Бесқарағай ауданында хоккей алаңы ашылды
24.12.2024 20:28:04 1332
Тәуелсіздік күні қарсаңында аудан орталығында жаңа хоккей алаңы ашылды.
Ашық хоккей корты көпсалалы нысан. Мысалы қыста сіз шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанаумен, ал жазда шағын футболмен айналыса аласыз. Алдағы уақытта мұнда түрлі спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу жоспарланған.
Нысанның пайдалануға берілуі ауыл тұрғындарына дене шынықтырумен айналысуға, бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903424