Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: ерте даму, ұлттық құндылықтар және сапалы білім беру ортасы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: ерте даму, ұлттық құндылықтар және сапалы білім беру ортасы

28.08.2026 19:23:36 72

ШҚО ББ «ÖRKEN» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 тамызы күні «Адам капиталы, білім, прогресс - халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» атты дәстүрлі ұстаздардың тамыз кеңесі аясында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған панельдік секция отырысы өткізілді.
Шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының әнұранымен басталып, балабақша бүлдіршіндері мен педагогтерінің «Менің сүйікті тәрбиешім» би қойылымымен, ШҚО мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша педагогтерінің тыныс- тіршілігі туралы бейне-таспамен жалғастырылды.
Секция жұмысын ШҚО ББ «ÖRKEN» өңірлік орталығының әдіскері А.К.Кырыкбаева кіріспе сөзбен бастап, шараның мақсаты мен міндеттерін айқындады.
ШҚО Білім басқармасының бас маманы Б.С.Кажибекова жаңа оқу жылындағы мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың басты бағыттарына тоқтап, облысымыздың бірқатар педагогтері (А.М.Қасымова, Т.А.Гребенюк, Л.М.Алғазина, О.В.Михеева, А.К. Досаева, Е.В.Бородавкина) «Ерте даму және ұлттық құндылықтар», «Сапалы білім беру ортасын қалыптастыру», «Балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы өзара ынтымақтастық», «Заманауи технологиялар мен ЖИ» тақырыптары бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылармен пікір алмасылды. Сондай ақ шараға Алматы қаласынан BOBEKTANYM.KZ платформасын дамыту және маркетинг бөлімінің басшысы К.Р. Полтушева балабақшада жасанды интеллекті қолдану ерекшеліктеріне кеңінен тоқтады.
Секция жұмысы барысында мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру бойынша өзекті мәселелер қорытындыланып, алдыға қойылған мақсаттар айқындалып, жаңа оқу жылына арналған әдістемелік ұсынымдар қабылданды.
Шара соңында облыстағы бірқатар белсенді педагогтер, сондай ақ мектепке дейінгі тәрбие жұмысында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп келе жатқан кіші қамту қызметкерлер марапатталды.
Секция отырысына аудандық/қалалық білім бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері мен тәрбиешілері, жиыны 100 педагог қатысты.
Жаңа 2026-2027 оқу жылына сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1282270?lang=ru