АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: 100-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: 100-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

14.02.2025 23:57:43 726

Шымкент қалалық онкологиялық орталығы бар көпбейінді ауруханада Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күніне орай Ашық есік күні өтті. Дәрігерлер 96 пациентті қабылдап, кеңес берді.

Тексерулер кезінде 4 пациенттен ісікке күмән табылды. Қатерсіз ісік 29 пациенттен, басқа да ауру түрлері 37 тұрғыннан анықталды. Ал ультрадыбыстық зерттеуден 21 пациентке, компьютерлік томаграфия мен магниттік резонансты томаграфиялық зерттеуге 8 адамға жолдама берілді. Маммографиялық зерттеуден және ренгенографиялық зерттеуден 15 пациент өткізілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/934494