Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Оразбек Асхат Елубайұлы Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Оразбек Асхат Елубайұлы Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

27.12.2024 22:53:51 264

2024 жылғы 13 желтоқсанда Шымкен қаласында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Оразбек Асхат Елубайұлы Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Өз сөзінде вице-министр мемлекеттік қызметтер көрсету, телекоммуникация және цифрландыру саласындағы министрліктің қызметі мен жетістіктері туралы айтты.
Кездесу барысында вице-министр мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы атап өтті. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 93%-ы электрондық форматта ұсынылады, оның 90,8%-ы eGov Mobile платформасында қолжетімді. Цифрлық шешімдерді интеграциялау нәтижесінде 42,3 млн қызмет проактивті форматта ұсынылды, бұл азаматтардың мемлекеттік органдарға баруын қажет етпейді.
Сонымен қатар IT-саласындағы жетістіктерді де атап өтті. Сонымен, соңғы үш жылда IT-компаниялар саны 16 %-ға өсті; IT мамандарының орташа айлық жалақысы 54%-ға өсті (673 мың теңге); IT секторындағы жұмыспен қамту 12%-ға өсті (187 мың адамға жетті). «Astana Hub» халықаралық технопаркі 1,5 мыңнан астам қатысушыны біріктірді (1102 жергілікті және 437 шетелдік компаниялар). Қатысушылардың жалпы табысы 1,2 трлн теңгені құрады (соңғы бес жылда бұл 31 есе өсім). Қазіргі таңда Қазақстанда 18 аймақтық IT хабтар жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында «Тех Орда» бағдарламасы іске қосылып, бағдарлама жеке IT мектептерді ынталандыру арқылы 2025 жылға қарай 20 мың IT маманын даярлауды көзделуде.
«Биылғы жылдың үш тоқсанында экспорттық кіріс 143 млрд теңгеге жетті. Жылдық өсім қазірдің өзінде төрт жылда 10 еседен асты. Осылайша, Astana Hub аймақтағы жетекші технопарк ретіндегі позициясын нығайтуды жалғастыруда», – деп атап өтті вице-министр.
Вице-министр Шымкент қаласындағы байланыс сапасын жақсарту мақсатында телекоммуникация саласында атқарылған жұмыстарды атап өтті. Ағымдағы жылы операторлар 4G стандартының 133 БС орнатты, 119 БС 4G жаңғырту жүргізілді. 2024 жылдың басынан бері Шымкент қаласында 19 тексеру жүргізіліп, 44,3 миллион теңгеге айыппұл салынды. Шымкент қаласында "Кселл" АҚ операторы тарапынан 2023 жылы 125 БС, ал 2024 жылы 114 БС қолданысқа берген, бүгінгі күні 239 БС қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар, вице-министр өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Шымкент қаласы үшін өзекті мәселелердің бірі – сапалы байланыс пен Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/909100