ШҚО-да жұмысшы мамандықтар жәрмеңкесі өтті

ШҚО-да жұмысшы мамандықтар жәрмеңкесі өтті

14.02.2025 23:59:51 583

Жұмысшы мамандықтар жылына орай және бірыңғай республикалық акция аясында Өскеменде кең ауқымды бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
- Президент Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бүгін республика бойынша бос орындар жәрмеңкесін өткізілуде. Мұндай шаралар облысымыздың барлық аудандарында ұйымдастырылды. Өскемендегі мансап орталығында да азаматтарға бос жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді жинадық, - деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова.
Ресми деректерге сүйенсек, өңірдің жұмыспен қамту орталықтарында 17 мыңнан астам адам тіркелген, ал "Электрондық еңбек биржасы" цифрлық платформасында 3,5 мыңнан астам өзекті бос жұмыс орындары бар.
Жәрмеңкеге барлығы 180-ден астам жұмыс іздеуші қатысты. Жұмыс тапқан облыс тұрғындары туралы ақпарат пен жәрмеңке қорытындысы күннің соңында белгілі болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/935707