«Бірлік пен командалық рух: Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті»
17.08.2026 18:36:28 290
2026 жылғы 14 тамызда Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні кәсіби мерекесіне орай Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасында спорттық және мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Спорттық жарыстар кіші футбол, шахмат және үстел теннисі бойынша өтті. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, командалық ойындар барысында ұйымшылдық пен өзара қолдаудың үлгісін көрсетті.
Спартакиада қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, командалық рухты нығайтуға, әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыруға және өзара ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік берді.
Іс-шара мемлекеттік кірістер саласында қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегін атап өтуге, сондай-ақ ұжымның ауызбіршілігі мен өзара түсіністігін нығайтуға арналды.
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1275405?lang=ru