Құрамы күрделі полиметалл кендерін өңдеудің тиімді технологиясы
14.02.2025 23:44:51 407
«Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ ғалымдары Чинасыл-Сай кен орнының полиметалл кенін өңдеудің тиімді технологиясын әзірледі. Кендердің бұл түрін өңдеу проблемасы олардың құрамының күрделілігімен байланысты. Кендерде алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да минералдар араласып келеді. Мысалы, Чинасыл-Сай кен орны жағдайында – бұл пирит.
Ғалымдардың міндеті – шығындарды азайта отырып, барлық пайдалы компоненттерді барынша алу. Зерттеулер барысында зиянды цианид реагентін пайдаланбай және өнеркәсіптік өнімді қосымша ұнтақтамай-ақ, кенді байытудың гравитациялық-флотациялық технологиясының оңтайлы режимдерін жасады.
Технология үш өнімді алуға мүмкіндік береді: алтын мен күміске бай гравитациялық концентрат, қорғасын және мырыш флотациялық концентраттар. Сапасы жағынан олар бағалы металдарды өндіру үшін одан әрі пайдалануға дайын.
Бұл технология басқа кен орындарының осыған ұқсас кендерін өңдеуге жарамды, бұл оны Қазақстанның тау-кен өндіру саласын дамыту үшін перспективті шешім етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/933133