Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «AMANAT» партиясының ғимаратында азаматтарды қабылдау өткізді.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «AMANAT» партиясының ғимаратында азаматтарды қабылдау өткізді.

14.02.2025 23:48:50 1111

Өңір басшысымен кездесуге облыстың 14 тұрғыны келді. Олар жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй беру мәселелерімен жүгінді.
Темір ауданының тұрғыны Б.Өтемұратов аймақ басшысынан материалдық көмек көрсетуді өтінді. Оның тұрғын үйі апатты жағдайда. Ер адам 12-ші болып баспана кезегінде тұр. Әкім мәселені бақылауға алуды және қолданыстағы заңнамаға сәйкес көмектің ықтимал нұсқаларын қарауды тапсырды.
Парасат тұрғыны тұрғын алапта көшені жарықтандыру мәселесін көтерді. Жауапты басқарма мәселені пысықтауы тиіс.
Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау кезінде мемлекеттік сатып алулар конкурсын өткізу және қаланы одан әрі дамытуға қатысты мәселелер көтерілді. Әкім барлық өтініш заңнама аясында қаралатынына, ал қалалық инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстары жалғасатынына сендірді.
Кейбір тұрғындар баспана алу туралы мәселелерін айтты. Асхат Шахаров кезектен тыс тұрғын үй беру жағдайы қарастырылмайтынын түсіндірді, өйткені тұрғын үй-жайларды бөлу кезек тәртібімен және коммуналдық тұрғын үйдің болуына байланысты қатаң түрде жүзеге асырылады.
Қабылдау қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты мемлекеттік органдарға әрбір өтінішке қатысты қажетті шараларды қолға алуды тапсырды. Мәселелердің шешімі оның жеке бақылауында болмақ.
Тұрғындар облыс басшылығына тікелей жүгінуге, өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер мен көмек алуға мүмкіндік беретін азаматтарды қабылдау шарасының маңыздылығын атап өтті.
t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/934208