Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі М.Қ. Қалиақпаров «Қазақстан – көлік және логистика нарығының жаһандық қатысушысы» форумына қатысты

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі М.Қ. Қалиақпаров «Қазақстан – көлік және логистика нарығының жаһандық қатысушысы» форумына қатысты

24.12.2024 20:58:17 730

Астана қаласында «Қазақстан – көлік және логистика нарығының жаһандық қатысушысы» атты халықаралық форум өтті. Іс-шараға 200-ден астам қатысушы жиналды, олардың қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар, бизнес және сараптамалық қауымдастық өкілдері бар.
Форумның ашылуында Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров сөз сөйлеп, Қазақстанның жаһандық көлік дәліздеріндегі негізгі рөлін атап өтіп, инфрақұрылымды одан әрі дамыту, инновациялық шешімдерді енгізу және логистиканы цифрландырудың маңыздылығына тоқталды.
Форум көлік және логистика саласындағы жаңа тәсілдерді талқылау, тәжірибе алмасу және әріптестік қатынастарды нығайту алаңы болып табылады. Қатысушылар инфрақұрылымды жаңғырту, транзиттік бағыттардың тиімділігін арттыру және озық технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/905684