орындаушылардың ІІ республикалық байқауы өтті.Байқау колледж тарапынан әншінің 120 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.Бас жүлдені Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенті Асқат Ермұратұлы иеленді.Іс-шара барысында Ж.Елебековтың репертуарындағы барлық әндер шырқалды.Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 35 қатысушының 15-і екінші кезеңге өтті. Байқау нәтижесінде олар Дипломант атағын, Көрермендер көзайымы жүлдесін және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарды иеленді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/884537
2025 жылғы қаңтардан бастап Қытай Халық Республикасымен шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу цифрлық форматта жүргізіледі 16.11.2024
Құжатқа екі елдің бейінді министрліктері қол қойды. Аталған жұмыстар бланкілердің жалпы санынан 60%-ын цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуде айтты. Жалпы, қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық автотасымалдарға қатысу көрсеткіші 31%-дан (2021) 52%-ға (2023) дейін өсті. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 42 елімен шетелдік рұқсаттармен алмасуды жүзеге асыруда. Ағымдағы жылы рекордтық айырбас жасалды - 364 705 ШРБ, оның ішінде - 190 000 Қытай бланкілері. Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуден кейін министр жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Еліміздің көлік саласын одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын тыңдадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/884536
Асхат Шахаров Ақтөбеде өтіп жатқан Дзюдо чемпионатының ашылуына қатысты 16.11.2024
Ақтөбеде Дзюдодан Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.Оған Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. Шараға қазақстандық дзюдошы, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов те шақырылған. Іс-шара қонақтары чемпионат қатысушыларын оның ашылуымен құттықтап, жарыстарға сәттілік тіледі.Асхат Шахаров құттықтау сөзіндедзюдодан чемпионаттың дәл Ақтөбеде өтіп жатқанының маңыздылығын атап өтіп, Туризм және спорт министріне көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғысын білдірді.«Мемлекет басшысы Қазақстанда спортты дамытуға көп көңіл бөлуде. Бүкіл ел бойынша жаңа спорт кешендері салынып, жаттығу базалары мен спорт мектептері жаңғыртылып жатыр. Бұл кәсіби спортшыларға халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар спортты жастар мен жалпы халық арасында танымал етуге ықпал етеді.Бұл чемпионат – қазақстандықтардың ерекше назарында. Біздің дзюдошылар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевтың Париж Олимпиадасындағы жарқын жеңістері спортшылардың жаңа буынын жеңістерге жетелейді.Бұл чемпионаттың Саламат Утарбаев, Рустам Ибраев, Гүлнар Көшербаева, Есет Қуанов және басқа да талантты спортшыларды тәрбиелеп отырған, дзюдода бай тарихы бар Ақтөбе жерінде өтіп жатқанықуантады. Дүбірлі дода облыс жастары арасында дзюдоны насихаттауға, спортпен шұғылдануына және чемпиондардың жаңа буынын тәрбиелеуге жол ашатынына, оларға күш-жігер беретініне сенімдімін», - деді Асхат Шахаров чемпионаттың ашылуында.Облыс әкімі шараны ұйымдастыруға үлес қосқандарға алғысын білдіріп, жарысқа қатысушыларға жеңіс, өз командаларына қолдау көрсетуге келген көрермендерге жарқын эмоциялар тіледі.Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жарыс қатысушылардыңтатамиде жарқын жеңістерге жетуіне тілектестігін білдірді.«Мемлекет қолдауының арқасында чемпиондардың жаңа буынын тәрбиелеу үшін барлық жағдай жасалуда, бұл Қазақстанның әлемдік спорттағы позициясын нығайтады. Бүгінде көптеген қазақстандық дзюдошылардың есімдері әлемдік спорт тарихына енді. Олар – төзімділіктің, шеберліктің және табандылықтың үлгісі. Спортшылардың жас буыны өздерінің даңқты дәстүрлерін жалғастырып, әсерлі жаңа жетістіктер көрсететініне сенімдімін. Бұл чемпионат еліміздегі дзюдо спортыныңдамуындағы маңызды кезең болмақ және жаңа жұлдыздардың жануына, жеңістерге жетелеуге серпін береді», - деді Ербол Мырзабосынов.Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев өз кезегінде елімізде спортшыларды даярлау жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына баса назар аударып, турнир әрбір қатысуға жарқын жекпе-жексыйлайтынына және дзюдоны одан әрі дамытуға түрткі болатынына сенім білдірді.Чемпионаттың ресми ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке жоғары спорттық жетістіктерді айшықтайтын алтын «нашивканы»салтанатты түрде табыстады.Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов екі дүркін әлем чемпионы Әбиба Әбужақынованы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» куәлігімен марапаттады.Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде төрт күн бойы 15-18 қараша аралығында «Қоныс» спорт кешенінде еліміздің түкпір-түкпіріненжиналған дзюдошылар бақ сынайды. Чемпионатқа 17 облыстан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 510 спортшы қатысып жатыр. Спортшылар жеті салмақ дәрежесінде медаль алу үшін өзара мықтыны анықтайды.Чемпионат жеңімпаздары еліміздің ұлттық құрамасына енеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884532
Астанада Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған халықаралық фестиваль өтті 16.11.2024
Астанада Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған «Менің Қазақстаным» халықаралық фестивалі өтті. Іс-шара мақсаты – ұлы композитордың шығармашылығын насихаттау.Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы ұйымдастырған фестиваль еліміздің мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларының бірі болды.Фестиваль сахнасында Өзбекстан, Украина және Қазақстан театрларының әртістері, сондай-ақ Әзербайжан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртістері өнер көрсетті.Бағдарламада Шәмші Қалдаяқовтың қазақ музыка мәдениетінің символына айналған шығармалары орындалды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/884531
Қарашығанақ кен орнының ашылғанына 45 жыл 16.11.2024
Батыс Қазақстан облысында Қазақстанның мұнай өнеркәсібі үшін екі атаулы датаға: тұңғыш қазақ мұнайының өндірілгеніне 125 жыл және Қарашығанақ кен орнының ашылғанына 45 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті. Шараға сала ардагерлері, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.ҚР Энергетика министрінің атынан Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов құттықтау сөз сөйлеп, мұнай-газ саласының ел экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, КПО қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі мен компанияның дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Салтанатты шара кезінде үздік қызметкерлер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.Қарашығанақ кен орнының ардагерлері мен өндіріс озаттары арнайы құрметке ие болды. Вице-министр оларға қажырлы еңбектері мен Қазақстанның мұнай-газ секторын дамытуға және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан өлшеусіз үлестері үшін алғысын білдірді.Бірқатар ардагерлер компания басшылығы мен Батыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.Мерекелік шара мұнай-газ кешенінің түрлі буын өкілдерін біріктірген жарқын сәтке айналды. Онда ұрпақтар сабақтастығы мен мұнай-газ саласының Қазақстан үшін маңыздылығы тағы бір мәрте атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/884535
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА «АЛТЫН КҮЗ-2024» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ 16.11.2024
