Энергетика министрлігінде «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіби одағы» ҚБ кәсіподақ көшбасшыларына марапаттар табыс етілді

Энергетика министрлігінде «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіби одағы» ҚБ кәсіподақ көшбасшыларына марапаттар табыс етілді

24.12.2024 22:18:24 1326

Астанада 2024 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіби одағы» ҚБ-нің бастамасымен салтанатты түрде салалық кәсіподақ жетекшілеріне ведомстволық марапаттар табыс етілді.
Құрметті мұнайшылар – кәсіподақ көшбасшылары мен сала кәсіподақ қозғалысының ардагерлерін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Алибек Жамауов құттықтады. Салтанатты жиынға қатысушыларды құттықтаған Энергетика вице-министрі Алибек Жамауов олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесін атап өтті.
Марапаттау рәсімі барысында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Алибек Жамауов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомстволық наградаларын табыс етті:
«Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіби одағы» ҚБ төрайымы Мұстафина Елена Евгеньевнаға «Мұнай-газ кешенін дамытуға үлес қосқан үшін» ведомстволық медалі;
«Қазақстан-қытай бұрғылау компаниясы «Үлкен қабырға» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы Умаров Бекболат Кемаловичке «Еңбек ардагері» медалі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/908500