Алтай ауданында инвестициялық штаб құрылды
15.02.2025 00:02:51 484
Аудан әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары бойынша кеңес өткізді.
Аудан әкімі Ренат Құрмамбаев негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын реттеу және тұрақтандыру үшін бірқатар шара жүзеге асырылатынын мәлімдеді.
Атап айтқанда, ауылдық округтерден тікелей картоп жеткізілімін ұйымдастыру қолға алынбақ. Әр апта сайын төмендетілген бағамен ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Сондай-ақ Алтай қаласында әлеуметтік дүкендер ашылған.
Депутаттар тауарлар құнын сақтау үшін фискалдық және құқық қорғау органдарын тарту арқылы мониторингтік топтардың жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сату талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау нәтижелері белгілі болды.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936206