Қуқық
ИНСУЛЬТТІҢ ПРОФИЛАТИКАСЫ: АУРУДЫ УАҚЫТЫНДА ҚАЛАЙ АНЫҚТАП, АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ 16.11.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/873283
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ПСОРИАЗДЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕМДЕУДІ ТЕГІН АЛА АЛАДЫ 16.11.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/873346
ҮШАҒАШ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 16.11.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/873543
АУЫЛ МЕДИЦИНАСЫН ҚОЛДАУ: 28 ЖАС ДӘРІГЕР ШҚО-НЫҢ ШАЛҒАЙ АУДАНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА КЕЛДІ 16.11.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/874112
БАЛҚАШТА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА ИЕ БОЛДЫ 16.11.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/874399
Тимур Мұратов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды 16.11.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/874425
Әділет министрлігінде Әділет вице-министрі Даниель Ваисовтың қатысуымен шетелде мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті 16.11.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/868255
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Бас хатшысымен кездесу өткізді 16.11.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/868807
АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АПОСТИЛЬ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ 16.11.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/868955
World Justice Project жаңа есебі жарияланды: Қазақстан Заң үстемдігі индексіндегі көрсеткішін жақсартты 16.11.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/870255
Әділет министрлігінде Заң шығару қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті 16.11.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/870617
Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша «Қазтест» жүйесі арқылы тестілеу өтті 16.11.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/873776
Анонс 16.11.2024
2024 жылғы 30 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Қазақстан Республикасының Сүретшілер одағы РҚБ-нің қолдауымен «Сүретшілердің құқықтарын қорғау және сақтау» тақырыбы бойынша семинар өткізеді.Семинарда жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарды қорғауға байланысты өзекті мәселелер, сүретшілердің құқықтарын үшінші тұлғаларға пайдалану мен беру және басқа да мәселелер талқыланады.Семинарда спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің, Қазақстан Республикасының Сүретшілер одағы РҚБ-нің, «Репрографиялық құқықтар және бейнелеу өнері туындылары жөніндегі қазақстандық қоғам» РҚБ-нің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Ұлттық зияткерлік меншік институтының өкілдері сөз сөйлейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/873782
Ботагөз Жақселекованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Төртінші мерзімді ұлттық баяндамасын қорғауға дайындық мәселесі бойынша отырыс өткізілді 16.11.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/873791
АНОНС 16.11.2024
«Шымкент қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» жобасын «Ашық НҚА» интернет-порталына жарияланды.Осыған байланысты осы жобаны талғылауға қатысуға шақырады.Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.кіру сілтемесі: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15722519 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1128448?lang=kk
8 жылдан кейін: Ақтөбе татамиінде елдің түкпір-түкпірінен келген дзюдошылар бақ сынап жатыр 16.11.2024
