ШҚО-да ТЖ бойынша штаб отырысы өтті

ШҚО-да ТЖ бойынша штаб отырысы өтті

15.02.2025 00:06:20 649

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізді. Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап өңірде жоғары дайындық режимі жарияланды.

Ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты облыстағы су басу қаупі бар 72 аймақта бақылау күшейтілді.

Өңір басшысы қала мен аудан әкімдеріне барлық қажетті ресурстарды дайындап, өзендердегі су деңгейін бақылауды тапсырды. Жауапты қызмет өкілдері ТЖ жағдайындағы іс-қимыл реті туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар беруі керек.

Қазгидромет болжамы бойынша наурызда ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады. Жағдай нашарлаған кезде су тасқынымен күресуге 2511 адам, 935 техника, 46 жүзу құралы, 242 мотопомпа жұмылдырылады. Сондай-ақ азаматтарды эвакуациялау үшін жалпы сыйымдылығы 21 мыңнан асатын 182 пункт белгіленді.

Жуықта облыстағы гидротехникалық нысандардың дайындығы тағы бір мәрте тексеріледі. Оларға күнделікті мониторинг жүргізіледі. Жедел штаб жағдайды толық бақылауға алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936831