Астанада мемлекеттік органдардың өкілдері үшін гендерлік сараптама бойынша тренинг басталды

Астанада мемлекеттік органдардың өкілдері үшін гендерлік сараптама бойынша тренинг басталды

16.11.2024 18:49:06 1859

Астанада ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі БҰҰ-Әйелдермен бірлесіп екі күндік тренинг ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың заң қызметкерлерін нормативтік-құқықтық актілерді гендерлік сараптау дағдыларына үйрету.
Екі күн бойы олар халықаралық құқықтық стандарттар, гендерлік теңдік, гендерлік негізгі ағым және нормативтік құжаттарда қолдану үшін терминологияны талдау сияқты маңызды тақырыптарды зерттейді.
Тренингтің бас спикері – Хельсинки университетінің профессоры, гендерлік талдау саласындағы сарапшы, нормативтік актілерге арналған гендерлік сараптама әдістемелерінің авторы Марианна Муравьева.
Айта кетсек, НҚА – гендерлік сараптамасын енгізу гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мен оған қол жеткізудің маңызды аспектілерінің бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда жобалар мен қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің гендерлік сараптамасын енгізу әдістемесі әзірленді, ел заңнамасының гендерлік сараптама жүйесін үйлестіру және оны құқықтық талдау жүйесіне енгізу бойынша ұсыныстар жасалды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/881773