Жеке рекордтар мен командалық жеңістер: Теміртауда екі облыстық қысқы спартакиада өтті
14.02.2025 23:59:20 605
Облыстың түкпір-түкпірінен 500-ге жуық спортшы Теміртауда өткен қалалар арасында «Ақ қыс – 2025» және ауылдық аудандар арасында «Қарлы қыс –2025» дәстүрлі қысқы спартакиадаларына жиналды. Түрлі жастағы және мамандықтағы адамдар спорттың төрт түрінен жарысты: Президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру және шайбалы хоккей.
Барлық турлардың қорытындысы бойынша командаларға орындар берілді. Өңір қалаларының ішінде ең көп ұпайға қарағандылық команда ие болды. Екінші орында теміртаулық спортшылар. Шахтинск қола медальға ие болды.
Саран тұрғыны Мұрат Дәулетпай жеке рекорд орнатты. Шаңғы жарысында ол бірінші болып мәреге жетті.
«Қарлы қыс – 2025» спартакиадасында Абай ауданының қатысушылары үздік өнер көрсетті. Екінші орын Нұра ауданының құрамасына бұйырды. Үшінші орында – Осакаров спортшылары.
Хоккейден Нұра ауданының командасы жақсы нәтиже көрсетті. Бұл спорт түрінен ол үздік атанды.
– Соңғы жылдары біздің ауданда екі жабық хоккей корты салынды. Олардың бірі Шахтерское ауылында, екіншісі Нұра ауылында. Олар қысқы спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жетіспейтін жалғыз нәрсе - балалар секциясын ашу үшін хоккейден балалар жаттықтырушысы. Бірақ біз жас маманмен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, ол бізге «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша келуге дайын. Жаттықтырушы бізге келеді деп үміттенеміз. Мамандарды тарта отырып, біз спортшыларымызды тек спорт үшін қалаларға көшіп кетпей, ауылда қалуға ынталандыра аламыз, – деп есептейді Нұра ауданының БЖСМ басшысы Игорь Пронин.
«Ақ қыс – 2025» және «Қарлы қыс – 2025» спартакиадалары жыл сайын өткізіледі және Қарағанды облысындағы ең маңызды қысқы спорттық шаралардың бірі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/935309