Бүгін Темірланда Орбадасы ауданының құрылғанына 60 жыл және ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз-2024» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті.Ерте көктемнен қара күзге дейін дала төсінде тер төгіп еңбек еткен жергілікті дихан қауымның мерекесіне орай шаруалар мен дихандар, аталған салада жүрген кәсіп иелері азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесінде өз өнімдерін ұсынса, асыл тұқымды мал басының, агросекторға қажетті жаңа техникалардың көрмесі ұйымдастырылды.Күзгі жиым-терім науқанының қорытынды көрсеткіші айқындалатын молшылық мерекесіне аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, жергілікті мемлекеттік мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер қауымы қатысты.Аудан басшысы мерекеге орай ұйымдастырылған көрмені аралап, азық-түлік өнімдерінің өнімділігі жөнінде шаруалармен пікірлесті. Әсіресе, агро сектордағы, мал шаруашылығы саласындағы тың, жаңа жобалардың жұмысына сәттілік тіледі.Бірлік пен татулық мекені - Ордабасы өндіріс саласымен қатар ауыл шаруашылығы да қарқынды дамып келе жатқан аграрлы аудан. Ауданның ауылшаруашылығы саласындағы кез-келген жетістік бұл, шаруалардың, дихандардың адал әрі тынымсыз еңбегінің және мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасы деуге болады.Ауданның құрылғанына 60 жылдығы мен «Алтын күз - 2024» мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы барша ауыл шаруашылық саласының еңбек адамдарын мерейлі мерекемен құттықтап, ауданның осы саладағы жетістіктеріне тоқталып өтті.«Барша аудан тұрғындарын ауданның құрылғанына 60 жыл және берекенің бастауы саналған «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын. Несібесін еткен еңбегінен күткен Ордабасылықтар үшін биылғы жыл жемісті болып, мол өнімділікке қол жеткіздік. Ауданымыз аграрлы аудан болғандықтан экономикамыздың қозғаушы күшімен табыс көзіде ауылшаруашылығы саласы. Ауылшаруашылық саласындағы негізгі көрсеткіштерге тоқталып өтіп, 10 айдың қорытындысымен ауылшаруашылығы жалпы өнімінің көлемі – 54 млрд. 819 млн.теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 7,6 млрд. теңгеге артып отыр. Ауылшаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар – 9 млрд. 700 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 млрд. 578 млн. теңгеге артығымен орындалып отыр. Тамақ өнімдерінің негізгі капиталына тартылған инвестиция 328 млн. теңгені құрады. Дихандарымыз ағымдағы жылы 71 591 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда егіс көлемі – 1 203 гектарға ұлғайды.Атап айтар болсам, бидайдың егіс көлемі – 27 092 гектардан – 56 893 тонна (орташа түсімі 21 цн/га), арпа – 3 114 гектардан – 4 359 тонна (орташа түсімі 14 цн/га), майлы дақылдар – 5 228 га, оның ішінде күнбағыс – 149 гектардан – 298 тонна (орташа түсімі 20 цн/га), мақсары – 5 079 гектардан – 5 588 тонна (орташа түсімі 11 цн/га), ашық топырақта өсірілген көкөністер – 3 148 гектардан – 80 274 тонна (орташа түсімі 255 цн/га), картоп – 632 гектардан – 12 956 тонна (орташа түсімі 205 цн/га), бақша дақылдары – 1 780 гектардан – 37 736 тонна (орташа түсімі 212 цн/га), дәндік жүгері – 6 982 гектарға егіліп, жалпы – 68 423 тонна (орташа түсімі 98 цн/га) көп жылдық мал азықтық дақылдар – 17 215 гектардан – 146 327 тонна (орташа түсімі 85 цн/га) мақта – 6 400 гектарға егіліп, 22 400 тонна (орташа түсімі 35 цн/га) өнім алынды. Сонымен қатар егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында 1 алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу жобасы қолға алынды. Ағымдағы жылы 411 гектар жерге 141 шаруа қожалығы өнімдерін егіп, нәтижесінде 1-ші дақылдан – 9 854,5 тонна, 2-ші өнімнен – 7 698,2 тонна өнім жиналды. Жыл басынан бері – 18,4 гектар жерге жылыжай құрылысы жүргізіліп, аудандағы жалпы жылыжай алаңы – 127,4 гектарды құрады. Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісі – биылғы жылы – 1 073 гектарға енгізіліп, жалпы көлемі – 4 273 гектарға жетті. Жаңбырлатып суғару технологияларын ендіру бойынша – биылғы жылы – 110 гектарға енгізіліп, жалпы көлемі 1 202 гектарға жетті.Ағымдағы жылдың ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша 117 бірлік жоспарланып, 9 айдың қорытындысымен 127 бірлік техникалар алынып, жоспар 109 %-ға орындалды. Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан ауыл халқының әлеуетін арттыруға бағытталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасының ауданымыздағы көрсеткіші жақсы деп айтуға болады. Ауданымызда жоба аясында скрининг жұмыстары жүргізіліп, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының І-кезеңіне Бадам және Шұбар ауылдық округтері ІІ-кезеңіне Қараспан және Бөржар ауылдық округтері енгізілді. Жобаны іске асыратын 4 ауылдық округтен 8 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Жобаның нәтижесінде, 2023 жылы аудан көлемінде 261 адамға 1 млрд. 722 млн. теңге қаржыландырылды.