«Таза Қазақстан»: астаналық робот Темірбек экологиялық іс-шараға қатысты
24.12.2024 20:42:31 1603
Бүгін Астана қаласындағы Білім беру ұйымдарына «Таза Қазақстан» акциясы аясында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Жасыл клуб» жобасы аясында №103 орта мектебінде өткен экологиялық іс-шараға астаналық оқушылар құрастырған робот Темірбек те қатысты.
Іс-шараға келуші қонақтарды қарсы алған Темірбек оларға Астананың экологиялық жағынан таза қала болуының пайдасын түсіндіріп, қатысушыларды қоршаған ортаны қорғауға ат салысуға шақырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905003