ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
24.12.2024 22:26:07 792
Алматы қаласында биыл тұрғындар мен қонақтарға ыңғайлы әрі экологиялық көлік жүйесін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жыл бойы қалада көлік инфрақұрылымын жақсартуға, жолаушылар тасымалын экологияландыруға және жолдардың өткізу қабілетін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 25 шақырым жаңа жол салынды, Құлжа тас жолы 6 жолаққа дейін кеңейтілді, 255 көшедегі 250 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, 770 газбен жүретін автобус және 115 электр автобусы сатып алынды.
Құлжа трактісінің кеңейтілуі. Бұл жоба учаскенің өткізу қабілетін екі есе арттыруға мүмкіндік берді – тәулігіне 40 мыңнан 80 мыңға дейін. Сонымен қатар, жол жиектеріне тосқауыл қоршаулары, жарықтандыру орнатылды. Құлжа трактісінің кеңейтілуі қаладағы көлік қозғалысын жеңілдетуге, кептелістерді азайтуға және қала орталығы мен қала маңындағы аудандар арасындағы байланысты жақсартуға өз септігін тигізді.
Жолайрықтарын жаңғырту. 2024 жылы Абай даңғылын ұзарту аумағы және Саин – Мөңке би жолайырығы бойынша қозғалыс ашылды. Сонымен қатар, Рысқұлов даңғылынан ұзындығы 3,2 шақырымдық жол айрығы бағытында салынып жатқан Сайна көшесін салу жұмыстары жалғасуда. Бұл Момышұлы көшесінен келетін көлік жүктемесін үштен бірге азайтуы керек. Әкімдік әр бағытта үш жолақты, жаяу жүргіншілер жолы мен велосипед жолдары бар жол салуды жоспарлап отыр.
Келесі жылы 35 км жаңа жол салынып, 300 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сейфуллин – Жансүгіров жолайырығын іске қосу, 2 радиалды (және 2 магистральдық көшелерді ұзарту сапалы, тиімді көлік байланысын қамтамасыз етпек. Бұл жұмыстар сапалы жолдардың үлесін 2024 жылғы 92%-тен 2025 жылы 95%-ке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Көшелердің орташа жөндеуі. Алматы қаласының көше-жол желісін жаңғырту аясында 2024 жылы, 255 көшеде 250 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстары тек жолдардың сапасын жақсартып қана қоймай, көлік құралдарының қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін арттырды.
Қоғамдық көлікті экологияға қауіпсіз ету. Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту – әкімдік жұмысының күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып қала береді. Бүгінгі таңда ауаны ластаушы заттардың 60%-і автокөлікке тиесілі. Негізгі жұмыс қала тұрғындарын қоғамдық көлікке көшуге ынталандыруға, оның тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы шаралардың нәтижесінде 2024 жылы қоғамдық көліктегі жолаушылар саны 33%-ке артып, күніне олармен 1,6 млн жолаушыға дейін қатынайтын болды, бұл – рекордтық көрсеткіш.
2024 жылы экологияландыру мақсатында 770 газ және 115 электр автобусы сатып алынды. Осының арқасында автобустардың эксплутациялық мерзімі 6 жылдан 2,5 жылға дейін қысқарды. Осыған қоса, 112 жаңа троллейбус сатып алынып, троллейбус паркі 100%-ға жаңартылды. Келесі жылы 800 газбен жүретін автобус және 260 электр автобусы сатып алынбақ, бұл орташа пайдалану мерзімін 2 жылға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Қала маңы маршруттарын көбейту. Алматы агломерацияның орталығы ретінде тығыз көлік байланысын қамтамасыз етуге аса мүдделі. Биыл 20 жаңа қала маңындағы маршруттар ұйымдастырылды. 2025 жылы қоғамдық көлік үшін жаңа тарифтік мәзірді және «Bus/km» қағидатына көшумен субсидиялаудың жаңа қағидаларын енгізу жоспарлануда. Бұл өзгерістер қала мен оның маңындағы аудандар арасындағы байланысты нығайтып, көлік шығындарын азайтуға ықпал етпек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/907399