Бүгін - Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионатының екінші күні. Бұл чемпионат жай ғана республикалық турнирден әлдеқайда маңызды. Себебі бұл жарыста медалдармен қатар, ел құрамасына кіру мүмкіндігі де сарапқа салынады.Ақтөбе татамиінде сегіз жылдан кейін еліміздің түкпір-түкпірінен келген дзюдошыларбақ сынауда. Соңғы рет осы спорт түрінен мұндай көлемдегі жарыс қаламызда 2016 жылы өткізілген-ді.Биылғы Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 15-18 қараша аралығында «Қоныс» спорт кешенінде өтеді.Дүбірлі додаға 17 облыстан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 510 дзюдошы қатысуда. Спортшылар жеті салмақ дәрежесінде медаль үшін күреседі.«Ақтөбеде Дзюдодан Қазақстан чемпионатына Олимпиада ойындарында жұмыс істеген үш тәжірибелі халықаралық төреші, сондай-ақ Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) өкілі-ұйымның Бас хатшысы шақырылды. Олардың міндеті – жарысқа объективті төрелік ету мен ашықтықты қамтамасыз ету. Мұндай мамандардың қатысуы ең алдымен қазақстандық спортшылардың деңгейін дұрысбағалауға және чемпионат нәтижелеріне деген сенімділікті арттыруға ықпал етеді», - деп атап өтті ҚР Дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев.Айбек Имашев сондай-ақ Ақтөбеде ел чемпионатының неліктен өткізіліп жатқанын түсіндірді.«Ақтөбе өңірін еліміздегі дзюдоны дамытудың маңызды орталығы деуге әбден болады. Мұнда ең мықты дзюдо мектептерінің бірі негізі қаланды, еңбек сіңірген жаттықтырушылар жұмыс істейді және аймақ көптеген танымал спортшыларды, соның ішінде әлемдік турнирлердің алғашқы жүлдегерлерін дайындады. Олардың ішінде дзюдодан әлем чемпионатының бірінші жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Олимпиада ойындарының қатысушылары бар. Қазақстанның халықаралық жетістіктеріне үлес қосқан Ақтөбе облысының дзюдодан басқа да табысты спортшылары аз емес. Дзюдо федерациясының облыстық өкілдігі Ақтөбеде чемпионат өткізуге бастамашылық таныттыжәне бұл ұсынысты Туризм және спорт министрлігі қолдады», - деп түсіндірді ол.Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Шыңғыс Шоқпытовтың айтуынша, чемпионатқа ақтөбелік дзюдошылар Жанарыс Рахметқали (66 кг), Есет Қуанов (73 кг), Әділет Алматы (73 кг) қатысып жатыр. Облыс спортшылары барлық салмақ дәрежесінде ұсынылған.Айта кету керек, чемпионат аралас командалық жарыстарды да қамтиды, олардың жеңімпазы Қазақстан Кубогін иеленеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884524
Қазақстан ТЖМ авиацияны қолдана отырып, биік ғимаратта өртті сөндіру бойынша бірегей оқу-жаттығу өткізді 16.11.2024
Бүгін Астанада ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің басшылығымен тікұшақтар мен жерүсті күштерін пайдалана отырып, көп қабатты тұрғын үй кешенінде өртті сөндіру бойынша бірегей өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.Астанада өткен оқу-жаттығу көпқабатты ғимараттағы өртті жедел сөндіруге, сондай-ақ "Қазавиақұтқару"авиациясын қолдана отырып, жоғарғы қабаттардан азаматтарды эвакуациялауға бағытталды. Оқу-жаттығу барысында тұрғын үйдің бірнеше қабатын қамтыған өртке қарсы күрес стратегиясы, сондай-ақ түрлі шұғыл әрекет ету қызметтері арасындағы іс-қимылдарды үйлестіру пысықталды.Сценарийге сәйкес 22 қабатты тұрғын үйдің 10-қабатында қысқа тұйықталу салдарынан басталған өрт тез таралды. Қатты түтін мен жоғары температураның әсерінен жоғарғы қабаттардың тұрғындары бұғатталды. Қала құрылысы жағдайында өртті сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға арналған стандартты техника оқиға орнына жете алмады, бұл авиацияның араласуын қажет етті.Шартты өртті сөндіруге ТЖД 80-ге жуық құтқарушысы мен 20-ға жуық техникасы жұмылдырылды. Құрлық күштері бірінші қабаттардағы отты сөндіріп жатқанда, Қазавиақұтқару авиациясы адамдарды ғимараттың төбесі мен жоғарғы қабаттарынан эвакуациялауда шешуші рөл атқарды. Eurocopter тікұшағы зардап шеккен адамды эвакуациялау үшін ғимараттың шетіне бірегей қону техникасын қолданды. Сонымен қатар жүк лебедкасы бар Ми - 8 тікұшағы адамдарды биіктіктен жедел көтеруді қамтамасыз етті."Жаттығулар әуе және құрлық күштерінің өзара әрекеттесуінің жоғары тиімділігін ғана емес, сонымен қатар биік ғимараттардағы өртті сөндіру кезінде уақтылы үйлестірудің маңыздылығын көрсетті. Бұл әсіресе қазіргі заманғы қалалық жағдайларға қатысты, мұнда қол жетімділігі мен жоғары қабаты құтқарушылар үшін қосымша қиындықтар туғызады", - деп ҚР ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов атап өтті.Оқу-жаттығуда құтқару операцияларын ұйымдастыруға және шектеулі уақыт жағдайында іс-қимылдарды үйлестіруге ерекше назар аударылды. Өртті сөндіру және азаматтарды эвакуациялауды қоса алғанда, барлық операциялар ҚР ТЖМ жаңа командалық орталығы арқылы онлайн режимде бақыланды. Бұл іс-қимылдарды жедел түзетуге және құтқару операцияларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді."Бұл жаттығулар біздің күштеріміз бен құралдарымызды биік ғимараттары бар қалалардағы ықтимал төтенше жағдайларға дайындаудың маңызды кезеңі болды. Біз азаматтардың қауіпсіздігін арттыру үшін әртүрлі бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды дамытуды және жетілдіруді жалғастырамыз", - деп министр толықтырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/884525
