Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақыру
15.02.2025 00:02:18 1157
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) барлық мүдделі тұлғаларды жаңартылатын генерация объектілерін салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақырады.
Министрлік жаңартылатын энергетика жобаларын іріктеу бойынша аукциондарға қатысуға инвесторлардың жобаларын дайындау және егжей-тегжейлі пысықтау мақсатында 2025 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін әзірлеп, бекітті.
Мүдделі тараптар Министрліктің, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының» ЖШС (https://rfc.kz/ru/res-sector/auctions/selection-of-res/) және «KOREM» АҚ (https://www.korem.kz/rus/linksts/) ресми сайттарынан түсініктеме сұрата алады.
Аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы
21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген) Аукциондық сауда-саттықты өткізу графигі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланған (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/795552?lang=kk).
2025 жылға арналған аукционға қойылған жалпы белгіленген қуат
1 810 МВт құрайды және мынадай электр станцияларының түрлері бойынша бөлінеді:
- күн электр станциялары (КЭС) – 90 МВт;
- жел электр станциялары (ЖЭС) – 1200 МВт;
- гидроэлектр станциялары (ГЭС) – 500 МВт;
- биогаз электр станциялары (БиоЭС) – 20 МВт.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/935909