Әділет вице-министрі азаматтарды қабылдады

Әділет вице-министрі азаматтарды қабылдады

29.12.2024 05:53:46 595

Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет вице-министрі Даниель Ваисов қабылдауға жазылған тұрғындардың сауалдары мен арыз-шағымдарын тыңдады.
Қабылдау барысында Астана, Алматы қалаларынан және ШҚО, Қостанай облысының тұрғындары атқарушылық өндіріске, кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптамасы мен жеке сот орындаушыларға қатысты шағымдарын жеткізді.
Даниель Ваисов азаматтардың өтініштерін тыңдағаннан кейін қойылған сұрақтар бойынша түсініктеме беріп, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына осы өтініштер бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Қосымша қарауды қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/909910