Қазақмыс Балқаштың тұрақты экожүйесін сақтауға 5 млн доллар бөледі 16.11.2024
Qazaqstan ұлттық павильонында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) тараптарының 29-шы конференциясында «Балқаш көлінің су ресурстарын басқару: Халықаралық ынтымақтастық, зерттеулер және қаржыландыру» атты тақырыптық іс-шара өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ұйымдастырды.Шараны кіріспе сөзбен Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы А. Жақанбаев, Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі және орнықты даму саласындағы қызметтер жөніндегі EО өңірлік директоры Виктор Коваленко сөз сөйледі.Қазақмыс корпорациясы бар өңірлерде қоршаған ортаны қорғау үшін жауапкершілікті түсінеді және олардың орнықты дамуы бойынша міндеттемелерді өзіне алады. ESG қағидаттарына сүйене отырып, компания экологиялық бастамаларды белсенді қолдайды және, атап айтқанда, Балқаш көлінің экожүйесін сақтауға ерекше назар аударады. Бұл туралы корпорацияның Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев өз сөзінде айтты.Сессиясының негізгі мақсатының бірі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Балқаш-Алакөл бассейнін сақтауға бағытталған Балқаш көлінің зерттеу жұмысына қаржы ресурстарын бөлу туралы өтініші болады.Экологиялық сын-қатерлерге жауап ретінде Қазақмыс Балқаш көлінің экожүйесін сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған бірқатар бастамаларды іске қосты. Бұл бастамаларға суды басқарудың инновациялық әдістерін қолдану, өнеркәсіптік суды тұтынуды азайту, суды қайта пайдалануды кеңейту, экожүйенің күйін бақылау технологияларын енгізу кіреді.Корпорация көлді сақтауға бағытталған жобаларды қаржыландыруға 5 миллион доллар бөлу туралы жариялап, диалогтан әрекетке көшуге дайын.Қазақмыс бөлген қаражат көлдің экожүйесін зерттеуге, су ресурстарын тұрақты басқаруға, судың биоалуантүрлілігі мен сапасына мониторинг жүргізуге, сондай-ақ жұртшылықты ағартуға және хабардар етуге бағытталатын болады.Бұл жобаларды алдағы 5-10 жыл ішінде іске асыру Балқаш көлінің экожүйесінің жай-күйін жақсартуға, антропогендік әсерді азайтуға, жергілікті тұрғындар мен бизнестің экологиялық жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ Балқаш-Алакөл бассейнінің табиғи ресурстарын тұрақты басқарудың тиімді моделін әзірлеуге көмектеседі деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/884519
Бакуде азық-түлік қауіпсіздігі және жерді тұрақты басқару мәселелері талқылануда 16.11.2024
2024 жылдың 11-22 қарашасы аралығында Бакуде өтіп жатқан БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының (COP29) 29-шы Тараптар конференциясы аясында Қазақстан елдің климаттық мақсаттарға қол жеткізуге деген ұмтылысын көрсететін ауқымды бағдарламаны ұсынып отыр.Ел павильонында түрлі саладағы, соның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі және жерді тұрақты басқару мәселелерін қамтитын бірқатар тақырыптық сессиялар жоспарланған.«Климаттың өзгеруіне тиімді бейімделу және шөлейттенумен күресу әртүрлі шараларды біріктіретін кешенді тәсілді қажет етеді. Жер ресурстарын басқару комитеті жерді тұрақты басқаруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға бағытталған институционалдық шараларды қабылдауда. Комитет Біріккен Ұлттар Ұйымының шөлденумен күрес жөніндегі конвенциясы (UNCCD) сияқты жаһандық бастамаларға қатысады. Халықаралық ұйымдармен бірлесіп бұзылған жерлерді қалпына келтіруге бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.Бұл шараларды біріктіру тек ағымдағы өзгерістерге бейімделуді ғана емес, сонымен қатар жердің деградациясы мен климаттың өзгеруіне байланысты болашақ тәуекелдердің алдын алуды қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ЖРБК төрағасы Мұрат Теміржанов.COP29-да Қазақстанның мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі және кең түрде көрсету елдің климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық күрестегі белсенді ұстанымын және тұрақты дамуға деген ұмтылысын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/884515
