Сербияда гендерлік теңдікті қолдаудың қазақстандық моделі және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шаралары талқыланды
26.08.2026 22:12:43 492
Белград, 2026 жылғы 26 тамыз – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Болат Иманбаев Сербияның Гендерлік теңдік жөніндегі министрі Тамара Мацурамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан дипломаты серб тарапын елімізде жуырда өткен Құрылтай сайлауы, сондай-ақ, жүзеге асырылып жатқан ауқымды конституциялық және саяси реформалар туралы хабардар етті.
Т.Мацура әйелдерді жан-жақты қолдауға және отбасы институтын нығайтуға бағытталған Қазақстанның мемлекеттік саясатын жоғары бағалап, өз кезегінде әйелдердің экономикалық және саяси құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту саласындағы Сербия тәжірибесімен таныстырды.
Тараптар әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласында тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға мүдделі екендіктерін білдірді.
Сербия министрі Қазақстан тарапына 2026 жылғы 7 қазанда Белград қаласында өтетін Belgrade Women’s Conference: Rise 2026 халықаралық әйелдер конференциясына қатысуға шақыру табыстады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1280714?lang=ru