Қарқаралы ауданында Түндік өзені арқылы аспалы жаяу жүргіншілер көпірі орнатылды
27.12.2024 19:21:08 275
Тәттімбет ауылдық округінің Ақтасты ауылында Түндік өзені арқылы өтетін жаңа аспалы көпір орнатылды. Ол елді мекеннің қақ ортасымен ағып, бұрын ауылдың бір бөлігінен екінші бөлігіне жетуді қиындатқан болатын.
Қыста Ақтасты ауылының тұрғындары өзенді мұз үстімен өтуге мәжбүр болды. Алайда ауа-райы жылы болғанда, бұл қауіпті болатын. Көктемде судың тасуына байланысты өзеннен өту үлкен қиындық тудыратын.
Бұл мәселені шешу үшін аудандық бюджеттен ақша бөлінді. Бұл қаражатқа жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір салынды.
Оны жергілікті кәсіпкер Мейірлан Бейсембаев салған.
– Біз ауылдың ең өзекті мәселелерінің бірін оңтайлы шешіп жатқанымызға қуаныштымыз. Ең бастысы – қауіпсіздік мәселесі. Енді балалар мұздың үстімен жүрмей, өзеннен көпір арқылы өте алады. Ауыл тұрғындарының игілігіне бағытталған бұл жоба баршамыз үшін өте маңызды, – деп атап өтті ауыл тұрғыны Салтанат Қалымжанова.
Ауыл ардагерлері кеңесінің төрағасы Серік Саркенов аудан әкімшілігіне өзекті мәселені шешкені үшін алғысын білдірді.
– Бұл мәселе көп жылдар бойы ауыл тұрғындарын алаңдатып келеді. Ауыл тұрғындары биыл осы күрделі мәселені шешкеніне өте қуанышты. Енді ауыл ішінде, әсіресе көктемгі қар еріген кезеңде қозғалу әлдеқайда жеңіл болады, – дейді ақсақал.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/909117