Олжас Бектенов WorldSkills Kazakhstan кәсіби-техникалық дағдылар чемпионатының қатысушыларымен кездесті 16.11.2024
Премьер-министр Олжас Бектенов колледж студенттері арасында салалық жұмысшы мамандықтарындағы құзыреттілік деңгейі бойынша WorldSkills Kazakhstan 2024 ұлттық чемпионаты өтіп жатқан алаңға барды.Іс-шараның тұжырымдамасы ірі халықаралық компанияларда әлеуетті жұмысқа орналасуды қамтамасыз ету үшін оқыту сапасын, алынған дағдыларды тексеру мақсатында кәсіби-техникалық колледж студенттері мен кәсіпорындар арасындағы кооперацияға бағытталған.Премьер-министр чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесу барысында олардың алған білімдерінің сұранысқа ие екенін ерекше атап өтті.«Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы техникалық және кәсіптік білім берудің бүкіл еліміз үшін ерекше маңыздылығын көрсетеді. Үкімет алдына экономика құрылымын жаңғырту бойынша өршіл міндеттер қойылды. Ол үшін бізге энергетика, құрылысшы, ауыл шаруашылығы, көлік және су саласында білікті отандық мамандар қажет. Бұл ретте цифрлық трансформация мен технологиялық прогрестің сын-қатерлеріне дайын болу маңызды. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз – қоғамның барлық ресурстарын біріктіру. Бұл бағытта біз жастарымызға және осындай іс-шараларға жан-жақты қолдау көрсететін боламыз», — деп атап өткен Олжас Бектенов қызығушылық танытып, студенттердің өз дағдыларын көрсетуі үшін арнайы мамандандырылған аймақтар құрған компанияларға алғысын білдірді.Сол жерде колледж басшылығымен кездесу өтіп, оның барысында білім беру сапасын арттыру мақсатында кадрлар даярлау бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Биыл чемпионатқа Алматы құрылыс-техникалық колледжі, «Astana Polytechnic» жоғары колледжі, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі, Абай облысы білім басқармасының Радиотехника және байланыс колледжі, Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі және басқа да оқу орындарының студенттері қатысады.• Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2030 жылға дейін кадрларға жалпы қажеттілік 1,8 млн адамды құрайды, оның ішінде техникалық білімі бар 1 млн-ға жуық жұмысшы қажет. Құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі салаларында үлкен сұраныс күтілуде. Биыл WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионаты алаңдарында 555 қатысушы электроника, өнеркәсіптік автоматика, мехатроника, инженерлік графика, кондитерлік іс, электр монтаждау жұмыстары, дәнекерлеу технологиялары, веб-технологиялар және бизнеске арналған IT-шешімдер, сән технологиялары сияқты 30 құзыреттілік бойынша өз дағдыларын көрсетпек.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмысшы мамандықтары үшін кадр даярлау сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. 2024 жылы бюджет есебінен колледждерге 142,5 мың студент қабылданды – бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Дуальды білім беру жүйесі енгізіліп, оның шеңберінде 496 колледж және 7 мыңнан астам кәсіпорынмен 75 мың студентті даярлау бойынша келісімшарттар жасалды. 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкірақысы өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға артты. Сонымен қатар биылдың өзінде ТжКБ үшін 2 103 орынға арналған 8 жатақхана салу жобасы іске асырылуда.• Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтары жылы бойынша қойған міндеттерін іске асыру шеңберінде өткен жарыста қатысушылармен әңгімелесу қорытындысы бойынша Премьер-министр оқу-ағарту министріне Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ТжКБ студенттерін қолдау және дамыту үшін Ұлттық құзыреттер орталығын құруды тапсырды. Орталық бизнес үшін диалог алаңы және кадрларды даярлау жүйесі рөлін атқарады, сондай-ақ халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарына қатысу үшін жаттығу базасына айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/884513