Қарағандыда жаңа жылдық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
24.12.2024 21:22:01 1401
Қарағандыда 21 желтоқсанда облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Сауда сағат 09:00-де басталады.
Сатып алушылар ауылшаруашылық, ет және сүт өнімдерін және жергілікті өндірушілердің тауарларын орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатып ала алады.
Өтетін орны: "Global city" СОО (134-ші есептік тоқсан, 921-құрылыс).
Жәрмеңкеге келесі автобустармен және маршруттық таксилермен жетуге болады: № 5, 19, 31, 40, 56, 63, 70, 146, 02, 29.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/906153