Қарағандылықтарды вальс кешіне шақырады

Қарағандылықтарды вальс кешіне шақырады

16.11.2024 18:43:46 2860

21 қараша "Шалқыма концерт залында" Вальстың ғажап үні" атты концерт өтеді. Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің орындауында Қазақ музыкалық классикасының жауһарлары орындалады.
Дирижерлар: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, оркестрдің көркемдік жетекшісі Әбдуғалисын Шоқанбаев, Мәдениет саласының үздігі оркестр дирижері Ерлан Бақтыгерей және халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілхайыр Сағымбаев.
Солистер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов, ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башай, халықаралық байқаулардың лауреаты Рысты Рахымжан және республикалық байқаулардың лауреаты Дулат Аханов.
Басталуы 18: 30.
Анықтама телефоны: (8-7212) 41-13-14, 41-22-30.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880336