«PolyTech Astana» зауытында экскурсия өтті

«PolyTech Astana» зауытында экскурсия өтті

16.11.2024 18:53:49 1992

Бүгін, 13-ші қарашада Астана қ. «PolyTech Astana» ЖШС зауытына экскурсия ұйымдастырды. Бұл полиэтилен (ПЭ), поливинилхлорид (ПВХ) және ПВХ-O құбырларын өндіретін жетекші қазақстандық кәсіпорын.
Бұл шараға бизнес өкілдері, салалық мамандар, журналистер және заманауи өндірістік технологияларына қызығушылық танытатын қонақтар қатысты.
Қатысушыларға зауыттың 5000 м2 аумағында орналасқан инновациялық өндірістік процестерімен танысуға мүмкіндік берілді. Экскурсия барысында шикізатты бастапқы өңдеуден бастап, дайын өнімді қаптауға дейінгі барлық негізгі өндіріс кезеңдері көрсетілді. Қонақтарға кабельдік желілерге, сумен жабдықтауға, су бұруға, газбен жабдықтауға және кәріз жүйелеріне арналған жоғары сапалы құбырларды шығаратын, еуропалық озық технологиялар бойынша жұмыс істейтін сегіз заманауи өндірістік желі таныстырылды.
ТОО «PolyTech Astana» өкілдері зауыттың 1,67 м3 су және 5 МВт электр энергиясымен жабдықтау қуатына ие екенін айтып, осының арқасында компанияның өндіріс көлемін тиімді орындап, Қазақстан мен халықаралық нарықтың жоғары талаптарына жауап бере алатынын жеткізді. Қонақтар зауыттың мүмкіндіктерін жоғары бағалап, аймақтың инфрақұрылымдық қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.
Экскурсия сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, қонақтар өндіріс процестері, инновациялар және компанияның даму жоспарлары туралы сұрақтар қоя алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/882764