Ақмола облысының төрт колледжі «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысуда
15.02.2025 00:14:42 484
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылдың 11-15 ақпан аралығында Астана қаласының «EXPO» көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» ауқымды фестивалі өтуде. Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.
Іс-шара жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын айқындауға, олардың беделін арттыруға және жастарды сұранысқа ие мамандықтарды игеруге ынталандыруға бағытталған.
Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов, білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек, облыстық мәслихат депутаттары және т.б. делегация өкілдері іс-шараға қатысып, алаңдардың жұмысымен танысты.
«Фестиваль техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бизнеспен үйлесімді жұмысының айқын үлгісі болды. Мұнда нарықтың өзекті талаптарына жауап беретін ең жаңа технологияларды, заманауи жабдықтарды және бейімделген білім беру бағдарламаларын көрсететін жетекші кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары ұсынылғаны маған қатты әсер етті. Қонақтар отандық колледждер ұсынған жаңа және сұранысқа ие мамандықтармен танысып, әлеуетті жұмыс берушілерімен тілдесе алады», - деп атап өтті Досұлан Айтбаев.
Фестивальда Ақмола облысының төрт колледжі өздерінің білім беру мекемелерін және мамандар даярлау саласындағы жетістіктерін ұсынды.
- Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі механизаторлар мен автомобиль жолдарын салушылар үйін таныстырады, бұл машина жасау, құрылыс және көлік инфрақұрылымы салаларымен танысуға мүмкіндік береді.
- Көкшетау қаласының Азаматтық қорғаныс көпсалалы жоғары колледжі өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бұрышын ұйымдастырады, мұнда қонақтар төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жұмысымен таныса алады.
- Щучинск қаласының Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі орманшылар үйін дайындап, табиғатты қорғау, орман шаруашылығы және экотуризм мамандықтары туралы ақпарат береді.
- Степногорск қаласының Тау-кен техникалық колледжі байытушылар үйін ұсынады, онда кен өндіру, пайдалы қазбаларды игеру және өңдеу салалары бойынша мамандықтармен танысуға болады.
Көрме орталығының аумағында сегіз тақырыптық көше мен 40 шығармашылық үй ұсынылған.
Фестиваль аясында қонақтар жұмысшы мамандықтарының негізгі бағыттарын көрсететін тақырыптық аймақтарды аралап, заманауи мамандықтармен танысып, тәжірибелі мамандар мен сарапшылардан шеберлік сабақтарын тыңдай алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алғашқы екі күнде бұл көрмеге 15 000-нан астам адам келген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/938250