Жиын соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қойған концерттік бағдарламасына ұласты. Салтанатты жиында ауыл шаруашылық саласындағы жетістіктермен қатар Орталық алаңда қазақы үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрінен ойындар көрсетілді.Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876549
Жамбыл облысында Республика күніне орай салтанатты жиын өтті 16.11.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 25 қазан – Республика күні Ұлттық мерекесіне арналған салтанатты жиынға қатысты.Алдымен әскери оркестр Мемлекеттік Әнұранды жиналған көпшілікпен әуелете шырқады.Бұдан соң облыс әкімі жамбылдықтарды айтулы мерекемен құттықтады.Ербол Қарашөкеев өз сөзінде қадірі мен қасиеті бөлек, ұғымы ұлы мерекенің тарихы, саяси және тәрбиелік мәні тереңде жатқанын айта келе, ел ертеңі үшін тер төкккен аға буын өкілдеріне алғыс білдірді. Жұртшылықты Президент тапсырмалары аясында өңірде жүзеге асып жатқан жарқын жобалар мен толымды тірліктер туралы хабардар етті.Мерекеге орай және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматты марапаттап, құрмет көрсетті.Президент Жарлығына сәйкес бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырылды. Атап айтқанда, ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары, сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» сынды құрметті атақтары берілді.Ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін түрлі этнос өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекелік марапаттарына ие болды.Бұдан бөлек, «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, өңір басшысының Құрмет грамотасы салтанатты түрде тапсырылды.Мерекелік кеш соңы өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/871777
Астанада екі жүзден астам сарбаз Отанға адал болуға ант берді 16.11.2024
"Отан қорғаушылар" монументінің жанында 68665 әскери бөлімінің жас сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі өтті.Сарбаздарды Парламент Мәжілісінің депутаты, Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер, жас жауынгерлердің туыстары мен достары құттықтауға келді.Ант қабылдау рәсіміне дейін Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Жас сарбаздарды "Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary" РҚБ басшысы Халық қаһарманы отставкадағы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев құттықтады. Ол Қазақстан Республикасын қорғау – азаматтың қасиетті борышы мен міндеті екенін атап өтті.- Біздің әрқайсымыз - қатардағы жауынгерден бастап генералға дейін елдің егемендігі мен тұтастығын қорғауға үнемі дайын болуымыз керек. Ата-бабаларымыздың батылдығы мен жанқиярлығы, рухы бәрімізге күш беріп, елдің тыныштығын қамтамасыз етудегі ортақ мақсатымызды есте сақтайық, – деді Б. Ертаев.Сондай-ақ, сарбаздарды Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Болат Керімбек те құттықтады. - Сіздер абыроймен қызмет етіп, туыстарыңыз бен жақындарыңыз мақтан ете алатындай берік, мықты болып үйге оралыңыздар. Сіздерге зор денсаулық пен табыс тілеймін, – деді депутат.68665 әскери бөлімінің командирі полковник Абай Әлібеков атап өткендей, бір ай ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен шақырылған әскерге шақырылушылар жас жауынгер курсынан өтті. Олар бөлімнің тарихымен және дәстүрлерімен танысты, жарғыларды, әскери техника мен қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, саптық және атыс дайындығының негіздерін зерделеді, алғашқы атыстарды орындады.Қарағандыдан келген Жандос Оралов пен Жамбыл облысының тумасы Нұрдәулет Сұлтанғазы сарбаздары үшін ант қабылдау олардың 19 жасқа толған туған күндерімен сәйкес келді. Жастар бұл туған күнді өмір бойы есте сақтайтынын атап өтті.Алаңда шараға қатысушылар әскери техниканың заманауи үлгілерімен танысты. 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оларға қоян-қолтық ұрысы мен қарумен дефиле элементтерін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/884529
