Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде этика мәселелері бойынша семинар өтті
22.11.2024 11:31:09 2028
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде кәсіби және іскерлік этика мәселелеріне арналған семинар өтті. Іс-шара барысында аппарат басшысының биылғы жылдың 1 қазанында бекіткен Кәсіби мінез-құлық және этика қағидалары талқыланды.
Қатысушылар этикалық нормаларды сақтау тәжірибесін, мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелерін және азаматтардың сенімін нығайту жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, кәсіби және іскерлік этиканың министрліктің оң имиджін қалыптастырудағы рөлі атап өтілді.
Семинар министрлік ішіндегі этикалық мәдениетті нығайтуға және кәсіби ортаны жетілдіруге бағытталған өзара ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеумен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/887080