Өскемендік кәсіпкерлер болашағы зор жобаларды ұсынды
15.02.2025 00:14:34 605
Қала әкімдігінде кәсіп иелерімен қалалық штабтың екінші отырысы өтіп, төрт ірі жоба талқыланды.
Ұсынылған идеялардың бірі пластикті кәдеге жарату мен оны бастапқы шикізатқа айналдыруға бағытталған. Бұл бастама жылына 4 тоннадан астам қалдықты қайта өңдеуді көздейді.
Тағы бір бастама – балаларға арналған білім беру ойындарын әзірлеу. Идея авторы бірінші кезекте ұлттық және оқу элементтеріне назар аударып отыр.
Отырыста таныстырылған ең ауқымды жоба – 22 қабаттан тұратын көпсалалы кешен құрылысы. Оның ішінде коммерциялық алаңдар, мейрамханалар мен қонақүй болады деп жоспарланып отыр. Биіктігі 60 метрді құрайтын нысан Өскемендегі ірі ғимаратқа айналады.
Құрылыс жұмыстары 2027 жылы аяқталмақ.
Айта кету керек, қалалық штаб бизнесті қолдау және әкімшілік кедергілерді жою үшін құрылған. Мұнда түрлі идеялар талқыланып, кәсіпкерлерге нақты ұсыныстар беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938275