ЗАҢСЫЗ НЫСАНДАР БҰЗЫЛДЫ
15.02.2025 00:02:00 880
Еңбекші ауданында жер учаскелерін заңсыз иеленген және уақытша алынған мемлекеттік жерді уақытылы қайтармаған тұлғалардың нысандары бұзылды.
Құзырлы мемлекеттік органдардың келісімінсіз, әрі жол бойында салынған құрылыс нысандары қала тұрғындары үшін қолайсыздық туғызады. Сондықтан қазіргі таңда заңсыз нысандар жаппай сүріліп жатыр.
Қала тұрғындарын жер учаскелерін пайдалану кезінде меншік құқығын құрметтеуге және заңнаманы сақтауға шақырамыз. Бизнесті жүргізу үшін жер учаскелерін басып алу заңды бұзып қана қоймай, экологиялық қауіпсіздікке, әлеуметтік тәртіпке және аймақтың дамуына да қауіп төндіреді.
Барлық кәсіпкерлерді өз қызметін адал, жауапкершілікпен және заң шеңберінде жүргізуге, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге және бизнес пен қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге шақырамыз.
Жерді пайдалану үшін қажетті рұқсат пен келісімдерді ресімдеу қажет екенін ескерген жоқ.
Шымкент қаласы әкімінің баспапөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/935917