Шығыс Қазақстан облысында нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
14.02.2025 23:58:25 627
2025 жылғы 7 ақпанда ШҚО әкімі аппаратында Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік-құқықтық бөлімінің өкілдері мен жобалау кеңсесінің басшысы Шолпан Жумадилованың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараның мақсаты — есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасау және нашақорлықтың алдын алудың тиімді әдістемесін әзірлеу тәсілдерін талқылау.
Кеңес барысында өңірдегі есірткі қауіпінің ағымдағы ахуалының негізгі аспектілері және күрестің тиімді алгоритмін әзірлеу үшін ықтимал бағыттар қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша жобалық басқару шеңберінде нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы мәселені қарау ұсынылды. Жобаны iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi бекiткен критерилер негiзiнде Жобалар картасын әзiрлеу, оның орындалуына жауапты адамдарды айқындау, бағалау параметрлерi мен есептiлiк нысандарын дайындау қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/935535