Ақмолалық спортшы Олжас Климин Азия ойындарында шаңғы жарысынан қола жүлдеге ие болды
14.02.2025 23:57:32 473
Ақмолалық спортшы Олжас Климин Азия ойындарында шаңғы жарысы бойынша қола жүлде жеңіп алды. 10 км қашықтыққа еркін стильде өткен жарыста нәтиже көрсетіп, жапондық екі спортшыға ғана жол беріп, қола медаль иегері атанды.
Бұл – Қазақстан құрамасының шаңғы жарысындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін Ақмолалық Константин Борцов спринтерлік жарыста екінші орынға ие болған.
«Олжас Климинді, оның бапкерлерін, команданы және барлық қазақстандықтарды осы жарқын жеңіспен құттықтаймыз! Бұл медаль – оның жаңа жетістіктерінің бастауы болсын, алда оны халықаралық ареналарда бұдан да үлкен жеңістер күтіп тұр! Бұл марапат – қажырлы еңбектің, күнделікті жаттығулардың және үлкен жанқиярлықтың жемісі», – деп атап өтті Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құттықтау жеделхатында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/935205