Ақтөбеде қаржыгерлер марапатталды 16.11.2024
Бүгін, 15 қараша - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Атаулы күнге орай, өңірдің қаржыгерлері марапатталды.Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов мереке иелерін құттықтап, қаржы саласында атқарған қызметтері үшін алғыс білдірді.«1993 жылы 15 қарашада егемен еліміздің тәуелсіздігінің айырықша белгісі саналатын ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енгізілді. Ұлттық валюта күнінің қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келуі бекер емес. Қаржыгерлер ұлттық валютамызбен тікелей жұмыс істеп, оның айналымын ұдайы қадағалап отырады. Осындай айтулы мереке күні Сіздерге қаржылық тұрақтылық, өсу, кәсіби жетістік тілейміз. Алдағы жұмыстарыңыз еліміздің экономикасын дамыту мен нығайтуға және қаржылық әлеуетін көтеруге бағыттала берсін», - деді облыс әкімінің орынбасары.Абзал Әбдікәрімов бүгінгі мерекеде еңбекте жетістікке жеткен облыстағы банк саласының мамандарына облыс әкімінің алғыс хатын табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884223
Әскери қаржыгерлер ұлттық валюта күнін атап өтті 16.11.2024
Қазақстан қаржыгерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында салтанатты іс-шара өтті.Оған Қорғаныс министрлігінің, Экономика және қаржы департаментінің, Бас қаржы инспекциясының, Мемлекеттік сатып алу орталығының басшылығы, Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының мамандары, Ақмола гарнизонының қаржыгерлері, Қарулы күштер қаржы қызметінің ардагерлері қатысты.Іс-шараның басында қаржы қызметінің қалыптасу кезеңдері, даму перспективалары және ведомство мамандары туралы баяндайтын фильм көрсетілді.Жиынға қатысушыларды Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов мерекемен құттықтады. Ол қызмет ардагерлеріне Қазақстан армиясын қаржылық қамтамасыз етудің дербес жүйесін қалыптастыру ісіне қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Бүгінде ол әскерлерді материалдық-техникалық жарақтандыруды, инфрақұрылымды дамыту мен күтіп ұстауды, әскери қызметшілерді лайықты әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етуді, кәсіптік әскери білім алуды, сапалы медициналық қызмет көрсетуді және басқа да қызмет салаларын қамтиды.Қаржылық қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесі әскерлердің қажеттіліктерін уақтылы қанағаттандыруға және бюджетті жоспарлау мен орындаудың әр кезеңінде қаражаттың жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді. Оны жетілдіру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде.Кәсіби мереке құрметіне мінсіз қызметі және қойылған міндеттерді шешуге жауапкершілікпен қарағаны үшін ерекше көзге түскен мамандар «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен және Құрмет грамотасымен марапатталды. Бірқатар қаржыгерлерге алғыс жарияланып, бағалы сыйлықтар табыс етілді және мерзімінен бұрын әскери атақтар берілді.Салтанатты жиын Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/884265
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумының ашылуымен құттықтауы 16.11.2024
«Баршаңызды Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумының ашылуымен құттықтаймын! Алқалы жиын Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында өтіп жатыр. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сондай-ақ бұл форум елімізде тың игеру науқаны басталғанына 70 жыл толуына тұспа-тұс келіп отыр. Сол науқанның түрлі салдары болғанын білесіздер. Соған қарамастан ауыл шаруашылығында көптеген оң өзгеріс жасалды. Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдегі ең астықты елдің біріне айналды. