Қазақстан Елшісі Нидерланд Короліне сенім грамоталарын тапсырды
16.11.2024 18:44:50 3784
Гаага, 2024 жылғы 6 қараша – «Noordeinde Palace» сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Әбдірахмановтың Нидерланд Королі Виллем-Александрға сенім грамоталарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.
Қазақ дипломаты мен нидерландтық монарх арасындағы жылы әрі сенімді атмосферада өткен сұхбат барысында әртүрлі ынтымақтастық салаларындағы дәстүрлі достық екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/880684