Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында «Халық арасында діни экстремизм көріністеріне қарсы тұру бойынша мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің өзара әрекеттесуі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында «Халық арасында діни экстремизм көріністеріне қарсы тұру бойынша мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің өзара әрекеттесуі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

27.12.2024 17:52:53 612

Дөңгелек үстелге ШҚО Дін істері басқармасының басшысы Мекеева Жанат Жұмағазықызы, құқық қорғау органдарының басшылары мен орынбасарлары, ШҚО жергілікті діни бірлестіктерінің жетекшілері, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында ШҚО бас имамы Мұхатай Ермек Қасболатұлының «Қоғамдағы дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттаудағы ҚМДБ-ның рөлі», философия ғылымдарының кандидаты, теология Phd докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің аға оқытушысы, республикалық деңгейдегі теолог Тышхан Кеңшіліктін «Діни фундаменталистік түсініктер діни-саяси экстермизмнің бастауы ретінде», «Родни» Евангелдік христиан баптистерінің шіркеуінің басшысы Вольф Владимир Филипповичтын «Халық арасында радикализмнің алдын алу мен оған қарсы тұрудағы конфессияаралық қатынастардың рөлі», ШҚО әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Туткушев Қуанышбек Токтағұлының «Діни экстремизмнің алдын алу бойынша діни бірлестіктермен бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру шаралары туралы», «Хасеки» жоғары дінтану академиясының түлегі, Казань қаласының Ислам институтінің теология магистрі, республикалық деңгейдегі теолог Қанапиянов Ернұр Болатбекұлының «Деструктивті діни ағымдардың құрбандарын оңалту мәселелерінде жергілікті атқарушы органдар мен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынасы және өзара іс-қимылы» атты баяндамалары тындалды.
Дөңгелек үстел барысында халық арасында діни экстремизмге қарсы тұруға қатысты маңызды және өзекті мәселелер көтерілді. Талқылауға осы саладағы ынтымақтастықты жақсарту бойынша мәселелер мен бастамалар көтерілді.
Шара барысында айтылған барлық ұсыныстар алдағы бірлескен жұмыста ескерілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/908917