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарды, елді мекендер салынды. Мен бүгін алғашқы тыңгерлердің және олардың ізін басқан диқандарымыздың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Жаңа ғана арнайы көрмені араладық. Отандық өнімдеріміздің сапасы жоғары, көбі экспортқа шығарылып жатыр. Бұл – зор жетістік. Қазақстан Егіс алқабы және жайылымдық жер көлемі жағынан әлемде 6-орын алады. Біз бидай экспорттайтын 10 ірі мемлекеттің қатарына кіреміз. Ұн экспорты бойынша көш басындағы елдің біріміз. Биыл түрлі қиындыққа қарамастан, қамбамыз астыққа толды. Күзгі жиын-терінде 26,7 миллион тонна дақыл жиналды. Бұл – соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш. Шын мәнінде диқандарымыз тамаша нәтижеге жетіп отыр. Құттықтаймын және баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін!»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/884238
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумындағы сөзінен үзінді 16.11.2024
«Агроөнеркәсіп кешеніне жан-жақты қолдау көрсетілуде. Негізгі мақсатымыз – ауыл шаруашылығының дамуына серпін беру. Бүгінде Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексіндегі еліміздің көрсеткіштері жақсарып келеді. 2022 жылы осы рейтингте 32-ші орынға шықтық. Қазақстан ТМД елдері ішінде көш бастап тұр. Бірақ жайбарақат отыруға болмайды. Ауыл шаруашылығы бәсекеге қабілетті озық сала болуы керек. Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс. Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/884276
Алдағы жұмыстың негізгі бағыттары. БІРІНШІ. Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруды жүйелі жүргізу қажет. 16.11.2024
Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру ақсап тұрған саланың бірі еді. Биыл мемлекет бұл мәселені шешіп, бөлінетін қаржы көлемін айтарлықтай арттырды. Біз пайыздық мөлшерлемемен субсидиялау арқылы несиелеудің күрделі әрі көлеңкелі жүйесінен бас тарттық. Диқандар енді көктемгі егін егу және жиын-терін жұмыстарына 5 пайыз мөлшерлемемен тікелей жеңілдетілген несие алады. Мұндай несиелеу көлемі алғаш рет жарты триллион теңгеден асты (580 миллиард теңге, бұған дейін 180 милллиард теңге болған), алдағы уақытта бұл көрсеткіш бір жарым триллион теңгеге дейін жеткізіледі. Дәнді дақылдар түсімі биыл гектарына 16 центнерді құрады. Бұл көпжылдық орташа көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары. Кейбір алқаптан гектарына 40 центнерден немесе одан да көп өнім жиналды. Бидай сапасы мен балауызының деңгейі (32 пайыз) жоғары. Бұған заманауи агротехнологияларды, жоғары сапалы тұқымды, тыңайтқыш пен пестицидтерді пайдалану, сондай-ақ ауылшаруашылық техникаларын жаңарту арқылы қол жеткіздік. Енді біздің алдымызда жиналған өнімді сақтау және оның бағасын құлдыратуға жол бермеу міндеті тұр. Үкіметке Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астық сатып алуды тапсырамын. Бұл нарықтағы бағаны ұстап тұру үшін керек. Астықты өңірлердегі қоймаларды босату мақсатында Ауыл шаруашылығы және Көлік министрліктері бидайды басқа облыстарға тасымалдауды жедел қамтамасыз етуі қажет. Бұл істе облыс әкімдерінің үйлесімді жұмыс істегені маңызды. Көктемгі егіс пен күзгі жиын-терін жұмыстарын дер кезінде қаржыландыру – мол астық жинаудың кепілі. Жыл сайын төлемдерді кешіктіру салдарынан шаруалар егін егу барысында көп қиындықты бастан өткереді. Сондықтан менің тапсырмам бойынша көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жеңілдетілген несие биылғы желтоқсан айынан бастап берілетін болады. Соның нәтижесінде диқандар жанар-жағармайды, қосалқы бөлшектерді, басқа да қажетті тауарлар мен қызметтерді уақытында сатып ала алады. Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда аталған салаға жеке инвестициялар тарту керек екенін айтқан едім. Агроөнеркәсіп кешенін мемлекет тарапынан субсидиялауды біртіндеп қысқартып, оның орнына банктердің ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие беруін ынталандырған жөн. Отандық қаржы институттары агрокәсіпорындарға ұзақмерзімді әрі қолжетімді қаражат ұсынуға тиіс»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/884284
Көкшетауда Ұлттық валюта күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 16.11.2024
