Құрметті Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары!
24.12.2024 20:28:40 7702024 жылғы 18 желтоқсанда сағат 10.00-ге жоспарланған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалық етуімен әкімдіктің кезекті отырысы 2024 жылғы 20 желтоқсанға сағат 10.00-ге ауыстырылды.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.
Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.
Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.
Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.
Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады. Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/904071