AZAL ұшағындағы оттегі баллонының жарылуы туралы мәлімдемеге нақтылау

AZAL ұшағындағы оттегі баллонының жарылуы туралы мәлімдемеге нақтылау

29.12.2024 05:55:21 996

Ростов ұшу жетекшісінен сағат 10:53-те түскен хабарламаға сәйкес, Ақтау мұнарасының ұшу жетекшісіне жолаушылар кабинасында оттегі баллоны жарылғаны және жолаушылардың есінен танып жатқаны туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ қону сәтіне жедел жәрдем дайындау сұралды.
Осы ақпарат негізінде барлық төтенше қызметтер шұғыл түрде хабардар етіліп, дайындыққа келтірілді. Оқиғалардың хронологиясы Ростов ұшу жетекшісінің хабарламаларына сүйене отырып, брифинг барысында жарияланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/911040