Он бесінші қарашада Қазақстанда Ұлттық валюта күні мен қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді.Бүгін Ақмола облысы әкімдігінде Қаржыгер күні мен Ұлттық валюта – теңге күніне арналған салтанатты жиын өтті. Кәсіби мереке құрметіне бірқатар сала өкілі марапаттарға ие болды.«Қаржы жүйесі – экономиканың қан тамыры, ол барлық саланың тіршілігі мен дамуын қамтамасыз етеді. Сіздерге бұл жүйені тұрақтылықта және қауіпсіздікте ұстау, оны заман талабына бейімдеу және өңір мен елдің тұрақты дамуына ықпал ету сияқты маңызды міндет жүктелген. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен біліктіліктеріңіздің арқасында Қазақстанның қаржы саласы заманауи сын-қатерлерге жауап беріп, тұрақтылық пен икемділікті көрсетіп, экономикалық өркендеуге ықпал етуде. Бүгін біз осы маңызды салаға өмірін арнағандардың барлығына ерекше алғысымызды білдіреміз», – деп атап өтті Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жарқешов.Қазақстан Республикасының Жоғарғы аудиторлық палатасының «Қаржы сақшысы» медалімен Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы – Бауыржан Қабдыраш марапатталды.«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен жергілікті бюджеттерді орындаудың есеп және есептілік бөлімі басқармасының басшысы Наталья Рыбалко марапатталды.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің алғыс хатымен Көкшетау қаласы экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Құзтаева марапатталды.Оған қоса, Ақмола облысы әкімінің құрмет грамоталарымен қаржы саласының 25 қызметкері марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/884161
Семейде құрылыс жұмысының барысы тексерілді 16.11.2024
Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жылумен қамту және білім беру мекемелерінің құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын тексерді.Атап айтқанда, «Қарағайлы» шағын ауданындағы блок-модульдік қазандық пен мектеп және Водный ауылындағы мектеп құрылысына тексеру жүргізілді.Барлық мердігерлерге жұмысты уақтылы және сапалы аяқтау тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/884180
ЕАЭО елдеріндегі цифрландыру – кедергісіз ішкі нарыққа апаратын жол 16.11.2024
Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) мүше мемлекеттер мен бизнестің ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарымен тиімді және жедел өзара әрекеттесуі мақсатында ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі (ИАЖ) құрылды.Бұл жүйе деректерді ашық, ыңғайлы және жедел алмасуды қамтамасыз етеді. ЕАЭО елдері осы жобаны толыққанды іске асыруға ұмтылуда.ИАЖ ЕАЭО аясында тауарлардың қозғалысына байланысты ветеринарлық, санитарлық, фитосанитарлық, көлік және кедендік бақылау салаларындағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, бұл әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді айтарлықтай төмендетеді.ЕАЭО ИАЖ-ды іске асыру экспорт жағдайды жеңілдетуге, өзара сауда көлемін арттыруға, бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға, тауарлардың қозғалысын бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жою және олардың туындамауына мүмкіндік береді.2015 жылы ЕАЭО аясында 21 ынтымақтастық бағыты бойынша ортақ процестер тізімі бекітілген болатын.Ортақ процестер – бұл бір мемлекеттің аумағында басталып, басқа мемлекеттің аумағында аяқталатын ақпараттық алмасу. Бұл процесс ЕАЭО ИАЖ арқылы қамтамасыз етіледі.Жалпы, ЕАЭО-да 77 ортақ процесті іске қосу жоспарланған. Бүгінгі күні мүше мемлекеттер үшін 39 ортақ процесс қолжетімді.Қазіргі уақытта 27 процесс дайындық кезеңінде, оның 14 процессі2024 жылдың соңына дейін, ал қалған 13 процесс 2025 жылы іске қосылады.Осылайша, 2025 жылдың басынан бастап мүше мемлекеттер55 % ортақ процестерге қосылу мүмкіндігіне ие болады.Ортақ процестерді толық іске асыру ЕАЭО аясында кедергісіз ортаға қол жеткізудің бір жолы болып табылады.ЕАЭО ақпараттық өзара әрекеттесу жұмысының аралық қорытындылары қараша айының 3-онкүндігінде ЕЭК Кеңесінің отырысында талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/884162