ҚР Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесі 2025 жылы алғашқы отырысын өткізді, онда Қоғамдық кеңестің алдағы жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды

ҚР Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесі 2025 жылы алғашқы отырысын өткізді, онда Қоғамдық кеңестің алдағы жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды

15.02.2025 00:11:11 374

12 ақпанда Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесінің биылғы бірінші отырысы өтті, оның барысында 2024 жылғы жұмыс қорытындылары талқыланып, қоғамдық кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Бекітілген жұмыс жоспары кешенді және жан-жақты, бірнеше ауқымды бағыттарды қамтиды, атап айтқанда теміржол, автомобиль тасымалы нарығын тұрақтандыру, кеме қатынасын дамыту, автомобиль жолдарын салу саласындағы проблемалар, республикалық бюджетті игеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, 2030 жылға дейін көлік-логистикалық әлеуетті дамыту және 2029 жылға дейін теміржол көлігін дамыту тұжырымдамаларында көзделген іс-шаралар жоспарларын іске асыру жүк және жолаушылар теміржолы, авиация, автомобиль тасымалдары саласындағы бизнестің проблемалары, жұмысшы кәсіптерінің жылын өткізу барысы туралы, Теміржол көлігін реформалауды іске асыру барысы туралы, жүк теміржол тасымалдары саласындағы бәсекелестікті дамыту.
2024 жылдың ішінде Кеңес заңнаманы жетілдіру, азаматтардың өтініштерін қарау және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар әзірлеумен айналысты.
Қоғамдық кенес мүшелері бюджеттің атқарылуына үнемі талдау жүргізді, салалық форумдарға белсенді қатысты және мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта мәселесін көтерді және инклюзивті қоғамды қалыптастыру үшін жағдай жасады.
Сондай-ақ, қоғамдық кенес отырысында 5 салалық комиссиясының құрамы бекітілді: Азаматтық авиация мәселелері, Т/Ж және су көлігі мәселелері, автомобиль көлігі мәселелері, автожол мәселелері, бюджет мәселелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Комиссия.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/937580