Қарағандылықтар қазақ күресінен республикалық турнирде жеті медаль жеңіп алды

Қарағандылықтар қазақ күресінен республикалық турнирде жеті медаль жеңіп алды

14.02.2025 23:59:27 484

Қарағандылық палуандар Қызылордада Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналған 16-шы Республикалық қазақ күресі турнирінде екі алтын және бес қола медаль жеңіп алды. Биыл жарысқа Қазақстанның 12 өңірінен 200-ге жуық палуан қатысты.
Ірі спорттық шарада қарағандылықтар лайықты нәтижелер көрсетті. Арнур Көмекпай 60 кг санатында алтын медаль алды.
Дидар Беркенов 90 кг салмақта чемпион атанды.
– Бұл біздің спортшылар үшін 2025 жылдың алғашқы старты. Мен көрсетілген нәтижені тамаша деп санаймын. Өткен жылғы турнирмен салыстырғанда ілгерілеушілік бар. Сол кезде біз тек екі күміс медаль жеңіп алдық, – деді қазақ күресінен Қарағанды облысы бойынша аға жаттықтырушы Бекзат Ахметбеков.
Біздің бес палуанымыз – Раханбек Сидога, Шыңғыс Төлеуов, Адай Мүбарак, Нұрбек Қолдасов және Ерасыл Қуаныш қола медальға ие болды.
Қазір қарағандылық палуандар сәуір айында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындалуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/934879