ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева азаматтарды жеке қабылдады
18.11.2024 19:07:37 2024Белгіленген тәртіпте мәдениет пен өнерге, кино мен креативті индустрияларға қатысты мәселелер қаралды.
Министр келіп түскен өтініштерге нақты әрі егжей-тегжейлі жауап берді.
Қосымша уақытты қажет ететін мәселелерді назарға алатынын айтты.
Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Министрдің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты түрде өткізіледі.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885476