«Эйр Астана» Германияға жаңа бағыт ашады
24.12.2024 20:58:29 660Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Осылайша, 2025 жылдың 1 маусымынан бастапқазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Франкфурт бағыты бойынша аптасына 3 рет(сейсенбі, бейсенбі, жексенбі) жиілікпен жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта әуе компаниясы ФранкфуртқаАстана мен Оралдан ұшады. Алматыдан әуерейстерінің ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік жәнемәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпалетеді.
Туристерге ыңғайлы болу үшін рейстер A321LR типті ұшақтарда орындалатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/905659