Қазақстан кәсіпкерлерін Венгриядағы сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырамыз

Қазақстан кәсіпкерлерін Венгриядағы сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырамыз

15.02.2025 00:03:44 792

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп, 2025 жылдың 17-20 наурыз аралығында Будапешт қаласында (Венгрия) өтетін Сауда-экономикалық миссияға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
Миссияның негізгі мақсаты – тікелей іскерлік байланыстар орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті серіктестер арасындағы сауда қатынастарын дамыту, екіжақты кездесулер (B2B) өткізу.
Миссияға қатысу үшін 2025 жылдың 25 ақпаны сағат 18:00-ге дейін төмендегі сілтеме арқылы тіркеу формасын толтыру қажет: https://forms.gle/tXNAwZ31wJ8e4uYu5.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: +7 778 418 06 61, +7 778 674 88 47.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/936540